Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Н.А.Бердяевтің персоналистік философиясы.

Читайте также:
  1. Дәріс 2. Ежелгі шығыс философиясы.
  2. Дәріс 6.Немістің классикалық философиясы.
  3. Дәріс 7.ХІХ-ХХ ғасырдың бас кезіндегі бей классикалық философиясы.
  4. Дәріс 8. Отандық философиясы.
  5. Дәріс15. Ғылым мен техника философиясы.
  6. Позитивизм философиясы.

Өз философиясының зерттеу объектісі туралы Николай Александрович Бердяев 1931 жылы Парижде жарық көрген «О назначении человека» еңбе- гінде былай дейді: «Адам мәселесі — философияның негізгі мәселесі. Гректердің өздері-ақ адам өзін-өзі танып білгенде ғана философиялық ойлауды бастайтынын түсінген болатын. Болмыс жұмбағының шешімі адамның өзінде».

Бердяев адамды екі дүниенің тұрғыны ретінде қарастырады: 1) адам табиғаттан жоғары; 2) адам табиғаттың туындысы және табиғатта өмір сүреді. Ол табиғатқа тәуелді, бірақ адам табиғатқа жаңа сипат береді. Адам табиғаттағы принципиалдық жаңа нәрсе. Бердяев адам мәселесін идеализм де, социологизм де, психопатология да шеше алмағандығын көрсетіп, өзінің философиясы арқылы адам өмірінің мәнін тереңдеп түсіндіруге тырысатынын айтады: «Қазіргі терминологиямен айтсақ, менің философиям экзистенциалистік тип». Экзистенциалистерден өзіне Достоевский, Толстой, Ницше жақын екендігін ескертіп, Бердяев жалпы орыс философиясы экзистенциалдық сипатқа ие деген қорытынды жасайды. Бұл пікірмен келісуге болады.

Экзистенциализмге жан сырын ақтару (исповедь) тән болса, ол Бер-дяевте де бар, бірақ оның жан сырын ақтаруы ерекше. Мысалы, Толстойдың «Жан сырында» уайым мен өзін-өзі қамшылау көп болса, Бердяевте уағыз айту, басқаны үйрету басым, ол езі туралы ащы ирониямен айтады, сол арқылы басқаларға ой салуға тырысады, «өмірдің мәні туралы ойланудың өзі — өмірдің мәні» дейді.Бердяев философиясының басты категориясы Тұлға~(персона). Ол әрбір адамды қайталанбас, жалғыз, ерекше нәрсе, әлеуметтік жалпының элементі деп қарастырады. Ең басты құндылық — жалпы қоғамдаст ұжым, қоғам, мемлекет емес, адам, жеке тұлға. Бердяев Кант философиясына қарсы. Оның жалпыға арналған мораліне қарсы өзінің қайтал бас-индивидуальдік моралін қояды, топтық моральді қабылдамайды.» Самопознание» («Өзін-өзі танып-білу») еңбегінде ол былай дейді: «Жалпыға бірдей міндетті адамгершілік заңға сәйкес келмеген адамды мен бақытсыз, қуғындалушы демес едім. Керісінше, жалпыға бір занды орындаушы адам — адамгершіліктен жүрдай. Менің түсінігім солай, мені қабылдамайды емес, мен қабылдамаймын». Бердяевтің өзі осы принцип бойынша өмір сүрді, жеке адамды жалпы қоғамнан биік қойды, өзінің өмірін де осылай түсіндіреді: «ешқандай философиялық мектептерге қосылмай, индивидуальдік философияны ұстандым, рационализм мен оптимизмге қарсы күрестім. Менің философиям персоналистік, конфликт философиясы».

Бердяев тұлғаның ең басты сипаты — Еркіндік деп пайымдайды. Адамды жануардан ерекшелендіретін сана және еркіндік деп түсінген еркіндікті болмыстан жоғдры қояды. Құдай еркіндікте ғана өмір сүре Ақиқат еркіндікте және еркіндік арқылы танылады. Еркіндік тұлғаны, өзімен-өзі тұйықталуы емес, керісінше, творчестволық ашылуы. Осылайша пайымдай отырып, Бердяев социализм адам еркіндігін тежейді, себебі бұл қоғамда пролетариат басқа таптардың бәрінен жоғары қойылға» деген тұжырым жасайды. Бұл пікірін, жалпы социализм мен коммунизмге көзқарасын ол өз шығарма-шылығының эмиграциядағы кезеңінде нақтылай түседі: «Орыс революциясы көрсеткендей, коммунизм еркіндікті тұлғаны, рухты теріске шығарды. Мен коммунизмді экономикалық жән саяси ұйым ретінде қабылдай алар едім, бірақ рухани жағынан мүлдем қарсымын. Себебі, мен антиколлективистпін. Ұят коллективтік категор» емес, жеке тұлғаның Құдаймен тоғысу сәтінде болатын сипаты».

Бердяев тұлғаның революция кезеңіндегі тағы бір өзгерісіне тоқтал ды. Ол Ресей большевизмнен міндетті түрде өтуі тиіс еді, большеви қажеттілік, орыс халқы тағдырының ішкі моменті, экзистенциалдық дилектикасы деп есептеді. Революция, сол арқылы келген еркіндік, Бердяевтің пікірінше, адамдарды қатты өзгертті. Кешегі қарапайым адамда билік, еркіндік қолына тиген соң мүлдем өзгерді, тұлғаның жаңа антр пологиялық типі, бұрынғы орыс интеллигенциясына мүлдем ұқсамайты типі пайда болды. Олардың бойында мейірімділік, қайырымдылық деген жоқ еді. Осыдан келіп, Бердяев еркіндік дегеніміз демократиялық ұғым емес, аристократиялық ұғым деген тұжырымға келді. Бұл пікірмен келісу қиын. Бердяев орыс революциясын орыс интеллигенциясының ақыры деп астырады, себебі орыс революциясы осы революцияны әзірлеген ин-теллигенцияны қуғындады, орыс мәдениетін жоқ қылды. Біздің ойымызша аталған ойды қазақ интеллигенциясына байланысты да айтуға болады.

Бердяевтің Тұлга мен Еркіндік туралы ілімі Құдай ұғымымен тығыз байланысты. Дүниенің негізі туралы оның пікірі — дуалистік. Канттың этикалық көзқарастарын қабылдамағанымен, оның «өзіндік зат дүниесі» және «құбылыстар дүниесі» идеясын мақұлдайды. Бұл идея ақиқат дүниенін құдай сипатын түсіндіруге ыңғайлы еді. Объективті дүние – зұлымдық. Шын өмір сүретін тек қана субъектілер, яғни еркін рухтар ғана. Адам өмірінін мақсаты — еркін рухтардың көмегімен дүние мен заттар үстемдігінен азат болу. Бердяевтің пайымдауынша, зұлымдық үшін Құдай жауап бермейді. Дүниені өзі жаратқанымен, әрі қарай өз күшін Еркін адамға береді, адам арқылы дүниені басқара береді. Құдайсыз адам әлсіз, сондықтан адам Құдаймен бірге қызмет етіп, өмір сүруі керек. Идеалды Құдайы патшалықты адам мен Құдай екеуі біріге отырып қалыптастырады. Осылайша, Бердяевтің діни философиясы Құдай туралы ілім ғана емес, адам туралы антропологиялық ілім. Бірақ бір ескертетін нәрсе, Бердяев өзі де, жалпы адам да Құдайдың құлы емес деп есептейді. Бердяевтің пайымдауынша, Құдай — адам шығармашылығына дем беруші. Шығармашылық — адамның жер бетіндегі мақсаты, Құдай оны сол үшін жаратты. Құдайдың ісіні адам жалғастыруы қажет, сол үшін Құдай адамға шығармашылық қабілет, немесе өз бейнесін берді. Шығармашылық сәтсіздікті орыс ойшылы эсхатологизм деп атайды, бірақ бұл уақытша құбылыс. Құдай, Бердяевтің пікірінше, шығармашылықты құтқарады, адам оны тарихтан тысқары Құдайы патшалықта жалғастырады. Еркіндікті дәріптеген Бердяев экономикалық еркіндіккс қарсы. Парадокс! Әрине, социализм экономикалық еркіндікті тежеусіз Мүмкін емес, себебі оның басты принципі — Теңдік. Бірақ Бердяев басқа жол іздеуге тырыспайды, экономикалық билікті түгелімен мемлекетке бере салады. Өмірде де, философияда да еркін болуға ұмтылған Бердяев өз көзқа-растарын талай өзгертті. Осындай бір парадокс оның өмірінің ақырында болды. Соғыс кезінде ол Ресейге жылы ықылас көрсетеді. Бұл құбылыстың себебі Отанына деген сағыныш, оның тағдырына деген аландаушылық пен аяушылық болды ма деп ойлаймын. Саналы өмірінде Ресей туралы ой кешкен философ шет жерде жүргенде өз халқының бұрын байқамаған ерекшеліктерін тереңірек түсінген секілді. Не десек те, тағдыры да, философиясы да күрделі де қызықты, өзгермелі Бердяев адам мәселесін, Ресей тағдыры мәселесін зерттеуші, интеллектуальдік жағынан өте бай, терең философ ретінде әлі де талай философиялық ізденістерді объектісі болып қала беретіні сөзсіз. Осы пікірді жалпы орыс философиясы туралы да айтуга болады. Бугінгі талдау 19-ғасырдыц соңы мен 20-ғасырдың басында Ресейде терен мазмұнды, философиялық мәні жан-жақты, жүйеліліктен гөрі эмоция толы, соған қарамастан орыс адамының, Ресейдің гана емес, бүкіл адамзат дамуын болжауга багытталган, тұлгалық сипаты мол, оны объективті зерттеу қазіргі Ресей галымдарының басты міндеті болып табылатын ерекше философия қалыптасқанын дәлелдейді.

 

 




Дата добавления: 2014-12-15; просмотров: 103 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав