Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Халықаралық жеке құқықтағы еңбек қатынастардағы коллизиялық байламдар

 

Шетел элементімен күрделенген қатынастарда, бір еңбек қатынасын реттеуде екі немесе одан да көп мемлекеттердің заңдары бәсекелестікке түседі. Осындай кезде қай елдің заңын қолданылатын шешуіміз керек. Қазіргі кезде доктрина мен тәжірибе бұл жағдайларды коллизиялық нормаларды қолдану арқылы шешеді. Коллизиялық нормалар дауды шешуге қолайлы мемлекеттің заңнамаларындағы материалдық нормаларға сілтеме жасайды.

Еңбек құқығындағы коллизиялық мәселені шешу үшін дүние жүзілік тәжірибеде келесі байламдар қолданылады:

1. Тараптардың еркіндік заңы - lex voluntatis

2. Еңбек ету орнының заңы - lex loci loboris

3. Ұйым орналасқан жер заңы - lex loci deligationis

4. Ту елінің заңы - lex flagi

5. Жұмыс берушінің жеке заңы- lex patrie; lex nationalis

6. Жалдау мәмілесін жасап отырған елдің заңы - lex loci contractus

7. Proper of the law - lex causae

Франция, Бельгия, ФРГ және т.б. елдерінде еңбек қатынастарын реттеуде азаматты құқықтық концепияларында Lex voluntatis кең таралған. Ол басым заңды таңдау құқығы еңбек шартының тараптарына берілген. Бұл байлам көптеген мемлекеттерде қолданылады, алайда кейбір мемлекеттердің заңнамалары мен сот тәжірибесінде жасырын түрде шектеулер қойылған. Халықаралық жеке құқықта lex voluntatis асыра пайдаланушылық мүмкіндігі көп байқалады.

Австрия, Испания, Швейцария, Нидерланды, Бразилия заңнамаларында lex loci laboris негізгі коллизиялық байламы ретінде ғана емес, сондай-ақ халықаралық келісімшарттарда (көбінесе 1980 шарттық міндеттемелерге қолданылатын Рим конвенциясы) бекітілген. Жұмысшының жұмыс орындалатын жерінің заңы деп lex loci laboris талқыланады. Франция, Бельгия және басқа да мемлекеттерде еңбек қатынастарын реттеу үшін азаматтық құқықтық концепциялар қолданылады. Осы салада әдеттегі институттар мен халықаралық жеке құқықтың нормалары қолданылады. Бұл ең негізінен тараптардың еркінділігін шектеу болып табылады. Ұлыбритания, Италия мемлекеттерінің сот практикасында құқық таңдау еркіндігін шектелмейді. Егер кәсіпорын бір мемлекетте, ал басқару органы басқа мемлекетте орналасса, жұмыс орнының заңы болып, кәсіпорнының орналасқан жері болып саналады. Жұмысшы бірнеше мемлекеттерде жұмыс жасаса және оның әдеттегі жұмыс орнын анықтау мүмкін болмаса, онда Австрия заңы бойынша жұмысшының тұрғылықты жері немесе өз қызметін қөбінесе жүзеге асыратын жердің заңы қолданылады. Бұл байламның бір кемшілігі жұмыс берушінің жағдайы ауқымды қорғалады және олар бұл байламды асыра пайдаланады.

Lex loci laboris тек ұзақ мерзімде жұмыс істейтін жұмысшыларға қолданылады.

Басқа мемлекетке іс сапармен жіберілген жұмысшыға мекеме орналасқан мемлекет, яғни іссапарға жіберуші, заңының қағидасы қолданылады. Ол дегеніміз lex loci deligationis.

Келесі байлам lex flagi. Су немесе кеме көліктерінде жұмыс жасаушы жұмысшының еңбек қатынастары көлік құралы тіркелген мемлекеттің заңымен реттеледі.

Италия, Франция және т.б. елдердің теңіз көлігінде ту заңы, Албанияда әуе және су көліктері тіркелген елдің заңы қолданса, Венгрияда теміржол мен автомобиль көліктеріне тасымалдаушының заңы қолданылады. Сондай-ақ кейбір мемлекеттерде бірлескен тұрғылықты орнын қолдану түрі байқалуда.

Жұмыс берушінің жеке заңы – lex personalis, lex societatis. АҚШ және Англия заңнамаларына сәйкес, жалдау шартын жасасқан мемлекеттің заңы, еңбек қатынастарын реттейтін шарт осы мемлекеттерде жасалса, жергілікті құқық қолданылады.

Жұмысшының еңбек құқығы, әрекет қабілеттілігінің жеке заңы бойынша анықталады. Мысалы: Англия мен АҚШ заңнамасында шетел азаматы өз заңы бойынша әрекет қабілеттілігі жоқ болса да, ол шарт жасасқан жердің заңы бойынша әрекетке қабілетті деп танылса, онда lex loci contractus қолданылады.

Жақын құқықты, lex causae, қолданудың негізгі максаты: біріншіден lex voluntatis асыра пайдаланушылыққа жол бермеу; екіншіден келісімшарты таныс емес құқыққа бағындырудан сақтау.

Федосееваның оқулығы бойынша Венгрлік құқық астарынан келесідей қосымша коллизиялық байламдар қалыптасқан:

· Тағайындаушы органның немесе сайлаушы ұжымының жеке заңы

· Жұмыс берушіңің жеке заңы, егер де ол бірнеше мемлекеттерде жұмыс атқарса;

· Венгірлік заң, егер венгірлік еңбек етушілердің іссапар барысымен шет елге шығу кезінде;

· Тасымалдаушының жеке заңы халықаралық тасымал шеңберінде пайда болған еңбек қатынастарын реттейді.

Алайда, нақты бір мемлекеттің құқығы коллизиялық нормаларды жекелей дифференцияласа да, олар еңбек жағдайларының әр алуандығымен еңбек қатынастарының барлық элементтерін қамти алмайды. Дегенмен де, Қазақстан құқығында халықаралық жеке еңбек қатынастарына қатысты қоллизиялық нормалардың жүйесін дайындағанда, осы саладағы шетел тәжірбиесін пайдалануымыз қажет. Соңғы жылдарда, әр түрлі мемлекеттердің заң шығарушы органдары нормативтік актілерде еңбек аясында заң қақтығыстары жағдайларының орын алуын көрсетеді. Дания, Венгрия, Испания, Австрия мемлекеттерінің халықаралық жеке құқық туралы немесе азаматтық кодекстердің сәйкес тарауларында арнайы тарауларында арнайы еңбек коллизиялық нормалары бар.

Қазіргі ҚР заңнамасында және бұрынғы Одақ мемлекеттерінде халықаралық еңбек қатынастарына байланысты коллизиялық нормалар бекітілмеген. ҚР “Еңбек туралы Кодесінде” (15.05.2007 ж.); АК ерекше бөлімінде енбек қатынастарына қатысты коллизиялық нормалар жоқ.

Ескерте кететін жайт, АК бабында, жеке тұлғаның әрекет қабілеттілігі оның жеке заңымен анықталады. Бұл байланымды заң ұқсастығы реттінде жеке тұлғаның еңбекке әрекет қабілеттілігін анықтағанда қолданады. Сондай-ақ, нормативтік актілерде әр түрлі коллизиялық байламдар бар. Мысалы: “Шетел инвестицтялары туралы” ҚР заңында (27.12.94 ж. –күші жойылған) келесі екі коллизиялық байланым қарастырылған: негізігі – lex voluntatis және субсидарлы – lex loci laboris.

ҚР аумағында орналасқан құрылтайшылары немесе меншік иелері толығынан немесе ішінара шетелдік заңды немесе жеке тұлғалар болып табылатын ұйымдардың қызметкерлеріне ҚР Еңбек туралы заңдары қолданылады. Демек, бұл заң lex loci laboris -ті заңды түрде бекітіп отыр.

Халықаралық жеке құқықтағы еңбек қатынастарын халықаралық шарттарда және Қазақстан Республикасы заңнамаларында құқықтық реттеу тәсілдері

Шетел элементімен күрделенген еңбек қатынастары тек коллизиялық нормалармен ғана емес, сонымен қатар мемлекеттердің ішкі заңнамаларымен және мемлекеттердің арасында бекітілген еңбек көші-қонын реттейтін көпжақты және екіжақты келісім-шарттармен реттеледі. Еңбек көші-қон конвенцияларында құқықтары мен міндеттемелерін жүзеге асыру барысында: еңбек мигранттарының құқықтарын сақтау мен қорғауға, оларды нәсілдік, ұлттық, тілдік белгілері, шығу тегі, діни нанымы, сенімі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы бойынша кемсітушілікке жол бермеуге, көші-қон үрдісін және халықаралық міндеттемелерді реттеу саласында заңдардың ережелерін орындауды қамтамасыз етуге; жергілікті халық пен мигранттардың құқықтарымен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге негізделеді.

Еңбекші-мигранттардың жұмыс орнын ауыстырған жағдайдағы құқықтары: Халықаралық Еңбек Ұйымының № 143 Конвенциясы сияқты барлық еңбек-мигранттардың және олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы Халықаралық конвенция да мемлекетке заңды түрде келген жұмысшы мигранттар жұмыстан айырылған жағдайда, бұрын ие болған құқықтарының сақталуына қатысты ережелерді қамтиды. Ең алдымен, бұл алғаш рұқсат берілген кезең ішінде мемлекетте одан әрі болу, сондай-ақ осы кезеңде жаңа жұмыс іздестіру және алу құқығына қатысты2.

Еңбек көші-қоны жұмыспен қамтылу мақсатымен мемлекетке заңды негізде тұрған жағдайда, өзінің қарапайым жұмыстан айырылу жайты үшін заңсыз тұрған немесе ереженің құқықтық нормаларын бұзушы тұлға ретінде қаралмайды, себебі бұл тұруға рұқсаттың немесе қажет болған жағдайда оның жұмыс істеу құқығының жойылуына әкеп соқпайды. Сәйкесінше, ол жұмыспен қамтамасыз ету, басқа жұмыс беру, сондай-ақ жұмыссыздық жағдайында уақытша жұмыспен қамтамасыз ету және қайта даярлау кепілдіктеріне қатысты өтініш беруде жергілікті халықпен бірдей теңдікті пайдаланылады – ХЕҰ №143 Конвенциясының 8-бабы. Жал бойынша жұмыс істеу мемлекетінде сыйақылы қызмет түрін еркін таңдауға рұқсат берілетін еңбекші-мигранттар олардың жұмыс істеуге берілген рұқсаттары немесе сол сияқты рұқсаттардың жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін сыйақылы қызметінің тоқтауына байланысты тұрақты мәртебесін немесе оған тұруға берілген рұқсаттан айырылған болып есептелмейді. Осы баптың 6-тармағында аталған еңбекші мигранттарға сыйақылы қызметтің басқа түрін іздеу үшін жеткілікті уақыт беру мақсатында тұруға рұқсат, ең болмағанда жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алу құқығына ие бола алатын мерзімге сәйкес кезең бойы күшін жоймайды. Барлық еңбекші мигранттардың және олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы Халықаралық конвенцияның 49-бабының 3-ші тармағы. Білімі және біліктілігі туралы шетелдік құжаттарды тану туралы конвенцияда бекітілгендей: Еңбек көші-қонға қатысты қазіргі заманғы халықаралық стандарттар, олардың жұмысқа жалдау мемлекеттен тыс жерде кәсіптік біліктілігін тану туралы ережелерді қамтиды. Барлық еңбек көші-қонын және олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы Халықаралық конвенцияда қатысушы мемлекеттер еңбекші-мигранттардың өздерінің аумағынан тыс жерлерде алған кәсіптік біліктілігінің танылуын қамтамасыз етуге ұмтылуға тиіс деп көрсетілген. ХЕҰ №143 Конвенциясының 14-бабына сәйкес Халықаралық еңбек ұйымының әрбір мүшесі «өкідік ұйымдармен кеңес берулерден кейін өзінің аумағынан тыс жерде алынған кәсіптік біліктілігі, оның ішінде аттестаттар мен дипломдарды тану шарттарын реттей» алады. Еңбек және жұмыспен қамту шарттары: Еңбек көші-қон саласына байланысты нәсіліне, түсіне, ұлтына, жынысына немесе діни белгілері бойынша кемсітушілікті жою, еңбекке және жұмысқа қатысты мүмкіндіктер мен өтініш білдіру теңдігі туралы ережелер қамтылған бірқатар халықаралық конвенциялар бекітілді. Бұл экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтар туралы Халықаралық пактіге, ХЕҰ-ның №111 Еңбек және жұмыс саласындағы кемсітушіліктер туралы конвенциясына, ХЕҰ №100 құндылығы бірдей еңбек үшін әйелдер мен еркектерге теңдей сыйақы беру туралы конвенциясына, әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияға да қатысты. ХЕҰ-ның №143 Конвенциясында тиісті ережелер еңбекші-мигранттар қатысында дамытылды және ХЕҰ-на мүше мемлекеттерден еңбек және жұмыспен қамту саласындағы мүмкіндіктер мен өтініш беру теңдігіне жәрдемдесу және оны қамтамасыз ету саясатын әзірлеу және жүзеге асыру талап етіледі. Сондай-ақ барлық еңбекші-мигранттардың және олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы Халықаралық Конвенцияға3 еңбек жағдайлары мен сыйақыға қатысты, жал бойынша жұмыс мемлекетінің азаматтарына қарағанда, еңбекші-мигранттардың да қолайлылығы одан кем емес қатынасты пайдалануға тиістілігі туралы ережелер енгізілді. Кәсіподақтардың құқықтары: ХЕҰ-ның №87 Бірлестіктер бостандығы және кәсіподақтарға бірлесіп құқықтарын қорғау туралы Конвенцияның да тарабы болып табылады. Екі конвенцияда да еңбекші-мигранттарға кәсіподақ құру және олардың қызметтеріне қатысу құқықтарын береді. Қазақстан ХЕҰ-ның №98 Ұйымдастыру және ұжымдық келіссөздер жүргізу құқығы туралы конвенциясын бекітті, осыған сәйкес қызметкерлер азаматтығына қарамастан тиісті құқықтарын пайдаланады, яғни бұл құқықтар еңбекші-мигранттарға да қолданылады. Уақытша қызметкерлерге қатысты ХЕҰ-ның Бірлестіктер Бостандығы жөніндегі Комитеті уақытша қызметкерлердің ұжымдық келіссөздер жүргізуге мүмкіндіктері болуы тиіс деген қағиданы ұстанады.

Еңбек көші-қоны жөніндегі қабылдаудан соң мемлекеттік саясат еңбекші мигранттарды жал бойынша жұмыс еліне әлеуметтік кіріктіру шараларын дайындау және іске асқызуға бағытталады.

ҚР-ның көші-қон саясаты өз азаматтарымыздың мүдделерін қорғауға бағытталған. ҚР-ның көші-қон саясаты келесідей қағидаттарға негізделеді: көшіп-қонушылардың құқықтарын сақтау мен қорғауға, оларды нәсілдік, ұлттық, тілдік белгілері, шығу тегі, діни нанымы, сенімі белгілі бір әлеуметтік топқа жататындағы бойынша кемсітушілікке жол бермеуге; көші-қон үрдістерін және халықаралық міндеттемелерді реттеу саласында заңдардың ережелерін орындауды қамтамасыз етіуге; жергілікті халық пен көшіп-қонушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге. Шетелдік жұмыс күшін тарту кезінде ҚР-сы өзінің геосаяси және экономикалық мүдделерін басшылыққа ала отырып, жоғары білікті, бағалы еңбекші көшіп-қонушыларды және ішкі еңбек нарығында жеткіліксіз болып отырған кәсіптер мен мамандық иелерін бірінші кезекте қабылдауды жүзеге асыратын болады. ҚР тәуелсіздігін алғаннан бері еңбек, көші-қон қатынастарын реттейтін заңнама мен өзге де нормативтік құқықтық актілер түбегейлі өзгерістен өтті. Осы қатынасты реттейтін негізгі қағидалар 1995 жылғы Конституцияның 21-бабында көрініс тапты: «ҚР аумағында заңды түрде жүрген әрбір адамның, заңда арнайы көрсетілгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар». ҚР Конституциясының 24-бабына сәйкес: «Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіптін түрін еркін таңдауына құқығы бар». Сондай-ақ, Конституцияның 24-бабы бойынша: «Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша немесе төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі». Яғни, шетел азаматтары немесе азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан аумағында еркін жұріп-тұруға және белгілі бір еңбек қызметі түрімен айналысуға құқылы дегенді білдіреді. ҚР-ның АК-нің 2-тарауының 14-бабында: «Республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға, республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез-келген қызметпен айналысуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп, заңды тұлғалар құру, заң құжаттарында тыйым салынбаған кез-келген мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысу құқығы болады» делінген.

«Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Президентінің заң күші бар жарлығының 14-бабы: «Шетел азаматы мен азаматтығы жоқ тұлғалар, олар өзгеше заңдармен, халықаралық шарттармен, сондай-ақ Президентімен көзделмесе мемлекттік қызметке алынбайды». Нотариат туралы ҚР заңының 2-бабы 1-тармағында: «Нотариус қызметін тек қана ҚР азаматы жүзеге асырады» делінген. Осындай талаптар судья лауазымына, прокурорға, т.б. қойылған. Шетелдіктер өзге мемлекеттердің саяси құқықтарын пайдаланбайды және белгілі лауазымға ие бола алмайды немесе мемлекеттік қауіпсіздікпен байланысты қызметтің түрлерімен айналыса алмайды.

Шетелдіктердің міндеттерінің ішінде еңбек қатынастарымен байланысты міндеті салық төлеу. ҚР-да заңды түрде бекітілген салықтарды, алымдарды, міндетті төлемдерді төлеу әркімнің міндеті болып табылады. Жеке табыс салығын ҚР азаматтары мен шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар төлейді. Субьектіге ақы төлеу, зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері әрқайсысымен жеке еңбек шартында шешіледі. Олар жалақына шетелдік валютада алады және тиісті салықтар мен міндетті төлемдерді төлеген соң еркін түрде шетелге жалақысын аударады. ҚР-да тұрақты тұрмайтын шетелдіктердің еңбек қатынастарында кейбір элементтер, егер талаптар осы қатынасты реттейтін мемлекеттің заңын таңдамаса, онда шетел мемлекетінің заңымен реттелуі мүмкін. Нақты еңбек қатынастары екіжақты мәмілемен реттеледі. Шетелдік қатысушылары бар арнайы экономикалық аумақтағы кәсіпорындар өздері дербес жұмысқа алу, еңбекке ақы төлеу, кепілдіктер мен өтемақылар мәселелерін жоғарыда аталған жағдайларды ескере отырып шешеді. «Халықтың көші-қоны туралы» заңның 5-бабына сәйкес шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың ҚР аумағында еңбек және кәсіби қызметін жүзеге асыру тәртібі және ҚР азаматтарының шетелдегі тәртібі ҚР Үкіметімен анықталады және уәкілетті органдармен олардың жергілікті қызметінің рұқсатымен бақылауы арқылы жүзеге асады. Жұмысты зерттей келе халықаралық құқықтағы еңбек көші-қонын үрдісін реттеуге байланысты келесідей нәтижелер қарастырылды. Халықаралық құқықтық актілерде еңбек көші-қонына байланысты, адам құқықтарын қорғау және еркін қозғалуы көші-қон үрдісіндегі ең басты қағида болып табылады. Ұлттық заңнамалардың нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келуі ол халықаралық ұйымдар мен халықаралық шарттармен мемлекет арасындағы жасалуының сәйкестігі болуы. Кейде халықаралық келісім-шарттың ұлттық нормалырға қайшы келуі, сол себепте халықаралық келісім-шарттарды ең басты қарау керек. Көші-қонның ең басты рөлі, мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамыту жолдары, бұл ҚР БҰҰ-ның еңбекші-мигранттарды және отбасы мүшелерінің қорғау туралы халықаралық конвенцияға қосалқы еңбек көші-қон мәселелеріне байланысты реттеу жолдары жүзеге асуы мүмкін. Жұмысты зерттеп, қорытындылай келе, халықаралық құқықтағы еңбекші мигранттардың құқықтарына байланысты біршама мәселелер қозғалды. Бұл тақырыптың өзектілігі өте ауқымды, көптеген талқыланатын сұрақтар бар, оның барлығын шешу бір сәтте оңай емес.

 

Пысықтау сауалдары:

1.Қандай тұлғалар көші-қондық тіркеуге жатпайды?

2.Шетел азаматтарымен жасалынатын еңбек шартының мазмұны қандай болуы керек?

3.Қазақстандық жұмыс берушілер шетелдік жұмысшыларды ала ала ма?

 

Тарау




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 115 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Халықаралық есеп айырысу қатынастарының түсінігі мен мазмұны. | Халықаралық есеп айырысу саласындағы халықаралық әдеп-ғұрыптардың унификациялануы. | Аккредитивті есеп-айырысу. | Вексельді есеп-айырысулар. | Банктік аударым. | Халықаралық есеп айырысу қатынастарына банктердің қатысуы. | Халықаралық тасмалдаудың түсінігі және тасымалдау шартының халықаралық сипаттамасы | Азақстан темір жол қызметінің заңи базасы. | Темір жол тасымалымен жүкті тасымалдауды ұйымдастыру және басқару. | Халықаралық әуе тасымалы |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.011 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав