Читайте также:
|
|
Коммерциялық банктердің сыртқы экономикалық қызметі тауарлар мен әрекеттерді экспорттау-импорттау, Қазақстан Республикасының аумағында шетел валютасында оларды өткізу, еліміздің ішінде бұндай тұлғалардың шаруашылықпен айналысудағы тауарлық емес сипаттағы мәміле кезінде теңге және шетел валют-асында банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты.
Әрбір егеменді мемлекетте заңды төлем кұралы ретінде сол елдің ұлттық валютасы қолданылады. Сондықтан сыртқы сауда, қызмет, несие, инвестиция, мемлекетаралык төлемдер бойынша есеп айырысудың қажетті жағдайы төлеуші немесе сатып алушылар шетел валютасын сатып алу немесе сату нысанында бір валютаны басқа валютаға айырбастау болып табылады. 21 ҚЕХС сәйкес валюталық операция бұл шетел валютасында деноминацияла-натын немесе ондағы есепті талап ететін операция.
Осындай айырбастарды жүргізу үшін валютальщ нарық қызмет етеді, яғни сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасатын бағам арқылы шетел валютасын ұлттық валютаға айырбастау немесе сату жүзеге асырудың ресми орталықтары.
Валютаны айырбастау операциялары ежелде «ауыстыру ісі ны-санында» ерте заманда және орта ғасырларда пайда болып, бірақ қазіргі түсініктегі валюталық нарық XIX ғасырда қалыптасты. Олар келесідей негізгі ерекшеліктермен сипатталады:
• байланыстың электронды құралын кеңінен қолдану және олар бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруда шаруашылық қызметті интернационалдандыру негізінде валюталық нарықты интернационалдандыру күшейеді;
• операциялар барлық елдер түпкірінде тәулік ішінде үздіксіз жасалынады;
• валюталық операциялар техникасы сәйкестендірілген, есеп айырысулар банктің корреспонденттік есепшоты арқылы жүргізіледі;
• валюталық және несиелік тәуекелді сақтандыру мақсатында валюталық операциялардың кең көлемде дамуы;
• алып-сатарлык және төрелік операциялар коммерциялық мәмілемен байланысты валюталық операциялардан біршама асып түседі; олардың қатысушыларының саны бірден өсті және олардың құрамына банктер мен ұлтаралық корпора-циялардан (YAK) басқа занды және жеке тұлғалар да жатады;
• тұрақты экономикалық жағдайларға тәуелсіз өздерінің бир-жалық тауарларына байланысты тенденциясы бар валюталық бағамның түрақсыздығы.
Атқарымдық көзқарас тұрғысынан валюталық нарық келесілерді
қамтиды:
• халықаралық есеп айырысулардың уақытылы жүзеге асырылуы;
• валюталык және несиелік тәуекелді сақтандыру;
• әлемдік валюталық несиелік және қаржылық нарықтардың өзара байланысы;
• банк, кәсіпорын, мемлекеттің валюталық резервтерінің әрта-раптандырылуы (диверсификациясы);
• валюталық бағамды реттеу;
• қатысушылардың валюталық багам айырмасы ретінде алатын алып-сатарлық пайдасы;
• экомиканы мемлекеттік реттеуге бағытталған валюталық саясатты жүргізу.
Институционалдық көзкарас тұрғысынан валюталық нарық -бұл банктердің, брокерлік фирмалардың, корпорациялардың, әсіресе ұлтаралық корпорациялардың (ҮАТ) жиынтығы. Банктер банкаралық нарықта және тауарлы-өнеркәсіп клиентурасында 85-95% валюталық мәмілелер жасайды.
Валюталық қатынастың субъектілеріне Қазақстан Республикасының резидент және бейрезидент тұлғалары жатады.
Валюталық реттеулердің объектілері валюталық құндылықтар-мен жүргізілетін операциялар болып табылады. Оларға: шетел валютасы және бағалы қағаздар (акция, облигация, төлем қүжатта-ры, қарыздық міндеттеме, қымбат металдар) жатады.
Валюталық құндылықтармен жүргізілетін операциялар екі түрге бөлінеді: ағымдағы валюталық операциялар, олардың құрамына елден валюта аудару және керісінше валюта қабылдау, саудалық сипатқа жатпайтын аударымдар және тура инвестициялар, қаржылық несиелер және т.б. капитал козғалысымен байланысты опера-циялар жатады.
Шетел валютасында банктік операциялар жүргізуге лицензия-ларды Үлттық банк шексіз мерзімге береді және атаулы болып табылады, яғни үшінші тұлғаларға берілмейді. Банк валюталық операциялардың лицензияда көрсетілген жағдайда және келесілерге сәйкес жүргізуге кұқы бар:
• шетел валютасындағы каражаттарды занды және жеке тұлғалар-дың шотына және салымына орналастыруға және қабылдауға;
• банктер мен ұйымдарға шетел валютасында несие және қарыздарды тарту және ұсыну;
• заңды және жеке тұлғалардан шетел валютасындағы төлем кұжаттарын сатып алу және сатуды жүзеге асыру;
• валюталарды сатып-алу сатуды жүргізу;
• шетел мемлекеттерінің банктерімен корреспонденттік қаты-настарды белгілеу;
• өз клиенттеріне шетел валютасында кассалық қызмет көрсету;
• шетел валютасында саудалық және саудалық емес операция-лар бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру;
• халықаралық банктік тәжірибегс сәйкес басқа да операцияларды жүзеге асыру.
Валюталық операцияларды жүзеге асыруга құкық берілген банктер уәкілетті деп аталады. Валюта нарығында банктің рөлін анықтайтын негізгі фактор банктің көлемі, оның репутациясы, бөлімшелермен филиалдардың шетелдік желісінің даму деңгейі, жасалатын халықаралық банктік есеп айырысудың көлемі болып табылады. Сондай-ақ банк және оның валюта саясаты орналасқан орындарда кезең сайын енгізілетін валюталық шектеулер, телекстік және телефондық байланыс жағдайы маңызды рөл атқарады.
2000 жылдың сәуірінен бастап ¥лттық банк теңгенің еркін қалқымалы бағамын белгіледі. Ол ¥лттық банк қатысуынсыз валюталық нарыкта сұраныс және ұсыныс негізінде ұлттық валюта бағамын құрылуын болжайды. Бұндай жагдайда валюталық реттеудің маңызы кенеттен өседі, негізгі міндеттері келесілер болып табылады:
• Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілетін валюта-лық операциялардың жүргізілу тәртібі мен қағидаларын анықтайтын нормативтік құқықтық актілерді шығару, валюталық операциялар субьектінің құкықтары мен міндеттері, валюталық заңдылықтарды бұзғаны үшін жауапкершілік;
• валюта заңдылықтарының орындалуын бақылау (валюталык бақылау);
• валюталық нарық, жүргізілген валюталық операциялар көлемін және құрылымының жағдайын талдау.
Валюталық реттеу мәселелерін шешу үшін Қазақстан Респу-бликасының Ұлттық банкі келесі негізгі әдістсрді қолданады:
• валюталық операциялар объектілері меи субъектілерін, валюталық операциялар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін, жіктелуін, валюталық құндылықтармен айналысу тәртібін белгілеуді анықтайтын валюталық операцияларды жүргізу тәртібін белгілеу;
• сипатына, субъектісіне, объектісіне, көлеміне байланысты белгілі валюталық операцияларды жүргізуге шектеу енгізу;
• шетел валютасын паидаланатын қызметтерді лицензиялау;
• валюталық операцияларды тіркеу;
• валюталық операциялар туралы есептемені жинау және талдау;
• валюталық заңдылықтардың орындалуын бақылау;
• валюталық реттеу мәселелері бойынша халықаралык байланыс. (Қазақстан 1992 жылдың ортасыиан бастап халыкара-лық валюта қорының (ХВҚ) мүшесі болып табылады, ал 1996 жылдың 16 шілдесінен бастап ХВҚ келісім баптарының VIII бабына енді, онда мемлекеттердің өздерінің валюталарының айырбасталымдылығын қамтамасыз ету міндеттері қарастырылған, ягни ағымдағы валюталык операциялар бойынша шектеулер енгізбеу).
Валюталық реттеудің негізін құраушы жүйе валюталық бақылау болып табылады. Валюталык бақылаудың мақсаты - Қазақстан Республикаснның резидент және бейрезидент тұлғаларының валюталық операция жүргізу кезінде заңдылыктарды сактауын қамтамасыз ету. Валюталық бакылаудың негізгі бағыттары:
• заңдылықтарға сәйкес жүргізілетін валюталык операциялар-дың сәйкестігін анықтау және оларды жүзеге асыру үшін қажетті лицензиялар мен куәліктердің болуы;
• шетел валютасындағы төлемдердің шарт жағдайына сәйкес-тігін тексеру;
• валюталық операциялар бойынша есеп жүргізу және есеп берудің толықтығын және объективтігін тексеру.
Валюталык қатынастарды реттеу кезінде негізгі рөлді арнайы валюталык заңдылықтар атқарады. Қазақстан Республикасында валюталық реттеудің негізгі органы республиканың заңдылыктарына сәйкес валюталык реттеудің қызметтерін атқаратын Ұлттық банк болып табылады. Үкімет және басқа да мемлекеттік органдар валюталық реттеудің заңдылықтарына сәйкес өз құзыретінің шегінде жүргізеді. Валюталық реттеу бойынша негізгі нормативтік актілер 1998 жылдың 24 желтоқсанында «Валюталық реттеу туралы» заңға толықтырулар мен қосымшалар енгізілген заң болып табылады. Ол Қазақстан аумағында жүргізілетін валюталық операциялардың принциптері мен тәртібін валюталык операция субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін, валюталық заңдылыктар бұзылуының жауапкерші-лігін анықтайды. Валюталық бақылау агенттері ретінде валюталык операцияларды жүргізу кезінде валюталық заңдылыктардыц орындалуын бақылау міндеті жүктелген уәкілетті банктер мен банктік емес қаржылық мекемелер болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында келесідей валюта-лык шектеулер қолданылады:
• резиденттер арасында жүргізілетін операциялар бойынша барлық төлемдер тек қазақстандық валютада жүргізілуі керек, тек ¥лттық банктің нормативтік құкықтық актілерінде, салық және кеден зандылықтарында көрсетілген жағдайлардан басқа;
• банктік операциялардың бөлек түрлерін жүзеге асыруда уәкілетті емес банктер және ұйымдардың шетел валютасын сатып алуға, сатуға және айырбастауға болмайды;
• қызмет және тауар, несие ретінде резиденттер алатын шетел валютасы, олардың өкілетті банктеріндегі шоттарында міндетті түрде есептелуі керек.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президенті халықаралық міндеттемелерді орындау мақсатында және күтпеген жағдайлардың туындау кезінде кез келген валюталық операцияларды шектеуге және тоқтатуға құқылы. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғысына сәйкес «Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы» заңды күші бар ҚР Ұлттық банк шетел валютасы жүргізілетін операцияларға кажетті операциялар енгізуге құқы бар. Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республи-касының Ұлттық банкі резиденттердің экспорттық операцияларына валюталық төлем және экспорттык валюталық түсімді міндетті сату тәртібіне шек қоя алады. Соңғысы нақгы уақытта уақытша тоқтатылған.
Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 242 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |