Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Блок 1. Общие условия экономического развития общества. 5 страница

Читайте также:
  1. B) созылмалыгастритте 1 страница
  2. B) созылмалыгастритте 1 страница
  3. B) созылмалыгастритте 2 страница
  4. B) созылмалыгастритте 2 страница
  5. B) созылмалыгастритте 3 страница
  6. B) созылмалыгастритте 3 страница
  7. B) созылмалыгастритте 4 страница
  8. B) созылмалыгастритте 4 страница
  9. C) одновременно выполняются условия а) и б);
  10. CONTRATO DE LICENÇA E SERVIÇOS 2 страница

Популяциядағы өлім тығыздыққа тәуелді болуы мүмкін. Бұл құбылыс өсімдіктердің тұқымдарымен болады, тығыздыққа тәуелділіктен туатын өлім-жітім өскіндер кезеңінде жүзеге асады.

31. Экологиялық қуыс

«Экологиялық қуыс» ұғымын ғылымға зоолог Дж. Гринелл биоценоздағы түрдің ролін анықтау үшін енгізді. Экологиялық қуыс– абстракты ұғым, бұл табиғатта түрдің тіршілік етуіне ықпал ететін барлық орта факторларының жиынтығы. Ю.Одумның айтуы бойынша «экологиялық қуыс» ұғымы организмнің экожүйедегі атқаратын роліне жатады, яғни тіршілік ету ортасы түрдің «мекен-жайы», ал қуыс – түрдің «мамандығы». Мысалы, өсімдік қоректі антилопа мен кенгуру әртүрлі жерде тіршілік еткенімен бір экологиялық қуысты иеленеді. Керісінше, орман тиіні мен бұғысы да өсімдік қоректі болғанымен әртүрлі экологиялық қуысты иеленеді. Қорек түрлері әртүрлі болуына байланысты экологиялық қуыс жануарлар арасында жақсы байқалады. Гаузе принципі бойынша екі түр кішкентай бір кеңістікте бірге тіршілік ете алмайды. Өйткені екі түрдің де санының өсуіне кеңістіктегі ресурстардың қоры жетпейді. Яғни, экологиялық қажеттіліктері ұқсас түрлер бірдей экологиялық қуысты (орынды) иелене алмайды. Өмір сүруі үшін біреуі міндетті түрде экологиялық қуысын өзгерту керек (қорек түрін, тіршілік ету түрін). Өсімдіктердің қоректенуі автотрофты болғанымен (фотосинтез) және ортаның бірдей қорларын (минералды заттардың ерітінділері, көмір қышқыл газ) пайдалануына қарамастан олардың да қуыстарға жіктелуі айқын байқалады. Жарық сүйгіш, көлеңке сүйгіш өсімдіктер, тамыр жүйелерінің әртүрлі тереңдікте болуы, қажетті ылғал мөлшері және олар әртүрлі кезеңдерде гүлдеп, жеміс береді, тозаңдатқыштары да әртүрлі болады. Әрбір жеке организмнің тек өзіне ғана тән қолайлы тіршілік ететін қуысы (орны) болады. Ол көбінесе биоценоздың құрылымына байланысты өзінің атқаратын ерекше қызметіменсипатталады. Мәселен, шөптесін өсімдіктер мен орман ағаштары Австрияда немесе Еуропада болсын, олардың экологиялық қуысы мен атқаратын қызметі ұқсас болып келеді. Экологиялық қуыстың тұрақты болуы көбінесе қоректік бәсекелестікке де тікелей байланысты. Ал бір систематикалық түрге жататын туыс түрлер тіптен қоректік тұрғыда өте тиімді жіктелген. Мәселен, суда кездесетін ескек аяқты су қандалаларының екі түрі бір жерде тіршілік ете береді. Себебі бірі жыртқыш болса, екіншісі калдықтармен қоректенеді. Мұндай жағдайда организмдердің экологиялық орны тұрақты келеді. Өсімдіктерде де экологиялық орын жақсы жіктелген.. Мәселен, өсімдіктің гүлінің шырынымен қоректенетін аралар, оның жапырағында, сабағында немесе тамырында тіршілік ететін түрлердің өкілдерімен ешбір бәсекелестікке бармайды. Сол сияқты ормандағы ағаш тектес немесе шөптесін өсімдіктер ярустылыққа (қатарлар) байланысты реттеліп орналасқан. Ормандардағы ярустылық - әртүрлі организмдердің экологиялық қуыстарға бөлінуінің жақсы мысалы бола алады. Әр түрге жататын организмдердің екі экологиялық қуысы болуы мүмкін: фундаментальды және іске асырылған. Фундаментальды қуыс – түрдің тіршілік ете алатын жағдайлары, ал іске асырылған – түрдің сол қауымдастықтағы кездесуі.

32. Биосферадағы тірі заттың қасиеті мен функциясы

Өлі табиғаттан тірі ағзаларды өздеріне тән негізгі касиеттері аркылы бірден ажыратуға болады. Тірі ағзаларға тән негізгі қасиеттер:

химиялық құрамының біркелкілігі,заттар мен энергияның алмасуы,құрылымдық деңгейінің ұқсас болуы,көбею,тұқым куалаушылық,өзгергіштік,өсу мен даму, тітіркенгіштік, дискреттілік (оқшаулану),өзін-өзі реттеу,ырғақтылық қасиеттер де тән.Тірі ағзалардың химиялық құрамының біркелкі болуы. Тірі ағзалардың құрамында табиғатта кездесетін 70-тен астам химиялық элементтер болады. Тірі азғалар мен өлі табиғаттың құрамындағы химиялық элементтердің мөлшері әр түрлі. Мысалы, өлі табиғаттың құрамында оттектен басқа кремний, темір, магний, алюминий, т.б. элементтер көбірек кездеседі. Тірі ағзалардың химиялық құрамының 98%-ын, негізінен, 4 химиялық элемент құрайды. Ондай элементтерге —көміртек, оттек, азот және сутек жатады. Тірі ағзаларда бұл элементтер күрделі органикалық молекулалардың түзілуіне қатысады. Өлі табиғатта бұл элементтер басқаша мөлшерде және өзгеше сапада болады. Өлі табиғатта кездесетін органикалық қосылыстар, негізінен, тірі ағзалардың тіршілік әрекеттерінен пайда болған. Тірі азғалар құрамындағы органикалық молекулалардың өздеріне тән ерекшеліктері бар және олар тірі ағзаларда белгілі бір қызмет атқарады.

 

33. Биосферадағы биогеохимиялық айналымдардың маңызы

Биогеохимиялық айналым — биосферадағы заттар мен энергия ауысуының белгілі бір тәртіппен қайталанып тұруы. Табиғаттағы геосфераның барлық түрлерінде химтялық элементтер мен олардың қосылыстары үздіксіз биогеохимиялық айналымға түседі.Ол күн сәулесінің энергиясы және организмдердің тіршілік процесі арқылы жүзеге асады;химиялық элементтердің бір геологиялық құрылымнан екіншісіне ауысуын, шоғырлануының көбейіп-азаюын тудырады;тіршіліктің сақталуына және эволюциялық дамуға жағдай жасайды. Биосферадағы кейбір биогендік элементтердің жылдық айналымының қайталануы 95 — 98%-ке жетеді. Биогендік элементтердің қазіргі Жер бетінде таралуы геологиялық эволюция нәтижесінде қалыптасты. Тірі организмдер даму сатысында биосфералық айналымнан геологиялық айналымға ауысып отырады. Ауадағы оттек, азот, Жер қойнауындағы кейбір кендер (мұнай, көмір, т.б.) осындай ауысудың нәтижесі. Адам өзінің шаруашылық іс-әрекеті арқылы биосферадағы биогеохимиялық айналымның өзгеруіне ықпал жасайды. Адамның қолымен жасалған кейбір материалдар (жасанды талшықтар, жасанды жуғыш заттар, ксенобиотиктер) табиғи биогеохимиялық айналымға қатыспайды және биосферада ыдырамайды. Сондықтан болашақта өндіріске қалдықсыз технологияны енгізіп, экожүйеге ауыл шаруашылығы мен өндірістен түсетін өнімдерді тиімді қайта өңдеп, биосферада биогеохимиялық айналымның қалыпты жүріп отыруына жағдай жасау қажет.Экожүйедегі органикалық заттектердің синтезі мен ыдырауына сүйенген биогенді элементтердің айналымын заттектердің биоталык, айналымы деп атайды. Биогенді элементтерден басқа биоталық айналымға биотаға өте қажетті минералды және әртүрлі көптеген қосылыстар да тартылады. Сондықтан, тіршілікпен тығыз байланысты, негізінен көміртек, су, азот, фосфор, күкірт және биогенді катиондар сияқты химиялық заттектердің алмасу циклдерінен тұратын биологиялық (биоталық) айналымның бөлігін биогеохимиялык, айналым деп атайды.Биосферадағы тепе-теңдік жағдайдың сақталуында биоталық айналымның ғаламшарлық дәрежедегі тұйықтылығы өте маңызды рөл атқарады. Биосфераның үздіксіз жаңарып отыратын экологиялық жүйелеріне қайталанып кіретін заттардың, энергиялар мен ақпараттардың уақыт пен кеңістікте әркелкі болып заңды циклдық қайта бөлінуі үздіксіз жүретін процесс. Тікелей жөне керісінше жүретін процестердің заттектер өнімі Σ q1-2 • Σ q2-1 тең болса, онда айналым толық тұйықталған болып саналады. Егерде қандай бір процестерде жанама өсуі немесе кемуі («тұйықтылықтың ақаулығы») Δq бақыланса, онда айналымның тұйықтылығы б келесі қатынаспен көрсетіледі:

б = (q –Δq) / q

Ал айналымның тұйықсыздану шамасы төменгі формула арқылы анықталады:

б = 1 – б =Δq / q.

34. Табиғатта судың және көміртектің айналымы

Табиғаттағы су айналымы — жер шарындағы судың күн қуаты мен салмақ күшінің әсерінен үздіксіз тұйық айналу процесі. Су жер шарындағы мұхиттар мен құрлықтардың бетінен буланады, су булары ауа ағындары мен жоғары көтеріледі де, қоюланып тамшыға айналады және атмосфералық жауын-шашын түрінде мұхитқа немесе құрлыққа қайта оралады, ал құрлықтан мұның біразы өзендер арқылы мұхиттарға қайтадан ағып барады (судың үлкен тұйық айналымы). Бұдан басқа жергілікті немесе құрлық ішіндегі су айналымы болады. Көміртек айналымы – табиғатта көміртектің үздіксіз айналу құбылысы. Тірі организмдердегі көміртектің құрамы (құрғақ затқа шаққанда): су өсімдіктері мен жануарларда 34,5 – 40%, құрғақтағы өсімдіктер мен жануарларда 45,4 – 46,5%, бактерияларда 54% болады. Организмдердің өмір сүру процесі кезінде, негізінен, тыныс алу арқылы органик. қосылыстар ыдырап, сыртқы ортаға көмір қышқыл газы бөлінеді. Сондай-ақ көміртек, зат алмасудың күрделі соңғы өнімдері құрамынан да бөлінеді. Жануарлар мен өсімдіктер тіршілігін жойғаннан кейін де микроорганизмдер әрекетінен шіріп, көміртектің біраз бөлігі көмір қышқыл газына айналады. Фотосинтез нәтижесінде өсімдікке сіңеді, одан көмірсуға, крахмалға, т.б. айналады, қорегі арқылы тірі организмдерге ауысады. Демек, табиғаттағы К. а., оның Жер қыртысындағы жинақталуы мен таралуы, едәуір дәрежеде атмосферадағы көмір қышқыл газының фотосинтез кезінде ассимиляцияға ұшырайтын өсімдік организмдерінің өмір сүруімен тығыз байланыста өтеді. Шіру, жану және дем алу нәтижесінде көміртектің белгілі бір бөлігіатмосфераға қайтып оралады, қалғаны органик. немесе карбонаттық қалдық түрінде бөлінеді, минералданып көмір, мұнай, әктас, т.б. кен шоғырларын түзеді. Көміртек атмосфераға адамзаттың өндірістік әрекеті салдарынан да бөлінеді;

35.Табиғатта оттегінің және азоттың айналымдары

Оттек айналымы (Круговорот кислорода) — өсімдіктердің фотосинтез процесі кезінде экожүйенің биоценоздық ортасына оттекті бөлуінен басталатын процесс. Бөлінген оттек аэробтарға, оның ішінде өсімдіктерге (тыныс алу процесінде) түседі. Оттектің бір бөлігі микроорганизмдердің мортмассаны тотықтыруына жұмсалып, басқа бөлігі экожүйенің биоценоздық ортасынан айналымның сыртқы шеңберіне өтеді.Табиғатта оттегі негізінен фотосинтез нәтижесінде түзіледі, ол жапырақтарда және теңіз балдырларында жүретін үдеріс.6СO2 + 6Н2O → С6Н12O6 + 6O2↑Осы оттегімен адамдар мен жануарлар тыныс алады, одан басқа жер қыртысындағы минералдар түзіледі. Табиғатта оттегінің қатысуымен тоттану, шіру, aшy сияқты бүліну үдерістері де жүріп жатады. Оттегінін, атмосферадағы қоры 1,5•1015 т, оның 1•1010 тоннасы жану үшін жұмсалады. Тыныс алу жеке ағзаның өмірі үшін, ал шіру - эволюция (даму) үшін маңызды үдерістер. Азот айналымы табиғатта азоттың үздіксіз айналуқұбылысы.Атмосферадағы азот (75,5%) электр құбылыстары мен фотохимиялықпроцестердің әсерінен әртүрлі азотқышқылының тұздарын түзеді де, жаңбыр суында еріп, топыраққа сіңеді, сөйтіп мұхит суына араласады.Түйнек бактериялары ауадағы молекула күйіндегі азотты басқа организмдер сіңіре алатындай органикалық қосылыстарға айналдырады.Белокты денелерде 17%-ке дейін азот болады.Денитрификаттану процесі (топырақ және су бактериялары арқылы азот қышқылы тұздарының бос азотқа дейін ыдырауы) жүріп, әуелі азот қышқылына, одан кейін бос азотқа айналады да, ол ауаға түседі. Ал нитрификаттану процесінің (аммиак пен азотты органикалық қосылыстардың тотығуы) нәтижесінде әртүрлі азот тотықтары (N2O, NO, N2O3,N2O5) түзіледі. Азот қышқылы металдармен қосылып, азот қышқылының тұздарын түзеді. Олар ауа райы ыстық және құрғақ аймақтарда көбірек жиналады.
Суда жақсы еріген азот қышқылының тұздарын тірі организмдер қайтадан қабылдайды. Міне осылайша табиғатта азот айналымы үздіксіз жүріп тұрады

 

 

36.Табиғи ресурстар.Сарқылатын,сарқылмайтын табиғи ресурстар

Адамзаттың күн көрісі мен тіршілік етуіне қажетгі заттар және табиғатта кездесетін жаратылыс дүниелері — табиғи ресурстар деп аталады. Су, жер, өсімдік жан-жануар, тау-тас, қазба-байлық және өзге де, тікелей не өнделген күйінде түрмысқа, өндіріске қажетті дүниеліктердің бәрі де Табиғи ресурстарға жатады Табиғи ресурстарды пайдалану нәтижесінде, адамзат — азық-түлік, киім-кешек тұрмыс кажетін өтеуге керекті заттар, жанар-жағар майлар жөне өнеркәсіпке қажетті шикізаттарды алады. Табиғи ресурстар, олардың қолдану саласына қарай — ендірістік, денсаулы сақтауга қажетті, ғылыми, эстетикалык деп бөлінеді. Табиғи ресурстары сарқылмайтын және сарқылатын екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Соның бәрі –су. Жер шарындағы судың үлесі барлық жердің 2/3 алып жатыр. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отыр. Ал экожүйелердін таралуы уақыт пен кеңістікке қатысты салыстырмалы түрдегі айлағаны объектілер. Сарқылатын қорлар өз кезегінде қалпына келетін және қалпына келмейтін деп жіктеледі. Мысалы, қазба байлықтар, мұнай, көмір қорлары қалпына келмейтін байлық көзіне жатады. Қалпына келетін қорлар да адамның ақыл-ойына тәуелді болады. Олар – топырақ, өсімдік пен жануарлар әлемі. Табиғат пайдалану қоғамдық өндірістің ерекше саласы ретінде табиғат байлығын кешенді үнемдеп пайдалану арқылы қоғамның материалдық қажетін өтеуге және табиғи ортаға өндірістің зиянды әсерін болдырмауға бағытталған. Өндіріске қатыстырылатын табиғат байлықтары: пайдалы қазба байлықтар (минералдық шикізат),су,ауа,орман,жер,тек қана өндіріс шікізаты емес, сонымен қатар, өндіріс құралы да болып табылады.Өндірістік қатынасқа қосылмған табиғат байлығын да ұлттық байлық ретінде қарап, оның табиғи қалпының сақталуын, сапасының төмендеуін қамтамасыз ету керек. Табиғат байлығын тиімді пайдалану өндірістің дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, табиғи ортаның тазалығын, оның қалпына келетін қорын молайту және табиғи ортаның тепе-теңдігін сақтау болып табылады. Басқаша айтқанда, табиғи орта мен ондағы өндірістің даму тепе-теңдігі сақталуы тиіс.Сондықтан табиғи ортаны, табиғат байлығын қорғау халықтың материалдық, рухани, әлеуметтік мұқтажын үздіксіз өтеуге, табиғат байлығын қалпына келтіруге, молайтуға бағытталуы қажет. Ғарыш қорларына — күн сеулесінің радиациясы, теңіздің тартылуы мен тасуы жатады. Климаттық қорға — атмосферадағы ауа, жел энергиясы, жауын-шашын жатады.

Сарқылатын ресурстар (орыс. Исчерпаемые ресурсы) — табиғи ортадан алынған сайын саркылатын ресурстар.Сарқылатын ресурстар қалпына келетін (таза ауа, түщы су, күнарлы топырақ, өсімдік, жануарлар әлемі) және қалпына келмейтін (минералдық) ресурстар (қазып алынатын отын, металдық минерал шикізаттар (темір,мыс, т.б.), бейметалдық минерал шикізаттар (саз,құм, фосфаттар, т.б.) болып бөлінеді.

37.Табиғи ресурстарды тиімсіз пайдаланудың салдары.Мысал келтір

Біздің мемлекетіміздің табиғи ортасының үш негізгі ерекшелігі бар. Біріншіден — Қазақстан сияқты үлкен мемлекет үшін табиғат жағдайы соншалықты әр түрлі емес. Қазақстан аумағы түгелдей бір климаттық белдеудеорналасқан. Ландшафтарының (биік таулы белдеуді есептегенде) 2/3 бөлігін құрғақ су жетіспейтін шөлді жерлер алып жатыр. Қоңыржай белдеудің басқа ландшафтарына қарағанда органикалық заттарды және оттекті аз бөліп шығарадыЕкіншіден — үлкен аумақты алып жатқан жерде экологиялық процестерді реттеуші нысан (ірі орман массивтері) жоқ.Орман атмосфераға оттекті ең көп мөлшерде шығарады, ал батпақтармен бірігіп көміртегінен көп жұтатындар.Сондықтан да табиғи ортаны табиғи жолмен тазарту қабілеті өте төмен. Одан бетер қабілетінің төмендеуіне себепші табиғи ландшафтарының бұзылуы.Үшіншіден — Қазақстан аумағының 80%-ы шөлейт, шөл және тау сияқты табиғаттың нәзік кешендері алып жатыр. Бұл жерлер антропогенді процеске сезімтал, тез бұзылып, баяу қалпына келеді. Сондықтан да мемлекетіміздің табиғаты өте тұрақсыз. Бұл жерлерде табиғатты пайдаланудың ұрымтал технологиясын қолданған дұрыс. Сонымен бірге табиғи ортаның қалпына келуіне, әр түрлі қалдықтарды игеруіне мүмкіндік жасау керекАдамзат көптеген жылдар бойы жерді уақытша пайдалану деген ұғыммен өмір сүрді. Оның ертең де керек болатынын білсе де білмегендей тіршілік етті. Нәтижесінде осындай шаруашылықтың жүргізілуінен мемлекетімізде экологиялық тұрғыдан қолайсыз жағдайлар туындады. Қайтадан (экономикалық дағдарыс әлсірегеннен кейін) ауа, топырақ және судың ластануы қарқынды дами бастады.Қалдықтар жиналуда, оның көлемі сапасыз минералды шикізаттардан ұлғаюда. Әсіресе улы (токсикологиялық) қалдықтар (1997 жылмен салыстырғанда 2008 жылы 2 есеге көбейді).

Қалпына келген табиғи ресурстар тиімсіз игерілуде. Ауыз су тасымалдану барысында қажетті судың 6 - 10 есе шамасында ысырап болуда.

Жерді тиімсіз пайдалану нәтижесінде жарамсыз жер көлемі ұлғаюда, яғни биологиялық өнімділік төмендеуде. Табиғи шөлдер (саздақты, құмды, сортаң,тастақты) мемлекетіміздің 1,8 млн км2 жерін алып жатыр. Оның көлемі антропогенді процестердің әсерінен жыл сайын ұлғаюда. Бұл процесс қуаңшылық аудандардың ауыл шаруашылығына және өнеркәсіпке игерудің нәтижесі. Малды тұрақты бір жерде ұзақ жаю, шабындық жерді дұрыс суғармау, егінді дұрыс салмау, жер жыртуда ауыр техниканы пайдалау алдағы уақытта жерді жарамсыз жағдайға алып келеді. Топырақ сортаңдануына, батпақтануына құмдардың жылжуына септігін тигізіп эрозияға ұшырайды. Республикамыздың әр түрлі аймақтарында гумустың (қарашірік) 20 - 30%-ы жойылған. Оның 2%-ын су эрозиясы, 12%-ын жел эрозиясы жойды. 1/4-ден көп бөлігі сортаң жерлерге айналған. Бұл жерлерде азды-көпті бір нәрсе егуге келеді, ал өндіріске қажеттіліктен қазылған жерлер, қалдықтар төгілген жерлер мүлдем жарамсыз күйге ұшырайды. Мұндай жерлердің көлемі 1700 км2, оның 1/3бөлігі өңделуде. Жыл сайын өңделген жер бұзылған жерден 20 есе аз.

Арал және Семей экологиялық катастрофалық аймақтарында қалпына келтіру жұмыстары баяу жылжуда.

Теңіз қайраңында мұнайды игеру нәтижесінде Каспий теңізі аймағында да экологиялық проблемалар туындауда. Алғашқы «SOS» антропогенді жер сілкінулер. Итбалықтардың қырылуы қазірдің өзінде белгі беруде. Қазіргі таңда республикамызда экологиялық жағдайы шиеленіскен 30-дан астам ошақ анықталды. Бұл ошақтар Қазақстан аумағының 1/3 алып жатыр. Онда халқымыздың 50%-ы шоғырланған.

38. ҚР су қоймаларының ластануы

Өзендердің ішінде Ертіс су алабы, Өскемен қорғасын –мырыш комбинаты, Ленинагор қорғасын зауыты, Березов кені, Зырьян зауыты секілді өндіріс орындарының сарқынды лас суларымен ластануда. Су құрамында қорғасын, мырыш, сынап, тағы басқа ауыр металдар шекті мөлшерден асып кетуі жиі байқалады. Іле-Балқаш бассейні суының сапасы да мәз емес. Мұндағы ластағыш заттар – ауыр металлдар, мұнай өнімдері мен фенолдар. Әсіресе, «Балқашмыс» өндірістік бірлестігі, «Балқаш балық өнеркәсібі», «Сарышаған» ракета полигондары, т.б. кен рудаларын балқыту комбинаттары Балқаш көліне мыңдаған тонна зиянды заттарды төгуде. Іле өзенінің ортаңғы ағысы, жалпы өзен экожүйесі, күріш алқаптары және шеңгелді массивтерін игеруге байланысты минералды тыңайтқыштар мен химиялық препараттар өте көп қолданылып келеді. Нәтижесінде, өзен суының сапалық құрамы төмен. Оның үстіне Іле өзені арқылы мұнай тасымалдау, Қапшағай су қоймасы, Қытай жеріндегі судың ластануы ондағы экологиялық жағдайды қиындата түсуде. Сырдария, Шу, Талас, Қаратал, Ақсу Лепсі, Тентек, Көксу өзендерінің сулары біршама таза деп есептелінеді. Соның ішінде Сырдария, Шу, Талас өзендері ауыл шаруашылығын химияландыру мен дренажды сулармен ластануда. Әсіресе, Арыс, Келес өзендері күріш пен мақта егіндісінде жиі қолданылатын пестицидтермен ластанып отыр.Соңғы жылдары Каспий теңізінде мұнай өндіруге байланысты және теңіз деңгейінің табиғи көтерілуі аймақтың экологиялық тыныс –тіршілігін шиенеленістіріп отыр. Теңіздің көтерілуі жүздеген мұнай бұрғы- скважиналырын, мұнай қоймалары мен өңдеу объектілерін істен шығарды. Қазір бұл жерлерде 6 мұнай газ кені, жүздеген елді мекендер, коммуникациялар, өнеркәсіп орындары су астында қалды. Нәтижесінде, теңізге көптеген мөлшерде лас заттар, мұнай өнімдері, органикалық қосылыстар, ауыр металдар суға араласуда. Оның үстіне Еділ мен Жайық өзендерінің лас сулары теңіз суын уландыра түсуде. Мәселен, 1995-2000 жылдар аралығындағы кәсіптік балықтар мен бағалы қара уылдырық және ет беретін бекіре тұқымдас балықтардың азайып кетуі тіркелді. Ал, 1999 жылы қырылып қалған 20-30 мың итбалықтың және жүздеген мың құстардың өлуі теңіз суының бүгінгі сапасының көрсеткіші – биоиндикаторы болса керек. Қазіргі Каспий мұнайын игеру бүкіл әлемді дүрліктіріп, шетелдік инвесторларды теңіз «қара алтынын» игеруге ұмтылдыруда. Ал, олардың судың сапасы мен ластануына көңіл бөлуі, экологиялық нормаларды сақтауы күмән туғызады. Атырау, Маңғыстау аймақтарында техниканың ескілігінен бұрғы-скважиналардың бүлінуі, мұнайдың жерге, суға төгілуі қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Жерге сіңген мұнайдың қалыңдығы 10 метрге жетіп, жер асты суына қосылуда. Қазір мұнаймен ластану аймағы 200 мың га алып жатыр. Қоймаларда 200 мың т. Мұнай қалдығы, 40 мың т. Көмірсутегі жинақталған. Ақтөбе облысындағ су айдындардың да экологияның жайы нашар. Мәселен, Елек өзені амин өнеркәсібі есебінен және бормен ластануда. Қарағанды металлургия комбинатының және Теміртау қаласындағы «Карбид» өндірістік бірлестігінен шыққан сулар Нұра өзенін барынша ластауда. Жамбыл фосфор зауытының сарқыгнды лас сулары Талас, Асы өзендері мен оның алқаптарын фтор және сары фосформен ластап отыр. Оңтүстік Қазақстан облысында ең көп ластану Бадам-Сайран кен орындарында байқалуда. Әсіресе, Бадам өзені бойындағы қорғасын, фосфор,химия өнеркәсіптерінен бөлінетін қорғасын, мырыш, сынап кей жерлерде шекті мөлшерден 50 есеге дейін асып кететіні тіркелген. Су ресурстарының биологиялық ластануы Арал аймағы мен Батыс Қазақстанда жиірек ұшырасуда. Қазақстанның су ресурстарының сапасын жақсарту және қорғау шараларын жүзеге асыру бағытында мемлекет тарапынан көптеген игі істер жүргізілуде.




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 180 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав