Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Л-Фарабидің фил.жүйесі.

Әбу Насыр Әл-Фараби (араб.: أبو نصر محمد الفارابي ‎) Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870 - 950 ж. ш.) - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Фараби еңбегі ерекше көзге түседі. Жалпы «жан қуаты» немесе «өзін танымақтық» жайлы күрделі ой сарасына қазақ топырағында арғы заманда Фараби, соңғы дәуірде Абайға терең барлап барған. "Философияны аңсап үйрену үшін алдын ала не білу қажеттігі жайлы", "Ақылдың мәні туралы", "Әлеуметтік этикалық трактаттар", "Философиялық трактаттар", т. б. сияқты көптеген философиялық еңбектер жазған. Тарихымыздағы ұлы тұлғалардын бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, Аристотельден кейінгі "екінші ұстаз" атанған Әбу Насыр әл-Фараби қазақ жерінде, Отырар қаласында дүниеге келген.

Ұлы жерлесіміз әл-Фарабидің түркі тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты-жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс езенінің Сырға барып құятын жеріндегі Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Үзлағ ибн Тархан әл-Фараби, яғни әкесі Үзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері — қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба — Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу-Насыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған.Фараби ғылымнын философиялық-логикалық іргетасын дұрыстап қайта қалап шыкты. Ол музыка жайлы күрделі зерттеулер жүргізді. Фарабидің метафизика, тіл ғылымы, логика, психология, география, этика, т. б, ғылымдар жайлы жазған енбектерінің мәні ерекше зор. Тарихқа неғұрлым терең үңілген сайын біз жеке ұрпақтардың, тайпалар мен ұлттардың мәдениеті мүлде оқшау дамиды деген теорияның негізсіздігін соғұрлым айқын көріп отырмыз. Дүние жүзі мәдениетінің дамуында із қалдырған сол көрнекті қайраткерлер, шындығында, адамзат мәдениетінің бірлігін паш етіп келеді. Әл-Фараби осындай дүниежүзілік тарихи тұлғалардың санатына қосылады. Ол туған елінің мәдени байлығын, иран, үнді, антика мәдениеттерінің жемістерін бойына дарытты. Сондықтан да ол тайыз ұғымдар мен соқыр сенімдерден жоғары көтеріле біліп, өзінің ойлау жүйесін сындарлы да икемді ете білді. Әл-Фараби өз заманындағы өнер-білімнің ең асылын таңдап ала біліп, өз дәуірінің шынайы энциклопедиясын жасап берді. Әл-Фарабиден бізге жеткен ең үлкен ғылыми теориялық еңбек — "Музыканың ұлы кітабы" болып табылады. Мұнда музыка теориясы физика-математикалық негізде қорытылып, баяндалған, мәселен, физиканың акустика, механика мәселелері бойынша кең қамтылып, дыбыстың табиғаты, таралуы, қозғалысы, резонанс, т. б. бойынша көптеген соны пікірлер айтылады.




Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 27 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав