Читайте также:
|
|
Паразиттер дегеніміз патогенді жан иелері. Олар бәреудің организмін қоректік орта ретінде пайдаланып, сонда өмір сүреді. Осының салдарынан «иесінің» организмі зақымдалады. Бұл аурулар терапиялық емді талап етеді,бірақ кейбір паразиттердің қатты асқыну салдарынан хирургиялық ем талап етеді. Адам организміне зиянды әсер беретін паразиттердің төрт тобы белгілі.
1. Трематодтар н\е соратын құрттар \глисты/. Бұлар субтропикалық, тропикалық аймақтарда кездеседі.олар көбіне АІТ, бауыр, өкпе, урогенитальды жүйенің ауруларына алып келеді.
2. Цестодтар н\е таспа құрттар. Бұлар дұрыс қуырылмаған,піспеген еттен, балықтан, н\е жануарларды күткеннен ағзаға түседі. Олар бүкіл организмді зақымдайды.
3. Нематодтар н\е жіпті құрттар. Бұлар тропиктік аймақтарда кездеседі. Көбіне аскаридалармен, острицалармен жиі зақымданады.
4. Акантоцефсшылар н\е сыртқы паразиттер. Теріде ж\е тері асты тінінде қабынулық ж\е ойық жаралық процесстерді туындатады.
Симптомдары:
1. Эозинофилия. Бұның дәрежесі паразиттің табиғатына байланысты. Аскаридамен, острицамен зақымдалғаннан кейін эозинофилия тез жойылады, бірақ паразиттер организмде қала береді. Эозинофилия аллергиялық жағдайдың белгісі б/т. Көрінісі: бөртпе, мұрындағы қышулар, ангионевротикалық ісіну, бас ауруы, ішектердің шырышты қабатының қабынуы, іш өту, бауырдың ұлғаюы.
Өкпедегі эофинофилия кезінде науқастан құрғақ жөтелге,әлсіздікке, жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуіне, дене температурасының жоғарлауына, кеуде клеткасының ауырсынуына шағымданады.
2. Құрттардың токсикалық заттардың өндіруі. Бұл заттар АІТ бұзылыстар, іш өті, құсу, дисменорея, бронхитті шақырады. Өкпеде эозинофильді инфильтраттар п.б.
3. Құрттардың иесі организмінен қоректік заттарды сіңіруінен жалпы жағдайының нашарлауы, анемия, салмағының жоғалтуы болады.
4. Ағзада гельминттер болған кезде жедел кезеңде: қызба, тері аурулары, бұлшық ет буындық синдром, ісіктік синдром, өкпелік синдром, абдоминальды синдром, қандағы гиперэозинофилия. Созылмалы кезеңінде: ішкі мүшелердегі қабынулық аурулар, интоксикация, аллергозы, ісіктер, иммунотапшылық. Жедел жәрдем керек жағдайлар: аллергиялық реакция, аскаридалармен асфиксия, өкпе ісінуі, эмболия, тамырлар тромбозы, жүрек қан тамыр жүйесінің аурулары.
Диагностикасы: спорадикалық зақымдалу кезінде диагнозды қою қиынға соғады. Паразиттердің жұмыртқаларн анықтау үшін қан, нәжіс, зәр, қақырық анализін тапсыру керек. Паразиттер әртүрлі антигенді қасиетке ие, сондықтан серологиялық әдіспенде тексеру керек. Комплементтердің байланысу реакциясына қарай эхинококкоз, шистосомиаз, трихиноз, филариазитті анықтауға болады.
Тағы да морфологиялық, рентгенологиялық,УДЗ, биопсия жүргізуге болады.
Емі: паразитарлы аурулар үшін құртаудаушы препараттар тағайындалады. Хирургиялық ем медикаментозды емді толықтырады н\е өзіндік ем ретінде қолданылады. Оперативті ем паразиттерді жою ж\е тінді қалпына келтіруге бағытталады.
Дата добавления: 2014-12-15; просмотров: 208 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |