Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ылар қорын пайдалану көрсеткіштері

Читайте также:
  1. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  2. Банктердің несие беру қабілеттілігінің көрсеткіштері
  3. Басќару ѓылымы мектебi сипатталады C. менеджментте сандыќ єдiс пен дєл ѓылымды пайдалану
  4. Еңбек ақы қорын жоспарлау
  5. Жұмыс көлемінің көрсеткіштері
  6. Жұмыс нәтижелерін пайдалану.
  7. Жерге жеке меншік және жер пайдалану құқығы
  8. Згерменің қандай көрсеткіштері бар?Оларды қалай есептейді?
  9. НДІРІСТІҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ
  10. Озғыштық көрсеткіштері.

Ұңғылар қорын пайдалануды жақсарту мұнай өндірісін күрделі қосымша шығындарсыз арттыруға мүмкіндік береді. Мұнай-газ өндіру кәсіпорындарының басым бөлігінде ұңғылар қорын пайдалану деңгейі едәуір жоғары болуы мүмкін. Бұл жұмыстағы маңызды бағыттар қатарына ұңғылардың тұрып қалуын болдырмау, жоспарлы және жоспардан тыс тұрып қалуларды азайту есебінен ұңғылардың жұмыс уақытын арттыру, геологиялық-техникалық және ұйымдық-техникалық шараларды өткізу есебінен ұңғылар өнімділігін (дебитін) арттыру жатады.

Ұңғылардың пайдалану қоры - мұнай-газ өндіру кәсіпорындарындағы негізгі қорлардың мұнай мен газ өндірісін қамтамасыз ететін бөлігі. Сондықтан ұңғылардың тұрып қалуына жол бермеу қажет. Мұнай-газ өндіру кәсіпорындарының алдында пайдалану қорының барлық ұңғыларын әрекет етуші ұңғыларға айналдыру міндеті тұр. Ұңғылар қорын пайдалануды жақсартуда жоспарлы және жоспардан тыс тұрып қалуларды азайту есебінен ұңғылардың жұмыс уақытын арттыру өте үлкен мәнге ие болып отыр. Ұңғылардың әрекет етуін қамтамасыз етіп қою жеткіліксіз, сондай-ақ олардың жыл ағымындағы уақытта максимал қолданылуын қамтамасыз ету қажет. Жабдықты бір жылда мүмкін қолдану уақыты күнтізбелік уақыт қорын құрайды және ол (24*365) = 8760 сағатқа тең. Мұнай өндірісінде өндіріс процесі үздіксіз болады және ұңғылар тәулік бойы (үш кезек) жұмыс жасайды. Дегенмен ұңғылар жыл бойы үздіксізжұмыс жасамайды, оларда жоспарлы және жоспардан тыс тұрып қалулар болып отырады.

Ұңғылар бойынша мұнай жинау қабаттың физикалық константының өзгерісіне және ұғының өнімділік факторларының өзгерісіне, ең алдымен қабат және забой қысымына тәуелді болады.

Аудандық инженерлік-техникалық қызметтерде бақылау-өлшеу аппаратурасы болады. Оның көмегімен қабат және забой қысымын өлшейді, қабаттың уақ тесікті, өткізгіш және басқа да қасиеттерін анықтайды. Әрбір ұңғы үшін қабат және забой қысымының мүмкін кемуін және ұңғыларды зерттеу мәліметтері бойынша өнімділік коэффициентін белгілейді. Ұңғылар бойынша мұнайдың жиналуын белгілегенде су-мұнай контактысының біркелкі орын ауыстыруына назар аудару қажет.

Ұңғылар бойынша мұнайдың жиналуын анықтау кен орнын (қабатты) өңдеу технологиясымен негізделетін болғандықтан әрбір ұңғы жұмысының дұрыс технологиялық режимін белгілеу маңызды болып табылады. Ұңғылар режимін аудандық инженерлік-техникалық қызметтер анықтайды.

Әрбір ұңғы бойынша ұтымды режимдер және дебит белгіленеді. Осы режимдер және мұнайдың жиналуы мұнай өндірісін жоспарлауға негіз болады.

Мұнай өндірісін жоспарлау ұңғылар қорының жағдайын бағалаудан тұрады. Бастапқыда барлық жасырын резервтер мен ұңғыларды жою қажеттілігін есепке ала отырып қолда бар ұңғылар қорының мүмкіндіктері бағаланады. Бұдан соң ұңғыларды тұрып қалудан пайдалануға беру мүмкіндіктері, ең соңында, өңдеу жобасын ескере отырып ұңғыларды бұрғылаудан қосу мүмкіндіктері бағаланады. Ұңғылардың жағдайын бағалау және оларды пайдалануға беру мерзімдері негізінде ұңғылардың пайдалану қорын төмендегі категорияларға бөледі:

1) ескі ұңғылар (өтпелі және қалпына келуші);

2) жаңа ұңғылар.

Ескі ұңғылар – бұл жоспарланушы жыл басталғанға дейін пайдалануға берілген әрекет етуші немесе әрекет етпейтін ұңғылар.

Жаңа ұңғылар – бұл бұрғылаудан пайдалануға жоспарланушы жыл ағымында берілген ұңғылар. Ескі ұңғыларды өтпелі және қалпына келуші деп бөледі.

Өтпелі ұңғылар – бұл ұңғыдан өндірілген мұнай саны мен осы айдағы пайдалану уақытына тәуелсіз өндірістік процеске жоспарланушы жылдың алдындағы айда қатысатын ұңғылар.

Қалпына келуші ұңғылар – бұл жоспарланушы жыл ағымында тұрып қалып қайта пайдалануға берілген ұңғылар.

Көптеген кәсіпорындарда (өңдеуге енгізілетін жаңа аудандарды есептемегенде) мұнайдың басым бөлігін, тіпті кейде жоспарланған өндірістің 80-95%-ын өтпелі ұңғылардан алады. Ал оның қалған бөлігін қалпына келуші және жаңа ұңғылардан алады.

Осылайша, мұнай өндіру жоспарын ұңғылардың әрбір түрі бойынша жеке-жеке есептейді: өтпелі, қалпына келуші және жаңа ұңғылар.

Мұнай өндіру жоспарын есептеу әдістемесін қарастырайық.

Мұнай-газ өндіруші кәсіпорын мұнай өндірісі бойынша жоспарланшы жылға тапсырма алады, мысалы, төмендегі мұнай өндірісінен тұратын 1 млн. т. мұнай:

1) ескі өтпелі ұңғылар бойынша Qп;

2) қалпына келуші ұңғылар бойынша Qз;

3) жаңа ұңғылар бойынша Qн.

 

Олай болса, Qп+Qз+Qн = 1 000000 т.

Өтпелі ұңғылардағы мұнай өндірісін орташа тәуліктік дебиттерден айлар бойынша Qмес әрбір ұңғыға қатысты немесе олардың тобына қатысты q есептеп, бұл көрсеткішті дебиттердің сәйкес өзгеру коэффициенттеріне k, осы айдағы пайдалану уақытына t және осы топтағы ұңғылар санына n көбейтеді, яғни:

Qмес = q*k*tэ*n,

мұнда, q – жекелеген ұңғылар немесе олардың тобы бойынша орташа тәуліктік дебиттер;

k - дебиттердің өзгеру коэффициенттері;

tэ- осы айдағы пайдалану уақыты;

n - осы топтағы ұңғылар саны.

Осылайша, егер q = 15 т/тәу, k = 0,980,tэ = 30 тәу. және n = 40 ұңғы болса, қаңтар айындағы мұнай өндірісі Qr = 15*0,980*30:40 = 17640т. құрайды.

Барлық келесі айлар бойынша да мұнай өндірісін осылайша есептейді. Бір жылдағы мұнай өндірісін анықтау үшін айлар бойынша мұнай өндірісін қосады. Мұнай-газ өндіру кәсіпорыны бойынша жалпы өтпелі ұңғылардағы мұнай өндірісін Qп анықтау үшін ұңғылар бойынша немесе ұңғылар тобы бойынша мұнай өндірісін қосады.

Есептеу бойынша Qп = 6 00000 т. делік, олай болса қалпына келуші және жаңа ұңғылардың үлесіне Qз+ Qп = 1 000000 – 6 00000 = 400 000 т. келеді.

Бастапқыда қалпына келуші ұңғылардағы мұнай өндірісін өтпелі ұңғылар бойынша жоспар секілді құрастырады, бірақ әрбір ұңғы бойынша олардың пайдалануға жіберу мерзімін есепке ала отырып жеке-жеке құру міндетті болып табылады.

К-ны бірге тең деп қабылдайды, өйткені қалпына келуші ұңғылар көбінесе аз дебитті болып келеді.

Егер есептеулер қалпына келуші ұңғылар бойынша 46000 т-ға тең мұнай өндірісін берсе, онда тапсырманы орындау үшін біз жаңа ұңғыдан 354 000 т. мұнай шығаруымыз қажет.

 

Qи = Qтапсырма – Qп – Qв = 1 000 000 – 600 000 – 46000 = 354 000 т.

Жаңа ұңғылар бойынша бұл тапсырманың орындалуын қамтамасыз ету үшін ең алдымен қолда бар барланған қорларды талдау қажет және жаңа ұңғылардан мұнай өндіру жобасының экономикалық аса тиімді нұсқасын таңдау керек. Қандай да бір нұсқаны таңдау техникалық – экономикалық көрсеткіштер кешеніне тәуелді болады. Олардың арасында күрделі салымдар мен мұнай сапасы маңызды орын алады.




Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 126 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.011 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав