Читайте также:
|
|
Есептеп, тұжырымдама жасау керек:
1) Ұйымның барлық өтімді қаражаттарының барлық төлем қаражаттарының сомасына қатынасын көрсететін баланс өтімділігінің жалпы коэфициентін (А қосымшасын қараңыз).
2) Ағымдағы өтімділік коэфициентін. Бұл ағымдағы пассивтердің ағымдағы активтермен жабылу деңгейін көрсетеді. Бұл шама қаншалықты жоғары болса, қысқа мерзімді міндеттемелерді төлеу сенімділігі соншалықты жоғары болады.
Ктл = (қысқа мерзімді активтер-болашақтағы шығындар)/қысқа мерзімді міндеттемелер
3) Мерзімді өтімділік коэфициенті (Жедел өтімділік коэффициенті) бұл коэфициент ағымдағы өтімділік коэфициентіне қарағанда ағымдағы активтердің аз бөлігі қамтылады, яғни материалдық өндірістік қорлар есептелмейді. Мерзімді өтімділік коэфициенті кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерді тартылған қаражаттар есебінен, қысқа мерзімді қаржылық салымдар және шоттағы қаражаттар есебінен (дебиторлық берешектер) жабу әдістерімен сипатталады.
Кликв. = (Ақша қаражаттары+Қысқа мерзімді салымдар+Қысқа мерзімді дебиторлық берешектер)/Қысқа мерзімді міндеттемелер
4) Абсолютті өтімділік коэфициенті кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтімділігі жоғары активтердің және қысқа мерзімді қаржылық салымдар есебінен жабу қабілетімен сипатталады. Ол қысқа мерзімді қарыз міндеттемелердің қай бөлігі тез арада жабылатындығын көрсетеді.
Кабс.ликв.= (Ақша қаражаттары + Қысқа мерзімді қаржылық салымдар)/ Қысқа мерзімді міндеттемелер.
5) Қаржылық тұрақтылық коэффициенті. Қаржылық тұрақтылық коэффициенті - компанияның жиынтық активтеріндегі таза активтерінің үлесі.
Қаржылық тұрақтылық коэффициенті компанияның меншікті капитал есебінен қаржыландырылатын активтердің үлесін көрсетеді. Ол, меншікті қаражаттары мен ұзақ мерзімді несиелер мен зайымдардың қосындысын актив жиынтығына бөлу арқылы анықталады. Бұл коэффициент үшін стандарт ретінде 0,5 - 0,7 аралығындағы интервалдағы мағына қолданылады.
6) Автономия коэффициенті кәсіпорынның жалпы қаражаттарының құра-мындағы меншік қаражаттарының қайнар көзінің үлесін көрсетеді және ол былай анықталады:
Автономия коэффициенті = меншік және оған теңестірілген қаражаттар көзі/ баланс жиынтығы
Тапсырма №4 Кәсіпорынның табыстары мен шығыстарын талдау.
4-кесте. Үш жылдық табыстары мен шығыстары*
Дата добавления: 2014-12-15; просмотров: 176 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |