Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Адамның негізгі түрткілері мен құрылымы.

Читайте также:
  1. Адамның қасиеттері ң шығармасында адамзаттың маңызды мәселелерін зерттегенА) ПеччейALMAT
  2. Адамның мекендеу ортасының қауіптіліктері
  3. Ажеттілік ұғымының мәнін ашатын анықтамалар: Адамның мәдени, рухани мұқтаждықтары
  4. Азақстан Республикасының конституциялық қоғамдық құрылымы.
  5. БҰДСЖ негізгі принциптері
  6. ББК төрағасы Негізгі пәндер департаментінің директоры
  7. Дәріс 10. Онтологияның негізгі ұғымдары мен принциптері.
  8. Дәріс 11.Гносеология және эпистемологияның негізгі ұғымдары мен жалпы мәселелері.
  9. Дәріс 14. Адамның рухани әлемі. Сана.

Адамның белсенділігі, іс-әрекеті ғылыми материалистік тұрғыда қарастыруында белсенділік әрекеттердің адамның қажеттіліктерін қанағаттанумен ұштасады.

Тұлға белсенділігі -адамның материалдық және рухани мәдениеті меңгеруде қоғамдық мәнге ие болған бағдарлы шығармашылығында, еріктік актілерде, қарым-қатынастағы қабілеті. Тұлға белсенділігі адамның белсенді өмір позициясы арқылы идеалық принципшілдігі, реттілігі, көзқарасы, сөзбен іс бірлігінде көрінісін айтамыз.

Қажеттілік – ол адам белсенділігінің негізгі себебімен іс -әрекетке итермелеуші күш. Қажеттілік қоғамдық тәлім-тәрбие ықпалында қалыптасып, адамның материалдық, рухани қоғамдық мұқтаждықтарын қанағаттандырады. Мұндай қанағаттандыру қоғамдық даралық сипатқа ие болады.

Түрлі жағдайлардың әсер етуіне қарай адам психологиясы әр түрлі өзгеріске түсіп отырады. Осыған байланысты, мақсатқа жету үшін түрткілер де өзгеріп отырады. Жеке адамды қандай болмасын белгілі бір әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы күш-қажеттіліктер. Қажеттіліктерде тоқталып өттік.

Қажеттілік тетік белгісіне қарай: табиғи және рухани-мәдениет болып бөлінеді. Ал, сол заттарды ұстап тұтынуына қарай: материалдық, рухани қажеттіліктер болып бөлінеді.

Рухани қажеттіліктер түрлі рухани құлдылықтарды пайдалану арқылы жүзеге асырады. Адамның айналасындағы қоршаған дүние үнемі өзгеріп отырыруымен адамның түрлі ерекшеліктері дамып, өзгеріп отырады. Ол өмір сүру процесінің барысында және оқу-тәрбие процесінде шешуші роль атқарады.

Табиғи қажеттілік тән мұқтаждығын қанағаттандыруға бағытталады.

Жеке адамның өмір бағытын көрсететін құрамдас бөлімдері (компонентер) көп. Соның бастылары: қажеттер, мотивтер, қызығулар, бейімділік пен дүние таным мен сенім, мұрат пен талғам.

Себептер -қазақша түрткі немесе себептер дейміз. Бұл қажеттілікті өтеуге талпындыраты түрткілер болады. Қандай болмасын обьектінің себебін білмей тұрып, адамның бір мақсатқа жетем деген немесе оның мінез-құлқының мән-жайын толық түсіну қиын болады.

Қызығулар -адамның шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, сол қажеттіліктерді сезіп, соны білуге, түсінуге деген жан еліктіріп, сезім тартқан нәрсенің бәрі қызығудың обьектісі болып табылады. Қызығудың физиологиялық негізі-«Бұл не?» дейтін рефлекс. Адамда сан алуан қызығулар болуы мүмкін. Қызығулар мазмұны мен бағытына қарай: материалдық, қоғамдық, саяси, кәсіптік, эстетикалық, оқырмандық, спорттық, танымдық. т.б. болып келеді.

Ал адамда қызығулардың болмауы немесе оның көмескі болуы оның өмірін мазмұнсыз етеді. Қызығудың мазмұнды, әрі ауқымының кең болуы-оның басты ерекшеліктерінің бірі. Мұнсыз аданың рухани өмір дамымайды. Қызығу пәрменді белсенді болу үшін баланың тікелей әрекеттерімен айналысу қажет.

Жеке адам психологиясының неге бағытталғанын көрсететін негізгі компоненттердің бірі-адам дүние танымы мен сенімі.

Дүниетаным -адамның табиғат, қоғамдық өмірі туралы білімдерінің жүйесі. Ақиқат дүние заңдарын дұрыс түсінетін, әрі ғылыми негізделген дүниетаным ғана адамға дұрыс бағыт береді. Кісі еңбегін қанаттын адамдардың дүниетанымы мейлінше рекцияшыл болады. Өзімшілдік, адамға деген өшпенділік, шындықты бұрмалау-пессимистік (кертартпа) дүниетаным белгісі. Адамның алдына қойған мақсатының болуы, дүниетанымның өміріне байланыстылығы сенімдік тудырады.

Сенім -адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі. Сенім нақты іс-әрекет пен тәжірибеге байланысты. Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі. Өйткені бұл екеуі құстың қосқанатындай, адамның ең асыл қасиеті болып табылады. Берім сенім жоқ жерде тыңғылықты дүниетаным да, тұрақты мінез-құлықта болмайды. Сенім қалыптаспаған адамның шындықтың жай – жапсарын дұрыстап айыруға, өмірден өз орнын дұрыс таңдай алуына да шамасы жете бермейді. Оны өмір толқыны біресе онда, біресе мұнда соқтырады да мінез-құлықты көлденеңнен кез-келген кездейсоқ жағдайлар билеп келіп отырады. Сенім жоғалған жерде тіршіліктің мәні де жойылады.

Сенім-тұлға өзінің құндылық бағдарлылығына байланысты саналы қажеттілігін жүзеге асырудағы әрекетіне лайықтануы. Қажеттілік мазмұны сенім формасында көрінеді, соған орай табиғатты және қоғамда түсінуде белгілі бір көрінісін береді. Сенім-тәжірибелік әрекет. Сенім арқылы коммуникативтік әдіс арқылы өзге адамдардың санасының қалыптасуына ықпал жасалынады.Сенім әдісінің негізінде-тұтас функционалдық міндетке байланысты таңдау, фактіні логикалық жүйелеу мен қортындылау құралады.

Мұрат- жеке адамның психикасын нұрландыратын қасиеттердің бірі. Бұл-адамың өзіне өмірден өнеге іздеуі, біреуді артық тұтып, қастерлеуі. Адам осыған жету үшін қолдан келгеннің бәрін пайдаланады. Мұрат дүние танымы, сенімі айқын, сөз бен істің байланысы бар жерге ғана болады.

Талғам -бұл да жеке адамның психологиясында елеулі орын алатын қасиет. Бұл жоғарыда аталған барлық компанент түрімен байланысып жатады. Талғам адамның білімі, тәрбиесі, ортасы, тәжірибесі елеулі әсер етеді. Дұрыс талғам жүйесі жақсы тәрбие жемісі.

Бағыт-бағдар- адамның жеке арманы, құмарлығы әрекеті оның даралық қасиетіне тән психологиялық ерекшелігі. Адамды тану үшін оның қоғам мүшесі ретінде қандай істерді тындыра алатындығымен танысу керек. Кемшіліктегі мақсатына жету үшін ықыласты, ынталы болу, оған ұмтылу жеке-адамның бағыт-бағдарын білдіреді.

Тұлға бағыттылығы - ол тұлғаның іс-әрекетті орындаудағы бағдарлығында, қандай да бір ситуациялық жағдайда болуына қарамастан көрінетін тұрақты себептер жиынтығы тұлға бағыттылығы көрінетін тұстары.

Адамның бағдары, ынта-жігері, мақсат-мүддесі гуманисттік қоғам мүддесімен үйлеседі. Адамның кісілік қасиетін түсінуде «ол нені қалайды» деген жеткіліксіз. Өйткені адамы ниет тілегі мен ынтасын үнемі өзгеріп, дамып күрделіленіп отырады.

Адамның азаматтық бағыт-бағдарының сапалар ерекшеліктер:

1. Бағыт деңгейінің адамның әлеуметтік өмір талабына сәйкестенуі;

2. бағыт – бағдар деңгейінің қоғамдық талаптарға орай адамың мұраты мен ұштасады.

3. бағыт-бағдарының кеңдігі. Тек –ұйқы қандыру, тамақ ішу, әдемі киіну-бұл бағыт тарлығын, өрсіздігін көрсетеді. Ал, кеңдік-адамның әр алуан қызығы мен ынтасына және оның әр тарапты дамуына байланысты. Мұндай қасиетер тоғышарлықтан сақтандырады.

4. Бағыт-бағдарлық қарқындылығы. Бұл баланың сезімі мен эмоциясының айқындығын білдіреді. Әр нірсеге дел қою, белсенді әрекет етіп, іске жігермен кірісу.

5. Бағыт –бағдардың тұрақтылығы. Бұл ұзақ уақытша созылатын процесс. Бір нәрсені біліп, үйренуге қызу кірісіп, аяқтамай тастап кету жиі кездеседі. Бұл- бағыттың тұрақсыздығы. Ал, тұрақтылық, іс-нәтижесіне дейін алып бару, адамды игі мақсатқа жеткізеді.

6. Бағыт- бағдардағы ақушының әрекеттілігі оның бағыт-бағдарындағы шешуші кезең. Мысалы бір нәрсені таңдауы (мамандық).

Жеке адам санасы мен ақылы арқылы дараланады. Оның дыбыстық тілі мен еңбектену әрекеті бір-бірімен қарым-қатынасты қарастырылады. Жеке адам-дүниетаным қабілеті бар, сыртқы ортаның әсерін бастан кешіретін оларға төзімділік көрсететін, табиғатты өзгеруге ықпал ете алатын жан.

Жеке адамның психологиялық құрылымы мен ерекшеліктері 4 түрлі жағынан қарастырылады.

1. Жеке адамның әлеуметтік өміріне қатысты ерекшеліктері: қызығу, ұмыту, мұрат, дүние танымдық көзқарасы, сенімі. Бұл жеке адамның адамгершілік қасиетін білдіретін сипат.

2. Адамның білімдарлығы, дағдысы, бейімділігі. Бұл сипаттар адамның даралық қасиетін, өзіндік даму деңгейін тәлім-тәрбие негізінде қалыптасқан тәжірибесін көрсетеді.

3. Жеке адамның дара психикалық процестердің тиянақтылығы мен өзіндік ерекшеліктері. Ондай қысиеттерге зейін мен ойлау, қабылдау мен ес, сезім—кірлері мен ерік адам психикасындағы басқа да құбылмалы өзгерістер жатады.

4. Жеке адамның биологиялық тума қасиеттері -нышан, жоғары жүйке қызметі жатады. Бұлар адамның темпераменті мен жас ерекшеліктеріне және белгісіне сәйкес көрініс береді. Мұндай қасиеттер мақшықтану, жаттығулар арқылы қалыптасады.

 

Пайдаланылған әдебиет

1. Сәбет БАП-БАБЛ. Жантану негіздері. Алматы Дәнекер 2001

2. ҚЖарықбаее. Жантану негіздері Алматы, 2002ж.

3. Ә.Алдамұратов. Қызықты нсихология. Алматы. 1992ж.

4. Т.Тәжібаев. Жалны психология. Алматы. 199 Зж.

5. Ж.Аймауытов. Психология. Алматы. 199 5ж.

6. Қ.Жарыкпаев. Психология. Алматы. 1993ж.

7. Сәбет.БАП-БАБА. Жантану негіздері. Алматы. 1999ж.

8. Р. С.Немов. Психология. 1-2 кітабы. Москва. 2004ж.

 




Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 272 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав