Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Блок 1. Общие условия экономического развития общества. 6 страница

Читайте также:
  1. B) созылмалыгастритте 1 страница
  2. B) созылмалыгастритте 1 страница
  3. B) созылмалыгастритте 2 страница
  4. B) созылмалыгастритте 2 страница
  5. B) созылмалыгастритте 3 страница
  6. B) созылмалыгастритте 3 страница
  7. B) созылмалыгастритте 4 страница
  8. B) созылмалыгастритте 4 страница
  9. C) одновременно выполняются условия а) и б);
  10. CONTRATO DE LICENÇA E SERVIÇOS 2 страница

 

 

39.Құрлық экожүйелері(тундра,тайга,дала,шөл және т.б.)сипаттамалары

Тундра – (саами тілінде tunturі – ормансыз, жалаң тау басы) – солтүстігінде арктикалық шөлмен, оңтүстігінде орманмен шектесетін арктикалық облыстарға тән белдемдік ландшафт типі. Вегетациялық кезең қысқа болуына байланысты көп жылдық өсімдіктер: мүкті-қыналы және бұталы өсімдіктер негізгі орын алады. Жылу жеткіліксіз, ылғал мол болғандықтан өсімдіктер ауаның жер бетіне таяу қабатындағы жылуды пайдалану үшін төселіп немесе жастық тәріздес ұйлығып өседі. Белдемдігіне байланысты: субарктикалық және арктикалық Тундра; түр құрамына байланысты: мүкті, қыналы, бұталы, төмпешікті (шымдар төмпешіктер құрайтын жерлерде) және полигоналды Тундра болып ажыратылады. Тундра негізінен солтүстік жарты шардың арктикалық және субарктикалық белдеулерінде таралған. Тауда, тау орманы шекарасынан жоғарыда биіктік ландшафт белдеуі – тау Тундрасы орналасқан

Тайга (түркі-моңғ сөзі - қылқан жапырақты орман) — солтүстік жарты шардың қоңыржай белдеуіндегі қылқан жапырақты Сібір орманының аты. Тайга термині бүкіл Еуразия мен Солтүстік Америка бойынша созылып жатқан қылқан жапырақты орман аймағының өсімдігі мен қоңыржай белдеудің ландшафтық орман зонасын да атауға қолданылады. Европалың тайга көбінесе шырша мен қарағайдан тұрады. Оралғажақындағанда Батыс Сібір тайгасында Сібір балқарағайы, қарасамырсын, Сібір самырсыны кездесе бастайды. Енисейден шығысқа қарай Сибирь бал қарағайы басым, бірақ ол даур бал қарағайымен араласады да, ал таулар мен таулы үстірттердің бас жақтарында теселме самырсындар жыңғылдары пайда бола бастайды. қиыр Шығыс тайгасында аян шыршасы мен қарасамырсынның ерекше түрі тараған Қазақстан жеріне орманды дала зонасының тек оңтүстік шеті сүйірленіп кіреді. Жазық далада шоқ-шоқ болып ормандар өседі. Қазақстанның орманды дала зонасы Батыс Сібір жазығы мен Жалпы Сырт қыратының аз ғана бөлігін алып жатыр. Жалпы көлемі 1 млн га Қазақстан аумағының 0,4%. Орманды дала зонасының жер беті тегіс. Онда шағын ойпаттар кездеседі, бұлардың кейбіреулерін көл алып жатыр.

Дала – Жер бетіндегі, негізінен, шөптесін өсімдіктер, оның ішінде шым топырақтық астық тұқымдастары (селеу, қау,боз,бетеге, қоңырбас, т.б.) өсетін ландшафтық-белдемдік өңірлердің жалпы атауы. Дала жер шарының қоңыржай белдеулеріне, қара және қоңыр топырақты аймақтарға тән. Жауын-шашын мөлшеріне байланысты даланың өсімдік жамылғысы тез өзгеріп, түрленіп отырады. Дала климаты негізінен қуаң, жазда ыстық әрі құрғақ, қыста суық және желді болады. Астық тұқымдастары аралас шөптердің ара қатысына қарай дала бірнеше типтерге ажыратылады: астық тұқымдастары басым шымтопырақты кәдімгі дала; шалғынды немесе аралас шөпті дала және шөлдің шала бұтасы (көбінесе жусан) басым өсетін шөл дала. Жер бедеріне қарай ойпатты, қыратты, үстіртті және таулық жазық дала болып жіктеледі.

Шөл зонасы Каспий теңізі жағалауынан Тарбағатай тауының етегіне дейін созылады. Шөл зонасының жалпы көлемі 120 млн га, республика аумағының 44%-ына жуығын алады. Бұл зонада негізінен құмды және сазды шөлдер кең тараған. Тасты шөлдер Қазақстанға тән емес, бұлар тек шағын үлескілерде кездеседі. Шөлдің климаты тым континентті және аса құрғақ. Жалпы жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 мм-ден аспайды. Шөлдің кейбір аудандарында жылдық жауын-шашын 100 мм-ге де жетпейді. Жазда жаңбыр өте сирек жауады. Жауын-шашынның көбі көктемде түседі.Қысы суық. Аяз -40°С-қа дейін жетеді. Жазы өте ыстық, қапырық әрі құрғақ. Шілденің орташа температурасы солтүстігінде 24° -26°С, оңтүстігінде 28° -30°С. Құм бетінде температура жазда 70°С-қа дейін қызады. Осының бәрі буланудың көп болуына септігін тигізеді. Көктемде еріген қарсуымен толығатын қазаншұңқырлар мен ойыстар жазда кеуіп кетеді. Олардың түбінде қалың тұз қабыршақтары пайда болып, ондай жерлерде ешқандай өсімдіктер өспейді.

Шөлейт – аридтік климат жағдайында қалыптасатын ландшафт түрі. Далаға және шөлге тән өсімдік түрлері аралас кездеседі. Солтүстік және Оңтүстік жарты шардың қоңыржай, субтропиктік және тропиктік белдеулерінде таралған. Шығыс жарты шардың қоңыржай белдеуінің Шөлейті – Каспий ойпатының батысынанОрдостың (Қытай) қиыр шығысына дейінгі 10 мың км-ге созылған; субтропиктік және тропиктік белдеулердегі Шөлейт – Сахарада, Оңтүстік және Оңтүстік-батыс Африкада, Арабия түбегінде, Кіші Азия мен Иран таулы қыратында, Үнді алабында, Австралияның ішкі бөлігінде кездеседі. Батыс жарты шардың қоңыржай белдеуінің Шөлейті – Сеңгір таулардан шығысқа қарай 1300 км-ден астам алқапты қамтиды; субтропиктік және тропиктік белдеулердегі Шөлейт –Колорадо үстіртінде, Үлкен алапта, Мексика таулы қыратында, Анд тауларынан шығысқа қарай жатқан бөлігінде қалыптасқан. Шөлейтте климат өте қуаң, булану жауын-шашын мөлшерінен әлдеқайда артық болады. Жер беті суы мардымсыз. Ағын суы шағын өзен мен жылғалардан тұрады. Ащы сулы шағын көлдер көп. 2 м тереңдікте грунт суы кездеседі.

Таулар – жер бетінің жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы құрылымды бөлігі. Ұзындығы жүздеген, мыңдаған км-ге дейін созылады. Негізінен түзу сызықты (Үлкен Кавказ, Пиреней) немесе доға тәрізді (Альпі,Карпат) көтерілімдер болып келеді.Таулар алып жатқан көлеміне, құрылымына, жасына қарай: Жота, Тау Жүйесі, тау массиві, таулы қырат, таулы үстірт, тау сілемі болып бөлінеді. Аралықтарындағы аласа көтерілімдер, оларды бөліп тұратын ойпауыттардың (тауаралық ойпаңдар, тау аңғарлары, т.б.) бір-бірімен үйлесуінен тілімделеді. Таулар жерсілкінулер мен жанартау атқылауынан жиі көтеріліп, әдетте тектоник. аймақтарда қалыптасады. Пайда болуына қарай тектоник.Таулар – қатпарлы немесе қатпарлы-жақпарлы құрылымды, бірнеше км-ге көтерілуімен және жер бедерінің қарқынды қалыптасуы мен терең тілімделуімен ерекшелінеді; эрозиялық Таулар – неотектоникалық көтерілімдерге ұшыраған, өзен аңғарларымен және уақытша ағын сулармен тілімделген, жер бетінің үстірт тәріздес көтеріңкі бөлігі; жанартаулық

Тропиктер (гр. tropikos (kyklos) - бұрылыс шеңбері) – Жер шарының экваторынан солтүстікке және оңтүстікке қарай 23`27` қашықтықта орналасқан жер бетіндегі екі жорымал параллель шеңбер. Экватордың Солтүстігіндегі Тропиктер солтүстік немесе Шаян тропигі, ал оңтүстігіндегі Тропиктер Оңтүстік немесе Тауешкі тропигі деп аталады. Жазғы күн тоқырауы кезінде (21 – 22 маусымда) Күн көзі өзінің көрінерлік жолының ең шеткі солтүстік нүктесінен өтеді, сол күні түс мезгілінде солтүстік тропиктің бойындағы жерлерде Күн көзі дәл төбеге шығады. Бұл кезде Жер шарының солтүстік жартысындағы ең ұзақ күн, ал Оңтүстік жартысында ең ұзақ түн болады. Қысқы күн тоқырауы кезінде (21 – 22 желтоқсанда) Оңтүстік тропиктің бойындағы жерлерде түс мезгілінде Күн көзі тас төбеде тұрады. Бұл кезде Жер шарының солтүстік жартысында ең қысқа күн, Оңтүстік жартысында ең ұзақ күн болады. Тропиктер аралығындағы елдерде Күн көзі жылына 2 рет дәл төбеге көтерілед

40 Су экожүйелері (теңіз және тұщы су) сипаттамалары

Экологиялық жүйелер функционалдық және құрылымдық белгілері бойынша ерекшелінеді, функционалдық жіктелу экожүйеге келіп түсетін энергия көзі, мөлшері және сапасына негізделген.

Экожүйелердің құрылымдық жіктелуі өсімдіктер типіне және ландшафттық негізгі белгілеріне негізделген. Құрлық экожүйелері (биомдар) өсімдіктердің табиғи белгілері, ал су экожүйелері – геологиялық және физикалық белгілері бойынша ерекшелінеді.Кең қолданылып жүрген құрылымдық жіктелу бойынша ғаламшарды төмендегі экожүйелерге бөледі:

1. құрлық жүйелері – тундра, тайга, орманды дала, дала, шөлейт, щөл, тропиктер, тау;

2. тұщы су – ағынсыз су (көл, тоған) және ағынды су (өзен, бұлақ, жылға), батпақтар мен батпақты ормандар экожүйелері;

3. теңіз экожүйелері – теңіздер мен ашық мұхит.

Тұщы су экожүйелері— лентикалық, тоқтау су (көл, тоган, өген); лотикалық немесе ағынды сулар (өзендер, жылғалар, бұлақтар) және батпақтанған жерлер (теңіз жайылмалары мен батпақтар). Лотикалық экожуйелерде мынадай экологиялық белдемдер ажыратылады: қайраң су — ағыны жылдам жерлерде, көбінесе төселе, жапсырыла тіршілік етуге бейім организмдер немесе жақсы жүзгіштер (бақтақ) мекендейді; терең су — ағыны бәсең, әдетте, грунты жұмсақ, су өсімдіктері мен планктонның дамуына қолайлы жерлер. Лентикалық суда органикалық тіршілік едәуір мол. Бөген экожүйесінің орташа жолағында қоректік тізбектің бірінші буынын продуценттер құрайды (жоғары өсімдіктер — шалаң, қоға, қамыс, сарытұңғиық, т.б. фитопланктонның жасыл, көкжасыл, диатомды балдырлары). Бұл өсімдіктермен зоопланктонның өкілдері қоректенеді (шаян тәрізділер, бүйірлеп жүзгіштер), олар өз кезегінде екінші қатардағы жыртқыштарға (шортандарға) азық болатын өсімдікпен қоректенетін бірінші қатардағы жыртқыш балықтардың (тұқының) жемі болады. Бұл экожүйедегі органикалық заттарды бактериялар толықтыдыратады.

Теңіз және мұхит экожүйесі. Олардың бірнеше түрі бар. Коралл рифтерінің экожүйесі маңыздыларының бірі болып табылады. Олардың негізін «симбиотикалық организмдер», яғни кораллдар және динофлагеллаттың санатына жататын балдыралар оның денесін құрайды. Бұл экожүйе бай биотаға ие.

 

41 ҚР ерекше қорғауға алынған территориялар

Ерекше қорғалатын табиғи аумақ — ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi.Ерекше қорғалатын аумақ — кеңістігінде бағалы табиғи немесе колдан жасалған (бағалы экожүйе, гейзерлер, бау- саябақ ескерткіштері, инженерлік құрылыстар, т.б.) немесе қоршаған ортаға қолайлы әсер ететін кеңістіктер (орман жолағы, көгерген аймақтар), аумақтар, акваториялар. Мұндай аумақтар тек заңмен ғана емес, арнайы бақылауда болып, адамдармен қорғалады. Қазіргі кезде Жер шарында адамның аяғы тимеген және іс-әрекетінің әсеріне ұшырамаған алқаптар жоқтың қасы. Дегенмен де табиғаттың бастапқы табиғи қалпы сақталған немесе антропогендік факторлардың ықпалы онша байқала коймаған экожүйелердің біраз бөлігін табиғи эталон ретінде сақтап қалудың маңызы зор. Өйткені мұндай аумақтар антропогендік факторлар көбірек ықпал еткен аймақтармен салыстыру үшін қажет. Халықаралық қабылданған ережелерге сәйкес әрбір мемлекеттің жалпы жер аумағының 10%-ы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін алуы қажет.Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң 1997 және 2006 жылдары қабылданды. Мұндай Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылу мақсаттарына және табиғат корғау ережелеріне сәйкес бірнеше топқа бөлінеді:

1. Мемлекеттік ұлттық қорықтар. (Ақсу-Жабағылы,Алакөл,Алматы,Барсакелмес,Батыс Алтай,Қаратау,Қорғалжын,Марқакөл,Наурызым,Үстірт)

2. Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар. («Алтынемел»,Баянауыл,«Бурабай»,«Бұйратау»,Жоңғар Алатауы,Катонқарағай,«Көкшетау»,«Көлсай көлдері»,Қарқаралы,Сайрам-Өгем,Шарын,Іле Алатауы

3. Мемлекеттік табиғи резерваттар. («Ақжайық»,«Ертіс орманы»,«Семей орманы»,Ырғыз-Торғай)

4. Мемлекеттік корықтың аймақтар.

5. Мемлекеттік табиғи қорықшалар.

6. Мемлекеттік табиғат ескерткіштері.

7. Мемлекеттік зоологиялық бақтар.

8. Мемлекеттік ботаникалық бақтар.

9. Мемлекеттік дендрологиялық бақтар және т.б.

 

42. ҚР табиғи ескерткіштері, олардың маңызы.

Қазіргі күні Қазақстанда республикалық деңгейде 26 табиғи ескерткіштер бар. Табиғи ескерткіштер дегеніміз – өзінің ғылыми, мәдени, экологиялы – эстетикалық, ғылыми–танымдық қасиетімен ерекшеленетін тірі емес табиғаттан пайда болған жеке табиғи обьектілер. Олар әрқашанда мемлекет қорғауында болады. Табиғи ескерткіштерге белгілі бір аймақтағы сирек кездесетін ағаштардың, бұталардың түрлері мен топтар, құрып бара жатқан өсімдіктердің жеке учаскілері, үңгірлер, сарқырамалар, жер асты суларының минералды көздері және тағы басқалар жатады. Барлық табиғи ескерткіштер экотуризм обьектісі болып табылады. Сондай-ақ «Табиғи ескерткіштер» категориясына экотуризмде үлкен қызығушылық тудыратын экзотикалық тау беткейлерін және табиғат апат процесстері мен құбылыстарының салдарын жатқызуға болады. Мысалы: Есік, Кіші және Үлкен Алматы өзендеріндегі селдің салдары.

Табиғат ескерткіштерінің түрлері

• Ботаникалық

• зоологиялық,

• геологиялық

• Тарихи

• мемлекеттік

• Жергілікті

Қазақстан табиғи ескерткіштеріне Ақмола облысы «Малта тасты шоқы», Алматы қаласы «Баум тоғайы», «Айғай құм», Павлодар облысы «Қаз қайтуы», Солтүстік Қазақстан облысы «Жаңажол», Шығыс Қазақстан облысы «Көкшілтау самырсын тоғайы», «Қиын-Керіш» т.б. жатады.

Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тiзбесiн бекiту туралы заң Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 қарашадағы N 1074 Қаулысымен қабылданды.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жойылып бара жатқан және сирек кездесетін өсімдіктердің түрлері өседі, жануарлар мен құстар мекендейді:

өсімдіктер – жабысқақ қандағаш, көктем жанаргүлі, ақ тұңғиық, мамыр меруертгүлі, Фукстың сүйсін, сарғылт құндызшөп, ақпия, теңбіл шолпанкебіс және басқалары;

жануарлар – орман сусар;

құстар – тазтырна, безгелдек, сұңқылдақ аққу, дала қыраны, бүркіт және басқалары.

Солтүстік Қазақстан Облысының жерінде республикалық маңыздағы бірнеше бірегей табиғат жиынтығы бар. Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданында «Көкшетау» мемлекеттік, ұлттық табиғи парктің Шалқар және Айыртау атты аймақтық бөлімдері орналасқан. Бұлар жоғалып бара жатқтан және аса құнды өсімдіктермен жануарлар, мәдени және тарихи ескерткіштер, сирек кездесетін табиғат жиынтығын сақтауға арналған Солтүстік Қазақстанның аса мұқият қорғаудағы жерлері. Бұл жерлер орманды - далалы және далалы табиғи аймақтарға жатады. Ауа райы құбылмалы – жазы ыстық, қысы суық және қары жұқа.

43 ҚР қорықтары, олардың ұйымдастырылу мақсаты

Қорық– аумағындағы барлық табиғи кешен толығымен шаруашылыққа пайдаланылудан алынған және үкіметтің қорғауында болатын жер не су кеңістігі; типтік, сирек кездесетін және бірегей табиғи кешендерді бүкіл компоненттерінің жиынтығымен қоса, сол қалпында сақтауға арналған, арнайы қорғау режимі бекітілген ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Қорықтың негізгі міндеті – қорғауға алынған табиғат кешенін (эталондық табиғи экожүйелерді), сондай-ақ, осы аумаққа тән организмдердің гендік қорын сақтау және қалпына келтіру, табиғи құбылыстардың даму заңдылықтарын ғылыми тұрғыдан кеңінен зерттеу. Қорық аумағын шаруашылық мақсат үшін пайдалануға болмайды. Қорық қорғалатын аумақ қана емес, сонымен қатар табиғатты қорғау жөніндегі мемлекеттік ғылыми мекеме болып табылады. Мұнда жабайы хайуанаттарға санақ жүргізу әдістері, оларға әсер ететін факторлар анықталып, саны сиреп бара жатқан жануарлар мен қоры азайып кеткен өсімдік түрлерін қалпына келтіру мәселесі терең зерттеледі. Қорықтағы табиғи ресурстарды сақтаудың жолдары белгіленеді. Қазақстанда Ақсу-Жабағылы қорығы, Алматы қорығы, Барсакелмес қорығы, Қорғалжын қорығы, Марқакөл қорығы, Наурызым қорығы, Үстірт қорығы,Алакөл, Батыс Алтай қорықтары бар;

Ақсу-Жабағылы қорығы. Ақсу-Жабағылы қорығы 1926 жылы ұйымдастырылды. Бұл - Қазақстандағы ертеден келе жатқан қорық. Қорық Оңтүстік Қазақстан облысының Талас Алатауы мен Өгем жотасында 131,9 мың гектар жерді алып жатыр. Қорық төрт биіктік белдеуді камтиды. Мұнда ағаш тәрізді арша (биіктігі 20 м аралығында), бадам бұтасы, жабайы жүзім, жабайы алма және басқа да оңтүстік өсімдіктері өседі. Жануарлардан мұнда елік, карақұйрык, борсық, бұғы, қабан, ақ тырнақты және т.б. жануарлар кездеседі. 2000-2300 метр биіктікте субальпілі шалғыны жатыр. Бұл белдеуде төселіп өсетін түркістан аршасынан басқа ағаш өсімдіктері жок. Онда таутеке, ілбіс, суыр, шақылдақтар, ал құстардан ұлар, кезеген торғай, шауқарға, қозықұмайлар мекендейді. Қорыктың аумағында өсімдіктердін 1404 түрі бар, оның 47 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Құстардың 239 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 9 түрі және сүтқоректілердің 51 түрі, балықтың 2 түрі бар екені есепке алынды. Сүтқоректілерден қорғауға алынған аса бағалысы арқар, сібірдің таутекесі, бұғы, елік, жыртқыштардан ілбіс, ала мысық, борсық.

Наурызым қорығы. 1934 жылы ұйымдастырылған. Бұл Қостанай облысының Наурызым ауданында орналасқан. Мұның аумағы 191,4 мың гектар жерді алып жатыр. Қорықта көптеген көлдер бар, бетегелі тың дала корғауға алынып зерттелуде, бұл көлдердің жағасында бұрыннан шоқ-шоқ карағай сақталып келген. Қорық көлеміне Наурызымдағы Қарағай мен Тірсек орманы да кіреді. Ең оңтүстіктегі cop топырақта қарағай сирек өскен. Қорықтағы cop топырақта алуан түрлі кайың ағаштар, тек Қиыр Шығыста ғана кездесетін малиус боката алмасының жабайы түрлері өседі. Табиғат жағдайының әртүрлілігіне байланысты, таяу жатқан аз ғана үлескінің өсімдігі мен жануарлар дүниесі әр алуан келеді. Мұнда даланы, орманды және суаттарды мекендейтін жануарлар кездеседі. Поляр фауналары мен флораларының өкілдері жылылықты сүйетін өсімдіктер және жануарлар сияқта жерсініп кеткен. Онда түяқтылардан қабан, елік, кеміргіштерден суырлар, ақ қояндар және жыртқыштардан қарсақ, түлкі, борсық, күзен, ақкіс кездеседі. Қорықта сүткоректілердің 42 түрі, құстардың 60-тан астам түрі, балықтың 6 түрі, 687-ге жуық өсімдік түрі кездеседі. Аппак қардай аққулар, шағалалар, бірқазандар мен үйректер қаптап жүреді

Алматы қорығы. Алматы қорығы 1964 жылы құрылған. Аумағы 71,7 мың гектарға жуық, әр түрлі ландшафт зоналарында жатыр. Бұған мәңгі кар мен мұз жамылған, беткейлері шөптер мен ағашқа бай Іле Алатауы мен жағасында құмды шөлі бар Іле өзенінің атақты «әнші тауы» Аққұм-Қалқан (биіктігі 100 м-ден асатын құм тобе) жатады. Көктеректі нудан тұратын жапырақты ормандар, долана, жабайы алма және өрік ағаштары 1800-2000 м биіктікке дейін көтеріледі. 2500 м биіктіктен жоғарыда Тянь-Шань шыршасынан тұратын шыршалы орман белдеуі орналасқан. Одан да жоғары, қарлы-мұзды белдеуде, субальпі және альпі шалғындары болады. Қорықтың жануарлар дүниесі алуан түрлі, мұнда 39 түрге жуық сүтқоректілер мен 200-ден астам құстардың, 965 өсімдік түрі бар. Шыршалы орманда бұғы, елік, Тянь- Шань сілеусіні, барыс, борсық, түлкі, қасқырлар мекендейді. Орман шекараларындағы биік шыңдар мен құздарда арқар мен таутеке көп. Соңғы уақыттарда корықта тиін, сасық күзен өсірілетін болды. Қорықта құстардың ең көбі: ұлар, кекілік, бұлдырық, Іле өзенінің бойындағы тоғайларда қырғауылдар, тарғактақшар мекендейді.

Барсакелмес қорығы. Арал теңізінің солтүстік-батыс бөлігіндегі өзі аттас шөлейтті аралда орналасқан. Қорық 1939 жылы ұйымдастырылған. Жалпы көлемі 160, 8 мың гектар. Ондағы мақсат - жалпы табиғат кешенімен қатар саны азайып бара жатқан ақбөкен мен қарақұйрыкты қорғау болды. Бүрын Аралда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 257 түрі өссе, соңғы кезде олардың саны тіпті азайып, кейбіреулері жойылып кету қаупінде. Қорыққа шөлді аймаққа тіршілік етуге бейімделген жануарлар тән. Негізгі қорғалатын аңдар: ақбөкен, қарақұйрық және құлан. 1953-1964 жылдар аралығында 9 құлан Түрікменстанның Бадхыз қорығынан осында әкелініп жіберілген. Соңғы жылдары биологиялык жүргізілген сынақтардың салдары да Аралдың экологиялық жағдайын күрделендіріп, қорыктың біраз жануарларын көшіруге тура келді (мысалы, құланды).

Қорғалжың қорығы. Қорғалжың қорығы 1968 жылы құрылған. Қорык Ақмола облысының 259 мың гектар жерін алып жатыр. Оған тың даланың (38 мың гектар) қол тимеген, түрен түспеген жерлері, сондай-ақ Қорғалжың және Теңіз (199 мың гектар) көлдері кіреді. Бұл жерлер дүниежүзілік маңызы бар су қоймасы мен жайылымдар тізіміне енгізілген. Қорықтың жануарлар дүниесі дала зонасына тән. Сүткоректілердің 41 түрі, құстардың 299 түрі, балықтың 14 түрі, өсімдіктің 343 түрі кездеседі. Олар: суыр, дала алақоржыны, су егеуқұйрығы, қосаяқтар және басқалар. Қорғалжың көлінің қамыс нуларында қабандар мекендейді. Құстың 120 түрі ұя салады. Көл жиегінің кара суларында үйрек, қаз және басқа суда жүзетін құстар сансыз көп. Теңіз көлінде мыңдаған қоқиқаз ұя салады. Бұл дүние жүзінде сирек кездесетін, ең солтүстікке ұя салатын құс. Қорғалжың көлдерінде үшкір тұмсықты сұқсыр мекендейді.




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 130 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.374 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав