Читайте также:
|
|
1. Кузин М.И. «Хирургические болезни», 1986.
2. Курбат H.М., Станкевич П.Б. «Рецептурный справочник врача», 1996.
3. Стручков В.И., Стручков Ю.В. «Общая хирургия», 1988.
4. Батвинков Н.И., Леонович С.И., Иоскевич Н.Н. «Клиническая хирургия», 1998.
Дата:
Подпись куратора:
АЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
ІШКІ АУРУЛАР КАФЕДРАСЫ
Кураторлық парақ
Орындаған:Мұстафин М.О
Факультет:ЖМ
Курс:4
Группа:32-1К
Алматы 2014
Ауру тарихы
Төлқұжаттық бөлім.
1.Аты-жөні:Хуан Хосе Диас
2.Жасы:47
3.Жынысы:Ер
4.Жұмыс орны:Регионарлы экологиялық орталық.Мұнайшы.
5.Тұрғылықты мекен жайы:Аль-Фараби,133
6.Ауруханаға түскен мерзімі:29.10.14
Түскен кездегі шағымдары
Жеңіл физикалық күш түскен кездегі кезеңді түрдегі ентікке,кезеңді түрде төстің артындағы қолдарына таралған қатты қысатын ауру сезіміміне,жалпы әлсіздікке шағымданады.Нитроглицеринге қоймаған.
Anamnesis morbi
Бұрын ЖИА-мен,АГ-мен,жүрек-қантамыр ауруларымен ауырмаған. 06.10.14 алғаш пайда болған миокард инфарктымен аурухананың кардиология бөліміне түскен.
Anamnesis vitae
Әкесі 47-48 жасында миокард инфарктымен ауырған,жақын туыстары жағынанда ЖИА-лары болған.Боткин,туберкулез,тері-венерологиялық аурлары болмаған.Қан құю болмаған.Бірнше жыл созылмалы бронхит,гастритпен ауырған.Спортпен айналыспайды.Тамақтану режимін дұрыс ұстанады.Алкоголь пайдаланбайды.26 жыл бойы темекі шеккен.
Status praesens
Жалпы жағдайы қанағатанарлық,есін біледі,белсенді.Дене бітімі нормостеник.
Анторпометрия:
Бойы-178см
Салмағы-76кг
Семіздік жоқ.Температура-36.6.Тері жабындылары-өзгеріссіз.Теріасты май қабаты жақсы жетілген.Түктену ерлердікіндей.Ауыз,мұрын қуысы шырышты қабаты қалыпты.Тілі өңезделген.Сол жақасты безі-0.8 см.Қалған лимфа түйіндері ұлғаймаған.Ауырсынусыз.Бас өлшемдері қалыпты.Қалқанша безі ұлғаймаған.Мойын аймағынан ұйқы без артериясы пульсациясы жақсы сезіледі.Қолдарында цианоздану белгілері көрінеді.Пішіні барабан тәрізді.
Тірек-қимыл жүйесі
Бұлшықеттері.Паталогия жоқ.Ауырсынусыз.Тонустары төмендеген.
Буындары.Қалыпты.Ауырсыну жоқ.Ісінбеген.Қозғалыс шектелмеген.
Сүйектер.Деформациялар жоқ
Тынысалу жүйесі
Жоғарғы тыныс жолдары таза.Өткізгіштігі сақталған.
Кеуде клеткасы.Нормостеник.Диаметрі 90см.Бұғана асты және үсті шұңқырлары анық.Кеуде клеткасының екі бөлігі де бірдей тыныс алу актісіне белсенді қатысады.Тыныс алу түрі құрсақтық.Тынысалу жиілігі минутына 16 рет.Ритмді,терең,везкулярлы.
Пальпация.Паталогия анықталмады.Кеуде клеткасы резистентті.Дауыс дірілі қалыпты.
Перкуссия.Салыстырмалы перкуссияда анық өкпелік дыбыс.
Топографиялық перкуссия.Өкпе ұштары бұғана үстінен 3-4см асады.Артынан 7-ші мойын омыртқаға дейін.Кернинг алаңы оң және сол өкпеде 6см-ге тең.
Топографиялық линиялар | Оң өкпе | Сол өкпе |
Төс маңы Ортаңғы төс Қолтықастылық алдыңғы Ортаңғы қолтықасты Артқы қолтықастылық Жауырын Омыртқа маңы | V қабырға аралық VI қабырға VII қабырға VIII қабырға IX қабырға X қабырға XI кеуде омыртқаның өсіндісі | V қабырға аралық VI қабырға VII қабырға VIII қабырға IX қабырға X қабырға XI кеуде омыртқаның өсіндісі |
Аускультация.2 өкпеден де везикулярлы дыбыс естіледі.Бронхофония әлсіреген.Қосымша шуылдар жоқ.
Қорытынды:Кеуде өлшемдері нормостеникалық.Патаолгия анықталған жоқ.
Жүрек-қантамыр жүйесі
Білек артериясының пульстері симметриялы,бірдей,ритмді,59 минутына,кернеулігі төмен,толған.Ұйқы артериясы пульсі де осындай.Аорта мен ірі артерияларда шулар естілмейді.Артериялық қан қысымы 140-90.
Жүрек маңы мен тамырлар шоғырын қарау.Ортаңғы бұғана сызығымен 5 қабырғада жүрек ұшы түрткісі ритмикалық пульсациясы сезіледі.Шектелмеген.Күшеймеген.Әлсіз резистентті.Паталогиялық пульсациялар жоқ.Веналық пульс айқын емес.
Перкуссия.Оң жақ салыстырмалы шекарасы 1 см сыртқа қарай,сол жақ шекарасы бұғана орта сызықпен жүрек ұшы түрткісіне сәйкес келеді.Сол жағы 2қабырға деңгейінде төстен 0.6 см солға қарай.Абсолютті шеарасы:оң жақ шекарасы 4 қабырға аралықта төстің сол жақ шеті,сол жақ шекарасы 5 қабырға арлықта 1.5 см ішке қарай.жоғарғысы 3-ші қабырға аралықта төстен солға қарай.
Жүректің сол шекарасының сыртқа қарай жылжуы оның сол жақ қарыншасының гипертрофиясын немемсе дилатациясын айқындайды.
Жүрек аускультациясы кезінде жүректің дауысты,ритмді тондары тыңдалады.ЖЖЖ минутына 60рет. Шулар мен қосымша тондар жоқ.
Асқорыту жүйесі
Қарап тексеру.Ауыз қуысы таза,ылғалды,қызғылт.Тілі өңезделген.
Ішті қарап тексергенде еш өзгеріссіз.Симетриялы,тыныс алу актіне қатысады.Беткей пальпацияда іш ауырсынусыз.Іштің алдыңғы бетінің бұлшықеттері әлсіз резистентті.
Терең пальпацияда тоқ ішек бөліктерін еш кедергісіз пальпациялаймыз.Жақсы сезіледі,қатю жоқ,ауырсынусыз.
Іштің перкуссиясында асцит белгілері жоқ.Аускультацияда ішек перистальтикасы нәтижесінде пайда болған шулар ғана естіледі.
Бауырдың Курлов бойынша шекарасы 7-8-9 см тең.Пальпацияда бауыр оң жақ қабырға доғасынан шығып тұрмағаны байқалады.Өт қабы мен ұйқы безі пальпацияланбайды.Көкбауыр пальпацияланбайды.Шекарасы ұзыннан-7см,көлденең-4см.
Несеп-жыныс жүйесі
Бел аймағында ауырсыну сезімі жоқ.Пастернацкий симптомы теріс.Аускультацияда бүйрек артериялары шуылы жоқ.
Дата добавления: 2014-12-15; просмотров: 129 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |
<== предыдущая лекция | | | следующая лекция ==> |
XII. Лечение курируемого больного. | | | Процессуальные теории мотивации. |