Читайте также:
|
|
Дәріс мазмұны:
1.МППК-ның мақсаты мен міндеттері және оның ұйымдастыруы.
2.МППК-ның әдістамалық негіздері.
МППК-ның негізгі қызметі психиканың немесе денелік дамуында ауытқушылығы бар балаларды арнайы мекемелерге дифференцияланған тұрғыдан таңдау жасауға бағытталған. МППК балалардың емдеу-профилактикалық мекемелерге жолдама бойынша ұсыныс береді, сонымен қатар балаларды әлеуметтік қамтамасыз ету мекмелеріне жолдамалық ұсыныс береді, өйткені денсаулыұ және интеллект жағдайына байланысты олар жалпы мектептерде оқи алмайды.
МППК-ның міндетіне дамуында жеңіл ауытқушылықтары бар балаларға білім беру, тәрбиелеу, емдеу мәселелері бойынша педагогтар мен ата-аналарға кеңес беру жатады.
Арнайы мекемелерге жолдаманы тек МППК береді. Комиссия толықтай медициналық-педагогикалық-психологиялық және логопедиялық зерттеу жүргізіледі. Егер бала мектепке барып жүрген болса, МППК-ның келесі міндетіне үлгермеушіліктің себебін анықтау, дефект құрылымының сипаттамасын құру жатады. Егер бала мектепке әлі бармаған болса, онда мамандар оның оқуға даярлығын анықтайды. Мұнда оның физиологиялық және әлеуметтік жетілуін, интеллекттуальдық даму деңгейін,эмоциональды ерік сферасының ерекшелігі қарастырылады.
Балалардың үлаендердің көмегін қалай қабылдайды және берілген тапсырмалар бойынша жаңа білік пен дағдыны қалай басынан кешіріп жатқанын анықтап алу маңызды.
Жолдама беріледі:
МППК облыстық, қалалық білім беру бөлімінде ұйымдастырылады. Комиссия құрамына кіреді:
МППК-ға кіретін маманның алдына жеке міндеттер қойылады, бірақ зерттеу жалпы тексерудің нәтижесінің есебімен жүргізіледі. Жұмыс нәтижелі болу үшін МППК-ның мамандар құрамы тұрақты болу керек. МППК-ның жұмысы нақты график бойынша жүргізіледі. Бір жылдың ішінде комиссия айына бір рет жиналады.
МППК-ға балаларды қабылдау журналы жүргізіледі. Мұнда әр баланың тегі, туған жылы, баланың баратын мектебі немесе бала бақшасы, мекен-жайы,диагнозы көрсетіледі. Ары қарай журналға комиссияның қойған диагнозы, ұсынысы, сыныбы енгізіледі.
Әр балаға хаттама толтырылады. Оған бала туралы жалпы мәлімет, тәрбиелеу жағдайы, танымдық іс-әрекетінің жағдайына мінездеме, логопедиялық, педагогикалық зерттеулердің нәтижесінде сипатама м.ж.д. дамуы жазылады. Хаттама жеке іс-парағына тігіліп баланы жіберген бала бақшаға немесе мектепке жібереді. МППК міндетті түрде баланың арнайы мекемелерге барып жүргендігін қадағалау тиіс.
Хаттаманы білікті маманданған хатшы жүргізеді. Кейін хаттама баланың жеке іс-парағында сақталады. Арнайы мектептің ұзтаздары баланың тұлғалық ерекшеліктерімен және психофизикалықдамуын, оқушының деңгейімен алдын-ала танысады. Сонымен қатар баланың даму динамикасын анықтауға көмектеседі.
Психологиялық-педагогикалық диагностиканың әдістері басқа әдістермен тығыз байланысты және 4 бағыты бар.
Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 296 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |