Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Демократиялық қоғам белгілері

Читайте также:
  1. D) Басқа заттардан айыруға болатын белгілері
  2. Азақстан Республикасының конституциялық қоғамдық құрылымы.
  3. Андай философиялық теория қоғамдағы әлеуметтік айырмашылықтарды зерттеуге көмектеседі?A) әлеуметтік стратификация теориясыALMAT
  4. Гендерлік тіл: әйел тілі мен ерлер тілі. Олардың қоғамдағы рөлі
  5. Жеке мүддені көздеген индивидтер қоғам мүддесін жүзеге асырады
  6. Информациялық қоғам философиясы
  7. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ: МӘНІ, СИПАТТЫ БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
  8. Конституциялық құқық мемлекеттік және қоғамдық қатынастарды мынадай әдістер
  9. Лттық экономикалық жүйе қоғамдық өндірістің динамикалық өсіп

Демократиялық қоғамның белгілерін экономикалық, саяси, рухани, әлеуметтік салаларына қарай бөлуге боладыСаяси пікірдің әр алуандығы;Көппартиялылықтың болуы;Демократиялық сайлау жүйесінің болуы;Құқықтар мен бостандықтар туралы заңдардың болуы;Оларды іс жүзінде қолдану;Қоғамдық ұйымдар жүйесінің болуы;Саяси өмірге қатынасу мүмкіндігінің болуы;Оппозицияның болуы;Әлеуметтік саладаЖеке адамның әлеуметтік қорғалуы;Азаматтардың әкімшілік тарапынан болған әділетсіздіктен қорғалуы;Жеке адамның және оның мүліктерінің қылмыстық элементтерден қорғалуы;Материалдық және рухани игіліктердің әділетті бөлінісінің болуы;Білім, дәрігерлік көмек пен әлеуметтік қамсыздандырудың сапасы мен оған еркін қол жеткізу;ДЕмократия' теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады. Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек. Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.[1]

Демократия ұғымы. Демократияның белгілері.

Демократия ұғымы. Оның анықтауына негiзгi жолдар.Демократия деген сөз гректің «демос» - халық және «кратос» - билік деген сөздерінен тұрады, яғни халық билігі деген мағынаны білдіреді.Қазір бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады: 1)мемлекеттің тұрпаты (типі) мен жалпы саяси жүйесі; 2) мүшелерінің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез келген ұйымның ұйымдастырылу түрі; 3) қоғамдық құрылымның мұраты (идеалы) және соған сәйкес көзқарастар. Демократиның көпшілік таныған бірыңғай анықтамасы жоқ. Әр дәуірдегі ойшылдар оны әр түрлі түсінген. Оның үстіне әр түрлі елдерде олардың ұлттық, тарихи және т.б. ерекшеліктеріне байланысты демократия сан түрлі рең алуы мүмкін. Дегенмен, демократиялық мемлекеттердің көп түрлілігіне қарамастан, олардың ортақ белгілері болады. Ондай белгілерге төмендегілер жатады.1. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы саналуы. Ол мемлекете ұйымдастырушы, конституциялық биліктің халыққа тән екендігіне көз жеткізеді.Ол жоғары органдарға өз өкілдерін сайлайды және жүйелі түрде ауыстырып отырады. Бірталай мемлекеттерде халықтың бастамасымен және референдум арқылы заңдар жетілдіріледі және қабылданады. Сондықтан АҚШ-тың төртінші президенті А.Линкольн демократияға «халық үшін халық сайлаған халық билігін» жатқызды. 2. Халық билігін орнату үшін оған жағдай жасау керек. Ондай жағдай теңдік болған жерде ғана болады. Б.з.б. Ү ғасырда өмір сүрген гректің атақты тарихшысы Геродот сол кездің өзінде демократия деп теңдікке негізделген мемлекеттік айтады деген болатын. Теңдік барлық салада – халық жиналысында, мемлекеттік істерге қатысуда, заң шығаруда, оны орындауда және т.т. болуға тиіс. 3. Табиғатына, әлеуметтік, саяси, мәдени және т.с.с. ерекшеліктеріне байланысты адамдар әр түрлі болды. Солардың бәрін қалай теңдестіруге болады? Ол үшін заң, құқық алдындағы теңдік болуы керек. Заң және құқық – жалпы және барлығына бірдей қоғамдық және саяси өмірдегі демократиялықтың негізі және қорғаушысы. Олар қоғамдағы қатынастарды реттейді, жүріс-тұрыс, іс-әрекеттер ережелерін орнатады. Қажетті деген іс-әрекеттерге рұқсат етеді. Ол тәртіптерге қайшы келген іс-әрекеттерге тыйым салады, оларды бұзғандарды жазалайды. Бірақ қоғам біреулерге рұқсат етілгенді екіншілерге рұқсат етпеуі, біреулерге басымдық беріп, басқаларға қысым көрсетуі мүмкін. Билік иелері (күштілер, байлар, ақсүйектер) заң мен құқықты өз мақсаттарында пайдаланғылары келеді. Сондықтан құқықтық теңсіздікті болдырмау керек. Оны қалай жасауға болады? 4. Оның кепілі – әділеттілік. Әділеттіліктің де бірыкғай ұғымы жоқ. Ол жөнінде әр түрлі тарихи дәуірлерде әр қоғамның өзіндік түсінігі болады. Мысалы, алғашқы қауымдық қоғамда қарт, ауру адамдарды өлтіру әділеттілікке жатты. Инквизацияны жақтаушылар үшін діннен безгендерді тірідей отқа жағу – әділетті іс. Кеңес заманында еріксіз ұжымдастыру барысында қазақ халқының жартысына жуығы қырылып, біразы босып кетті. 1986 жылы желтоқсанда жастарды қырғынға ұшырату біреулерге әділетті көрінді. Әйтпесе, сол жазалаушылар жазасын алулары керек емес пе? Сайып келгенде, әділеттілік қоғамдық қатынастармен, қоғамдағы саяси құрылыспен, оның мемлекеттілігінің тұрпатымен, саяси мәдениетінің дәрежесімен айқындалады. 5. Ал қазақ жастары болса желтоқсан көтерілісінде бостандық, еркіндік үшін алаңға шыққан болатын. Бұл – демократияның бесінші белгісі. Қазақ халқы еркіндікке жету үшін ғасырлар бойы күрессе, адамзат қоғамына демократияны шектейтін, теңдік пен әділдікті бұзатын, қанаудың, тәуелділіктің барлық түрлерінен азат етілу үшін мыңдаған жылдар бойы күресуіне, реформалар, революциялар, өзгерістер жасауына, сан рет жеңілуге, жеңіске жетуге тура келді. Теңдікке, әділеттілікке, еркіндікке, демократияға, олардың принциптеріне сәйкес өмір сүруге үйрету және үйрену керек. Құқық пен заң адамды күйзелу, қорқыныш, заңсыздықтан құтқаруға міндетті. Сайып келгенде, осының бәрі еркіндік, бостандыққа байланысты.

47.Демократия – бұл …

Демократия деген сөз гректің «демос» - халық және «кратос» - билік деген сөздерінен тұрады, яғни халық билігі деген мағынаны білдіреді.Қазір бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады: 1)мемлекеттің тұрпаты (типі) мен жалпы саяси жүйесі; 2) мүшелерінің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез келген ұйымның ұйымдастырылу түрі; 3) қоғамдық құрылымның мұраты (идеалы) және соған сәйкес көзқарастар.

ЖЖЖЖЖ

63 Жан жак Руссоның саяси көзқарастары.Руссо Жан Жак (1717-1778) - "Қоғамдық келісім туралы" еңбектің авторы. Негізгі идеясы - халық егемендігі. Қоғамдық келісім негізінде ортақ ерік жатыр. Мінеки, осы ортақ ерікпен бағытталатын билікті ол егемендік деп атаған. Мемлекеттегі егеменді биліктің бөлінуін қолдамады. Руссо пікірінше, заң шығарушы билік тікелей егеменді халықтың өзімен іске асырылады. Ал атқарушы билік егемендіктің шешімі бойынша қол астындағылармен байланыс үшін құрылады. Атқарушы билік кімге тапсырылды соған байланысты биліктің түрлерін бөлген: демократия, аристократия, монархия. Географиялық фактор рөлін көрсеткен: демократиялық басқару кішігірім мемлекетте; аристократиялық басқару орта, монархиялық басқару үлкен мемлекетке тән. Табиғи жағдайда барлық адамдар тең және еркін, тек бір теңсіздік - адамдардың денсаулығы мен жасына байланысты. Қоғамдық теңсіздік жеке меншіктің пайда болуымен байланысты. Мемлекет пен құқық осы жеке меншіктің нәтижесі. Руссоның демократия теориясы көбінесе қатысу теориясы болып табылады.Руссо пікірі бойынша, демократия - мемлекеттік тетік қана емес, сонымен қатар адамдарды жетілдіру, олардың мүмкіндіктерін дамыту. Руссоның теориясы кішігірім меншігі бар ұсақ шаруалардан құралған квазидәстүрлі қоғамның идеалды жобасына бағытталған

68 Жергілікті өзін-өзі басқару — мемлекеттегі белгілі бір әкімшілік-аумақтық бөлік тұрғындарының және оның сайланбалы органдарының жергілікті істерді басқару жөніндегі дербес қызметі. Қазақстан Республикасы Конституциясының (1995) “Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару” туралы 8-бөлімінде жергілікті өкілді органдардың сипатына, мақсатына және құрылу тәртібіне қатысты жалпы ережелер белгіленген. Осы бөлімнің 89-бабы бойынша, “Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді жергілікті тұрғындардың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғындар тікелей сайлау жолымен, сондай-ақ, адамдар жинақы тұратын аумақты қамтитын ауылдық және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет тәртібін заңда көрсетілген шекте азаматтардың өздері белгілейді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне олардың заңмен белгіленген өкілеттігі шегінде кепілдік беріледі. Мемлекет олардың қызметін және олардың өкілеттігінің шегін заңдылық деңгейінде тек жалпы шеңберде белгілейді. Басқа жағдайларда өзін-өзі басқару органдары мәселені дербес шешеді. Сондықтан жергілікті жерлерде мұндай органдардың құрылуы тек атауы бойынша ғана емес, бағыты, нысаны, қызмет тәртібі, кірістердің қосымша көздері, әкімдермен, мәслихаттармен өзара қатынас тәсілдері бойынша да әр түрлі болуы мүмкін. Жергілікті өзін-өзі басқару қызметі әрбір мемлекеттің өзінің ішкі ерекшеліктеріне қарай қалыптасады. Әлемде, негізінен, жергілікті өзін-өзі басқарудың англосаксондық француздық, кеңестік үлгілері қолданылады

107. Жан жак Руссоның саяси көзқарастары.Руссо Жан Жак (1717-1778) - "Қоғамдық келісім туралы" еңбектің авторы. Негізгі идеясы - халық егемендігі. Қоғамдық келісім негізінде ортақ ерік жатыр. Мінеки, осы ортақ ерікпен бағытталатын билікті ол егемендік деп атаған. Мемлекеттегі егеменді биліктің бөлінуін қолдамады. Руссо пікірінше, заң шығарушы билік тікелей егеменді халықтың өзімен іске асырылады. Ал атқарушы билік егемендіктің шешімі бойынша қол астындағылармен байланыс үшін құрылады. Атқарушы билік кімге тапсырылды соған байланысты биліктің түрлерін бөлген: демократия, аристократия, монархия. Географиялық фактор рөлін көрсеткен: демократиялық басқару кішігірім мемлекетте; аристократиялық басқару орта, монархиялық басқару үлкен мемлекетке тән. Табиғи жағдайда барлық адамдар тең және еркін, тек бір теңсіздік - адамдардың денсаулығы мен жасына байланысты. Қоғамдық теңсіздік жеке меншіктің пайда болуымен байланысты. Мемлекет пен құқық осы жеке меншіктің нәтижесі. Руссоның демократия теориясы көбінесе қатысу теориясы болып табылады.Руссо пікірі бойынша, демократия - мемлекеттік тетік қана емес, сонымен қатар адамдарды жетілдіру, олардың мүмкіндіктерін дамыту. Руссоның теориясы кішігірім меншігі бар ұсақ шаруалардан құралған квазидәстүрлі қоғамның идеалды жобасына бағытталған

126. Жалпылық мемлекеттің белгісі ретінде...... білдіреді.

.Мемлекет – саяси жүйенің басты элементі, оның негізгі ұйымы. Ол – керек кезінде арнаулы күштеу органдарын пайдалана отырып, оз аумағында тұратын адамдардың мүддесін қорғауға тиіс және соған орай олардың арасындағы арақатынастарды құқықтық ережелер арқылы реттейтін қоғамдық механизм.Мемлекет алғашқы қауымдық қоғамда болған жоқ. Ол құл иеленушілік қоғамда дүниеге келді. Оның пайда болуы және мәні жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Солардың ішінде ең кең тарағандары мыналар:Теологиялық теория,патриархтық теория, қоғамдық келісім теориясы, «зорлық жасау» теориясы, географиялық теория, психологиялық теория, Марксистік теория:Қазіргі шетелдік зерттеушілер мемлекеттің мәні таптық күресті бітістіруде, татуластыруда деп біледі. Оған барлық халықтың, ұлттың мүддесіне сай келетін қоғамдық тәртіпті жасайтын ұйым, құрал ретінде құрайды. Қоғамға қауіпті әлеуметтік шиеленістерді асқындырмауға тырысып және оларды бейбіт саяси жолмен шешу үшін мемлекет негізгі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға белсене араласып, ортадағы әділ төреші болуы керек дейді.

128. Жаһандану, ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш. Global — әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген (1983 жылы) америкалық экономист Т.Левита. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”, “ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді. 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдік тәртіп үшін жаҺандық инфрақұрылым құру идеясы алғаш рет 20 ғасырдың 40 — 50-жылдары АҚШ-тың зерттеу орталықтары: Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесте (ХҚК), “Рэнд” корпорациясында, Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығында (СХЗО), Психологиялық стратегиялар басқармасында (ПСБ) тұжырымдалды. Жаһандану ұғымы, жалпы алғанда, әлемдік өркениеттің аса маңызды өлшемдерінің жалпыадамзаттық өлшемге ие болуы деп түсіндіріледі. Қоршаған орта, түпкі ресурстар (энергия, су, азық-түлік), демография, көші-қон толқындары, есірткі тасымалы, халықаралық терроршылдық проблемалары жекелеген елдер күшімен шешілуі мүмкін емес. Ақпараттық төңкеріс бұл проблемалардың жаҺандық өлшемге ие болуына ықпал етті. Зерттеушілер Жаһандануды әр текті, бірақ әлемнің біртұтастыққа айналу логикасымен біріктірілетін өзгерістердің жиынтығы деп түсіндіреді.




Дата добавления: 2014-12-18; просмотров: 370 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав