Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Аллаһ»"الله" сөзі – қайталанбас ұғым

Читайте также:
  1. Адам, қоғам және мәдениет ұғымдарына философиялық сараптама
  2. Космоцентризм перапатетизм номонолизм ұғымдары
  3. Леуметтік девиация: ұғымы, түрлері.
  4. Мысалшы Эзоп. «Эзоп тілінің» қазіргі ұғымы.
  5. Паразит, паразитизм туралы ұғым.
  6. Семинар 6. Саяси тәртіп туралы ұғым.
  7. Ылым ұғымы және оның тарихи түрлері.
  8. Экологиялық құқықтың тарихы және қайнар көздері ұғымы, шығуы

«Аллаһ» "الله" сөзі жеке бір есім болып, ешқандай тілге аударылмайды және ешбір тілде «Аллаһ» сөзінің орнына қолданылатын сөз жоқ. Себебі, «Аллаһ» сөзі тек Аллаһ үшін қолданылады, және бұл сөздің көпше түрі не мағналық басқа да нақты баламасы болмайды. Құрандағы Аллаһ ұғымын білдіретін «Иләһ», «Мәулә», «Рабб» сөздерінің өзі Аллаһ сөзінің тікелей мағынасын бермейді. Сол секілді қазақ тіліндегі «Құдай», «Тәңірі», сөздері де Аллаһ атауының орнына дәлме‑дәл келмейді. Ал бұл терминнің араб тіліндегі баламасы ретінде - «Иләһ», «Рабб», «Мәулә» сөздерін айтуға болады. Әрине, жоғарыда айтқанымыздай бұл сөздер де «Аллаһ» сөзінің орнын қай тұрғыдан да болсын (семантикалық не грамматикалық) алмастыра алмайды.

Аллаһтың ең көркем есімдері (әсмәул - хусна)

Құран Кәрімде Аллаһ Тағаланы сипаттаушы есімдер айтылғандай және бұл есімдермен қоса өзге де есімдерге «әсмәул хусна» (ең көркем есімдер) деп атаймыз. Есімдердің ең әдемісі, ең көркемі әлбетте Аллаһтың есімдері болып табылады. Себебі, Аллаһтан басқа ешбір нәрсе кәміл, кемшіліксіз емес. Құран бұл жайында: «Ол Аллаһ. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ең көркем аттар Оған тән» (20.Таһа-8).

﴿ هُوَ اللَّهُ الَّذِي لا إِلَهَ إِلا هُوَ عَالِمُ الْغَيْبِ وَالشَّهَادَةِ هُو الرَّحْمَنُ الرَّحِيمُ (22) هُوَ اللَّهُ الَّذِي لا إِلَهَ إِلا هُوَ الْمَلِكُ الْقُدُّوسُ السَّلامُ الْمُؤْمِنُ الْمُهَيْمِنُ الْعَزِيزُ الْجَبَّارُ الْمُتَكَبِّرُ سُبْحَانَ اللَّهِ عَمَّا يُشْرِكُونَ (23) هُوَ اللَّهُ الْخَالِقُ الْبَارِئُ الْمُصَوِّرُ لَهُ الأسْمَاءُ الْحُسْنَى يُسَبِّحُ لَهُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَالأرْضِ وَهُوَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ (24) ﴾

Және бір сүреде: «Ол Аллаһ, жаратушы, жоқтан бар етуші және бейнелеуші. Аттардың ең көркемі Оған тән. Көктер мен жердегі әр нәрсе Оны дәріптейді. Ол өте үстем, Аса дана» (59.Хашыр-24) – дейді.

Құран Кәрім мен сахих хадистерде Аллаһ Тағаланың көптеген есімдері айтылған. Біз осы есімдер арқылы Аллаһты танимыз. Ал сол есімдер арқылы дұға жасаудың абзал болатыны мына аятта айқын байқалады: «Ең жақсы атаулар Аллаһқа тән. Оған сол аттарымен жалбарыныңдар» ( 7.Али Имран-180). Осы мәселе тұрғысында келесі бір аятта былай делінеді: «(Мұхаммед (с.а.у.)) оларға айт: Мейлі Аллаһ деп, немесе Рахман деп дұға етсін. Қайсысымен дұға етсеңдер, атасаңдар да ең көркем аттар оған тән» ( 17.Исра-110).

Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір күні Айша (р.а.) анамызға:

- Я, Айша! Аллаһ Тағала маған қабыл болу тұрғысынан қай есімімен дұға жасаудың абзал екенін үйреткенін білетін бе едің?, – деп сұрайды. Хазіреті Айша (р.а.):

- Әке-шешем саған пида болсын, уа Аллаһтың Елшісі! Соны маған үйретіңіз, - деген кезде Пайғамбарымыз (с.а.у.):

Й, Айша! Ол есім саған үйретілмегені дұрыс, - деп жауап береді.

Бұдан кейін Хазіреті Айша (р.а.) анамыз ол жерден тұрып кетеді де, біраз уақыттан кейін қайтып келіп Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) басын сүйіп:

- Я, Расулуллаһ! Өтінем, маған сол дұғаны үйретіңізші, - дейді. Расулуллаһ тағы да:

- Әй, Айша! Ол есімді саған үйрете алмаймын. Өйткені сен ол есіммен дүниелік бір нәрсе сұрайтын болсаң, дұрыс болмайды, - деп жауап береді. Хазіреті Айша (р.а.) анамыз осы жауаптан кейін тұрып кетеді де, дәрет алып екі рекат намаз оқиды. Артынан Аллаһ Тағалаға былай деп дұға етеді:

Уа, Раббым! Мен Сені «Аллаһ» деп шақырамын, дұға етемін. Әр-Рахман, әл-Бәрр және әр-Рахим деп шақырамын. Білетін білмейтін бүкіл ең әдемі есімдеріңмен Сені шақырамын. Мені кешіруің және маған мархамат етуің үшін саған дұға етіп жатырмын!

Хазіреті Айша (р.а.) анамыздың осылай дұға еткенін естіген Расулуллаһ (с.а.у.) күлімсіреп былай дейді:

- Шынында да әлгі есімдер сенің жасаған дұғаңның ішіндегі есімдер!




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 42 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав