Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кестенің есептеулері бойынша тұжырымдама

Читайте также:
  1. B) Жеке еңбек келісім арқылы жұмыс істейтін қызметкермен еңбек қатынастары бойынша байланыстағы заңды тұлға
  2. C. «Жалпы медицина» мамандығы бойынша І курс студенттеріне арналған дифференциальды сынақтың тест сұрақтары.
  3. G. Халықтан салынымдар бойынша ақша алу арқылы ағымдағы шоттар бойынша өз міндеттемелерін өсірсе
  4. Автокөлік құралдарын жөндеу» пәні бойынша емтихан сұрақтары
  5. АИВ-инфекциясы пәні бойынша
  6. АИВ-инфекциясы пәні бойынша
  7. АНАТОМИЯ-2 ПӘНІ БОЙЫНША ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ 3 КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН
  8. Атлант-шүйделік буыны, буын беттерінің пішіні бойынша қандай: элипс немесе айдаршық тәріді
  9. Бап. Жеделдетiлген оңалту рәсімі туралы iс бойынша iс жүргiзудi қозғау және оның салдарлары
  10. Бап. Оңалту немесе банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзудi қозғау

Есептеп, тұжырымдама жасау керек:

1) Тәуелсіздік коэффициентін (А қосымшаны қараңыз). Бұл коэффициент кәсіпорынның қарыз қаражаттарынан қаншалықты тәуелсіз екендігін және меншік қаражаттарын оңтайландыру қабілетін анықтайды.

 

 

2) Авансталған капиталдың құрамындағы қарыздың үлесін сипаттайтын тәуелділік коэффициентін (А қосымшаны қараңыз),

 

 

3) Меншік капиталдың тартылған капиталға қатынасымен сипатталатын қаржыландыру коэффициентін (А қосымшаны қараңыз)

 

 

4) Тартылған капиталдың меншік капиталға қатынасын білдіретін қарыз қаражатардың меншік қаражаттарына қатынасы коэфициентін (А қосымшаны қараңыз)

 

5) Қаржылық тұрақтылық коэффициентін (А қосымшаны қараңыз), немесе, оны, инвестицияларды жабу коэффициенті деп атайды.

 

6) Ұзақ мерзімді міндеттемелердің, меншік капиталы мен ұзақ мерзімді міндеттемелер қосындысына қатынасымен анықталатын қарыз қаражаттарды ұзақ мерзімге тарту коэфициентін (А қосымшаны қараңыз),

Тапсырма №3. Баланстың өтімділігін талдау. Қаржылық тұрақтылығын талдамай кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау толық емес болып табылады. Кәсіпорынның балансының өтімділігін талдау арқылы активтердің жағдайы мен пассивтердің жағдайы салыстырылады. Бұл өз кезегінде кәсіпорынның өз қарыздарын жабу деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.

Өтімділік деңгейіне байланысты, яғни ақша қаражатына айналу жылдамдығына байланысты, кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді:

1. Өтімді активтер = Ақша қаражаттары + қысқа мерзімді қаржылық салымдар

2. Тез өтімді активтер = қысқа мерзімді дебиторлық берешектер+басқа да қысқа мерзімді активтер;

3. Жәй өтімді активтер = Қорлар−Болашақтағы шығындар+ҚҚС+Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар+Ұзақ мерзімді дебиторлық берешектер;

4. Өтімділігі төмен активтер= «Ұзақ мерзімді активтер» бөлімінің жиыны –Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар.

 

3-кесте. Кәсіпорынның пассивтерінің төлену мерзімінің деңгейі бойынша және баланс активтерінің өтімділік деңгейі бойынша топтамалары

 

Актив Сома Пассив Сома
2006 ж. 2007 ж. 2008 ж. 2006 ж. 2007 ж. 2008 ж.
А1. өтімді активтер       П1.Ең жедел міндеттемелер      
А2. тез өтімді активтер       П2.қысқа мерзімді міндеттемелер      
А3. Жәй өтімді активтер       П3.ұзақ мерзімді міндеттемелер      
А4. өтімділігі төмен активтер       П4. Тұрақты мін-деттемелер      
Барлығы       Барлығы      

Баланс пассивтері оларды төлеу мерзімінің деңгейіне байланысты топтарға бөлінеді:

1. Ең жедел міндеттемелер = Кредиторлық берешектер+Басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер;

2. Қысқа мерзімді пассивтер=Қысқа мерзімді займдар, несиелер («Қысқа мерзімді міндеттемелер» бөлімінен);

3. Ұзақ мерзімді пассивтер= «Ұзақ мерзімді міндеттемелер» бөлімінің жиыны;

4. Тұрақты пассивтер= «Капитал» бөлімінің жиыны−Болашақтағы шығындар (1-ші бөлімнен «Қысқа мерзімді активтер»+ «Болашақтағы табыстар» (3-ші «Қысқа мерзімді міндеттемелер» бөлімінен)

Баланстың өтімділігін анықтау үшін активтер мен пассивтердің келтірілген топтарын салыстыру керек.

Баланс толық өтімді болып табылады, егер келесідей шарттар орындалса:

● Өтімділігі жоғары активтер ≥ Ең өтімді міндеттемелер;

· Тез өтімді активтер > Қысқа мерзімді пассивтер;

· Жәй өтімді активтер > Ұзақ мерзімді пассивтер;

· Өтімділігі төмен активтер < Тұрақты пассивтер.

Егер кейбір теңсіздіктер келтірілген шектеулермен сәйкес келмесе, онда баланс өтімділігінің абсолюттік деңгейден айырмашылығы жоғары деңгейде екенін көрсетеді. Бір топтамадағы қаражаттардың жетіспеушілігінен (артықшы-лығынан) екінші топтамадағы өтімділігі төмен активтер басқа топтамадағы өтімді активтерді алмастыра алмайды және керісінше. Өйткені ең жедел міндеттемелер өтімділігі төменірек активтер есебінен жабыла алмайды.




Дата добавления: 2014-12-15; просмотров: 146 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав