Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

КОДИРОВАНИЕ И СЖАТИЕ ИНФОРМАЦИ

Читайте также:
  1. A)& Кодированием
  2. C. Движение информации и ее трансформация от исходной в командную
  3. ERP — информационная система масштаба предприятия
  4. FCC информация (U.S.A.)
  5. Flash –носители информации
  6. I. Изучите блок теоретической информации: учебник стр. 89-105, конспект лекций № 12-13.
  7. I. Общая информация
  8. I. Общая информация
  9. I. Теоретические основы изучения туристских информационных систем как новой модели туристского бизнеса
  10. I. Эта информация может оказаться для Вас бесценной.

 

1. Қылмысқа ортақ қатысу түсінігі.

2. Қылмысқа қатысушылардың түрлері.

3. Қылмысқа ортақ қатысу нысандары.

4. Қылмысқа қатысушылардың жауаптылығының тәртібі мен шектері.

5. Қылмысқа жанасушылық.

 

Қылмыс бір адам арқылы немесе бірнеше адамдар арқылы бірлесіп жасалуы мүмкін. Бірнеше адамның қылмыс істеуінің нәтижесінде қылмыстың мәні мен оның зардабының мөлшері жеке дара адам істеген қылмысқа қарағанда едәуір өзгереді және мұндайда қылмыс істегені үшін жауапты болатын адамдардың санын тура анықтау қажеттігі туындайды.

Сондай-ақ бұл адамдардың жауаптылығының негізі мен шегін, олардың әрқайсысының бірлесіп қылмыс істеудегі кінәсінің мәні мен дәрежесіне қарай салыстыру, әрбір қылмыскердің жеке тұлғасының ерекшеліктерін анықтаудың маңызы зор. Қылмысқа қатысу институты ғана осы мәселені анықтауға толық мүмкіндік туғызады.

Жаңа қылмыстық заңда қылмысқа бірлесіп қатысудың ұғымы, оған қатысушылардың жекелеген іс-әреекттерін сипаттайтын белгілер мен оларға жаза тағайындаудың негізгі қағидалары, қылмысқа қатысу нысандарының анықтамалары берілген.

Қылмысқа қатысу қылмыстық құқық бойынша қылмыс істеудің ерекше нысаны ретінде қарастырылады, өйткені жеке дара қылмыс жасауға қарағанда қылмысты осы нысанда істеудің қауіптілік дәрежесі және келтіретін залалы да зор. Бірнеше адамның күш біріктіріп бір немесе бірнеше қылмыстарды істеуі олардың – қылмысқа ортақ қатысушылардың - өзара бірін-бірі қолдауы қылмыс істеуді жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен бірге қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға үлкен қауіп келтіреді немесе соның келтіруінің қауіпін туғызады. Қылмыс істеуді осылай іске асыру қылмысты іс-әреекттің өзін жоюға, қайсыбір жағдайларда бір адамның қолынан келмейтін қлымысты істеуді дайындауға немесе жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Көптеген ауыр қылмыстарды, атап айтқанда, бөтне біреудің мүлкін өте көп мөлшерде талан-таражға салу, валюталық операциялар туралы ережелерді бұзу, парақорлық, әйел зорлау, кісі өлтіру сияқты қылмыстар бірлесіп істеу арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасында қылмысқа қатысу ұғымы Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінің 27-бабында «екі немесе одан да көп адамдардың қасақана қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады», - делінген.

Қылмыс істеудің ерекше нысаны болып табылатын қылмысқа қатысудың өзіндік объективтік және субъективтік белгілері бар. Қылмысқа қатысудың объективтік жағының бір белгісі бір қылмысқа екі немесе одан да көп адамдардың қатысуы болып табылады. Бұл жерде қатысушылардың бәрінің есі дұрыс, қылмыстық заң бойынша жауап беретін жасқа толған болуы керек. Есі дұрыс емес адамды немесе қылмыстық жауап беру жасына толмаған жасөспірімдерді қылмыс істеуге пайдалану қылмыс жасаудың құралы болып саналады, сол себептен ол қылмысқа қатысу деп танылмайды. Ондай адамдарды қылмыс істеуге пайдаланғанның өздері қылмысты тікелей орындаушылар ретінде жауап береді. Ал кәмелетке толмағандарды қылмыстық істерге тарту қылмыстық заңның 131-бабы бойынша жеке қылмыс құрамы болып есептеледі. Қылмыс істеуге қатысуда екі немесе одан да көп адам қылмысты бірлесіп істейді. Объективтік жағынан алғанда қылмысты бірлесіп істеуге қатысу деп оны істеуге бірлесіп істеуге қатысқан әрбір қатысушының әрекеттері белгілі бір қылмыстық іс-әрекеттерді істеуге және соның орындалуын жүзеге асыруға бағытталуы керек. Өзінің мәні жөнінен жекелеген адамдардың қылмысқа қатысуы әртүрлі болуы мүмкін. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда көрсетілген қылмыстарды тікелей орындаушымен бірге, қатысушылар санына қылмыс істеуге біреуді көндірген (айдап салушы), қылмыс істеуді ұйымдастырған немесе оған басшылық етуші (ұйымдастырушы) немесе қылмыс жасауға жағдай туғызған (көмектесуші) адамдар да кіруі мүмкін. Қылмысты ұйымдастырушылардың; айдап салушылардың; көмектесушілердің әртүрлі және әртүрдегі дәрежедегі қылмыстың істелуіне мүмкіндік туғызумен бірге уақыты жағынан істелген қылмысты орындаушының әрекетінің алдын алуы немесе сонымен тұспа-тұс келуі және олардың барлығының осы қылмыстық іс-әреекттерді істеумен себепті байланыста болуы шарт. Әрбір қатысушының әреекттерінің өзара себепті байланысы мен шарттарының болуы қылмыстың қатысушыларының бірлескен қылмыстық әрекеттерінің салдары екендігін дәлелдейді, барлық қатысушылардың бірдей жағдайларда жауаптылыққа тартылуының алғышарты екендігін көрсетеді.

Қылмысқа қатысуда іс-әрекет пен қылмыстың зардабының өзара байланысының жеке адамның істеген қылмысына қарағанда өзгешелігі бар. Қылмысқа қатысуда қылмыстың зардабы мен орындаушылардың немесе бірге орындаушылардың іс-әреекттері ғана байланысты болады. Айдап салушы, көмектесуші, кейде ұйымдастырушы тікелей зиян келтіруге қатыспайды. Олар тек қана қылмыстың зардаьының тууына себепкер болады. Мұндай себепші болу қылмысты тікелей орындаушыға оның қылмыс істеуге деген шешімін қоздыру арқылы жүзеге асырылады. Субъективтік жағынан алғанда қылмысқа қатысу барлық қатысушылардың қылмысты қасақана істегенін білдіреді.

Бұл жерде екі немесе одан да көп адамдардың қасақана қылмыс жасауға қасақана қатысуы ұйымдастырушының, көмектесушінің, азғырушының, орындаушының істейтін қылмысының мәнісінен хабардар болатындығы және олардың өз іс-әрекеттерімен орындаушыға қылмыс істеуге мүмкіндік туғызатыны немесе соған түрткі болатыны туралы сөз болып отыр.

Қылмысқа қатысу тек қасақана істелетін қылмыстарда ғана болады. Абайсыздықпен істелетін қылмыстарда қатысу мүмкін емес.

Қылмысқа қатысуда барлық қатысушылар іс-әрекеттерін қасақана, оның ішінде тек қана тікелей қасақаналылықпен жасайды. Бұл жерде қылмысты істеуді тілеу бірнеше адамдарды қылмыстық әрекеттерге біріктіреді. Кейбір жағдайларда қылмысқа қатысу нақтыланбаған тікелей қасақаналылықпен де болуы мүмкін.

Л және Н деген азаматтар төбелеске бірге қатысып, қарсыластарының біреуіне екеуі де пышақ салған. Нәтижесінде бір адам ауыр жарақаттанған. Бұлардың әрекеттерін халық соты нақтыланбаған тікелей қасақаналылықпен істелген іс-әрекет деп танып, оларды Қылмыстық кодекстің 103-бабының 3-бөлімі бойынша саралаған. Себебі олар пышақ жұмсаудан кез келген ауыр зардаптың немесе кісі өлімінің болуы мүмкіндігіне саналы түрде жол берген.

Қылмысқа қатысушылардың әрқайсысының ниетінің мазмұнына орындаушының істейтін қылмысының зияндылығының мәнісін сезу, сондай-ақ сол адамның қылмысты жалғыз өзі емес, басқалардың әреекттерімен бірге жасайтын мән-жайларды сезінуі шарт.

Қылмысты ұйымдастырушы, қылмысқа көмектесуші немесе айдап салушы қылмысты орындаушының қылмысты істеуіне жағдай жасайтынын сезінуі керек.

Ал қылмысты орындаушы болса, ол қылмысқа басқа қатысушылардың өзіне қылмысқа дайындалғанына немесе жасауына жәрдем жасағанынан әр уақытта да хабардар болады. Оның үстіне, қылмысты орындаушылардың арасында бірлесіп қылмыс жасауға деген келісім болады, мұның өзі барлық қылмысқа қатысушылардың өз әреекттерінің келісушілікпен жүзеге асырылатындығын және мұның қылмыстық іс-әрекеттің тиімді түрде іске асатындығын көрсетеді.

Қылмысқа қатысу – барлық қатысушылардың бірыңғай қылмыстық нәтижеге жетуі үшін бағытталған ортақ қылмыстық ниетінің болуын білдіреді. Қатысушылардың мінез-құлқының, ниеті мен мақсатының бір-біріне сай келуі де, келмеуі де мүмкін. Мысалы, кісі өлтіруге қатысушылардың біреуі қызғаныштан, екіншісі кек алу үшін, басқасы пайда табу мақсатында жасауы мүмкін.

Қылмысқа қатысудағы басты шарт – барлық қатысушылар қылмысты орындаушының істейтін қылмысының мәнін сезе отырып, әртүрлі ниетпен соның болуын тілеп, қылмысты іске асыру үшін өздерінің қылмыстық әрекеттерін біріктіреді.

Қылмысқа қатысудың нысандары мен түрлері туралы мәселені анықтау қылмысқа қатысушылардың субъективтік байланыстарының сипаты мен дәрежесіне, олардың әрекеттерінің өзара келісушілігінің дәрежесіне, қатысушылардың өзара объективтік байланыстарының мәніне, қылмысқа қатысушылардың өзара әрекеттестігінің тәсіліне және қылмыс құрамдарының құрылу ерекшеліктеріне байланысты шешіледі. Қылмысқа қатысушылардың әрекеттерінің келісушілік дәрежесіне байланысты қылмысқа қатысу екі түрлі нысанға алдын ала келіспей қылмысқа қатысу және алдын ала келісіп қылмысқа қатысуға бөлінеді. Бұл нысандар Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде әртүрлі көрініс тапқан. Бұлар алдын ала келісіп қылмысқа жай қатысу, ұйымдасқан топ болып және қылмысты бірлестік арқылы қылмысқа қатысу болып көрсетілген.

Қылмыстық құқық теориясы қылмысқа қатысудың түрлерін де бөліп көрсеткен.

Қылмысқа қатысу түрлері қылмысқа қатысқан жекелеген қатысушылардың қылмыс істеуге қатысуының дәрежесі мен сипатына байланысты қоса орындаушылық және тар мағынадағы қылмысқа қатысушы болып екі түрге бөлінеді.

Бірнеше адамның қылмысты бірге топ болып істеуін қоса орындаушылық деп атаймыз. Қылмысқа қатысудың бұл түрі бойынша қылмыс істеуге қатысқандардың барлығы да сол істеген қылмыстың объективтік жағының бір бөлігін орындауға ғана қатысуын атаймыз. Бұл реттерде қылмыстың зардабы қылмысты қоса орындаушылардың ортақ әрекеттерінің жиянтығының нәтижесі болады.

Қылмыстық құқықта қылмысқа қатысушылар орындаушылар, ұйымдастырушылар, айдап салушылар және көмектесушілер деп бөлінеді. Оларды бұлай бөлуге қылмысқа қатысудағы атқаратын іс-әрекетінің мәнісі мен дәрежесі негіз болады. Қылмысқа қатысушыларды осылай бөлудің олардың жауаптылығын негіздеу, іс-әрекеттерін дұрыс саралау және жаза тағайындағанда әрқайсысының ерекшеліктерін ескеру үшін маңызы зор.

Қылмысқа қатысушылардың түрлері және олардың әрқайсысына заңдық сипаттама Қылмыстық кодекстің 28-бабында көрсетілген.

Орындаушы. Қылмысты тікелей жасаған немесе оны жасауға басқа адамдармен (қоса орындаушылармен) бірге қатысқан адам, сондай-ақ жасына, есінің дұрыс еместігіне немесе осы Кодексте көзделген басқа да мән-жайларға байланысты қылмыстық жауапқа тартуға болмайтын басқа адамдарды пайдалну арқылы, сол сияқты әрекетті абайсызда жасаған адамдарды пайдаланып қылмыс жасаған адам орындаушы деп танылады (28-баптың 2-бөлімі).

Қылмысты орындаушы қылмысты жеке өзі немесе оны бірнеше басқа адамдармен қоса орындап, тікелей жүзеге асыруы мүмкін, мысалы, топ болып әйелді зорлау. Қайсыбір жағдайларда қылмыстың субъектісі болып танылатын жасқа толмаған адамдарды пайдалну арқылы қылмыс жасаған адам қылмыстың тікелей орындаушысы болып табылады. Немесе есі дұрыс емес адамды кісі өлтіруге пайдалнса, онда оны пайдаланған адамның өзі қылмыстың орындаушысы, ал есі дұрыс емес адам қылмыстың құралы болып табылады. Егер абайсыздықпен әрекеттенген адамды пайдалану арқылы қылмыс жасалса да, қылмысты орындаушы болып соны пайдалған адам танылады. Мысалы, С деген адам өзі жек көретін Ж деген жолдасының қарсы келе жатқанын көріп, оны басқа біреудің қолымен өлтіру үшін өзіне таяп қалғанда жанында келе жатқан Т деген серігін алдап, «Ж-ны қорқытайық, мына мылтық ішіне оқ салынбаған, құр дәрімен ғана жабдықталған оқталғыш бар, соған қаратып мылтық ат», - дейді. Т мылтықпен Ж-ны атады, оның кеудесіне оқ тиіп, табан астында қаза болады. Бұл жерде Т-ның әрекеттері абайсыздықта, ал С-ның әрекеттері қасақана кісі өлтіру болып танылады. Өйткені ол мылтық оғын С-ға сеніп тексермеген, яғни қасақана қылмысты орындаушы С болып табылады. Ол жерде абайсыздықпен әрекеттенген адамды қылмыс істеуге пайдаланады. Орындаушының арам ниетінің мазмұны мынадай болып табылады: адам қылмысты басқалардың көмегімен істегенін сезеді; қылмыстың жалпы зардабын болжайды; соның болуын тілеп, не соған саналы түрде жол береді. Қылмысты орындаушылардың әрекеттері Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде көрсетілген қылмыс құрамы бойынша Жалпы бөлімінің 28-бабының 2-бөліміне сілтеме жасамастан, тікелей сараланады.

Ұйымдастырушы. Қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның жасалуына басшылық еткен адам, сол сияқты ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қауымдастық құрған не оған басшылық еткен адам ұйымдастырушы деп танылады (28-баптың 3-бөлімі). Ұйымдастырушы қылмысқа қатысушылардың ең қауіптісі саналады. Оның әрекеттері Қылмыстық кодекстің 29-бабына сілтеме жасала отырып сараланады. Қылмысты ұйымдастырушылардың әрекеттері көбінесе тұрақты қылмыстық топ, ұйым құруға байланысты болады. Ұйымдастырушылар объективтік жағынан алғанда қызметі қылмысқа қатысушыларды табу, оның дайындығына, жүзеге асырылуына жоспар жасау, қылмысқа қатысушылар арасында берік тәртіп орнату, олардың өзара міндеттерін бөлу, сондай-ақ қылмысты істеу уақытында оған тікелей басшылық жасау жағынан көрінеді. Барлық жағдайларда ұйымдастырушы, қылмысты істегенде даыйндағанда немесе істегенде ғана олардың қатысушыларын біріктіріп, басшылық жасайды, көп жағдайларда қылмыс істеудің бастамашысы болады. Кейде қылмысты ұйымдастырушы өзінің ұйымдастырушылық қызметін істелген қылмыстың тікелей орындаушылық қызметімен қоса атқаруы да мүмкін. Бірақ мұндайда оның ұйымдастырушылық қызметін қылмысты орындаушылық қызметімен алмастыруға болмайды. Өйткені қылмысты ұйымдастырушының зияндылығы орындаушыға қарағанда зиянды және қауіпті болады. Ұйымдастырушы тек қана қасақаналылықпен әрекет жасайды. Ол өзінің әрекеттерінің қоғамға қауіптілігін біле тұра содан туатын зардаптардың болуы болжай тұра, сол зардаптың болуын болжап істейді. Яғни, айтқанда ұйымдастырушы қылмысқа қатысушылардың барлығының қылмыстық әреекттерін біріктірушісі болады, сол үшін өзі де ұйымдастырған нақты қылмыс құрамының санкциясына сәйкес жазаға тартылады.

Айдап салушы. Басқа адамды азғырып сатып алу, қорқыту немесе өзге де жолдармен қылмыс жасауға көндірген адам айдап салушы деп саналады (28-баптың 4-бөлімі).

Айдап салушы болашақ қылмысты орындаушыны әртүрлі әдістермен қылмыс істеуге азғырып, көндіріп, оның батылдығына жігер береді. Айдап салушы қылмысты істеушінің сана-сезіміне, еркіне тікелей әсер етіп, оны қылмыс жасауға тікелей жігерлендіреді. Айдап салушының өзі қылмысты тікелей істеуге көндірген адаммен қатынас жасауы ауызша, жазбаша, қимыл көрсету және басқа да саналуан болуы мүмкін.

Қылмыс істеуге біреуді көндірудің тәсілі әртүрлі болуы мүмкін. Мұнда қорқыту, көндіру, сатып алу, өтіну, сый-сияпат жасау, өз өкілдігі мен беделін пайдалану сияқты саналуан әдістер пайдалнуы мүмкін. Кейде айдап салушы біреу емес, бірнеше де болуы мүмкін. Айдап салудың барлық тәсілдері мен әдістері азғыруға көнушінің еркін басуға немесе оны шатасуға әкеп соқтырмауы керек, қайта оның белгілі бір қылмысты жасауға жігерін қоздырып, соны істеуге бел байлатуы керек. Айдап салушы барлық уақытта да белсенді әреекттер күйінде жүзеге асырылады. Айдап салушыны интеллектуалыдық көмектесуден ажырата білу керек. Интеллектуалдық көмек беруде адам қылмыс орындаушысының ниетін құптайды, ал айдап салушылықта қылмыс істеуге біреуді белсенді түрде көндіреді. Айдап салушылық өзінің істеген іс-әрекетінің мәнін сезуге қабулеті нақты бір шешім жасайтын адам жөнінде ғана орын алады. Сондықтан есі дұрыс емес адамды, қылмыстық жасқа толмаған адамды айдап салушылықта қылмысқа тарту тәртібі қолданылмайды, бұл жерде айдап салушының әрекеттері біреу арқылы зиян келтіру арқылы бағаланады. Сол сияқты біреуді әдейілеп қасақана теріс бағытқа салып, соның қатесін пайдаланып сол арқылы қылмысты жүзеге асыру да қылмысқа қатысудағы айдап салушылық болмайды. Мұндайда ондай әрекеттерді істеген адамның өздері орындаушыға айналады.

Субъективтік жағынан алғанда айдап салушылық әрекеттері тікелей қасақаналылық арқылы сипатталады. Өйткені айдап салушының арам ниеті біріншіден, орын алатын нақты қылмыс құрамының объективтік жағынан туындайтын барлық мән-жайларды, екіншіден, өзінің әрекетімен қылмыс нәтижесінің себепті байланысының жалпы дамуын болжайды. Демек, айдап салушы қылмыс істеуге басқа біреуді көндіріп, оны нақты бір қылмысты орындауға көндіреді. Егер адам қылмыс жасауға азғырмайтын, өзінің теріс көзқарасымен көңіл күйін білдірсе, онда ондай адамның әрекетінде айдап салушылық болмайды.

Кейбір жағдайларда мұндай іс-әрекет нақты жағдайға байланысты жеке қылмыс құрамын құрауы мүмкін (169-170-баптар).

Көмектесуші. Кеңестерімен, нұсқауларымен, ақпарат, қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен не қылмысты жасауға кедергілерді жоюмен қылмыстығ жасалуына жәрдемдескен адам, сондай-ақ қылмыскерді, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге де құралдарын, қылмыстың ізін не қылмыстық жолмен табылған заттарды жасыруға күні бұрын уәде берген адам, сол сияқты осындай заттарды сатып алуға немесе өткізуге күні бұрын уәде берген адам көмектесуші деп танылады (28-баптың 5-бөлімі).

Объективтік жағынан алғанда қылмысқа көмектесу жоғарыда аталған тәсілдермен қылмыстың жүзеге асырылуына жәрдемдесу болып табылады. Тәсілдердің нақты тізімі Қылмыстық кодекстің 28-бабының 5-бөлімінде көрсетілген. Мұнда қылмыс істеуге пайдаланылатын барлық тәсілдердің нысандары толық аталған.

Көмектесушінің қылмысты орындаушылардан өзгешелігі, сол қылмысқа көмектесу әр уақытта да орындаушының қылмыстық әрекетін орындауының алдын алады. Өйткені қылмыстық заңда қылмысқа көмектесудің бір белгісі күні бұрын уәде беру деп көрсетілген. Күні бұрын қылмыс істегенге дейін көмектесуге уәде берген адам ғана қылмысқа көмектесуші деп танылады. Ал егер адам күні бұрын көмектесуге уәде бермей-ақ орындаушының қылмыс істеуіне көмектессе, ондай адамның әрекеті Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімде көрсетілген тиісті құрамдарды бірге орындаушы ретінде бағаланады. Қылмысқа көмектесу материалдық немесе интеллектуалдық болады.

 

 

КОДИРОВАНИЕ И СЖАТИЕ ИНФОРМАЦИ

Кодирование – это сопоставление передаваемому или записываемому в память сообщению некоторой последовательности символов, называемой обычно кодовому слову. Кодирование может преследовать две цели. Первая цель состоит в уменьшении длины передаваемого сообщения (сжатие информации), а вторая - добавлении к передаваемому слову дополнительной информации, помогающей обнаружить и исправить ошибки, возникшие при передаче (помехоустойчивое кодирование). В данной лекции рассматривается первый вид кодов.




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 44 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав