Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Блок 1. Общие условия экономического развития общества. 3 страница

Читайте также:
  1. B) созылмалыгастритте 1 страница
  2. B) созылмалыгастритте 1 страница
  3. B) созылмалыгастритте 2 страница
  4. B) созылмалыгастритте 2 страница
  5. B) созылмалыгастритте 3 страница
  6. B) созылмалыгастритте 3 страница
  7. B) созылмалыгастритте 4 страница
  8. B) созылмалыгастритте 4 страница
  9. C) одновременно выполняются условия а) и б);
  10. CONTRATO DE LICENÇA E SERVIÇOS 2 страница

Биосфера атмосфераның төменгі бөлігін, гидросфераны жаие литосфераның жоғарғы қабаттарын қамтиды. Тіршілік дүниесінің өнімдері олардың тіршілік ортасы шеңберінен шығып, кеңістік бойынша мейлінше емін-еркін таралады. Сондықтан тіршіліктің таралу аймағы мен биосфераның шекарасымен берлық жерде бірдей сәйкес келе бермейді.

Биосфераның жоғарғы және төменгі шекарасы туралы ғалымдар арасында әлі де нақты мәліметтер жоқ. Тірі организмдер атмосфераның төменгі бөлігінде, әсіресе 100 м биіктікке дейін өте тығыз орналасады. Бірақ жыртқыш құстар биікке еркін көтеріледі, мәселен, кондор 7 км биіктікке көтеріле алады. Ал жоғары көтерілген ауа толқыны микроорганизмдерді, бактериялар мен әртүрлі спораларды 10 км биіктікке дейін көтереді. Тірі органикалық таралу мүмкіндігін ескере отырып, биосфераның жоғарғы шекарасын озон қабаты (25—30 км), төменгі шекарасын Дүниежүзілік мұхиттағы ең терең мұхит шұңғымаларының табаны арқылы жүргізеді.

Биосфераның құрамы мен құрылымы. Биосфераны құрайтын тіршілік дүниесінің құрамында мынадай химиялық элементтер кездеседі: сутек, көміртек, оттек, азот, фосфор, кремний. Олар биофильдік элементтер деп аталады. Бұл элементтердің атомдары тірі организмдерді құрайтын күрделі молекулаларды түзеді, оларға көмірсутектер, майлар, нәруыздар (белок) мен нуклейн қышқылдары жатады. Аталған заттар тірі организмдердің құрамында бір-бірімен тығыз байланыста болады.

Тірі организмдер мен олардын тіршілік ортасы өзара тығыз байланысып, ұдайы өзгеру мен даму жағдайында болатын жүйелер жиынтығын құрайды. Биосфераны құрайтын тірі организмдер шартты түрде екі үлкен топқа біріктіріледі: флора және фауна.

Жер шары биомассасының жалпы салмағы Жердің жалпы массасымен салыстырғанда (6-1027т) әлдеқайда аз. Биомасса материктер мен мұхиттарда да біркелкі таралмаған. Материктердегі биомасса мөлшері Дүниежүзілік мұхиттағы биомассадан 800 еседей көп. Материктерде жасыл өсімліктердің, ал мұхиттарда жануарлардың үлес салмағы басым болалы (6-кестені қараңдар).

Материктердегі тіршілік дүниесінің, басым көпшілігі (биомассаның 90%-ынан астамы) тропиктік ормандарда (500 т/га-дан астам) шоғырланған, ал ең төменгі көрсеткіш биік тау бастары, шөлдер мен полярлық аймақтарға тән. Яғни, құрлықтағы тіршілік дүниесінің таралуы күн жылуы мен ылғалдың түсу мөлшеріне тәуелді.

Дүниежүзілік мұхиттағы тірі организмдер тіршілік ету ерекшелігіне қарай планктон.

Литосфералық тақталар саны тұрақты емес; геологиялық уақыт аралығында олар рифтілер арқылы бөлшектеніп немесе тектоникалық қозғалыстар әсерінен қайта бірігіп отырады. Материктер мен мұхиттар географиясынан сендер жер қыртысының даму барысында бірнеше ірі тақталардың болғаның және олардың бөлшектенгенін білесіңдер (оларды еске түсіріңдер). Қазіргі кезде Жер шарында 7 ірі және ондаған ұсақ литосфералық тақталар ажыратылады.

Тектоникалық картадан ірі литосфералық тақталарды, рифтілердің және шұңғымалардың таралу аудандарын анықтаңдар.

Материктік және мұхиттың жер қыртысы. Литосфераның беткі жұқа қабығы жер қыртысын құрайды. Ол құрамы мен құрылысына қарай материктік және мұхиттық деп бөлінетінін білесіңдер (олардың айырмашылығын естеріңе түсіріңдер).

Материктік жер қыртысының жоғарғы бөлігінде шегінді жыныстар қабаты, ал одан төменде геофизикалық деректер бойынша, гранит және базальт қабаттары орналасқан. Гранит және базальт қабаттарының шекаралас бөліктерінде сейсмикалық толқындардың жылдамдығы күрт өзгеретіні байқалған. Мұхиттық жер қыртысында гранит қабаты болмайды және шөгінді жыныстар қабаты салыстырмалы түрде жұқа болып келеді. Материктер мен мұхиттардың шекаралас аймақтарында жер қыртысы өтпелі сипат алады. Жер қыртысының осындай құрылымы Еуразияның Тынық мұхитпен шектескен бөлігінде кездеседі. Оған аралдар доғасы мен оны бойлай орналасқан терең мұхит шұңғымалары дәлел болады (оларды физикалық және тектоникалық карталардан табыңдар).

Материктік жер қыртысы платформалар мен геосинклинальдарға жіктелетінін білесіңцер. Платформалар аумағында жер бедері көбінесе жазық болып келеді. Бұл — ұзақ уақыт бойы сыртқы күштер әсерінен жер бедерінің тегістелуінің нәтижесі. Жазық-платформалық аймақтар құрлық ауданының шамамен 53%-ын алып жатыр. Дүниежүзіндегі аса ірі Шығыс Еуропа,Батыс Сібір, Ұлы Қытай, Ұлы жазық пен Орталық

20.Құрылықта тіршілік ететін организмдердің тіршілік ортасына байланысты экологиялық топтар

Сүтқоректілердің экологиялық топтары. Омыртқалылардың ішіндегі сүт қоректілер алуан түрлі болып кездеседі. Өйткені ұзақ уақыт дамудың нәтижесінде сүт қоректілерге жататын организмдер жер бетіне кең таралып, әр түрлі тіршілік жағдайларына бейімделген. Алғашқы сүт қоректілер жерде — орманда тіршілік еткен болу керек, бірақ эволюциялық бейімделушілік төмендегідей зкологиялық топтардың шығуына себепші болған: 1) жер бетін, 2) жер астын, 3) суды мекендейтіндер, 4) ұшатын жануарлар. Өзі тіршілік еткен ортасына қатысына қарай жоғарыда көрсетілген әрбір топ өзінен де ұсақ топтарға бөлінеді. 1. Жер бетін мекендейтіндер. Жер шарындағы құрлықтың барлығында кездесетін сүт қоректілердің үлкен тобы. Олардың алуан түрлі болуы кеңінен таралып, түрліше тіршілік жағдайларына бейімделуіне байланысты. Бұл топқа жататын жануарларды орманды мекендейтін және ашық кеңістікті мекендейтін деп екіге бөледі.
Орманды және ірі бүталы жерді мекендейтін жануарлардың тіршілік жағдайына байланысты формасы да түрліше болады. Бұл жерлер өсімдігінің қалыңдығы, жануарлар мекендерінің түрақты және түрлерінін, көп болуына әсер етеді. Өрісінің кеңдігі мен өсімдігінің бітік болуы қорегінің де алуан түрлі болуына әсерін тигізбей қоймайды.
а) Нағыз маманданған тобына ағашқа өрмелеп шығатын жануарлар жатады. Олар өмірінің көпшілігін ағашта өткізеді. Қорегін ағаш басынан табады, көбею және дем алу үшін ұя жасайды, жауларынан қорғанады. Бұл топтың өкілдері — әр түрлі систематикалық отрядқа жататын жануарлар. Мысалы, насеком жемділерден — оңтүстік азиялық тупайлар; кемірушілерден — тиіндер, ұшарлар (летяга); жыртқыштардан — кейбір аюлар мен сусарлар; мүкі тістілерден — жалқаулар, кейбір құмырсқа жегіштер, одан басқа лемурлар, маймылдардың көптеген түрлері т. б. жатады.
Ағашта тіршілік етуге әр түрлі икемделген көтеген жануар-лар ағашқа шыққанда өткір тырнағын пайдаланады. Оған тиін-дер, аюлар, сусарлар, құмырсқа жегіштер жатады. Лемурлар мен маймылдар ұзын, жақсы жетілген саусақтарының көмегі-мен шығады. Оңтүстік Американың көптеген маймылдарында, орман құмырсқа жегіштерінде, қалталылардан — опоссумда қармалағыш құйрық болады. Көптеген түрлері — гиббондар мен өрмекші тәрізді маймыл-дар ағаштан-ағашқа секіруге икемделген. Кейбір түрлері — ұшарлар мен жүн қанаттылар бірсыпыра жерге қалықтап ұшып бара алады. Бұл топқа жататын жануарлар өсімдікпен қоректенеді. Кей-бір түрі өсімдіктің белгілі бір түрімен ғана қоректенеді, мысалы, тиіндер қылқан жапырақты ағаштардың тұқымын ғана пайдаланады, кейбір маймылдар көбінесе жемістермен қоректенеді. Орман аюлары әр түрлі тамақты: етті, жемісті, бүлдіргенді, өсімдіктің вегетативтік органдарын пайдаланады. Жыртқыш түрлері өсімдікпен (дәні, жемісі) катар, құстарды және ұсақ жануарларды да жейді. Мұндай жануарлар (тиіндер, үшарлар) балалау немесе дем алу үшін ағашқа бұтақтан ұя жасайды немесе ағаш қуысын мекендейді.
б) Орман жануарларыньщ ішінде жартылай ағашта, жартылай жер бетінде тіршілік ететін көптеген түрлері бар. Олар тамағынын, бірсыпырасын ағаштан тауып, үясын кезкелген жерге салады. Мысалы, бүлғын тамағының көпшілігі тышқан тәрізді кемірушілерді (20—50%) жерден тапса, 30—60 процентке дейін жаңғақ пен бүлдірген, оған қосымша 5—10% құстарды, 1—15% тиіндерді ұстап қоректенеді. Бұлғын биік ағаштардың қуысында, құлаған ағаштың шіріген қуысында, та-мырының астына ұялайды. Біздің Қиыр Шығыстық қара аюлар жемістермен, кемірушілермен, насекомдармен және араның балымен қорейтенеді. Бұлар ағашқа өрмелеп шығуға жақсы бейімделген, сондықтан да өзінің үясын ағаштың жоғарғы бұтақтарының арасына салады. Қысқы ұйқысын ағаштың түбіндегі үңгірлерінде өткізеді.
Кемірушілерден бұл айтылған топқа шұбар тышқан жатады. Шұбар тышқан уақытынық көбін жерде өткізеді. Бүлдіргенмен, дәнді дақылдармен, бұршақтың тұқымымен және санырауқұ-лакпен қоректенеді. Ағашқа жақсы өрмелеп шыға алады, бірақ тиіндер сияқты ағаштан-ағашқа секіре алмайды. Құйрығы қысқа, аса жүндесінді болмайды. Ұясын ағаштардың тамырының астына, құлаған ағаштың қуысына салады.
Жоғарыда көрсетілген жануарлар нағыз орман жануарлары болып саналады, Сонымен қатар көп уақытын жерде де өткізеді.
в) Орманда тараған көптеген түрлер бар, алайда олар жер бетінде тіршілік етеді. Оларға қоңыр аюлар, росомахалар, бү-ландар, күзендер, бұғылар, еліктер тағы басқа түрлері жатады. Қоректі заттарын жер бетінен табады. Ағашқа шықпайды. Балаларын інде (күзендер, жанаттар т. б.) немесе жер бетінде (бұғылар, бөкендер, еліктер т. б.) балалайды. Бүл жануарлар үшін орман — паналайтын ағашты алқап және корек ретінде пайдаланатын табиғат байлығы.
2. Ашық кеқістікті мекендейтін — сүт қоректілердің түрлері де сан жағынан көп деуге болады. Бүлардың тіршілік ету жағдайларының мынандай өзгешеліктері бар. Біріншіден — мекендейтін жерлерінде паналайтын табиғи бекіністер аз,. ол жануарларды олардың жауларына — жыртқыштарға алыстан байқауына мүмкіндік береді; екіншіден — өсімдік тектес та-мақтық заттар жеткілікті болады. Бүл экологиялық топқа әр түрлі отрядтың өкілдері калталылар, насеком жемділер, кемірушілер, жыртқыштар және түяқтылар жатады. Осының негізіиде олар өсімдікпен қоректенетін — кемірушілер мен тұяқтыларды құрайды.
а) Түяқтыларға өсімдікпен қоректенетін сүт қоректілердің ірі түрлері жатады. Сондықтан олар көп уақытын жайылуға жібереді де, ұзап жайылым қуып кетеді. Жайылым кезінде тез және ұзақ уақытқа өріс ауыстыруы далалы және шөл жер-лерде өте сирек кездөсетін су көздерін іздеуге және жауларынан қашып құтылу қажеттігіне байланыстыу
Кейбір түрлерінің максимальдық жылдамдығы, мысалы, би-зондарда бір сағатта 40 — 45 км, жирафтар — 45 — 50, жабайы есектер — 50 — 55, құландар — 65, томсон газелдері — 80 км жер жүгіреді. Ал жыртқыштардың кейбір түрлері мысалы қасқыр бір сағатта 45 — 60 км, жолбарыс — 80, леопардтар — 112 км жер жүреді.
Басқа сүт қоректілерден айырмашылығы тұяқтылар тұ-рақты немесе тынығу үшін мекендейтін бекіністер салмайды. Тез жүгіруден басқа, көзі өткір, бойы биік, ұзын мойыны арқы- лы басы жоғары көтеріледі. Көптеген түрі (суға) шөлге өте шы-
дамды келеді.
б) Қосаяқтарға (Dіроdіdае) — аз кездесетін және өсімдігі сирек тақырлау жерді мекендейтін ұсақ жануарлар жатады. Өзіне қоректік зат іздеп, олар тез және көп уақыт жүгіреді. Бұ-лардың жылдам қозғалуына өте ұзын болатын артқы аяғы се-бепші болады. Артқы аяғының көмегімен секіріп, өте тез қозға-лады. Осы тәсілмен құм тышқандары да (Gегhillіпае), солтүстік Американың кенгуру тәрізділері де (Неtегоmуіdае), Африканың үзын сирақтылары да (Реdеtігіае), Африканың насеком жемді секіргіш қосаяқтарымен (МасгоsсеІісelididае), Австралияның ұсақ қалталылары да (Апtесһіпоmуs) осылай жүреді.
Алдыңғы топтарға жататын жануарлардан айырмашылығы тек қана шөппен қоректеніп қана қоймай, шырынды тамыр тү-йіндерімен, түйнек тамырмен, ал кейбір түрлері — насекомдар-мен қоректенеді. Олар ешқашанда суды пайдаланбай-ақ қорегінің құрамындағы сумен қанағаттанады.
Екінші бір ерекшелігі бұлардын паналайтын тұрақты және уақытша іні болады. Осындай сенімді паналайтын орындары болғандықтан аз көтеріп, өте нәзік бала туады.
в) Саршұнақтарға — далалы, шөлейт және өсімдігі қалың таулы жерді мекендейтін дене мөлшері кішілеу және орташа кемірушілер жатады. Олар шөппен және оның тұқымымен қоректенеді. Қалың өсімдікті жерді мекендеуіне байланысты, олар өзі тұрған мекенінен ұзамайды. Тұрақты іні болады, сол жерде дем алып, көбейеді. Көпшілігі жазғы және қысқы ұйқыға жатады. Жайылып шыққанында тасалайтын уақытша іні болады. Жай жүгіреді, сопақша денесі іннін, ішінде қозғалуына жақсы икемделген. Бұлардың баласы да әлсіз, көзі соқыр болып туады.
Бұл топқа саршұнақтардан басқа суырлар, аламандар және дала сеноставкалары жатады.
г) Жоғарыда айтылған топтардың ешқайсысына жатқызуға болмайтын түрлері де бар. Бұл кедінен таралған, әр түрлі тіршілік жағдайында тіршілік ететін жануарлар. Оларға көптеген жыртқыштар (қасқыр, түлкі, борсық), жабайы шошкалар жатады. Мысалы, қасқыр, түлкі тундрада, тоғайлы, далалы жерде, шөлде және таулы-тасты жерде мекендейді. Жыртқыштардың көбеюі, қоректік азықтарының құрамы және оларды іздеп табу, тәсілдері тұрған орталығының жағдайларына байланысты. Мысалы, тоғайлы жерде қасқыр жер бетіндегі шұңқырға күшіктейді, ал шөлде және тундрада кейде ін қазады.
II. Жер астында мекендейтін сүт қоректілерге — көртышқан-дар, сокырлар, цокорлар жатады. Көртышқандар насеком жеуші-лердің отрядьша, соқырлар, цокорлар кемірушілердің отрядына, қалталы көртышқан көп тістілер отрядына жатады. Бұлардың бәрі де жер астында тіршілік етуге бейімделген, өмір бойы жер қыртысының астыңғы қабатында мекендейтін организмдер. Сүт қоректілердің бұл түрлері жердің әр түрлі бөліктеріне тараған, мысалы көртышқандар, цокорлар, соқырлар Евразияда, көртыш-қандар Солтүстік Америкада, қалталы көртышқандар Австра-лияда тараған.
Бұлар жер астында тіршілік етуге маманданғанымен де, олар жеке топ құра алмайды, өйткені сүт қоректілердің ішінде де жер бетінде тіршілік етуге көшкендерін табуға болады. Мысалы, саршұнақтардың іні — тұратын мекені ғана, ал қоректік затын жер бетінен табады. Көптеген тышкандар, дала тышқандары жерден күрделі ін қазып, бірсыпыра қорегін сол жерден алады. Қыстақ маңында мекендейтін кішкентай сұр тышқан (Місгоtus sосіаlіs) тереңдігі 10—20 см және әрбір 10 м2 жерде 40-қа жететін ауызы бар иректелген күрделі індер қазып, соған азығын жинап тұрақты түрде мекендейді. Орта Азияның оңтүстігінде тараған жалпақ тісті егеуқұйрықтар (Nезоkia іпdiса) тіршілігінің көпшілігін жер астында өткізеді және олар өсімдіктің тамырларымен қоректенеді. Жалпақ тістілер кейде түрлі кезеңде жер бетіне шығып, тамақтық зат іздейді. Жоғарыда келтірілген түрлердің барлығының да інінде сыртқа ашылатын тұрақты аузы болады.
Жер астында тіршілік етуге толық көшкен — көртышқандар цокорлар және соқырлар болып есептеледі. Олар күндіз ешқа-шанда жер бетіне шықпайды. Іні тұрақты мекені емес, жер астымен жүріп өткенде қалған ізі сияқты. Көртышқан бос топырақты жерді қазбай, онын. ішінде топырақты жан-жаққа ысырып” жүзіп бара жатқан сияқты болады. Сондықтан жер астын мекендейтін аңдар індерінің біраз ғана бөлігін (0,01%) мекен етіп, дем алады және балалайды.
Нағыз жер астын мекендейтін жануарлардың құрылысында — ерекше белгілері болады. Денесі жұмыр, мойын айқын бөлінбеген. Аяғы қысқа, бірақ күшті. Түгі барқыт сияқты қысқа болады. Көздері кішкентай, кейде соқырлардікі тері қатпарлармен жабылып, құлақ қалқаны болмайды. Кейбіреулерінің құйрығының жұрнағы ғана болады. Осындай ерекшеліктердің барлығы олардың жер астындағы інінде де жүруге бейімделушілігі болып саналады.
Әр түрлі жануарлардың жерді қазып, ін жасау тәсілдері түр-ліше болады, мысалы, көртышқандар — өзінін қалақша тәрізді алдыңғы аяқтарының мықты тырнағымен топырақты казып босаған топырақты жан-жақка және артқа қарай ысырып оты-рады. Вертикаль індерде топырақты денесінің алдыңғы жағы-мен итеріп шығарады. Цокорларда алдыңғы аяқтарының табандарымен қазады. Соқырлардың алдыңғы аяқтарының табандары мен тырнақтары нашар жетілген, сондықтан олар жерді өте жақсы жетілген күрек тістерімен қазады. Босаған топырақты-көртышқандар мен цокорлар сияқты иығымен сыртқа ысырып. шығарады.
III. Су аңдары. Алдыңғы группадағыдай жер бетінде тірші-лік ететін жануардан бүтіндей су жануарларына айналуға көп-теген аралық, жағдайлар бар. Ол филогенетикалық жағынан суда тіршілік ететін сүт қоректілерге — ескек аяқтыларға жақын жыртқыштарда айқын байқалады. Су орталығымен алғашқы байланыс, жануарлардың тамақтық затты тек қана құрлықтан тауып қана коймай, су жағасынан немесе судың өзінен табудан басталады. Мысалы, сасық күзеннің бір түрі — норка тұщы сулардың жағалауында мекендейді. Ол су жағалауынан қазған інінің аузын әрқашан құрлықтан шығарады. Өзі су маңындағы кемірушілермен (әсіресе су тышқандарымен 15—30%), амфибилермен (10—30%) және балықпен (30—70%) қоректенеді. Суда жақсы жүзеді, бірақ оның аяғының құрылысында және жүнінде айтарлықтай өзгеріс болған жоқ. Сумен тығыз байланысты — камшат. Іні судың жағасында болады да аузын судың астынан шығарады. Камшаттар су жағасынан 100—200 метрден артық қашық кетпейді. Негізінен судағы балықтармен (50—80%), амфибилермен (10—20%) қоректенеді. Камшаттардың аяқтары қысқа, саусақтарыньщ арасында тері жарғақтары болады. Құлақ қалқандары өте кішкене келеді. Терісінің жүні ірі, сирек қылшықтан және қалың түбіттен тұрады. Теңіз камшаттарының (Епһуdга Іиtгіз) бір түрі — Солтүстік Тынық мұхитты мекендейтін, систематикалық жөнінен ірі теңіз камшаттарына жақын жануарлар. Олар тіршілігінің көпшілігін суда өткізеді де тыныстау үшін жер бетіне шығады, сөйтіп судағы кірпілермен, моллюскалармен, краптармен, кейде балықтармен қоректенеді. Бұлар түнгі ұйқысын су жағасында өткізеді. Суда жақсы жүзеді, ауа ты-нық уақытта жүзіп су жағасынан алыстап та кетеді. Олар су жағасьша ешқандай бекіністер жасамайды. Аяғы қысқа, саусақтары бірімен-бірі тері жарғақ арқылы қосылған, тырнағының нұсқасы ғана бар, құлақ қалқаны болмайды. Терісінің жүні өте сирек ірі қылшықтан және қалың түбіттен тұрады.
Басқа отрядтың өкілдерінен аздап та болса сумен бай-ланысты түрлерді кездестіруге болады Насеком жемділердің ішшде су жертесері (Nеоmуs fоdіепs) судан тамағының біразын алады, кейде қауіптен кұтылады.
Кемірушілердің ішінде тіршілігін жартылай суда өткізетін көптеген түрлері бар. Бұларға ондатралар, нутриялар жатады. Осы аталған кемірушілер негізгі қоректік заттарын судан, аздап та болса құрлықтан алады. Жауларынан қорғанады, олар су жағасынан ін қазып немесе су бетінде жүзіп жүрген өсімдік қалдықтарынан үйшік жасап, мекен етеді. Құлақ қалқаны болмайды. Саусақтарынын, арасында тері жарғағы болады. Терісі жоғарыда айтылған жартылай су аңдарынікі сияқты болады. Ондатралар мен құндыздардың май бездері жақсы жетілген, бұл құстың безі сияқты қызмет атқарады.
Ескек аяқтылар барлық тіршілігін суда өткізеді, су ішіндегі заттармен қоректенеді, су бетінде тынығады. Тек қана шағылысу, күшіктеу, түлеу үшін жағаға немесе мұзға шығады. Құрылысында өзіндік ерекшеліктері бар. Аяғы ескекке айналған, денесі ұршық тәрізді жұмыр болады. Артқы ескектері жүзген және сүңгіген кезде негізінен локомоторлық құралдың қызметін атқарады. Тері түгі болмайды, жылуды реттеу қызметін тері астындағы май қабаты аткарады.
Ешқашанда құрлыққа шықпайтын нағыз су жануарлары — кит тәрізділер мен сирендер болып саналады. Тері жабындысы (түгі) артқы аяғы болмайды. Локомоторлық органның қызметін құйрық қанаты атқарады.
Су — сүт қоректілер үшін екінші тіршіліктік орта болып есептеледі. Алғаш құрлықта тіршілік еткен жануарлар қайтадан су-да тіршілік етуге әр түрлі дәрежеде бейімделген. Жартылай, кейін толығынан су жануары болуының себебі: судан қорек іздеу мен жауларынан жасырынатын болған. Осы жолмен жануарлардың әр түрлі систематикалық топтары шыққан.
IV. Үшатын жануарларға — қол қанаттылар немесе жарқа-наттар жатады. Бұлар орманды жерді мекендеп, ағаштан-ағашқа секіру, кейін қалықтап барып түсу, соңында ұшуға бейімделген. Мысалы, тиін секіргенде аяқтарын жан-жағына кең жайып жіберін, денесі керіліп, ауа кедергісін күшейтеді. Австралияның қалталы тиіндерінің (Реtаіігоіdеs) алдыңғы аяғының басына дейін жететін кішкене ұшу жарғағы болады. Біздің ұшарлардың (Рtегоmуs ұоіапз) және оңтүстік азиялық жүн қанаттының (Gаlеоріtһесиs) алдыңғы және артқы аяғының арасында екі бүйірінде үшу жарғағы бар. Бұл жануарлар он шақты метр жерге ұшып бара алады.
21Популяция туралы түсінік.Популяцияның экологиялық құрылым

Популяция (латын тілінде populus — халық, тұрғын халық) — белгілі бір кеңістікте генетикалық жүйе түзетін, бір түрге жататын және көбею арқылы өзін-өзі жаңғыртып отыратын организмдер тобы. Осы топтың популяция болып есептелуі үшін: тарихи қалыптасқан ареалы және үздіксіз өзгеріп тұратын сыртқы орта жағдайында өзінің саны мен құрылымын сақтауға қабілетті болуы; сол түрдің өзге топтарынан қандай да бір табиғи кедергілермен ажыратылып тұруы; бір немесе бірнеше экожүйенің құрамына кіріп, олардағы зат алмасу, энергия тасымалдау процестеріне қатысуы тиіс. Әр популяция өзіне ғана тән статиктикалық сипаттамалары (саны, тығыздығы, ареалы, орналасуы, жас ерекшелігі, жыныстық құрамы) және динамикалық сипаттамалары (саны мен тығыздығының уақытқа қатысты өзгеруі) бойынша ерекшеленеді. Популяцияның статиктикалық сипаттамалары популяцияның белгілі бір сәттегі күйін көрсетіп, өлшеу, санау арқылы қысқа мерзімде анықталады. Популяцияның динамикалық сипатамаларын анықтау ұзақ мерзімді (бір ұрпақ жаңаратындай) қажет етеді. Популяция санының динамикасы белгілі бір уақыт аралығындағы тірі организмдердің өмірге келуі мен өлімі көрсеткіштерінің ара салмағы бойынша анықталады. Сондай-ақ, популяция санының өзгеруіне иммиграция және эмиграция процестері де әсер етеді. Популяция саны өсуінің біртіндеп тежелуі логистикалық теңдеу арқылы өрнектеледі. Әдетте, жануарлар мен өсімдіктер популяциясының саны біршама тұрақты болғанымен, олар әлсін-әлсін күрт өзгеріп отырады (мысалы, тоқалтіс тышқандар, леммингтер, т.б.). Кейбір жануарлардың (шегіртке, бөкендер, т.б.) санының немесе тығыздығының қауырт өсуі олардың қоныс аударуына әкеледі. Жануарлар популяцияларының саны мен тығыздығы күрделі мінез-құлықтық (аумағын белгілеу, қору, көші-қон), физиологиялық механизмдер арқылы (гормондар қызметі, стресс) және популяцияның генетикалық құрылымының өзгеруі арқылы реттеліп отырады.




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 71 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав