Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Патологиялық анатомия. Ұзақ уақыт созылмалы бронхитпен ауратын 48 жастағы Ж

Читайте также:
  1. I. Анатомия
  2. II Анатомия опорно-двигательного аппарата.
  3. II Анатомия опорно-двигательного аппарата.
  4. IV. Анатомия органов сердечно-сосудистой системы
  5. IV. Анатомия сердечно-сосудистой системы
  6. VI. Анатомия органов сердечно-сосудистой системы
  7. VI. Анатомия центральной нервной системы
  8. VII. Анатомия периферической нервной системы
  9. VII. Анатомия центральной нервной системы
  10. VIII. Анатомия органов чувств

Ұзақ уақыт созылмалы бронхитпен ауратын 48 жастағы Ж. деген науқас тыныс алудың жедел жетіспеушілігінен қайтыс болды. Мәйітті жарып қарағанда: өкпе қан тамырлары айқын, толақанды, сілемейлі және сілемейлі асты қабаттары ісінген, бронхтардың базалды мембранасы қалыңдаған, брохтар ішінде ауаның өтуіне кедергі болған эозинофилдер және түлеген эпителий жасушалары араласқан сілемейлі секрет жиналған.

Сұрақ: 1-қадам – Қандай ауру айтылған патологиялық үдерістің дамуымен сипатталады?

2-қадам– Жедел тыныс алу жетіспеушілігінің себебі не болып табылады?

№ 10

Патологиялық физиология

Барокамераға 2 тышқанды кіргіземіз: №1 тышқанға тәжірибеде 10 минут бұрын ОЖЖ-н қоздыратын фенамин енгізеді, № 2 тышқан бақылауда болады. 2-3 минуттан соң барокамерадан ауаны шығарып тастайды. Ауасы шығарылған ортада 2 минут кейін фенамин енгізілген тышқан, ал 3-4 мин кейін бақылаудағы тышқан өледі.

Сұрақ: 1-қадам – экспериментті негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

2-қадам – қорытынды жасаңыз.

Патологиялық анатомия

Науқас клиникаға стенокардия ұстамасымен түскен. 3 күннен кейін кенеттен қайтыс болды. Ашып көру кезінде қолқаның, жүрек және ми тамырларының атеросклерозы анықталған. Бас миының оң жақ жарты шарында қыртысасты ядроларыныңсы аймағында тіннің сұрғылт түсті үлкен деструкция ошағы табылған.

Сұрақ: 1-қадам – Мида некроздың қандай түрі дамыды?

2-қадам– Ми инфарктының қандай қолайлы нәтижесі болуы мүмкін?

Бекетіне арналған жауаптары

№ 1

Патологиялық физиология

Жауабы: 1-қадам – ПЖ жоғарылаған (қалыпты жағдайда 60-80 соққы/мин), АҚ төмендеген (қалыпты жағдайда 110/70 немесе 120/80 мм с.б.б.), қан сарысуында глюкоза деңгейі жоғарылаған (қалыпты жағдайда 3,58-6,05 ммоль/л), сарысуда мочевина деңгейі жоғарылаған (қалыпты жағдайда 2,5-8,32 ммоль/л), сарысуда-натрий деңгейі жоғарылаған (қалыпты жағдайда 135-145 ммоль/л), қанның рН-компенсацияланбаған ацидоз (қалыпты жағдайда 7,35-7,45 ммоль/л).

2-қадам – Науқаста диабеттік кома дамыған.

№ 2

Патологиялық физиология

Жауабы: 1-қадам – АҚ жоғарылаған (қалыпты жағдайда 110/70 немесе 120/80 мм с.б.), несепте эритроциттер және альбуминдер анықталады (қалыпты жағдайда болмауы тиіс).

2-қадам – Науқаста нефрогенді гипертензия дамыған.

№ 3

Патологиялық физиология

Жауабы: 1-қадам – АҚ жоғарылаған (қалыпты жағдайда 110/70 немесе 120/80 мм с.б.), феохромоцитомада қандағы адреналин деңгейі жоғарылайды (қалыпты жағдайда 0,48 нмоль/л-ден төмен).

2-қадам – Науқаста эндокринді гипертензия дамыған.

№ 4

Патологиялық физиология

Жауабы: 1-қадам – ЭКГ-де патологиялық өзгерістер байқалады, қандағы АСТ деңгейі жоғарылаған (қалыпты жағдайда 11-47 ХБ), лейкоциттердің саны жоғарылаған (қалыпты жағдайда 4,5-9х109/л), тромбоциттер саны жоғарылаған (қалыпты жағдайда 200-400х109/л), протромбиндік индекс жоғарылаған (қалыпты жағдайда 100%).

2-қадам – Науқаста миокард инфаркті дамыған.

№ 5




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 151 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав