Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жұмыс көлемінің көрсеткіштері

Читайте также:
  1. B) Жеке еңбек келісім арқылы жұмыс істейтін қызметкермен еңбек қатынастары бойынша байланыстағы заңды тұлға
  2. PS, TOP командаларымен процесстерді тексеру. Процестермен жұмыс істеуге арналған командалардың түрлері.
  3. Stty, tset командаларын тағайындау және сипаттау. Қатқыл дискімен жұмыс істеу командалары. /etc/passwd, /etc/shadow және /etc/group файлдары.
  4. Банктердің несие беру қабілеттілігінің көрсеткіштері
  5. Басқару кадрларының жұмыс принциптері
  6. Бос тұрып қалу жағдайында басқа жұмысқа уақытша ауыстырылады
  7. Дамытушылық:Оқушылардың топпен жұмыс жасай алу, іскерлік қабілеттерін дағдыландыру.
  8. Диплом жұмысын қорғаудың тәртібі
  9. Диплом жұмысының тақырыбын таңдау және оны жазу ережелері
  10. Диплом жұмысыныңқұрылымы және оның қысқаша мазмұны

Жұмыс көлемінің көрсеткіштері мұнай мен газ өндірісін анықтағанда үлкен мәнге ие болып табылады. Өйткені олар жұмыс масштабы мен ұзақтығы туралы мағлұмат береді және пайдаланылушы ұңғы саны түрінде әрбір берілген сәтке, ал ұңғы – ай түрінде белгілі бір уақыт кезеңіне анықталады.

 

1. Әрбір берілген сәтке жұмыс көлемінің көрсеткіштері мыналар:

• пайдаланылушы ұңғылар қоры;

• әрекет етуші ұңғылар қоры;

2. Белгілі бір уақыт кезеңіне жұмыс көлемінің көрсеткіштері мыналар:

• барлық пайдаланылушы қор бойынша есептелетін ұңғы – айлар;

• әрекет етуші қор бойынша есептелетін ұңғы – айлар;

• пайдаланылған ұңғы – айлар.

Осы аталған көрсеткіштердің әрқайсысын қарастырайық.

Ең алдымен, мұнай – газ өндіру кәсіпорынының ұңғылар қоры нені білдіретінін анықтаймыз. Ол төмендегі негізгі топтарға бөлінеді:

1) ұңғылардың пайдалану қоры;

2) әрекет етуші ұңғылар;

3) әрекет етпейтін ұңғылар;

4) жойылу үстіндегі немесе жоюды күтіп отырған ұңғылар;

5) жойылған ұңғылар;

6) бұрғылаудан кейін игерілмеген немесе консервациядағы ұңғылар.

Ұңғылардың пайдалану қоры nскв ұңғылар қорының мұнай мен газ өндірісі бойынша тапсырманы қамтамасыз ететін негізгі жұмыс бөлігін білдіреді. Бұл бір кездері пайдалануға берілген әрекет етуші nскв.д. және әрекет етпейтін ұңғылар nскв.б. Осылайша, ұңғылардың пайдалану қоры мынаған тең:

nскв.э. = nскв.д. + nскв.б.,

мұнда, nскв.э. -ұңғылардың пайдалану қоры;

nскв.д. - әрекет етуші ұңғылар;

nскв.б. - әрекет етпейтін ұңғылар.

 

Әрекет етуші ұңғыларға өнім беретін, сонымен қатар есептік кезеңнің соңғы айында мұнай берген жөндеудегі ұңғылар жатады. Барлық қалған ұңғылар әрекет етпейтін ұңғыларға, яғни жөндеуде бір айдан артық уақыт тұрып қалған ұңғыларға жатады.

Жойылу үстіндегі немесе жоюды күтіп отырған ұңғылар, - бұл есептік кезеңнің аяғында жою бойынша жұмыстарда тұрып қалған, жою туралы шешімді күтіп отырған ұңғылар.

Жойылған ұңғылар – бұл жою туралы акт құрылған және қажетті жою жұмыстары жүргізілген ұңғылар. Мұнда бұрғылаудан кейінгі (техникалық немесе геологиялық қолайсыз) және өз жұмысын орындаған барлау ұңғылары жатқызылуы мүмкін.

Игерілмеген немесе бұрғылаудан соң игеріліп жатқан ұңғылар – бұл мұнай – газ өндіру кәсіпорынының балансына қабылданған, бірақ игерілмеуіне байланысты пайдалануға берілмеген ұңғылар.

Консервациядағы ұңғылар – бұл қандай да бір себептермен уақытша консервацияланған және қажетті жұмыстарды жүргізгеннен кейін пайдалануға берілуі мүмкін ұңғылар.

Ұңғылардың пайдалану қоры ұңғылар қорының негізгі бөлігін құрайтын болғандықтан және тек сол мұнай мен газ өндірісі бойынша тапсырманы қамтамасыз ететіндіктен, әрбір уақыт кезеңіндегі жұмыс көлемінің көрсеткіштері қордың осы бөлігімен анықталады және берілген уақыт кезеңінің басы мен аяғындағы мұнай және газ ұңғыларының саны түрінде бейнеленеді.

Мұнай-газ өндіру басқармасында жұмыс жасамайтын ұңғылар да болғандықтан әрбір уақыт кезеңіндегі жұмыс көлемі тек жалпы пайдалану қорымен емес, сондай-ақ оның әрекет етуші бөлігімен де өлшенеді, атап айтсақ:

1) берілген уақыт кезеңінің басы немесе аяғындағы пайдалану қорындағы ұңғылар санымен;

2) берілген уақыт кезеңінің басы немесе аяғындағы әрекет етуші ұңғылар санымен.

Мұнай өндірісін жоспарлау үшін «ұңғы – ай» көрсеткіші маңызды мәнге ие. Бұл көрсеткіш ұңғыларды пайдалану ұзақтығы туралы мәлімет береді.

Бір ұңғы–ай – бұл бір ұңғының бір шартты ай – 30 күн немесе 720 сағаттағы жұмыс уақыты. Ұңғы-айлардың саны ұңғының жұмыс жасау және тұру сағаттарын (күндерін) 720-ға (30-ға) бөлу жолымен анықтайды және берілген уақыт кезеңіндегі жұмыс көлемін анықтағанда пайдаланады.

Мұнай-газ өндіру басқармасында қолданылатын берілген уақыт кезеңіндегі жұмыс көлемі көрсеткіштерін және осы көрсеткіштерді қалай жоспарлайтынын қарастырайық.

Барлық пайдалану қоры бойынша ұңғы-айлар Сч.э пайдалану қорындағы ұңғылардың жұмыс жасаған және тұрып қалған уақыттарын көрсетеді және осы ұңғылардың пайдалану қорында болған сағаттары (күндері) санының сомасын 720-ға (30-ға) бөлу жолымен анықталады, яғни:

 

Сч.э = t ч.э / 720 ´ (30)

 

Әрекет етуші қор бойынша ұңғы-айлар Сч әрекет етуші қордың барлық ұңғылары пайдалануда болған уақытты t ч көрсетеді және осы ұңғылардың әрекет етуші қорда болған сағаттары (күндері) санының сомасын 720-ға (30-ға) бөлу жолымен анықталады, яғни:

 

Сч = t ч / 720 ´ (30).

 

Пайдаланудың ұңғы-айлары Сэ ұңғылар пайдаланылған немесе пайдаланылатын уақытты t э, яғни ұңғылар өнім беретін (мұнай, газ немесе иод-бром сулары) немесе сұйық жинайтын уақытты көрсетеді.

Осылайша пайдалану уақытына жоспарлы алдын-ала жөндеулер немесе басқа да жұмыстарды жүргізуге байланысты техникалық қажетті тұрып қалулар жатқызылмайды. Бұл көрсеткішті ұңғылар өнім беретін немесе сұйық жинайтын сағаттар (күндер) санының сомасын 720-ға (30-ға) бөлу жолымен анықтайды.

 




Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 127 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав