Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

СҰРАҚ: Жағдай бақылау мен когорттық зерттеудің ұқсастықтары мен айырмашылықтары

Читайте также:
  1. C) ЖИТС-пен ауырған жағдайда
  2. H. Мемлекетгік сатып алулар нарыкты тепе - тендік жағдайға әкелетін құрал деп жорамалдайды
  3. Азақстан Республикасында банк жүйесінің қазіргі жағдайы
  4. Аралық және қорытынды бақылауға арналған сұрақтар
  5. аржы қызметтері:Бөлу: Бақылау: Есеп.
  6. Бақылаудың объективті қажеттілігі
  7. Бақылаудың түрлері
  8. Бап. Борышкердің құқықтық жағдайы
  9. Биологиялық (биологиялық - әлеуметті) төтенше жағдай
  10. Бос тұрып қалу жағдайында басқа жұмысқа уақытша ауыстырылады
Когорттық зерттеу Жағдай бақылау
Қауіп факторының әсеріне душар болғандарды анықтаудан басталады. Қауіп факторының әсеріне душар болғандарды анықтау міндетті емес
Оқиға іріктелмейді, үздіксіз бақылаудың нәтижесінде анықталады. Оқиғаны пациенттердің арасынан зерттеуші өзі таңдап алады
Бақылау тобы іріктелмейді, табиғи жолмен құрастырылады Тәжірибе тобына ұқсас бақылау тобы іріктеліп алынады
Әсер ететін фактор ауру пайда болғанға дейін бағаланады. Әсер ететін фактор ауру пайда болғаннан кейін бағаланады. (өткенді еске түсіру)
Қауіп-қатердің әсері және аурушаңдық тікелей бағаланады   Қауіп-қатердің әсері және аурушаңдық тікелей бағаланбайды, оны тек қана мүмкіндікке (шанс) байланысты бағалауға болады.    
проспективті ретроспективті

СҰРАҚ: Бақылау тобы дегеніміз не? Оны құрастырғанда сақталатын ережелер.

Бақылау тобын құрастыруға жауапкершілікпен қарау керек,өйткені жоспарланған зерттеудің ең маңызды бөлігі болып есептеледі.

Бақылау тобын құрастырудың бірнеше ережесі бар:

- бақылау тобын оқиға кездесетін популяциядан іріктеп алады

- іріктеп алынған бақылау тобы мезгілі бойынша тәжірибе тобымен сәйкес келуі керек.

-бақылау тобы мен тәжірибе тобын іріктеу критерийлері бірдей болуы керек.

Зерттеудің сапасын арттыру және нәтижесін бағалау үшін әртүрлі әдіспен іріктелген бірнеше бақылау тобын алуға болады. Бақылау ретінде емдеуге

дейінгі науқастың өзін алуға болады.

СҰРАҚ:: «Алтын стандарт» деп қандай зерттеу түрін айтады?

Қазіргі заманғы клиникалық зерттеулер- гипотеза, эксперимент және кісілерге істелетін зерттеулер. Соңғысына рандомизирленген клиникалық зерттеулер жатады (РКЗ, РКИ) және бұл зерттеудің түрі «Алтын стандарт» - деп те аталады. Бұл проспективті экспериментальды бақыланатын зерттеу профилактика, диагностика және емнің нәтижесін бағалау үшін істеледі.

Зерттеуге қатысатындарды іріктеу клиникалық зерттеудің хаттамасына сәйкес болуы керек.Рандомизация әдісімен негізгі топ немесе тәжірибе тобы және бақылау тобы(стандартты ем алатын топ) құрастырылады.

Рандомизация(rаndom)- ағылшын тілінен аударғанда кездейсоқ таңдау немесе кездейсоқ іріктеу. Ол жүйелі қатені азайтады.Бақылау тобындағылар «плацебо» ем алады.Плацебо- түрі, иісі, дәмі бойынша зерттелетін дәріден айырмашылығы жоқ және ағзаға ешқандай спецификалық әсері жоқ ем.

Қарама-қайшы(перекрестное) зерттеуде бақылау тобы мен тәжірибе тобы орын ауыстырады.(алатын дәрілері немесе зерттеу түрі) Бұл әдіс топтар арасындағы айырмашылықты азайтады, бірақ уақытқа байланысты патологиялық процестің өзгеруінен болатын қателердің саны артуы мүмкін.




Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 90 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав