|
Ақша – бұл тарихи даму үрдiсi барысында қалыптасқан экономикалық категория болып саналады. Ол қоғам дамуының әрбiр кезеңiндегi өндiрiс және айырбас процестерiнде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды көрсетедi. Қоғамның экономикалық дамуы күрделенген сайын, ақшаның маңызы арта түседi. Ақша – тауарлы өндiрiстiң өнiмi. Ақша- кез-келген тауар айналысының құрамдас бөлiгi және оның нәтижесi. Тауар және ақша бiр-бiрiнен ажырамайды, себебi ақша айналымынсыз тауар айналымы болмайды, болуы да мүмкiн емес /1, 23б/.
Ақша тауардан дами отырып тауар болып қала бердi, бiрақ тауардың жалпылама эквивалентi ретiнде. Расында да, ақша адамдарға ежелден-ақ таныс. Бiрақ оның қалай пайда болғандығы туралы құпия сыры және өмiрiндегi мәнi көп уақытқа дейiн беймәлiм болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмiрiн зерттей келiп, көптеген ғалымдар ақшаның тауар айналымында атқаратын маңызын жан- жақты ашып, жауап бердi.
Ақша - ол ерекше тауар, қоғамдағы эквивалент қызметiн атқаратын және жалпыға бiрдей болама, яғни, басқа тауарлардың жалпығңа бiрдей баламалың құнының нысаны.
…бiр кәсiпкер өзiнiң жұмысында үнемi ақша бiрлiгiмен қарым-қатынаста болады. Ақша тарихи категория, тауарлың өнiм. Ол натуралдық шаруашылықың тауарлың шаруашылыққа ауысу кезеңiнде пайда болды. Осы ауысу кезеңiне себеп болған адамдардың шығарылған өнiмдерiнiң артық болып, «айырбастау» процессiнiң шығуы. Айырбастау үшiн өнiм «тауарға» айналды. Сөйтiп науралдың -өндiрiстiң орнына тауарлы өндiрiс келдi.
Ақшаның қажеттiлiгi туралы әр уақытта әр түрлi ойлар айтылған. Мысалы, рационалистiк концепцияны (ақыл-ой талабына ғана енгiзілген көзқарас) жақтаушылар ақша адамдар арасындағы келiсiм құралы, ол айырбас кезiнде құндардың қозғалысына қажеттi арнаулы құрал деп түсiндiрдi. Бұл ойды жақтаушы Аристотель өзiнiң ²Никомахова этика² деген кiтабында ²Айырбасқа қатысатындардың барлығы өзара салыстырмалы болу үшiн шарттылыққа негiзделген әлдебiр өлшем болуы қажет² деп жазған /2,24б/. Бұл ой көне Рим қоғамындағы заңға енгiзiлiп, оның қағидасы бойынша император ақшаның құнын заңмен бекiткен.
Ал, XVI ғасырдың бас кезiнде (1516 ж.) утопиялық социализмнiң негiзiн қалаушы Томас Моор өзiнiң ²Золотая книга о наилучшем устройстве государства и новом острове Утопия² деген еңбегiнде ²барлығын ақшамен өлшегенде мемлекеттiк iстердiң табысты және дұрыс шешiлуi мүмкiн болар ма екен² деп жазған /2, 24б/.
Сондай-ақ, XIX ғасырда утопист-социалистер Прудон, Оуэн, Грейт және басқалары да ақшаға терiс көзқараста болды. Мысалы, Прудон тауар өндiрiсiн сақтай отырып, ақшаны жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды. Сол сияқты 1832 ж. Р. Оуэннiң тауарларды ақшасыз ²еңбек бондарын² қолданып, жұмыс уақытының шығындары арқылы тауарларды бағалаумен айырбас жүргiзуге ұмтылған әректтерi сәтсiздiкпен аяқталған.
Сөйтiп, рационалистiк концепцияны жақтаушылар тобы – ақша адамдар арасындағы келiсiмнен туған айырбастың техникалық құралы деген көзқараста болды.
Ал, эволюциялық концепцияны (өрiстеу, бiрте-бiрте даму көзқарасын) жақтаушылар бұл ²жұмбақты² басқаша шешкен. Бұл концепция қоғамдық тауар өндiрiсiн зерттей келiп, ақша адамдардың еркiнсiз айырбастың ұзақ дамуының нәтижесiнде бүкiл тауарлар әлемiнен бөлiнiп шыққан ерекше тауар екенiн дәлелдейдi.
Алғашқы болып ақшаның тауарлы жаратылысын дәлелдеп, ақша теориясының дамуына көп еңбек сiңiрген К.Маркс. Ол айырбастың жай, ең қарапайым формасынан ақшалы формасына дейiнгi ұзақ даму жолдарын зерттей келiп, ақшаның жұмбақ сырын жоққа шығарды. Сондай-ақ, К.Маркс ақшаның қажеттiлiгi жөнiнде ²егер ақша жойылса, бiз қоғамдық өркендеудiң не ең жоғарғы дәрежесiнде болармыз, не ең төменгi сатысына лақтырылып тастармыз² деп өз ойын қорытындылаған. Ал, коммунизм тек қиял, сондықтан ақша болды, ақша бар және одан әрi де бола бермек /2, 25б/.
Ақша айналыс құралы қызметiн атқаратын болғандықтан, айналыс қажеттiлiгi олардың саны өткiзiлуi тиiс тауарлардың бағасы мен массасы негiзiнде, яғни өткiзiлуi тиiс тауарлар бағасының сомасымен анықталады
Ал, қазiргi кездегi нарықтық экономикада ақшаның маңызы өте зор. Мен өзiмнiң осы курстық жұмысымда – ақшаның экономикада қаншалықты маңызды рөл алатынына тоқталып өттiм. Және де тек маңыздылығы на ғана емес, сонымен қатар ақшаның атқаратын қызметтерiне, оған деген сұраныстың туу себептерiне, ақша ұсынысына және ақша нарығындағы тепе-теңдiк жағдайларына да тоқталып өттiм.
Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 122 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |