Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ндірілуші өнім көлемі

Читайте также:
  1. Linux өнімдерін қолданушылар
  2. Биоремедиация. Топырақтың, судың және жанармай өнімінің биологиялық тазартылауы
  3. Дихлорпропан қосылысы...хлорлаудың өнімі*пропенді
  4. Еңбек өнімділігін арттыру, капиталды тарту және табиғи қорларды 1 страница
  5. Еңбек өнімділігін арттыру, капиталды тарту және табиғи қорларды 2 страница
  6. Еңбек өнімділігін арттыру, капиталды тарту және табиғи қорларды 3 страница
  7. Еңбек өнімділігін арттыру, капиталды тарту және табиғи қорларды 4 страница
  8. Еңбек өнімділігін арттыру, капиталды тарту және табиғи қорларды 5 страница
  9. Еңбек өнімділігін арттыру, капиталды тарту және табиғи қорларды 6 страница
  10. Жұмыс көлемінің көрсеткіштері

1. өнім көлемінің натуралды көрсеткіштері:

а) мұнай өндірісі, тонна;

б) газ өндірісі, мың куб. м.;

в) мұнай мен газдың жалпы өндірісі, тонна;

г) мұнай мен газдың тауарлық өндірісі, тонна.

 

2. өнім көлемінің ақшалай көрсеткіштері:

а) тауарлық өнім, соның ішінде мұнай мен газ өндірісі;

б) жалпы өнім, соның ішінде мұнай мен газ өндірісі.

Аталған көрсеткіштердің әрқайсысын қарастырайық.

Өнім көлемінің натуралды көрсеткіштері:

1) тоннамен жоспарланатын және есептелетін мұнай өндірісі Qн, берілген уақыт кезеңінде ұңғыдан өндірілген барлық мұнайды білдіреді;

2) м³-пен жоспарланатын және есептелетін газ өндірісі Qr, мұнай-газ және таза газ ұңғыларынан өндірілген газдың берілген уақыт кезеңінде қолданылуы тиіс бөлігін білдіреді;

3) тоннамен жоспарланатын және есептелетін жалпы мұнай өндірісі Qв, берілген уақыт кезеңіндегі барлық мұнай өндірісі мен қолданылған газды білдіреді. Газ өндірісінің өлшем бірлігін мұнаймен бір эквивалентке келтіру үшін газ өндірісінің көлем санын шартты газдың салмақ санына қайта есептейді.

Бұл жерде өлшем бірлігі ретінде (1 т) қызу шығару қабілеті 10000 кал/кг және 1 т мұнайға эквивалент шартты газ алынады. Қайта есептеуді газ сапасына байланысты әр кез қайта есептеліп отыратын ауыстыру коэффициентінің k көмегімен жүргізеді.

Осылайша, газдың тоннамен эквивалент саны мынаған тең:

Qr = Q´r / k,

 

мұнда, Q´r – жоспарланатын және есептелетін газ саны;

K -ауыстыру коэффициенті.

 

Олай болса, мұнай мен газдың жалпы өндірісі жоғарыда берілген анықтамаға сәйкес мынаған тең:

 

Qв = Qн + Qr

Тоннамен жоспарланатын және есептелетін мұнай мен газдың тауарлық өндірісі Qт,мұнайдың жалпы өндірісінен аудандық инженерлік – техникалық қызметтердің және мұнай-газ өндіру кәсіпорынының басқа да өнеркәсіптік цехтарының жеке өндірістік мұқтаждықтарына жұмсалған өнім шығынын шегеріп тастағанды білдіреді, яғни мұнай мен газдың тауарлық емес шығыны Qр.нт.

Осылайша, тұтынушылар тарапына тапсырылған мұнай мен газ мұнай мен газдың тауарлық өндірісі болып саналады, атап айтсақ:

а) өндірістік – тауар кеңселеріне немесе тікелей мұнай өңдеу зауыттарына – бұл тауарлық мұнайды тапсыру ;

б) басқа кәсіпорындарға, мысалы, бұрғылау жұмыстары басқармасына, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына және басқа да тұтынушыларға – бұл мұнай мен газдың тауарлық шығыны Qр.т.

Сонымен қатар, мұнай – газ өндіру кәсіпорынының тапсыру ыдыстарындағы жыл басындағы қалдықтармен Qо.н салыстырғандағы жыл соңындағы Qо.к мұнай қалдығының өзгерісі ескеріледі.

Осылайша, мұнай мен газдың тауарлық өндірісі мынаған тең:

 

Qт = Qв - Qр.нт + (Qо.н - Qо.к),

мұнда, -мұнай мен газдың тауарлық өндірісі;

- мұнай мен газдың жалпы өндірісі;

Qо.н – жыл басындағы мұнай қалдығы;

Qо.к - жыл соңындағы мұнай қалдығы.

 

немесе

 

Qт = Qс + Qр.т,

мұнда, – тауарлық мұнай тапсырысы;

Qр.т – мұнай мен газдың тауарлық шығыны.

 

 

Өнім көлемінің ақшалай көрсеткіштері. Натуралды бейнедегі жалпы және тауарлық өнім мұнай – газ өндіру кәсіпорынының өнім көлемі туралы толық мағлұмат бермейді, өйткені, басқа кәсіпорындар үшін өндірістік қызметтер көрсетеді және жұмыстар орындайды.

Өндірістік қызметтер көмекші цехтардың дайын өнімін білдіреді. Оларға электр энергиясы, бу, су және таға да басқалар жатады. Өндірістік қызметтер тек қана өз кәсіпорынының негізгі және қосалқы цехтарына қызмет көрсетуге емес, сондай – ақ күрделі жөндеуді, меншікті күрделі құрылысты, өнеркәсіптік емес шаруашылықты (тұрғын үй коммуналдық кеңсесін, автокөлік кеңсесін және т.б.) қамтамасыз етуге негізделеді. Көмекші цехтардың артық қуаты орын алса олардың өнімі шеттен келетін тұтынушыларға (қалаға, көлікке, көршілес кәсіпорындарға немесе ұйымдарға) жіберіледі.

Ақшалай бейнедегі тауарлық өнім мұнай мен газдың тауарлық өндірісінің ақшалай бейнедегі сомасы Qт.д. мен шетке орындалған өнеркәсіптік жұмыстар және көрсетілген қызметтер Су қосындысын білдіреді, яғни:

 

Т = Qт.д. + Су,

 

мұнда, Т - ақшалай бейнедегі тауарлық өнім;

Qт.д. - мұнай мен газдың тауарлық өндірісінің ақшалай бейнедегі сомасы;

Су - шетке орындалған өнеркәсіптік жұмыстар және көрсетілген қызметтер құны.

 

Мұнай мен газдың тауарлық өндірісін кәсіпорында жоспарды немесе есепті құрған кезде орын алған көтерме бағамен бағалайды. Бұлайша өндіріс көлемі өндіріс шығындарымен және кәсіпорын қызметінің қаржылық көрсеткіштерімен байланыстырылады.

Тауарлық өнімді бағалаудан ерекшелігі жалпы өнімді өзгеріссіз бағамен бейнелейді. Себебі, өнеркәсіптің жалпы өнімі өнеркәсіптік өнім өндірісіне жұмсалған қоғамдық шығындардың барлық көлемін көрсетеді. Ол халық шаруашылығы жоспарының кейбір көрсеткіштерін белгілеуге негіз болады және халық шаруашылығының басқа салалары өнімдерімен біріге отырып елдің ұлттық табысын анықтауға негіз болатын қоғамдық өнімді құрайды.

Осылайша, ақщалай бейнедегі жалпы өнім мұнай мен газдың жалпы өндірісінің ақшалай бейнедегі сомасы Qв.д. мен шетке орындалған жұмыстар мен қызметтер құнының Су қосындысын білдіреді, яғни:

 

В = Qв.д. + Су,

 

мұнда, В – жалпы өнім;

Су - шетке орындалған жұмыстар мен қызметтер құны.

 

Осылайша, мұнай – газ өндіру кәсіпорынының жалпы өнімі негізгі, қосалқы және көмекші өндірістердің берілген уақыт кезеңінде өз материалдарынан және де тапсырыс берушілердің материалдарынан өндірген барлық өнімінің (бұйым, қызмет) құнын құрайды. Өндірістік аумақтық бірлестіктердің жалпы өнімін зауыттық әдіс бойынша жоспарлайды және есептейді. Ол аумақтық бірлестіктің барлық кәсіпорындарымен өндірілген жалпы өнімнің сомасын білдіреді.

 




Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 42 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав