Читайте также:
|
|
Маркетинг – бұл өндірісті ұйымдастыру, яғни, өнімді өндіру және қызметті бөлуді ұйымдастыратын, алдын ала анықталған сұраныс пен мүмкін болатын кіріс есептеліп, халық сұранысын қамтамасыз етуге бағытталған кешенді қызмет.Маркетинг құрылымында маңызды элемент болып қажеттілік түсінігі саналады.
Қажеттілік – бұл өмір сүру ерекшелігі,яғни жеке тұлғаның психологиялық ориентациясы мен мәдениет деңгейі ескерілген, сұраныстың белгілі бір түрі (физиологиялық, әлеуметтік, тұлғалық- тұтынушылық).
Талап – бұл сатып алушылық мүмкіндігінен (қабілеттілігінен) туындайтын қажеттілік.
Ұсыныс (тауар, қажеттілікті, мұқтаждықты қамтамасыз ету) – бұл сатып алушының сұранысы мен тауардың бағасы ескеріліп, ұсынылған қызметтер.
Маркетингтік қызметтер халық мұқтаждығы анықталған жағдайда, қызмет белгілі бір сапаға және екі жақты да қанағаттандыратын бағаға ие болған жағдайда тауарды (қызмет) реализациялауға мүмкіндік береді. Маркетинг айырбастау арқылы да қызметті (тауар) реализациялауға мүмкіндік береді.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты, маркетинг – тауарды (қызметтерді) өндіру және реализациялау бойынша, сұраныс пен мұқтаждықты сапасы мен бағасын ескере отырып, қанағаттандыруға бағытталған қызмет.
Медициналық қызметтер нарығы – бұл медициналық технологиялардың, медициналық бұйымдардың, медициналық қызметті ұйымдастыру әдістерінің, фармакологиялық заттардың, дәрігерлік әсер ету мен профилактиканың сан-алуандығы.
Қазір фармакологиялық нарықта маркетинг «медикализациясы» жүріп жатыр.Фармацевтикалық компаниялар өздерінің препараттарын қолдануға ұсынады және көптеген ғылыми зерттеулерге тапсырыс береді, сондықтан орындаушылар,міндетті түрде, медпрепараттарды жарнамалауға еріксіз қатысады.Кез келген медициналық мекемелердің маркетинг жоспарында келесі сұрақтар қарастырылады:
1.Белгілі бір территорияда немесе белгілі бір тұрғындар топтарының арасында қызмет көрсетудің (тауардың) жағдайы қандай?
2.Осы қызмет (тауар) түріне сұраныс қандай?
3.Тауарды (қызмет реализациясы) дайындау және жеткізуге жұмсалатын өндірістік және транспорттық шығын қандай?
4.Жергілікті нарықта тауардың (қызметтің) қолданыстағы бағасы қандай?
5.Халықтың сатып алушылық қабілеті қандай?
6.Ұсынылып отырған өнімнің қазір қолданыстағы нарықтық өнімнен ұтымдылығы, тиімділігі бойынша ерекшелігі қандай?
7.Қажеттілікке әсер етуге бағытталған медициналық, маркетингтік, психологиялық және жарнамалық шарттар бар ма?
Маркетингтік қызметтің негізгі шарттарының бірі тауар реализациясының (қызмет) көп түрлілігі болып табылады.
Тұтынушылардың жынысы, жасы, әлеуметтік жағдайы әртүрлі болса да, осы қызмет түріне қызығушылық танытқан топтардың көп болуы, қолданушыға жарнаманың үздіксіз түрде психологиялық әсер етуіне байланысты болады.
Кез келген тауар сияқты, медициналық қызметтердің де өзіне тән сатылары бар, оларды білудің маркетингте маңызы зор:
• қызметті нарыққа енгізу сатысы
• қажеттіліктің өсу сатысы
• толысу мен жетілу сатысы
• қажеттіліктің төмендеу сатысы
Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 229 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |