Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ: МӘНІ, СИПАТТЫ БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

Читайте также:
  1. D) Басқа заттардан айыруға болатын белгілері
  2. АҚШАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ, МӘНІ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
  3. АДАМНЫҢ ЖАН ДҮНИЕСІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ КЕЛБЕТІ
  4. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  5. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  6. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
  7. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  8. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  9. АЗАҚСТАНДАҒЫ НЕКЕГЕ ТҰРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ЖӘНЕ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР.
  10. АСҚАЗАН ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ

 

Алғаш рет кәсіпкерлік және кәсіпкер терминін XVII ғасырдың аяғы XVIII ғасырдың басында ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650-1734ж.ж) енгізді. Р. Кантильон кәсіпкер деп тәуекелділік жағдайында пайда табу мақсатымен өндірісті ұйымдастыратын адамды түсінді.

А. Смит «Халықтар байлығының табиғаты мен себебі туралы зерттеулер» еңбегінде кәсіпкер сипаттарына көп назар аударады. Ол кәсіпкерді өзінің коммерциялық идеясын өткізіп, пайда табу мақсатымен тәуекел ететін меншік иесі деп сипаттайды. Кәсіпкер өндірісті өзі ұйымдастырады, оның нәтижесіне иелік етеді.

Кәсіпкерлік теориясының қалыптасуына өз үлесін қосқан тағы бір әйгілі экономист Ж. Б. Сэй болып табылады. Ж. Б. Сэй кәсіпкерлікке шаруашылық тиімділігін қамтамасыз ету мақсатымен өндіріс факторларын байланыстырушы экономикалық агент ретінде анықтама береді. Кәсіпкердің табысы, Сэйдің пікірінше, оның еңбегіне, өнімді өндіру мен өткізуді ұйымдастыру қабілеті үшін алатын сый-ақы болып табылады.

1934 жылы Йозеф Шумпетер кәсіпкерді жаңа технологияларды өңдеуші жаңашыл тұлға ретінде суреттейді. Ол кәсіпкерлік қызметін ең алдымен жаңалықтарды қолдану мен жаңа немесе ескі тауарларды жаңа әдіспен өндірудің әртүрлі мүмкіндіктерін қолданып, жаңа шикізат көздерін, өткізу рыноктарын аша отырып, өндірісті реформалау немесе түбірімен өзгерту деп есептеді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде кәсіпкерлік қызметке мынадай анықтама берілген. Кәсіпкерлік - меншік түріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызмет.

Кәсіпкерлік дамыған рыноктық экономикада кәсіпорын ұйымдарының, жеке кәсіпкерлердің жиынтығы ретінде келесідей қызметтерді атқарады: жалпы экономикалық, шығармашылық ізденіс (инновациялық), ресурстық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық қызмет.

Дамыған рыноктық экономикада жалпы экономикалық қызмет анықтаушы болып табылады, бұл кәсіпкерлік ұйымдар мен жеке кәсіпкерлердің рынок субьектісі ретіндегі рөліне негізделеді. Кәсіпкерлік қызмет тауар (қызмет көрсету, жұмыстарды орындау) өндіруге және оны нақты тұтынушыларға жеткізуге бағытталады. Кәсіпкерліктің дамуы экономикалық өсудің, жалпы ішкі өнім мен ұлттық табыс өсуінің басты шарты болып табылады.

Ресурстық қызмет- кәсіпкерліктің маңызды қызметтерінің бірі. Кәсіпкерліктің дамуы ресурстардың барлық түрін тиімді пайдалануды талап етеді. Кәсіпкер өз ісіне ғылыми-техникалық идеяларды, жаңалықтарды енгізіп, біліктілігі жоғары жұмыс күшін, ресурстарды тиімді пайдалана білсе жоғары табысқа қол жеткізеді.

Сонымен қатар кәсіпкерлік шығармашылық ізденіс қызметін де атқарады. Кәсіпкер қызметінде жаңа идеяларды қолданып қана қоймай, алға қойған мақсатына жету үшін жаңа құралдар мен факторларды жасауы қажет.

Рыноктық экономика жағдайында кәсіпкерлік әлеуметтік қызмет атқарады. Бұл қызмет адамдардың жаңа топтарының – дербес шаруашылық-экономикалық қызмет атқаруға тырысатын, өз ісін ұйымдастырып, қойған мақсатына жете алатын адамдардың қалыптасуынан көрініс табады.

Кәсіпкерлік ұйымдар неғұрлым тиімді қызмет етсе, олардың әртүрлі деңгейдегі бюджетке, бюджеттен тыс, әлеуметтік қорларға түсетін қаражаттары да соғұрлым көп болады. Сонымен бірге кәсіпкерліктің дамуы жұмыс орындарының санын көбейтеді, жұмыссыздық деңгейін төмендетеді, жалдамалы жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсартады.

Кәсіпкерліктің келесі бір маңызды қызметі – ұйымдастырушылық қызмет, бұл қызметке кәсіпкерлердің өз ісін ұйымдастыруда дербес шешім қабылдауы, кәсіпкерлік басқарудың қалыптасуы, күрделі кәсіпкерлік құрылымдарды құруы және т.б. жатады. Ұйымдастырушылық қызмет шағын және орта кәсіпкерліктің тез дамуынан, сондай-ақ ұжымдық кәсіпкерлікте айқын көрініс табады..

Кәсіпкерлікті шаруашылық қызметтің бір түрі деп қарастыра отырып, оның негізгі ерекше сипатты белгілерін бөлуге болады:

1. Шаруашылық субьектілерінің еркіндігі (өзінің қалауымен қызмет етуі) және тәуелсіздігі.

2. Пайда табуға бағытталуы.

3. Новаторлық және шығармашылық ізденісі.

4. Шаруашылықтағы нар тәуекелділігі.

Егер осы жоғарыда аталған белгілер экономикалық қызметке тән болса, оны толық негізбен кәсіпкерлік қызмет деп атауға болады.

Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің кез келген түрімен айналыса алады. Олар: шаруашалық өндірістік, сауда-көтерме сату, инновациялық, кеңес беру қызметтері, коммерциялық, делдалдық қызметтер және т.б.

Кез келген экономикалық қызмет ұдайы өндіріс процесінің сатыларымен (өндіріс- айырбас- бөлу- тұтыну) байланыста болатындықтан, кәсіпкерліктің өндірістік, коммерциялық, қаржылық, сақтандыру, делдалдық түрлерін бөліп қарастыруға болады.

Өндірістік кәсіпкерліктің негізін кез келген бағыттағы материалдық, интеллектуалдық, шығармашылық) өндіріс құрайды. Мұнда кәсіпкер фактор ретінде өзінің жеке немесе сатып алған құралдары мен еңбек заттарын, жұмыс күшін қолдана отырып, тұтынушыларға немесе сауда ұйымдарына сату үшін өнім, қызмет, ақпарат, рухани құндылықтар өндіруді ұйымдастырады.

Коммерциялық кәсіпкерлікте басты рөлді тауар-ақша, сауда-айырбас қатынастары атқарады. Мұнда бизнесмен басқа тұлғалардан сатып алған дайын тауарларды қайта сата отырып, саудагер немесе коммерсант рөлін атқарады. Коммерциялық кәсіпкерлік сауда мекемелері мен тауар биржаларында әрекет етеді.

Кәсіпкерліктің ерекше бір түрі- қаржылық кәсіпкерлік. Қаржылық кәсіпкерлік коммерциялық кәсіпкерліктің ерекше бір түрі ретінде несиеге ақша беру, шетел валюталарын, бағалы қағаздарды сату-сатып алу опреацияларымен айналысады. Сақтандыру кәсіпкерлігінің мәні кәсіпкер сақтанушыны кездейсоқ жағдайлардың нәтижесінде мүлікке, құндылықтарға, өмірге зиян келген жағдайда белгілі бір мөлшерде төлем төлеуге кепілдік береді. Қызметтің бұл түрін қаржы кәсіпкерлігінің бір түрі ретінде қарастыруға болады. Мұнда кәсіпкер сақтандыру жарнасын алады және оны тек сақтандыру жағдайы болған кезде ғана қайтарады.

Кәсіпкерлік қызметтің келесі бір түрі делдалдық кәсіпкерлік. Кәсіпкер-делдал өндірушілерден сатып алушыларға қажетті тауарларды өткізу шарттары туралы ақпарат алады және ол мәліметті сатып алушыға береді. Егер де өндіруші мен сатып алушы мәмле жасаса, делдал кәсіпкерге сый-ақы берулері тиіс.

Олай болса, кәсіпкерліктің бұл түрінің мәні делдал екі тараптан алынған ақпаратты қайта сатады. Бұл ақпараттық қызмет болып табылады. Делдал-кәсіпкер қажетті адамдарды іздеп және кездестіргені үшін пайда алады.

 

 

Ізденіс сұрақтары:

1. Кәсіпкерлік теориясының эволюциясы қандай кезеңдерден өткен?.

2. Кәсіпкер тұлғасын қалай сипаттауға болады?

3. Кәсіпкерліктің мәні мен атқаратын қызметтері қандай?.

4. Кәсіпкерлік қызметтің қандай түрлерін білесіз?

5. Кәсіпкерліктің шығармашылық қызметінің маңызын қалай түсіндіресіз?

6. Кәсіпкерлік тәуекел дегеніміз не, оны қалай төмендетуге болады?

7. Кәсіпкерліктің қандай белгілері бар?

8. Кәсіпкерлік қызметтің басқа экономикалық қызметтерден қандай айырмашылықтары бар?

 

Тест тапсырмалары:

1. Төмендегілердің қайсысы кәсіпкерліктің ең маңызды мақсаты болып табылады:

А) пайда табу;

Б) сату көлемін ұлғайту;

В) өнім сапасын жақсарту;

Г) қызметкерлердің жалақысын көбейту;

Д) өткізу рыногын ұлғайту.

2. Кәсіпорын жарнамасы қай кезеңге тән:

А) қызмет ету кезеңінің басында;

Б) кәсіпорынды құрылымдық қайта құру кезінде;

В) кәсіпорынды ұлғайту сатысында;

Г) жоғарыда аталған кезеңдердің барлығында;

Д) дұрыс жауабы жоқ.

3. Кәсіпкерлік – бұл:

А) табыс табу мақсатында негізгі өндіріс факторларын біріктіру, өндірісті белсенді түрде ұйымдастыру;

Б) меншіктен ажырату мүмкін емес қызмет;

В) болжамға келмейтін іс-әрекет;

Г) кез-келген экономикалық іс-әрекет;

Д) сұраныс пен ұсынысқа байланысты қызмет түрі.

4. Келтірілген кәсіпорын үлгілерінің қайсысы экономиканың қоғамдық саласына жатады:

А) мемлекеттік кәсіпорын;

Б) кооператив;

В) жеке акционерлік кәсіпорын;

Г) жеке меншік қожалық;

Д) жауапкершілігі шектеулі әріптестік.

5. Кәсіпкерлік фирманы экономикалық субъект ретінде сипаттайтын негізгі белгі:

А) меншік нысаны;

Б) қызмет ету еркіндігі;

В) мүліктік жауапкершілігі;

Г) фирманың көлемі;

Д) жоғарыдағы белгілердің барлығы.

6.Төмендегілердің қайсысы кәсіпкерліктің қасиеттеріне жатпайды:

А) жаңашылдық;

Б) толық жауапкершілік;

В) тәуекелділік;

Г) кәсіпкердің әлеуметтік қорғалғандығы;

Д) икемділік және өзін-өзі жетілдіріп отыруы.

 

СӨЖ үлгі тақырыптары:

1) Фирма – экономиканың нақты секторының негізгі құрылымдық бөлімшесі.

2) Рыноктық экономикадағы фирма қызметінің мақсаттары.

3) Кәсіпкерлік тәуекел.

4) Тәуекел және оны төмендету жолдары.

5) Сақтандыру және оның түрлері.

6) Мемлекеттік кәсіпкерліктің маңызы мен рөлі.

 

 




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 262 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.012 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав