Читайте также:
|
|
Мемлекеттік билік үш тармаққа бөлінеді: заң шығанушы, атқарушы және сот билігі. Заң шығарушы биліктің жоғарғы органы - парламент, атқарушы биліктің жоғарғы органы – үкімет, және сот билігінің жоғарғы органы – жоғарғы сот. Жергілікті басқаруды жүзеге асыратындарға жататындар: 1)жергілікті өкілетті орган – маслихаттар, олар облыстық (оған теңестірілген қалалық), аудандақ(оған теңестірілген қалалық) болып бөлінеді.
2)жергілікті атқарушы органдар - әкімшіліктер, олар облыстық, аудандық, округтік (ауылдық) болып бөлінеді.
3) жергілікті сот билігін облыстық (оған теңестірілген қалалық), аудандақ (оған теңестірілген қалалық) соттар және әскери соттар құайды
Мемлекет басшысы президент биліктің үш тармағының жұмысын үйлестіре отырып басқарады.
Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындап, ел ішінде және халықаралық қатнастарда Қазақстан Республикасы атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға. Мемлекет басшысы – президент лауазымы ең алғаш рет АҚШ –та пайда болған. Қазіргі кезде президент қызметі көптеген елдерде орнықты. Республика президенті мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының үйлесімді жұмыс істеуін, мемлекеттік органдардың халық алдында жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының. президенті конституцияның 41- бабына сәйкес жалпыға бірдей тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы 5 жыл мерзімге сайланады. Республика президенті болып тумысынан республика азаматы болып табылатын, 40 жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, респулбикада кемінде 15 жыл тұрған республика азаматы ғана сайлана алады.
ҚР президентінің қызметі конституция және «Қазақстан Республикасының президенті туралы» (26.12.1995ж.қаб.19.06.2007.ж.өзгертілген) конституциялық заңымен реттеледі. Аталған конституциялық заңда
Қ,Р. Президентінің Парламентке қатысты уәкілеттігіне: 1)парламенттің кезекті және кезектен тыс сайлауын шақырады: 2)сенаттың 15 депутатын тағайындайды 3) конституцияда көрсетілген негізде парламентті немесе парламент мәжілісін таратып жіберуге құқы бар; 4) парламентке конституцияға түзетулар мен өзгерістер енгізуге ұсыныс жасауға;4) парламент палаталарының кез келген отырыстарына қатысуға уәкілеттілігі жатады. ҚР Президентін Үкіметке қатысты уәкілеттілігіне жататындар: 1)үкімет басшысы премьер министрді тағайындайды және жұмыстан босатады; 2)үкіметтің құқрылымын анықтайды министрліктер мен ведомтсволардықұру қайта құруға құқы бар, үкімет мүшелерін тағайындайды және босата алады. 3) үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; 5)үкіметке заң жобаларын мәжіліске ұсынуды тапсырады; 6)үкіметті және оның жекеленген мүшелерін отставкағажібереді; Президенттің ҚР жоғарғы сотына қатысты уәкілеттілігі: 1) жоғарғы сот екңесінің ұсынуымен сенатқы жоғарғы соттың төағасы мен судьяларын ұсынады 2) жоғарғы сот кеңесінің ұсынуымен жерлгілікті соттардың төағаларын тағайындайды және жұмыстан босатады Сенаттың келісімімен 5 жылға ҚР бас прокурорын тағайындайдыжәне басатады; ҚР орталық Сайлау комиссиясының төрағасын және екі мүшесін тағайындайды; Праламент сенатының келісімімен ҚР ұлттық банкінің төрағасын және оның көмекшілерін тағайындайды және қызметәнен босатады;референдум өткізу туралы шешеім қабылдайды;халыққа жыл сайын жолдау жолдайды; ҚР азаматтығына қабылдайды; азаматтарға жасаған қылмыстары үшін кешірім жасайды; ҚР бүкіл аумағында заңдық күші бар актілер қабылдайды
Қазақстан Республикасының Парламенті – заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілді орган. Парламент қызметі «Қазақстан Республикасының парламенті туралы» конституциялық заңында (16.11.1995 ж. Қаб. 19.06.2007 ж. өзгертілген) қарастырылған.Тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан, сенат және мәжілістен тұрады. Сенат– 47 депутаттан тұрады. Ол жанама сайлаумен жасырын дауыс беру арқылы 6 жылға сайланады. Депутаттардың жартысы 3 жыл сайын қайта сайланып тұрады.
Мәжіліс – 107 депутаттан тұрады. Мәжіліс депутаттарының өкілеттілік мерзімі 5 жыл. Жасы 25 –ке толған, жоғары білімі бар, республика аумағында үш жыл тұрған республика азаматы парламент депутаты болып сайлана алады. Заң шығару бастамасы тек мәжілісте ғана жүзеге асырылады. Президент, парламент депутаттары, үкімет заң шығару бастамасын жасай алады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі – атқарушы билікті жүзеге асырады. Қызметін «Қазақстан Республикасының үкіметі туралы» конституциялық заңы негізінде атқарады. Үкіметке салалар бойынша министрліктер, комитеттер және агенттіктер қарайды. Үкіметтің қызметі президенттің уәкілетті мерзімімен белгіленед.і Үкімет қаулылары үкімет мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданып, премьер министрдің қолымен бекітіледі. Үкімет басшысы-премьер министр. Ол нұсқаулар шығарады. Үкімет қаулылары мен премьер министрдің нүсқаулары бүкіл республика аумағында орындалуға міндетті..Үкіметтің қаулысын Президент немесе Үкімет өзі күшін жоюуы мүмкін. Қазақстан Республикасының үкіметі қызмтінің негізгі бағыттары жоғарыда аталған конституциялық заңда айқындалған.
Қазақстан Республикасының соттар жүйесі республикада сот төрелігін жүзеге асырады. Соттар жүйесі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық соған теңестірілген соттар, аудандық (калалық) соттар және әскери соттардан құралады. Соттарды ұйымдастыру ҚР конституциясы және Қазақстан Республикасының «Соттар жүйесі және соттардың мәртебесі туралы» конституциялық заңымен (25.12.2000 ж.) ал олардың қызметі сот істерін жүргізу заңдарымен, азаматтық істерді жүргізу кодексі және қылмыстық істерді жүргізу кодексімен реттеледі.
Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 446 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |