Читайте также:
|
|
Жауабы: 1-қадам – Ауру сіңлісінде қалыпты Hb А орнына патологиялық Hb S анықталды, 3 есімді әйелде Hb А-мен қатар шамалы пайызда Hb S кездеседі, жұбайында патологиялық Hb S жоқ.
2-қадам – Әйелдің балалары 100% дені сау, алайда 50% балалары мүкіс генді тасымалдаушы болады.
№ 6
Патологиялық физиология
Жауабы: 1-қадам – Жүректің шекаралары ұлғайған, ЖСЖ жоғарылаған(қалыпты жағдайда 60-80 соққы/мин), ТЖ жиілеген (қалыпты жағдайда 16-18 рет/мин), бауыры ұлғайған (қалыпты жағдайда қабырға доғасынан төмен түспеуі керек); барлық белгілері кіші және үлкен қан айналым шеңберінде іркілістің болуын дәлелдейді.
2-қадам – Науқаста тоталды жүрек жетіспеушілігі дамыған.
№ 7
Патологиялық физиология
Жауабы: 1-қадам – Ұшақ ішінде атмосфералық қысым қалыпты (760 мм с.б.), ұшақ сыртында 10000 м биіктікте қысым анағұрлым төмен; кабинаның тұтастығы бұзылғанда ұшақ ішінде де қысым күрт төмендейді.
2-қадам – Ұшақта дамыған патологиялық жағдай жылдам декомпрессиямен байланысты.
№ 8
Патологиялық физиология
Жауабы: 1-қадам – 2 монозиготты егіз болғандықтан тұқым қуалайтын патологияның түрі, бауыры ұлғайған(қалыпты жағдайда қабырға доғасынан шықпауы тиіс), ашқарынға сарысудағы глюкоза деңгейі төмендеген (қалыпты жағдайда 3,58-6,05 ммоль/л), фосфорилаза белсенділігі төмендеген (гликоген ыдырауын катализдеуші фермент).
2-қадам – Егіздерде гликогеноз дамыған - гепатоциттерде гликогеннің патологиялық шектен тыс жиналуы.
№ 9
Патологиялық физиология
Жауабы: 1-қадам – Өкпе өспесін кесіп алғанда өспенің алынбай қалған жасушалары лимфа ағысымен сол жақ бұғана асты лимфа түйіндеріне барып, сол жерде көбейеді, сондықтан құрылысы бойынша кесіп алынған өспе жасушаларымен ұқсас келеді.
2-қадам – Науқаста өспе жасушаларының метастаздануы дамыған.
№ 10
Патологиялық физиология
Жауабы: 1-қадам – Науқастың шағымдары аяқтарындағы қан айналым бұзылыстарын айқындай түседі, қолының бозаруы және аяғының сыртындағы артерияларының соғуының сезілмеуі оларға қан келуінің азаюын көрсетеді. Аяқ терісінің мұздайлығы олардағы зат алмасу үрдісінің төмендеуіне тән. Терісінің құрғақтығы және тырнақтығының сынғыштығы - қоректенуінің бұзылуын дәлелдейді.
2-қадам – ер кісіде аяғының ишемиясы дамыған.
Бекетіне арналған жауаптары
№ 1
Жауабы: Гемограммада: Hb 45 г/л, Эр 2,2х1012/л, түстік көрсеткіші 0,6.
Жағынды да микроциттер анықталады. Сарысулық темірдің деңгейі қалыпты жағдайдан төмен.
№ 2
Жауабы: 1-қадам – Hb – өзгеріс жоқ (қалыпты жағдайда 120-160 г/л). эритроциттер – өзгеріссіз (қалыпты жағдайда 4-6х1012/л), лейкоциттер – жоғарылаған (қалыпты жағдайда 4,5-9х109/л).
2-қадам – Гемограммада лейкоцитоз анықталады.
№ 3
Жауабы: 1-қадам – Жалпы билирубин – жоғарылаған (қалыпты жағдайда 3,4-22,2 мкмоль/л), тікелей билирубин – жоғарылаған (қалыпты жағдайда 0-5,1 мкмоль/л), тікелей билирубин несепте болмауы тиіс, уробилиноген қанда және несепте болуы тиіс, стеркобилиноген нәжісте болуы тиіс.
2-қадам -Сараптамада механикалық (бауырастылық) сарғаю белгілері анықталды.
№ 4
Жауабы: 1-қадам – Hb – өзгеріссіз (қалыпты жағдайда 120-160 г/л), эритроциттер – өзгеріссіз (қалыпты жағдайда 4-6х1012/л), лейкоциттер – жоғарылаған (қалыпты жағдайда 4,5-9х109/л).
2-қадам – Гемограммада лейкоцитоз анықталды.
№ 5
Жауабы: 1-қадам – тәуліктік дируез төмендеген(қалыпты жағдайда 1,5-2 л/тәу), несептің тығыздығы жоғарылаған (қалыпты жағдайда 1010-1011), несепте эритроциттер табылды (қалыпты жағдайда несепте болмауы тиіс).
2-қадам – несеп сараптамасында олигурия және гематурия анықталды.
№ 6
Жауабы: 1-қадам– Hb– азайған (қалыпты жағдайда 120-160 г/л), эритроциттер – азайған (қалыпты жағдайда 4-6х1012/л), түстік көрсеткіш – төмендеген (қалыпты жағдайда 0,85-1).
2-қадам – Гемограммада гипохромды анемия белгілері анықталды.
№ 7
Жауабы: 1-қадам – Hb– азайған (қалыпты жағдайда 120-160 г/л), эритроциттер – азайған (қалыпты жағдайда 4-6х1012/л), түстік көрсеткіш – жоғарылаған (қалыпты жағдайда 0,85-1).
2-қадам – Гемограммада гиперхромды анемия белгілері анықталды.
№ 8
Жауабы: 1-қадам – тәуліктік диурез – төмендеген (қалыпты жағдайда 1,5-2 л/тәу), несептің тығыздығы – жоғарылаған (қалыпты жағдайда 1010-1011), несепте нәруыз табылған (қалыпты жағдайда несепте нәруыздың өте аз мөлшері болуы.
2-қадам – Несептің сараптамасында олигурия, протеинурия, белгілері анықталды.
№ 9
Жауабы: 1-қадам – Жалпы билирубин – жоғарылаған (қалыпты жағдайда 3,4-22,2 мкмоль/л), тікелей емес билирубин– жоғарылаған (қалыпты жағдайда 3,4-17,1 мкмоль/л), уробилиноген қанда және несепте болуы керек, стеркобилиноген экскрементте (нәжісте) болуы керек.
2-қадам – Сараптамада гемолиздік (бауырүстілік) сарғаю белгілері анықталды.
№ 10
Жауабы: 1-қадам – тәуліктік дируез төмендеген(қалыпты жағдайда 1,5-2 л/тәу), несеп тығыздығы жоғарылаған (қалыпты жағдайда 1010-1011), несепте лейкоциттер табылған - (қалыпты жағдайда несепте болмауы тиіс).
2-қадам – Несеп сараптамасында олигоурия және лейкоцитурия анықталды.
Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 171 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |