Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ХІХ-ғасырдың соңы-ХХ-ғасырдың басындағы орыс философиясына жалпы сипаттама.

Читайте также:
  1. C. «Жалпы медицина» мамандығы бойынша І курс студенттеріне арналған дифференциальды сынақтың тест сұрақтары.
  2. I. Жалпы ережелер
  3. Абай философиясына сипаттама
  4. Адам», «индивид», «тұлға», «даралық» ұғымдарына сипаттама.
  5. Адам», «индивид», «тұлға», «даралық» ұғымдарына сипаттама.
  6. АНАТОМИЯ-2 ПӘНІ БОЙЫНША ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ 3 КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН
  7. Білімді бағалаудың жалпы шкаласы
  8. Бойыншажалпы ережелер
  9. Дүниетаным туралы жалпы түсінік.
  10. Дәріс 11.Гносеология және эпистемологияның негізгі ұғымдары мен жалпы мәселелері.

Орыс философиясы әлемдік философияда көрнекті орын алады. Оның себебі — Ресейдің адамзат тарихында алатын орны мен орыс жанының жұмбақ табиғаты болса керек. Тарихи дамудың қай кезеңінде болмасын әлем назарын өзіне аудара білген орыс мемлекеті мен орыс халқының дүние жүзіндегі рөлі осы күнге дейін аса маңызды.

Орыс философиясының кемелденіп, қалыптасқан уақыты ХІХ-ғасыр-дың соңы мен ХХ-ғасырдың басы деуге болады. Осы кезеңде Ресейде мазмұны терең, интеллектуалды жағынан өте бай философия қалыптасты. Бір өкініштісі, орыс философиясын объективті зерттеу мүмкіндігі соңғы жылдары ғана пайда болды. Жоғары оқу орындарына арналған бұрынғы бағдарламаларда бұл тақырып терең ашылмай, орыс философиясы туралы сөз болғанда негізінен Н.Г.Чернышевский, А.И.Герцен. В.Г.Белинский және тағы басқа ойшылдардың қоғамдық-саяси, материалистік-марксистік көзқарастарын талдаумен шектелетінбіз. Қазіргі танда орыс философиясы қызықты зерттеу объектісіне айналып отыр. Ресейдің өзінде ұлттық философия мәселесіне үлкен бетбұрыс жасалып, коптеген ғылыми зерттеулер дүниеге келді. 2005 жылдың мамырында Мәскеу қаласында өткен

халықаралық философиялық симпозиумда талқыланған ғылыми баяндамалар осы ойымыздың жақсы дәлелі.

Философиялық әдебиетте ХІХ-ғасырдың соңы мен ХХ-ғасырдың басындағы орыс философиясының негізгі екі бағыты атап керсетіледі: славянофил бағыты және батысшылдар бағыты (кейбір зерттеушілер бұл бағытқа марксизм бағытын да енгізеді). Біздің ойымызша, осы кезеңдегі орыс философиясын даму ерекшеліктеріне және мазмұнына байланысты үш бағытқа бөліп қарастырған жөн.

Славянофил бағыты өкілдері көзқарасының негізі — православие. И.В.Киреевский, К.Аксаков, В.С.Соловьев тағы басқа көрнекті тұлғалар дін арқылы өмірді өзгертуге болады, діни озгеріс халықтың, қоғамның өміріне керемет өзгеріс әкеледі деп сенді. Бұл түсінікті де, себебі орыс халқының санасында ғасырлар бойы діннің ғажайып күшіне, «идеалға» деген сенім өмір сүрді. Үнемі «идеал» жетегінде өмір сүрген адам өзін басқалардан рухани жағынан жоғарырақ сезінетіні, ылғи өзіне-өзі сезімге шомылып өмір сүретіні белгілі және бұл идеал — шексіз. Бүкіл дүние жүзін қызықтырып, өзіне тәнті еткен «орыс жанының» («загадочная русская душа») жұмбақ табиғатының да себебі осында болса керек.

Марксизм бағытынын негізгі өкілдері В.И.Ленин, Л.Д.Троцкий, Н.Бухарин, А.В.Луначарский болғанымен, орыс философтарының бәрі дерлік әуелі марксизм кезеңіне өтті. Марксизмнің ерекшелігі — философияны жұмысшы табының идеологиялық қызметшісіне айналдыруы. Бұл бағыт ақырында жеңіске жетіп, кеңес заманында философия мемлекеттің біртипті ойлауға негізделген идеологиялық қүралына айналды. Қалыптасқан жүйеге қарсы шығу қылмыспен тең еді. В.И.Ленин 1922 жылы Ф.Э.Дзержинскийге жазған хатында ой-пікірі, кезқарасы большевиктер саясатына қарама-қарсы интеллигенция өкілдерін елден аластату керектігі туралы айтқан пікірінің негізінде арнаулы бұйрық шығарылып.161 адам елден қуылды. Олардың бәрі бір кемеге тиеліп аттандырылғандықтан, тарихқа бұл оқиға «Философский пароход» деген атпен енді. Бұл «еріксіз саяхатшылардың» қатарында белгілі философтар С.Л.Франк, Н.А.Бердяев, Л.Шестов, П.Сорокин, И.Ильин бар еді. Орыс философиясының құлдырауы осы кезеңнен басталды.

Үшінші бағыт — біз сөз еткелі отырган батысшылдар, немесе экзис-тенциалистер багытының негізгі объектісі — адам және оның өмірінің мәні болды. Атап көрсететін бір ерекшелік — жалпы философия тарихында өмірдің мәні мәселесін талдаумен түбегейлі айналысқан орыс философтары деуге болады. Бұл құбылыстардың себептері әр түрлі. Бірақ біздің ойымызша, басты фактор — Ресейдің трагедиялық тағдыры. Адам, оның өмірінің мәселесі қоғам дағдарысқа ұшыраған кезеңдерде өткірлене түседі. Тығырыққа тірелген қоғам мүшелерінің бойында бүрыннан да бар уақытша бұғып жатқан өміртуралы сауалдар тізбегі адамды осындай қиын кезендерде қатты мазалай бастайды. Сондықтан да өзінің даму тарихында талай рет тағдыр тәлкегіне ұшыраған, сан түрлі соққыларды, қайшылықты қоғамдық өзгерістерді басынан кешірген Ресей мемлекетінің ойшылдарын осы тақырып толғантуы кездейсоқ емес. Сонымен катар, ХІХ-ғасырдың соңы-ХХ-ғасырдың басындағы орыс философтарының бәрін де Ресей мемлекетінің тагдыры толғантты. бағыттың өкілі болғанына қарамастан, олардың әрбіреуі орыс қоғамы мен жалпы орыс халқының болашағы туралы терең ойланды, болашақ даму жолдарын іздестірді.




Дата добавления: 2014-12-15; просмотров: 165 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав