Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ашқа - өтiмдi актив ретiнде және оның нарықтық экономикадағы рөлi

Читайте также:
  1. A. Активація натрієвих каналів мембрани
  2. A. Обеспечить активность каждого ребенка
  3. Almida FINANCE LTD УПРАВЛЕНИЕ АКТИВАМИ КЛИЕНТОВ СОГЛАШЕНИЕ
  4. B)& ластағыш заттардың бөлшектерін ірілендіру және олардың агрегаттарға бірігу үрдісі
  5. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  6. D) ертикальды және горизонтальды
  7. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  8. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  9. F) оның айналымының мерзімі біткенде номиналды құнын қайтару құқығы
  10. Fast Ethernet және 100VG –AniLAN технологиялары

 

Ашқа – бұл төлем құралын атқаратын активтер болып саналады. Ал, өтiмдiлiк - өзiнiң номиналды құнын жоғалтпай тез, әрi ыңғайлы есеп айырысу құралын атқаратын активтердi бейнелейдi. Яғни, ақша - өте өтiмдi активтер болып табылады /3,230 б/.

¤тiмдi түсiнiгi – ақша категориясын анықтау үшiн маңызды. Қандай болмасын мүлiктiң немесе активтiң өтiмдiлiгi дегенде, оның оңай сатылуы және құнын жоғалтпай ақша түрiне айналу мүмкiндiгiн айтады /4,370 б/. Демек, активтердiң ең өтiмдi түрi – ақша болып табылады. Сол сияқты, жоғары өтiмдi мүлiктерге: алтын, бағалы метелдар мен тастар, мұнай, өнер шығармалары жатады. Ал, өтiмi төмендеу болатындарға: үйлер, құрал-жабдықтар (бизнесмендер оларды ²мұздатылған² құралдар деп те атайды) жатады.

Фирмалар, үй шаруашылығы немесе мемлекет иелiгiндегi кез-келген мүлiктi сатуға болатындықтан, ал келген түсiмдердi басқа заттарды сатып алуға жұмсауға болатындықтан, оны сатып алу мүмкiндiгiнiң қор жинау құралы ретiнде қарастыруға болады. Әйткенмен де, ақшаның басқа ешқандай активтер ие бола алмайтын 2 қасиетi бар:

Бiрiншiсi, ақша – жаратылысынан айналыс құралы болып табылатындықтан, оны басқадай активтерге айырбастаудың қажеттiгi жоқ;

Екiншiсi, актив ретiндегi ајшаның бұл ерекшелiгi – олардың номиналды құны не өсе алмайды, не азая алмайды. Бұл расында да осындай, себебi ақша құн өлшемi болып табылады және барлық номиналды бағаларды анықтау үшiн қолданылады /5, 175 б/.

Актив өтiмдiлiк қасиетiне ие болады, егер ол төлем құралы ретiнде қолданылса немесе оңай төлем құралына айналса және өзiнiң номиналды құнын жоғалтпаса. Бiрақ, ешқандай да актив ақша деңгейiндегiдей өтiмдiлiкке ие емес және ие бола алмайды.

¤неркісiбi өркендеген мемлекеттерде ақша жиыны құрамын анықтау үшiн негiзгi ақша агрегаттарының төмендегi жиынтығын пайдаланады:

М1 – айналыстағы қолма-қол ақша (банкноталар, тиындар, ал кейбiр мемлекеттерде қазыналық билеттер) және банктiк ағымдағы шоттардағы салымдар жатады;

М2 – М1 + мерзiмдi 4 жылға дейiнгi коммерциялық банктердегi мерзiмдi және жинық салымдары жатады;

М3 - М2 + арнаулы несие мекемелерiндегi жинақ салымдары кiредi;

L – М3 + iрi коммерциялық банктердiң депозиттiк сертификаттары қосылады;

Қорыта айтқанда, әрбiр ақша агрегаты өзiнен алдыңғылардың барлық элементтерiн өзiне бiрiктiрiп үлкен ақша жиынын құрайды.

Ашқаға нарықтық экономикада өте маңызды үлесi тиедi. Оның негiзгi төрт себебi бар:

Бiрiншiден, ақша – экономикалық жүйеде тауар өндiрушiлер арасындағы қатынасты байланыстырушы құралы болып табылады;

Екiншiден, ол сапалы болып келетiн жаңа рөлге ие болады. Осылайша, кәсiпорында өндiрiлетiн тауарлардың құны ақшалай көрiнiс табады және де құн өлшемi мен ақша капиталы қызметiн атқарады;

Егер декәсiпорын өнiмi нақты ақшаларға сатылып және түскен ақшаға өндiрiске шикiзат сатып алынатын болса, онда ақша айналыс құралы мен капитал қызметiн атқарады. Ал, егер өнiм несиеге алынып, белгiлi бiр мерзiм көлемiнде ақшалай төленiп отыратын болса, онда ол төлем құралы болып табылады.

Үшiншiден, ақшаның көмегiмен ұлттық табысты мемлекеттiк бюджет, салық және заемдар арқылы құру және бөлу үрдiсi жүзеге асырылып отырады;

Төртiншiден, ақша – интернационалдау жағдайындағы шаруашылық байланыстардың жұмыс күшi мен капитал алмасудың және тауар қозғалыс үрдiстерiн жүзеге асырып отырады /6,100 б/.

80-жылдарда әлемнiң басты елдерi монетарлық концепция көзқарасында тұрған кездерi, экономиканы мемлекеттiк реттеуде ақша-несие саясаты ең басты элемент болып тұрды, ал ақшаның рөлi одан әрi арта түстi.

 




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 191 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав