Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Оршаған ортаның адам ағзасына әсер ететін факторларының жаратылысы және әсер ету спецификасы әр түрлі.

Читайте также:
  1. E) әрқашан зақымдалған файлдың кодын өзгертеді
  2. E) кішентай көлем, өз бетімен жүктелу мүмкіндігі және компьютердің мүлтіксіз жұмыс істеуіне кедергі келтіруі
  3. e) мәліметтер қорын енгізуге және көруге
  4. IIІ – дәріс. ХХ ғасырдағы және қазіргі заманғы әлеуметтанулық теориялар
  5. IIІ.Дәрілік препараттардың клиника-фармакологиялық сипаттамасы.
  6. IV – дәріс. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
  7. Lt;question> Қатынасқа түскен із қалдырушы және із қабылдап алушы беткейлердің шекарасынан тыс пайда болатын іздер қандай іздер
  8. Lt;question> Жаратылыс тану және техникалық ғылымдар криминалистиканың қай бөлімімен тығыз байланысты
  9. Lt;question> «Саусақ» және «қараймын» деген мағына беретін трасологияның тарауы криминалистикада қалай аталады
  10. Lt;variant>әкімшілік занының нормаларымен көрсетілген іс - әрекеттер үшін жауаптылықтың сәйкестелінген шарасы

Олар:

Биологиялық факторлар адам ағзасын қоршаған барлық тірі ағзалар жатады. Олар: бактериялар, микробтар, вирустар, гельминттер, саңырауқұлақтар. Олар адам ағзасына тыныс алу жолдары, адамның тері қабаты арқылы, жеген тағамы арқылы түсіп, ағзада жұқпалы, паразитті н-е саңырауқұлақ ауруларын тудырады. Кейбір микроорганизмдер тағамның құрамына түсіп, тағамды бұзып, адамдар арасында тамақпен улануды тудырады.

Химиялық факторларға ауаның, судың, топырақтың, тағамның химиялық құрамы жатады.Адамның қалыпты жағдайда өмір сүруі үшін ауаның, тағамның, судың құрамына кіретін химиялық элементтер ж/е олардың қосылыстары қажет.Олардың жетіспеушілігі н\е артық мөлшері адам ағзасында ауру тудыруы мүмкін. М-ы:тағамда йод жетіспегенде қалқанша безінің жұмысы бұзылады,ауада оттегінің төмендеуі адамда оттегі жетіспеушілік ауруын тудырады, ауада әр түрлі зиянды заттардың болуы ағзаның улануын тудырады.

Физикалық факторларға ауаның температурасы, ылғалдылығы, ауа жылдамдығы, атмосфералық қысым, күн радиациясы, ионды ж\е лазерлі сәулелену, шу, діріл ж\е жылулық, гравитациялық, электромагниттік энергия жатады. Бұл факторлар нормада әсер еткен кезде өзгеріс болмайды, ал егер нормадан тыс көп шамада әсер етсе, ол ағзаға теріс әсер етеді. М-ы: шамадан тыс жоғары температура адам ағзасында терморегуляциялық қызметтің бұзылуына алып келеді, ал шу – адамның есту мүшесіне әсер етіп, адамда тас кереңдік тудырады.

Психогенді факторлар адмда психогенді факторлардың әсері әр түрлі эмоция туындатады: мұңғ қорқыныш, қуаныш. Психогенді факторлар ОЖЖ ж\е сезім мүшелері арқылы адамның реакциясын көрсетеді.

2-сұрақ

1.Санитарлық тексеру әдісі- санитарлық-гигиеналық тәжрибеде негзгі әдіс болып табылады ж\е кеңінен қолданылады. Бұл әдіс нысанды санитарлық тексеруден ж\е тексеру қорытындысы бойынша АКТ жазудан тұрады. Анықталған жетіспеушілігіне байланысты, санитарлық ұсыныс н\е санитарлық ұйғарым жазылады, айыппұл салынады н\е ол нысанның жұмысын тоқтату туралы қаулы шығарылып, нысан көрсетілген жетіспеушіліктерді толығымен жойғанша жабылады.

2. Физиологиялық қарау әдісі – қоршаған орта факторларының әсеріне адам ағзасының берген реакциясын тексереді.М-ы: тамыр соғуы, қан қысымы, тұз ж\е су алмасуы.

3.Статистикалық зерттеу әдісі – өте кең түрде қолданылады. Орта буынды медицина қызметкерлерінің тәжрибелік жұмыстарында статистикалық әдістерді қолдану, ол күнделікті атқарылатын жауапты ж\е міндетті іс болып табылады.Орта буынды медицина қызметкерлерінің статистикалық жұмысы өз бетінше ж\е дәрігердің басқаруымен атқарылады.

Ол жұмыстар:

1. Алғашқы тіркеуді жүргізу.

А. ауыр жағдайлар, жарақат, өлім, мүгедектікке ұшырау, уақытша еңбекке жарамсыздық ж\е т.б

Б. медицина қызметкерлерінің әр түрлі емдеу-сауықтыру істері, науқастарды диспансерлеудегі тексерілуші тұрғындар ағымы ж\е басқалары.

 

2. Антропометриялық өлшемді жүргізу мен тіркеу, жеке бастың ж\е ұжымның дене бітімінің дамуына баға беру арнайы өлшемдер арқылы см,кг,жыл.

3.Жыл сайын емдеу сауықтыру мекемелерініңбірыңғай тәртіптегі есеп түрлерін жасауға қатысу.

4.Тұрғындардың түрлі топтарына клиникалық-әлеуметтік, арнайы әлеуметтік-гигиеналық зерттеу істерін ұйымдастыру ж\е оны жүргізуде дәрігерге көмек көрсету.

5.Алынған статистикалық материалды ойша қорытып жүйелеу, компьютерді пайдалана отырып оны дұрысөңдеу.

Бұл әдіс қоршаған ортаның адам ағзасына әсерін, сауықтыру жұмыстарының тиімділігін тексерген кезде кеңінен қолданылады.

Зертханалық әдіс – санитарлық тексеру кезінде зетханалық зерттеу кеңінен қолданылады. Зертханалық әдістер:

Химиялық әдіс – химиялық реактивтердің көмегімен заттардың құрамын, құрамындағы бөгде заттарды анықтайды.

Бактериологиялық әдіс – бұл әдістің көмегімен микробтық ластанудың деңгейін ж\е микробтың түрін анықтайды.

Биологиялық әдіс – жануарларға тәжрибе жасау арқылы заттың улылығын анықтайды.

Физикалық әдіс – нысынның физикалық көрсеткіштерін анықтағанда қолданылады.

Радиометриялық әдіс – радиоактивті заттармен ластану дәрежесін анықтайды.

Гельмитологиялық әдісте қолданылады.

№7.Қоршаған ортаны ластайтын негізгі факторларға қасиеттері. Қоршаған ортаны ластау – адамның шаруашылық қызметінің нәтижесінде—қатты, сұйық және газ тәріздес қалдықтарды табиғиортаға: атмосфераға, гидросфераға, топыраққа шығару; қоршағанортада қажет емес физикалық факторлардың: шудың, жылудың, сәуле шығаратын радиацияның, ультрадыбысты толқындардың, вибрациялардың жәнет.б. пайда болуы нәтижесінде қоршағанортаның физикалық-химиялық қасиеттерініңөзгеруі. Қоршаған ортаның ластануы санитарлық-гигиеналық нормативтердің асып түсу деңгейімен сипатталады.

 

№8.Адамдардың денсаулығына әсер ететін ауаның физикалық қасиеттері. Ауаның физикалық қасиеттері:температурасы,ылғалдылығы,ауа жылдамдығы,қысым жатады.Адам ағзасы нормада өмір сүру үшін және жұмысқа деген қабілеттілігін сақтау үшін ағзада жылулық тепе теңдік сақталу керек,яғни ағзада пайда болған энергия мен сыртқы ортаға берілетін энергия мөлшерінің тепе тең болуы.Егер жылуды сыртқа шығару нашарласа,ол ағзада жиналып,ағза қызады.Ал жылуды көп мөлшерде жоғалту адамның салқындап қалуына әкелңп соғады.Адам қоршаған ортаның жылулық жағдайына ыңғайланып жүреді,қар және жаңбырдың астында қалмас үшін ұй салады. Ағзаның энергия жогалтуы қоршаған ортаның жылулық жағдайына байланысты,ол температурамен,ылғалдылықпен,ауа жылдамдығымен, сәулелі энергиямен анықталады.Егер қоршаған орта температурасы адам денесінің температурасынан жоғары болса,адам жылуды терлеу арқылы шығарады.Адам ауыр жұмыс жасаса және қоршаған орта температурасы жоғары болса бөлінетін тердің мөлшері тәулігіне 6-10 литрге дейін жетеді.Қоршаған ауаның температурасы жоғары болса,адамның үстіндегі киім ылғалды болса немесе денесі терлеген болса,ауаның қатты қозғалысы немесе өтпе жел кезінде адам жылуды ылғал бөлу арқылы жоғалтады,ол адамда жоғары тыныс алу жолдарының жедел аураы туындауы мүмкін.Ауа қысымының тәуліктік өзгерісі 1-2 мм сынап бағанасынан аспау керек,ал жылдық өзгерісі 20-30 мм сынап бағанасынан аспау керек.Ауа қысымының жайлап өзгеруі адам ағзасына теріс әсер етпейді.Адам 9-10 км биіктікке көтерілгенде өте төмен қысымның әсерінен кейбір адамдарда биіктік декомпрессиялы ауруы байқалады.Ол кезде адамдардың бұлшықеттері және буындары ауырады.Аурудың алдын алу үшін адамдар скафандрлар киіп немесе қысымның қажет мөлшерде ұстап тұратын кабиналарда ұшқаны дұрыс.




Дата добавления: 2015-02-22; просмотров: 189 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав