Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

КПЖ – неге керек?

· Емнің нәтижесін жақсарту үшін

· Емдеу үшін жіберілетін қаражатты дұрыс қолдану үшін

· Емнің сапасын жақсарту үшін

· Емдеуге ғылыми тұрғыда қарау

· Ұйымдастыру жұмысын жетілдіру

· Білім деңгейін жақсарту

· Құқықты қорғау

· КПЖ – клиникалық шешімді қабылдау үшін қажет

· КПЖ-ні өзінің жұмысында дәрігерлер, менеджерлер, аурухананың, емхананың экономистері қолданады

· Егер КПЖ дұрыс құрастырылған болса, медициналық көмекті жақсартуға, бағасын арзандатуға көмектеседі.

КПЖ-ні құрастыру үшін қойылатын талап:

· Ең тиімді емдеу және қызмет көрсету жолын көрсету қажет

· Реабилитация, диагностика, профилактика және емдеуді үздіксіз жалғастыруды қамтамасыз ету жолын көрсету

· Пациенттің талабын қанағаттандыру

· Пациентке қызмет көрсету сапасын жақсарту

· Ресурстарды орынсыз қолдануды азайту

· Процестердің өзгеру себептерін түсіндіру

КПЖ-нің кемшіліктері:

· соңғы ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен байланыстың кейде болмауы

· қызығушылығы бар эксперттер пікірінің ғылыми фактілерге кері әсер тигізуі(күмәнді тәжірибенің жариялануы)

· құрастыру жолдары,спонсор және тәжірибеге енгізудің нәтижесі туралы ақпараттың болмауы

· ұсынылған іс-шараның пайдасы мен кеткен шығынның қатынасы туралы ақпараттың болмауы

· бір сұрақтың төңірегінде кейде қарама-қайшы ұсыныстардың болуы, дәрігерлерге көмектің орнына, тек академиялық пікірталас тудырады.

 

Дүние жүзінде КПЖ-нің әртүрлі типтері қолданылады

Алға қойған мақсатқа байланысты әр типтің өзінің жетістігі мен жетіспеушілігі бар.

Жаңазеландия тобы КПЖ-нің 5 негізгі түріне анықтама берді.

КПЖ-нің типтері:

1. Ең жақсы практикаға негізделген

2. Клиникалық протоколдар

3. Консенсусқа негізделген

4. Дәлелдерге негізделген

5. Дәлелдерге негізделген кеңейтілген нұсқау немесе жетекшілік

I тип – ең жақсы практиға негізделген КПЖ. Қолданылатын ем немесе зерттеу әдісі практикада анықталған, расталған туралы жүйелі түрде шығарылатын тұжырым дәрігерлерге емдеу жөнінде немесе белгілі бір оқиға жөнінде көмек береді немесе фундаменталді негізді перспективті жоспарлау үшін қажет.

II тип. Клиникалық протоколдар. Іс-әрекеттің нақты алгоритмі, сол бойынша жұмыс істеуді талап етеді. Одан ауытқу өте азғантай болуы керек. Мысалы: жүрек тоқтағандағы көрсетілетін шұғыл көмек, т.б.

III тип. Консенсусқа негізделген. Әртүрлі эксперттік топтардың келісіміне негізделген. Бір ем түрін ұсыну үшін немесе бір профилактиканы басқаның орнына ұсыну үшін дәлелдер жеткіліксіз болғанда қолданылады. Бірақ бұл ұсыныстан бас тартуға болады, егер клиникалық зерттеулердің нәтижесінде нақты дәлелденген мәліметтер алынса.

IV тип. Дәлелдерге негізделген:

· арнайы әдебиеттердегі ақпараттарды жүйелі бағалау және ізденіс нәтижелерін жете зерттеу, өңдеу жасауға негізделген

· берілген дәлелдердің маңыздылығын көрсетеді және пікірлерді дәлелдеуді анық бөліп қарауға тырысады

· қай ем жақсы екенін көрсетіп қана қоймай, позитивті және кері әсерлерін ескере отырып, нәтижесінің абсолютті айырмашылығын есептеп шығарады.

V тип. Дәлелдерге негізделген кеңейтілген жетекшілік немесе нұсқау

Жоба бойынша дайындалады, айырмашылығы – медициналық практикаға, денсаулық сақтау жүйесіне өзгеріс әкелетін нәтижені көрсетеді, анықтайды (артықшылықтары, кері әсері, баға пайдалану)

СҰРАҚ:КПЖ-ні қолдану кезеңдері:

1. Аурудың маңызды сипаттамаларына негізделген жаңа КПЖ-ні дайындау үшін тақырыпты таңдау (аурушаңдақ, өлім-жітім, т.б.)

2. Медициналық әдебиетке жүйелі шолу жүргізу

3. Нұсқаудың жобасын дайындау

4. Дәрігерлердің, пациенттердің және басқа да қызығушылығы бар мекемелердің, топтардың пікірін жинау

5. КПЖ-ні бітіру және қызығушылығы бар негізгі топтардан мақұлдау, келісім алу

6. КПЖ-ні енгізу, қолдану(кейде бір таңдап алынған регионда)

7. Аудит жүргізу және КПЖ-ні қайтадан қарау

СҰРАҚ: КПЖ-ні дайындайтындарға арналған басқару принциптері қандай болуы керек? (медициналық зерттеулер жөніндегі кеңес, Австралия ғалымдарының ұсынысы)

1. КПЖ-ні дайындау және бағалау қолданушыларға маңызды көрсеткіштердің нәтижесін көрсетуді көздеу (мысалы:өмір сүру сапасы,аурудан жазылу т.б.))

2. КПЖ – бар дәлелдердің ең жақсысына негізделіп, дәлелділік деңгейін көрсету.

3. Дәлелдерді синтездеуге қолданылған әдіс обьективті болу.

4. КПЖ-ні дайындау процесі мультидисциплинарлы және қолданушыларды қатыстыру.

5. Жеке жағдайларды ескеру үшін КПЖ-нің икемді, бейімді болуы.

6. КПЖ-ні дайындау кезінде кейбір шектеулерді еске алу керек (мысалы: ресурстың мөлшері жаңа стратегияны енгізуге кедергі болады)

7. КПЖ-ні дайындауда тәжірибеге, жұмысқа енгізу және тарату, қолдану жоспары болуға тиісті.

8. Жаңа КПЖ-нің пайдасын дұрыс бағалау

9. КПЖ – жүйелі түрде үнемі қайтадан қаралып, толықтырылуға тиісті

 




Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 71 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав