Читайте также:
|
|
Паразитология (гр. Para- жанында sitos- қоректену деген сөзінен шыққан). Белгілі бір организм екінші бір организмде тіршілік етіп және сол иесін қорек және мекен ететін ортасы ретінде пайдаланады. XVII ғасырда, яғни ғылымдардың дамуына байланысты. Ғылыми зерттеулердің нәтежиесінде, паразиттердің және еркін тіршілік ететін жануарлардың ортақтық және айырмашылық белгілері байқалды. Оған дейін паразиттерді жеке топқа бөліп және оның пайда болуына кейде жұмбақ мәні берілген, яғни паразиттер иесінің денесінде өздігінен пайда болады делінеді. Алайда, паразиттерді жануарлар патшалығы жүйесіне қосылуына байланысты паразит түсінігінің дәл анықтауын қайта құрастыру қажет болды.Ең алғаш паразитке түсінікті және оның тіршіліктегі басқа организмдерден ерекшелігін анықтап, зерттеген неміс ғалымы Рудольф Лейкарт еді. Оның анықтамасы бойынша паразит дегеніміз – бұл бір организм басқа организмде қоректенетін және баспана табатын тірі организмдер. Р. Лейкарттың анықтамасына сүйенетін, паразиттің негізгі ерекшеленетін басты белгісі –оның қоректену тәсілінде, кез-келген организм екінші бір организмде тіршілік ете отырып, оны өлімге ұшыратпай сол организм есебінен қоректенеді.паразит иесін өлтірмей, онымен бір тұтас тіршілік етеді, жыртқыш жануарлардан басты айырмашылығы осы белгісінде. Р.Лейкарттың – анықтамасы бойынша паразиттердің ғана паразитизм шекарасы бұзылады, егер мысалы,паразиттік тіршілік ететін сүліктер, қорек көзін өзінен ірә күшті организмдерден алса, алайда, өзінен кіші немесе әлсіз организмдермен тең келген жағдайда, өзінен кіші немесе әлсіз организмдермен тең келеген жағдайда сүлік нағыз жыртқыш ретінде салынады. Паразиттер өз иесінен кіші немесе әлсіз организмдермен тең келген жағдайда сүлік нағыз жыртқыш ретінде салынады. Паразиттер өз иесінен әлсіз әрі кіші болады.Келтірілген мысалды паразитизм-жыртқыштың бір формасы ретінде қарастырса, жыртқыш пен оның құрбаны денесінің мөлшеріне негізделген қарым-қатынас болады. Ал паразиттердің басқа организмнің денесінде тіршілік етуін Р.Лейкарт екінші реттік сипат ретінде санады.Коллери паразитизм ұғымын: “организм тіршілігіне қажетті және қалыпты жағдай яғни басқа организмнің –есебінен қоректеніп, жыртқыш пен олжасы тірізді емес, сол организмді бүлдірмей тіршілік етуі “, деп сипаттайды.Паразиттерді қоректену белгілеріне қарай анықтау жеткіліксіз болғандықтан, кейбір авторлар анықтауышқа қосымша паразиттердің иесіне келтіретін зиянын қосып анықтауға тырысты.Мысалы, К.И.Скрябиннің пікірінше “паразитизм “-бұл тiрi организмдердің арасындағы биологиялық қарым қатынастың бір түрі, соның біреуі – “паразит” ал бiреуi “иесі”, алғашқысы соңғысының денесінде, денесінің беткі жағында немесе ішкі мүшелері мен ұлпаларында тереңдей еніп, қызмет көрсетпестен сол иесін қорек ретінде де уақытша немесе тұрақты мекен ретінде де пайдаланады.Қоректену сипаты мен мекен етуі кеңістік қарым қатынасты сипаттайды. Практикалық көзқарас бойынша, паразитизм құбылысында көбінесе паразит –иесі қоршаған мекн ортасына басты назар аударылады, теориялық көзқарас бойынша да мұндай қарым-қатнастар көбіне, маңыздырақ болып келеді.
Дата добавления: 2015-02-22; просмотров: 499 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |