Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Физика - химиялық анализ әдіс: хроматографиялық анализ.

Аналитикалық химия екі бөлімнен тұрады: химиялық(классткалық) және физика-химиялық анализ. Химиялық анализ әдісі екі негізгі бөліктен тұрады:

а)гравиметриялық;

б)титриметриялық.

Физика - химиялық анализ әдісі:

а)оптикалық анализ және спектралды анализге,

б)электрохимиялық анализге

в)хроматографиялық анализге және т.б. бөлінеді.

Бұлардан да басқа әдістер бар, мысалы: металлдарды анықтау, судың кермектілігін анықтау, тамақ өнімдерін анализдеу, органикалық қосылыстарды анықтау. Соңғы жылдары компьютерді және математикалық әдістерді химиялық анализдерде кеңінен қолданып келеді.

Заттармен азық-түліктердің сапасын анықтау әдістеріне қойылатын талаптар:

1 Әдісті стандарттау және унификациялау;

2 Анализдеу әдістемесін бекіту;

3 Заттың сапасын көрсететін құжатта тіркеу.

Физико-химиялық анализ әдісінде аналитикалық сигнал ретінде физикалық мәндерді алады. Мысалы, тоқ күші, оптикалық тығыздық, электр өткізгіштіктер. Бұл әдістің саны көп, бірнеше жүз болады, олардың ішіндегі негізгілері:

-Оптикалық (спектралды) анализ

-Электрохимиялық анализ;

-Хроматографиялық анализ әдісі.

Бұлардың ең негізгісі оптикалық (спектралдық) анализ. Ол эмиссионды атомдық спектроскопия, атом- адсорбциялық спектроскопия.

Инфрақызыл спектроскопия, спектрофотометрия, люминисцения т.б. әдістер. Бұл әдістің барлығы толқын ұзындықтарының тұтылуына негізделген. Адсорбциондық әдіс тұтылу толқындарына байланысты бірнеше топқа бөлінеді.

-Молекулярлық абсорбциондық анализ спектрометрия, Колориметрия;

-Нефелометриялық және турбидиметриялық әдіс;

-Люминисценттік әдіс;

-Атомдар – абсорбциондық анализ әдісі.

Енді осы әдістерге түсініктеме берейік.

-Молекулярлық абсорбциялық анализ әдісі – электромагниттік толқындарын молекулаларға сіңірілуіне немесе жұтылуына негізделген. Ультрофиолетті көрінбейтін және инфрақызыл спектрлердің (оларға спектрофотометрия, колориметрия, ИК-спектроскопия жатады) зерттейді.

-Нефелометриялық және турбидиметриялық анализ әдісі – шашыраған немесе жұтылған жарық сәулесі арқылы оптикалық тығыздықты өлшеуге негізделген.

-Люминисценциялық анализ – шағылысу сәулесінің мәнін өлшеуге негізделген.

-Атомды – абсорбциялық анализ – жарық энергиясының жұтылуына негізделген.

Жарық кванты – фотондар – реакцияға қатысушылар ретінде есептелінеді (фотохимиялық реакция). Химиялық өзгерістер сандық және сапалық фотохимиялық анализдің негізі болып табылады.

Хроматография. Хроматографиялық анализ бір заттың екінші затқа жұтылуына негізделген. Бұл жерде қозғалатын және қозғалмайтын фазалар болады. Қозғалатын фаза сұйық және газ тәріздес болады, қозғалмайтын фаза қатты дене.

Жұтылған заттың мөлшері концентрацияға байланысты адсорбциялық изотермамен көрсетіледі.

n

 

 


Генри аймағы С

Бұны математикалық тұрде былай өрнектеледі:

n = n × ,

n – жұтылған заттың мөлшері, моль, моль;

n - берілген адсорбентке анықталатын заттың максималды жұтылу мәні, моль;

в – тұрақты мән;

с – талданатын заттың концентрациясы, моль/л.

Концентрация жоғарыламаған кезде адсорбция изотермасы түзу болуы аналитикада өте маңызды. Яғни в×с<<1 болса, онда Лэнгмюра теңдеуі адсорбциялық түзу теңдеуге айналады, сонда n = n ×в×с =Г× с, мұндағы Г – Генри коэффициенті. Адсорбцияның түзу сызықты аймағы Генри аймағы деп аталады.

Хроматография әдісінің қолданатын тәсіліне қарай колонкалы, жазықты, ал фазаның алмасуына қатысты фронталды, шығару (проявительная), заттың жұтылу механизміне байланысты адсорбциялы, ионалмасу т.б. топтарға бөлінеді.

2.Титриметриялық талдау әдістерінің мәні. Титриметриялық анализде қолданылатын реакцияларға қойылатын талаптар. Титриметриялық анализ анықтауға берілген затқа жұмсалған титранттын (реактивтің) дәл көлемін өлшеуге негізделген әдіс, сондықтан оны кейде көлемдік анализ деп атайды. Сол жұмсалған титранттың көлемі арқылы анықталатын заттың мөлшерін табады. Титрант ретінде берілген ерітіндінің концентрациясы жоғары дәлдікпен анықталған болу керек. Бұндай ерітінді титрленген немесе стандартты деп аталады. Ал титрленетін (анализге берілген ерітінді) жұмысшы енрітінді деп аталады. Титрлеу - бұл титрант титрлейтін ерітіндіні жайлап (тамшылатып) қосып отыру. Эквиваленттік нүкте (Э.Н.) – бұл титрлейтін ерітінді мен титранттың көлемі химиялық эквивалентті түрде тең болған кезі. Эквиваленттік нүктеге жеткен кезде эквиваленттік заң орындалады. Титрант ерітіндісін стандарттау – бұл оның жоғары дәлдікпен концентрациясын тұрақтандыру.




Дата добавления: 2015-09-12; просмотров: 214 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Көмірсулар классификациясы. Моносахаридтер. Олигосахаридтер. | Полисахаридтер. Жалпы сипаттама беріңіз. | Ерігіштік көбейткіш. Аз еритін қосылыстардың еруі | Тұнбаға түсірушіні таңдау. Тұнбаға қосылып түсу және олардың түрлері | Аналитикалық сигнал. | Гормондарға жалпы сипаттама. | Дисахаридтер. Сахароза. Троммер реакциясы. | Ышқылдық – негіздік титрлеу индикаторлары. | Билет 1. Заттың молярлық массасының эквивалентін есептеу. | Полисахаридтерге жалпы сипатама. |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав