Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Вирусқа қарсы иммунитет (арнайы және арнайы емес). Химиялық препараттармен вирусты жұқпалы ауруларды емдеу

Читайте также:
  1. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  2. D) ертикальды және горизонтальды
  3. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  4. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  5. II. Исследование В-системы иммунитета.
  6. Stty, tset командаларын тағайындау және сипаттау. Қатқыл дискімен жұмыс істеу командалары. /etc/passwd, /etc/shadow және /etc/group файлдары.
  7. Ағымдық және жедел жоспарлау
  8. Аңқа бұлшық еттерінің құрылысы.Физ-қ қасиеттері және қызметтік ерекшеліктері.
  9. Абілет және нышан
  10. Абсолютті және қатыстық шамалар

Дүниежүзілік микробиология тарихында орыс ғалымы Д. И. Ивановскийдің алатын орны ерекше. Ол XІX ғасырдың соңында темекі теңбілі ауруын зерттеп, ол аурудың қоздырғыштары бактериялардан да ұсақ тіршілік иесі екенін тапқан. Д. И. Ивановский ауруға шалдыққан жапырақты жуып, ол жуындыны бактерияларды сүзетін сүзгіден өткізгенде одан өтіп кеткен. Осы сұйықтықты темекіге жұқтырғанда, оның жапырағы қайтадан сарғайып, ауруға ұшыраған. Зақымданған темекі жапырағын үлкейткіш құралдармен тексергенде кристалдарбайқалған. Кейіннен 1935 жылы америкалық ғалым У. Стенли бұл кристалдардың темекі теңбілі вирустарының шоғырланған жиынтығы екенін тапты.[2]

XІX ғасырдың соңында Д. И. Ивановский ашқан өте ұсақ тіршілік иесінің вирустар екендігі дәлелденді.

Вирус [3] (лат. vīrus - «у») – тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан –кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр.

Вирустардың құрылысы мен іс-әрекетін темекі теңбілі ауруын мысалға алып қарастырайық. Темекі теңбілі вирусы темекі жапырағындағы хлоропластарды зақымдайды. Осының салдарынан жапырақ тақтасы бүрісіп, шиыршықтанады. Сонымен қатар тостағанша, күлте жапырақшалары да өзгереді. Темекі теңбілі вирусымен зақымдалған жапырақ 9-11 күннен кейін сарғая бастайды.

У. Стенлидің дәлелдеуі бойынша, темекі жапырағында вирус бөлшектері алты қырлы кристалл пішінді шоғыр түзеді.

Бактерияларды зақымдап, ерітіп (лизис) жіберетін вирустарды бактериофагтар деп атайды. Бұларды алғаш рет 1915 жылы Ф. Туорт сипаттап жазды. Кейбір бактериофагтың пішіні итшабаққа ұқсайды. Олардың денесі – басы, құйрығы және іші қуыс тармақталған базальді түтікшелерден тұрады. Вирусты сыртынан нәруыз қабаты қаптайды, ішінде ДНҚ немесе РНҚ болады. Басының мөлшері 40 нм, ал «құйрығының» ұзындығы 20-22 нм-ге тең. «Құйрығының» ұшы – нәруыз молекуласынан тұратын қуыс түтік.

Бактериофагтарды алғаш рет 1915 жылы ағылшын вирусологі және бактериологі Ф. Туорт сипаттап жазғандығы белгілі. Бірақ бұл тіршілік иесі ерте кезден зерттеле бастаған болатын. Мысалы, топалаңды қоздыратын бактерияларды ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1898жылы орыс микробиологі Н. Ф. Гамалея алғаш рет анықтаған. Іш сүзегі бактериясын ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1917 жылы канадалық бактериолог Д’Эрелль (Ф. д’Эрелль) байқаған.

Зерттеушілер осындай көзге көрінбейтін бактериялардың паразитін егжей-тегжей зерттеп жазды да, оларды бактерия «жеушілер» немесе «жалмаушылар» деп атады.

Бұдан кейінгі зерттеушілер басқа бактерияларды ерітіп жіберетін табиғатта көптеген бактериофагтардың бар екендігін анықтаған болатын. Олар ауру қоздырғыш бактерияларды ғана жоймай, пайдалы түрлерін де жояды. Бактериофагтар өндіріске, тамақ өнеркәсібіне және тағыда басқа көп зиян келтіреді. Мысалы, олар пайдалы сүт қышқылы бактерияларын ерітіп жіберіп, алынған сүт тағамдарының сапасын төмендетеді.

Вирус ұғымы 1899 жылы ғылымға алғаш рет голландиялық ғалым Мартин Бейеринк енгізді. 1935 жылы америкалық вирусолог Уэнделл Стэнли вирусты кристалл күйінде бөліп алды. Осы кристалдарды сау темекі өсімдігіне енгізгенде, ол теңбіл ауруымен ауыратынын дәлелдеді. 1898 ж. неміс ғалымы Фридрих Лефлер сиыр аусылының қоздырғышы аусыл вирусын, ал 1911 жылы америкалық ғалым Фрэнсис Роус тауық саркомасының вирусын тауып зерттеді. Қазіргі кезде жылы қанды жануарларда ауру тудыратын вирустардың бес жүздей, ал өсімдіктерде үш жүздей түрі белгілі. Кейбір қатерлі ісік ауруын тудыратын вирустардың адам мен жануарларда вирустық микрофлорасы қалыптасады. Вирустардың пішіні әр түрлі (мысалы, таяқша, иілгіш жіпше тәрізді, сфералық, көп қырлы, тағыда басқа). Вирустың жасушадан тыс (вириондар) және жасуша ішінде тіршілік ететін топтары бар. Барлық вирустар шартты түрде жай және күрделі болып бөлінеді. Жай вирустар – нуклеин қышқылдары мен ақуызды қабықтан (капсид) тұрады; бұларға таяқша, жіп және сфералық формалары жатады. Күрделі вирустар – нуклеин қышқылы мен капсидтен басқа, липопротеидті мембрана, көмірсу және ферменттерден тұрады. Вириондардың мөлшері 15 – 350 нм (кейбір жіптәрізді вирустардың ұзындығы 2000 нм-ге жетеді); негізінен вирустарды тек электрондық микроскоп арқылы көруге болады. Вирус тек бір типті нуклеин қышқылынан (ДНҚ немесе РНҚ) тұрады. ДНҚ-да вирустардың молекулалық саны 106 – 200Һ106, ал РНҚ-дағы вирустардікі – 106 – 15Һ106 болады. Вирустардың көптеген жылдар бойы тіршілік ортасында әрекетсіз жата беру қабілеті бар. Олар дамуына қолайлы жағдай туғанда бірнеше минуттың ішінде көбейіп, өзіне тән қасиеттерін көрсете алады. Адам мен жануарларда жиі кездесетін вирусты көпшілігі 60ӘС-та қыздырғанда тіршілігін немесе ауру қоздырғыштық қасиеттерін жояды. Ал темекі теңбілінің вирусы 10 минут бойы 90ӘС-қа дейін, сары ауру вирусы отыз минут бойы 80ӘС-қа дейін қыздырғанда ғана тіршілігін жояды. Вирус ультракүлгін сәулелер мен химиялық заттарға (қышқыл, сілті) төзімді келеді. Тотықтырғыш заттар вирустың белсенділігін жояды, ал барлық тотықсыздандырғыш заттар олардың тіршілігіне қолайлы келеді. Мысалы, полиомиелит вирусы фенолдың 0,5%, күкірт қышқылы аммонийдың 50%-дық ерітіндісінде сақтала береді. Ал тотықтырғыштарда, мысалы, сутек асқын тотығы немесе марганецқышқыл калий (1%) ерітіндісінде олар тіршілігін тез жояды. Вирус көбеюі бес сатыға бөлінеді: жасушаға ену; жасушада вирус нуклеин қышқылының құрылуын қамтамасыз ететін ферменттердің түзілуі; вирус құрылым бөлшектерінің жиналуы; одан вирионның түзілуі; ересек вирустың жасушадан шығуы. Вирус бактериялар клеткасына жасуша қабырғасы арқылы өтсе, жануарларда жасуша мембранасы арқылы адсорбцияланады. Өсімдіктерге вирус тек қана жасушаның зақымдалған жерінен ғана ене алады. Бір жасушаны «іштей жеген» вирустар көршілес жасушаларға ауысып, барлық организмді зақымдап, ауруға шалдықтырады. Вирустарды молекулалық биология зерттейді. Вирустар нуклеин қышқылдарының гендік қызметін ашу үшін (генетикикалық кодты анықтау) пайдаланылады. Компьютерлік вирус – компьютердегі мәліметтерді қасақана бүлдіру мақсатында жазылған арнаулы шағын бағдарлама. Ол өзінен-өзі (автоматты түрде) басқа бағдарламалардың соңына немесе алдына қосымша жасырын жазылып, оларды бүлдіруге кіріседі. Кейіннен дискідегі немесе желідегі мәліметтерді тасымалдау, көшіру кезінде, мәліметтерге ілесе отырып, басқа компьютерлерге «ауру жұқтырады». Мұндай зақымданған бағдарламаны пайдаланғанда зиянды іс-әрекеттер байқалады (мысалы, дискідегіфайлдардың орналасу тәртібі бұзылады; кейбір бағдарламалар жұмыс істемей қалады; экранға әдеттегіден тыс бөтен символдар шығады; компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды; көптеген файлдардың бүлінгені не жоғалып кеткені байқалады, тіпті компьютердің қатты дискісін қайта форматтап шығады). Қазіргі кезде компьютерлік вирустардың жүз мыңдаған түрлері белгілі. Компьютердегі вирустарды анықтап, оларды жою үшін арнайы антивирустық (вирустарға қарсы) бағдарламалар қолданылады.Оларды дақылдау үшін 3 әдіс қолданады. 1. Жасуша дақылында. 2. Тауық эмбрионында. 3. Жануарлар организмінде. Вирустардың облигатты паразитизмнің себебеі оларда жасушалық құрылым мен меншікті зат алмасу процесі болмайды. Дақылдау әдісін таңдау вирустың мақсатына байланысты

Вирусқа қарсы иммунитет (арнайы және арнайы емес). Химиялық препараттармен вирусты жұқпалы ауруларды емдеу

 

Жоспары:

 

1. Организмнің жалпы қорғаныс – иммунологиялық жүйесінің сипаттамасы.

2. Иммунитеттің туа біткен және жүре пайда болған түрлеріне сипаттама.

3. Иммунитеттің арнайы және арнайы емес факторларына сипаттама.

4. Вирусты аурулардың емдеуінде қолданылатын химиялық препараттардың сипаттамасы.

 

Адам және мал организмінде түрлі вирустар кездеседі. Соған орай организмде сол вирустарға қарсы арнайы қорғаныс механизмдері пайда болады.

Вирусқа қарсы иммунитеттің негізгі қызметі – организмге енген вирустарды тауып алу және организмді сол вирустан, олардың антигендерінен және вирус зақымданған жасушалардан тазарту.

Осы қорғану қызметі организмнің иммунологиялық жүйесінің және иммунитетке жауапты жасушаларының арқасында іске асады. Сонымен бірге, организмде арнайы емес қорғаныс факторлары да бар (ингибиторлар, интерферон, комплемент т.б.). Олар да вирустың көбеюі мен организмге таралуына кедергі жасайды. Бұл факторлар арнайы механизмдерден бұрын іске асады.

Сонымен қатар, организмде басқа вирустарға қарсы анатомиялық-физиологиялық кедергілер де бар. Олар инфекцияның ең алғашқы басталу кезінде организмге вирусты енгізбеуге тырысып, вирустармен бірінші рет кездеседі (тері, кілегейлі қабықшалар, гормондар және т.б.).

Вирусқа қарсы арнайы иммунитет пен табиғи сақтану механизмдері өзара өте тығыз байланыста болады және бір-бірінің қызметін ұлғайтады. Тек осындай жағдайда ғана олар ең негізгі мақсаттарын – организмде вирустардың сезімтал жасушаларда көбеюіне кедергі жасап, вирустарды жояды.

Вирусқа қарсы иммунитеттің бактерияға қарсы иммунитеттен ерекшеліктері бар. Ол ерекшеліктері вирустардың табиғатына байланысты. Себебі вирустар тек тірі жасуша ішінде ғана тіршілік ететін бөлшектер.

Вирустар қоздыратын аурулар өте күрделі. Бұлар бүкіл организмді түгел қамтитын процесс болып саналады және өзіне тән зардабы, өту жолдары, айығу мүмкіндіктері бар. Осыған сәйкес вирусқа қарсы иммунитет те өзара байланысқан біртұтас процесс болып есептеледі.

Вирустық инфекцияларға қарсы қорғаныс механизмдері белгілі бір заңдылыққа бағынады да, ол механизмдер организмде болатын өзгерістерді ұлғайтпай, вирустарды жоюға, олардың биологиялық қасиеттерін жойып, организмнің ішкі ортасының тепе-теңдігін сақтауға арналады.

Соған орай вирусқа қарсы тұрудың екі түрін ажыратады:

1. Вирусқа табиғи немесе туа біткен түрге және генетикалық қасиетке сәйкес төзімділік (невосприимчивость, иммунитет). Ол жағдай туа біткен қасиетке немесе өсе келе организмнің белгілі бір ауруға қарсы тұрарлық қасиетіне сәйкес келеді. Көрсетілген екі жағдайда да организмде вирус өсіп-көбейе алатын жасушалар болмайды немесе фагоцитоздың, ингибиторлардың арқасында организмде вирусқа қарсы тұрарлық жағдайлар жеткілікті болады. Мысалы, адам ірі қара малдың обасымен немесе тауқтардың тырысқағымен ауырмайды. Керісінше, тауықтар адамның тырысқағымен, жануарлар адамның күл, сал ауруларымен ауырмайды.

2. Жүре біткен төзімділік (невосприимчивость, иммунитет) - организм ауырып жазылғаннан соң немесе қолдан егудің арқасында пайда болады. Тұмау (ортомиксовирустар тудыратын) немесе парамиксовирусты аурулар (парагрипп, РС-вирус) - тыныс алу жолдарының зақымдауымен өтетін аурулардан соң 2-3 жылдарға созылатын арнайы иммунитет пайда болады. Ал, қызылша немесе ұшпа мен ауырғаннан соң пайда болған арнайы иммунитет өмір бойы сақталады. Осы жолмен пайда болған иммунитетті - жұқпадан соң пайда болған иммунитет деп атайды (постинфекционный). Егулерден соң пайда болатын иммунитет де арнайы болып табылады. Егу үшін тірі немесе өлтірілген вакциналар қолданылады. Ол вакциналардың құрамында вирустардың өзі немесе олардың превентивтік антигені (француздың preventif – алдын алу, сақтандыру, ескерту деген сөздерінен шыққан). Егулердің арқасында пайда болған иммунитетті – егулерден соң пайда болған (поствакцинальный) иммунитет деп атайды. Егулерден соң пайда болған иммунитет бірнеше жыл немесе өмір бойы сақталады. Пайда болған иммунитет организмдегі арнайы және арнайы емес қорғаныс факторларына тығыз байланыста болады.

Вирусқа қарсы иммунитетті зерттеу тарихы И.И.Мечниковтің (фагоцитоздың басты ролі туралы), П.Эрлих пен Э.Берингтің (арнайы антиденелер ролі туралы) аттарына тығыз байланысты.

Сонымен, вирусқа қарсы болатын қорғаныс механизмдерін екіге бөлуге болады:

І. Иммунитеттің арнайы факторлары: гуморальдік және жасушалық

1. гуморальдік факторлары – вирусқа қарсы гуморальдік факторлар В-лимфоциттерге тығыз байланысты. В-лимфоциттер өзгере келіп плазматикалық жасушаларға айналады, ал ол жасушалар вирусқа қарсы антиденелерді бөліп шығарады. Адам мен жануарлар қан сарысуында болатын арнайы антиденелер – иммунитеттің гуморальді факторы арқылы болуының көрсеткіші болып табылады. Сонымен бірге, көптеген вирустарға қарсы жергілікті иммунитет болады. Мысалы, тұмау ауруында, парагриппте және басқа тыныс жолдарының кілегейлі қабықшасының иммунитетіне байланысты болады, ал ішек ауруларында – ішектің кілегейлі қабықшасының иммунитетіне байланысты болады. Мұндай жағдайларда иммунитет ұзаққа созылмайды. Вирустардың көпшілігі антигендер болып табылады, сондықтан олар организмде өздеріне сәйкес иммунологиялық өзгерістер тұғызады, соның нәтижесінде антиденелер – арнайы иммуноглобулиндер пайда болады. Жасушада иммуноглобулиндер ДНҚ – РНҚ әсерінен пайда болады. Осы жағдайда іске асыру үшін арнайы антигеннің әсері бар, демек, антиген организмге енген соң макрофагтардың әсеріне түседі де иммуногендік түрге енеді, содан соң макрофагтар мен Т-лимфоциттер В-лимфоциттерге хабар береді, ал В-лимфоциттер плазматикалық жасушаға айналады да вирусқа қарсы тән иммуноглобулиндерді бөле бастайды. Организмде табиғи ауырған кезеде немесе еккен кезде алдымен иммуноглобулиндердің М – класы пайда болады, оларды «алғашқы» антиденелерге жатқызады. Содан соң иммуноглобулиндердің А класы пайда болады. Оларды кілегейлі қабықшаның В-лимфоциттері бөледі. Бұл антиденелер вирустарды тыныс жолдарының кілегейлі қабықшаларында жояды және жергілікті иммунитет тұғызады. Соңынан антиденелердің G – класы пайда болады. Олар вирусқа қарсы гуморалді жолы арқылы болатын арнайы иммунитеттің көрсеткіші болып табылады.

2. жасушалық факторлары - вирусқа қарсы иммунитеттің жасушалық факторлары Т-лимфоциттерге, макрофагтарға байланысты болады. Т-лимфоцит жасушаға жабысқан немесе цитоплазма мембранасына енген вирус ақуыздарын таниды. Вирустардың организмге енуінің арқасында Т-лимфоциттердің өзгеруі басталады. Т-лимфоциттер бөліп шығаратын интерлейкин-2 арқылы Т-киллердің көбеюіне әсер етеді, ал Т-киллерлер арнайы рецепторлар арқылы вирус зақымдаған жасушаларды тауып, оларды өлтіреді. Сонымен қатар, лимфа түйіндегі макрофагтар вирусты тауып алып, оларды «қорытады», ол үшін лизосомальдік ферменттер қолданылады. Осындай қорытылған иммунологиялық түрде вирус антигендерін Т-, В-лимфоцитке ұсынады. Демек, макрофагтар антигендердің түрін, санын белгілейді, содан соң оларды Т-, В-лимфоциттер танып алады. Бірақ, кейбір вирустар макрофагтың ферменттеріне төзеді де, макрофагтың ішінде өсіп көбейе береді.

 

ІІ. Организмнің арнайы емес қорғаныс факторлары да гуморалдік және жасушалық деп екіге бөлінеді:

1. Гуморальдік факторларына - ингибиторлар жатады, оның ішінде:

α-ингибиторлар – біркелкі тұрақты мукопротеидтер, вирустардың қан түйіршектерін біріктіретін қасиетін жояды;

β-ингибиторлар - температураға шыдамайтын липопротеидтер, көп вирустарды жоятын қасиеті бар (тұмау вирусын, арбовирустарды);

γ- жоғары температураға шыдайтын гликопротеидтер, 100º С сақталады. Тұмау вирусынан сақтандырады.

Комплемент – антиген-антидене комплексі иммуноглобулиннің Fc-фрагментімен комплементтің белгілі компоненттеріне косылып комплекс құрады. Ол комплекс фагоцитоз, иммунологиялық жабысу процестерін күшейтеді. Комплемент антиденелермен бірігіп кейбір вирустарды, вирус енген жасушаны ерітеді.

Пропердин - комплементтің қызметін фагоцитозды күшейтеді, жасушаны ерітеді.

2. Жасушалық арнайы емес қорғаныс факторлары - осындай негізгі факторлардың бірі – вирус енген жасушаның интерферон бөліп шығаруы. Интерферон вирусқа қарсы арналған агент емес, ол тек жасушада вирусқа қарсы жағдай жасауға көмектеседі. Негізінде, барлық вирустар интерферон пайда болуына әсер етеді. Интерферон фагоцитозды күшейтеді, жасушаның өсіп көбеюін, яғни бөлінуін тежейді. Осы қасиеті қатерлі ісіктердің жасушалырының өсірмеу үшін қолданылады.

Организмді қорғаудың жасушалық факторлары ретінде гранулоциттердің – эозинофил, базофил, нейтрофильдерді айтуға болады. Эозинофильдер антиген-антидене комплексін жұтып қояды. Базофилдер – вирусқа қарсы қасиеті бар заттар – гистамин, гепарин және т.б. шығарады. Нейтрофильдер – ұсақ вирустарды жұтып, өз лизосомальдық ферменттері арқылы ерітеді.

 

Вирусты ауруларды химиялық препараттармен емдеу.

Химиялық препараттардың әсер ету механизмі – вирустардың репродукциялануының жекеленген кезеңдерін (пенетрация, депротеинизация, вирус геномының транскрипциялануы, вирустық РНҚ, ДНҚ және ақуыздардың синтезделуі және т.б.) таңдамалы түрде тоқтату. Әсеріне байланысты олар бөлінеді келесі топтарға:

- ДНҚ-полимеразаны ингибирлейтіндер: видарабин, цитарабин, фосфонацетат ж.б.;

- Вирустық тимидинкиназамен іріктеп белсенділейтіндер: ацикловир, ганцикловир, фамцикловир;

- Кері транскриптазаны ингибирлейтіндер: азидотимидин, диданозин, ламивудин, залцитабин, зидовудин ж.б.;

- АИВ протеазасын ингибирлейтін: индинавир сульфаты, нелфинавир, ритонавир, саквинавир.

- Кең спектрлі әсер ететін препараттар: рибавирин, трифлюридин.

 

Казіргі кезде интерферон препараттары кең қолданылады. Активті компоненті бойынша α-, β-, γ-ға бөлінеді. Жасалған уақытына және қолданылуына байланысты бөлінеді – адам лейкоциттерінен алынған табиғи интерферондар – бірінші буын: альфаферон(адам лейкоциттарынан алынған интерферон, эгиферон, вэлферон, лейкинферон);

бетаферон (адам фибробластынан алынған интерферон, ребиф, ферон);

гаммаферон (адамдардан алынған иммунды интерферон);

рекомбинантты интерферондар – екінші буын, биотехнологиялық әдістердің көмегімен алынған: α 2а, 2б, 2с – реаферон, интрон-А, берофор; β – авонекс, фрон; γ – гаммаферондар.

Интерферондар вирустық ақуыздардың синтезделуін және олардың репродукциялануының басқа кезеңдерін тосқауылдай отырып, айқын антивирустық әсер етеді. Сонымен қатар, иммуноциттерге (Т-лимфоциттер, моноциттер, макрофагтар т.б.) белсенді әсер етеді және гистосәйкестіктің басты комплексінің І және ІІ кластық мембрандық антигендерінің экспрессиясын күшейтеді.

Жедел (тұмау, жедел сары ауру) және созылмалы (сары аурулар, АИВ, папиломавирустық) вирустық ауруларды емдеуінде қолданылады.

 

 

Қолданылған әдебиет:

 

1. Жалпы вирусология. Ш. Мырзабекова. // Алматы. – 1994. – 176 бет.

2. Жалпы және жеке вирусология. А.Ә.Стамқұлова, К.Құдайбергенұлы, Б.А.Рамазанова.// Алматы. – 2010. – 380 б.

3. Лурия С. Общая вирусология. М. – 1981. – 680с.

4. Л.Б.Борисов. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология. //Москва. – МИА. – 2005. – 736с.

5. Жданов В.М. Эволюция вирусов. // Москва. – Медицина. - 1990.- 376с.

6. Вирусология (в трех томах) под ред. Б.Филдса, Д.Найпа (пер. с англ.) // Москва. – «МИА». – 2005. – 736с.

7. Молекулярные основы патогенности вирусов. А.Г. Букринская, В.М.Жданов. // Москва. – Медицина. – 1991. – 256с.

 

Бақылау сұрақтары:

 

1. Табиғи немесе туа біткен төзімділікке (иммунитет) сипаттама, мысалдар келтіріңіз.

2. Жүре пайда болған иммунитеттің жолдары.

3. Иммунологиялық жүйе деген не және ол қандай ағзалардан тұрады?

4. Не себепті Т-, В-лимфоциттерді, макрофагтарды иммунитетке жауапты жасушалар деп атайды?

5. Жергілікті қорғаныс қызметін атқаратын иммунды жасушаларды сипаттаңыз.

6. Арнайы антиденелердің пайда болу жолын көрсетіңіз.

7. Жұқпадан және егуден соң пайда болатын иммунитеттің ұзақтылығы, мысал келтіріңіз.

8. Арнайы емес қорғаныс факторалына жататын ақуыздарды сипаттаңыз.

9. Интерферон деген не, оның негізгі қызметі?

10. Химиялық дәрілердің әсерлеріне сипаттама беріңіз.

11. Қандай аурулардың емдеуінде қолданылады?




Дата добавления: 2014-12-15; просмотров: 343 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Вирустар| Описание заработка

lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.017 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав