Читайте также:
|
|
Әдебиеттер:
1. Аженов М.С., Садырова.М.С. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. А.: Қазақ университеті, 2004.
2. Добреньков В.И., Кравченко А.И. Социальная стратификация и структура. М.: Наука, 2000
3. Кравченко А.И. Социология. Хрестоматия. М., 2002
Жоспар:
1. Әлеуметтік құрылым және оның элементтері.
2. Әлеуметтік стратификация теориясы
3. Әлеуметтік стратификацияның тарихи формалары
4. П.Сорокиннің әлеуметтік құрылым және әлеуметтік мобилділік теориясы.
1. Әлеуметтік құрылым дегеніміз әлеуметтік топтардың, страталардың, топтардың және әлеуметтік институттардың жиынтығы, олардың байланыстары, ара қатынастары. Сонымен, әлеуметтік құрылым, біріншіден, белгілі бір элементтерден, нақты топтардан тұрады, солардың қосындысы, жиынтығы. Ол әлеуметтік топтар, олардың бір бірінен өзгешеліктері, айырмашылықтары бар. Екіншіден, айтылған топтар өзара қатынастарда, түрлі байланыстарда болады. Осы қатынастар, байланыстар әлеуметтік құрылым социологиясының негізгі проблемалары, мәселелері. Әлеуметтік құрылым дегеніміз әлеуметтік қауымдар мен олардың қатынастарының жиынтығы. Әлеуметтік құрылым - бұл әлеуметтік құрылымдағы элементтердің тұрақты байланысы. Әлеуметтік құрылым әлеуметтануы қабаттар, әлеуметтік топтарды зерттейді. Екі компонент әлеуметтік байланыс пен әлеуметтік құрам өздеріне әлеуметтік құрылымды біріктіреді. Қоғам әлеуметтік құрылымның негізі туралы маркстік ілімге қарсы тұрған теория - әлеуметтік стратификация.
«Структура» термині латын тілінен алынған – ол, жалпы алғанда, белгілі бір заттың, құбылыстың элементтері арасындағы байланыстардың айтарлықтай бір тұтастығын білдіретін термин.
Әлеуметтік құрылым дегеніміз, қоғамның ішкі құрамы, оның элементтерінің жиынтығы мен олардың арасындағы сан алуан байланыстар.
Әлеуметтік құрылымның басты элементтеріне: а) өзара тығыз байланыста, қарым-қатынаста болатын индивидтер немесе адамдар жатады; ә) қоғам мүшелерінің бірігуі, топтасуы негізінде пайда болып, дамып отыратын әлеуметтікқоғамдастықтар және б) сол қоғамда қалыптасқан, белгілі бір функцияларды атқаратын әлеуметтік институттар жатады.
Бұл айтылғандарды сызбанұсқа түрінде былайша бейнелеуге болады.
Әлеуметтік құрылымның басты элементтері
|
|
|
қатынастар қатынастар
Әлеуметтік қоғамдастықтар деп, белгілі бір отақ белгілері бар, яғнм мүдделері, құндылық бағдарлары, атқаратын қызмет, іс-әрекеттері ұқсас адамдар тобын айтамыз.
Қоғамда адамдар қоғамдасуының сан алуан түрлері бар. Оларды дәлірек түсіну үшін төмендегі үш өлшем тұрғысынан жіктеуге болады.
І. Тұрақтылық дәрежесіне қарай:
1) қысқа мерзімдік байланысқа негізделген, тұрақтылығы төмен қоғамдасулар, оларды квазитоптар деп атайды.
Мәселен, бұл топқа театрдағы спектакль көрермендерін, поезъд вагонындағы жолаушыларды, туристік топ немесе митингке қатысатын адамдарды жатқызуға болады. Бұл топтағы адамдар арасындағы байланыс әлсіз әрі кездейсоқтық сипаты басым болады.
2) тұрақтылығы орташа қоғамдастықтар (еңбек ұжымы, құрылыс бригадасы, студенттер тобы)
3) тұрақтылығы жоғары қоғамдастықтар (ұлттар, таптар)
ІІ. Көлеміне қарай: 1) үлкен әлеуметтік топтар немесе қоғамдастықтар (ұлттар, таптар, әлеуметтік жіктер, кәсіби бірлестіктер); 2) орташа әлеуметтік топтар (бір аймақтың тұрғындары); 3) кіші қоғамдастықтар немесе топртар (отбасы, шағын ұжымның қызметкерлері, оқу топтары). Бұл топтағы адамдар арасындағы қарым-қатынас пен байланыстар барынша тығыз және олардың мақсат-мүдделері де жақын болады.
ІІІ. Мазмұнына қарай әлеуметтік қоғамдастықтар: 1) әлеуметтік-экономикалық (касталар, сословиелар, таптар); 2) әлеуметтік-этникалық (ру, тайпа, ұлыстар, ұлттар); 3) әлеуметтік-демографиялық (жастар, қарт адамдар, балалар, ерлер, әйелдер); 4) әлеуметтік-кәсіби (шахтерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, инженерлер); 5) әлеуметтік-территориялық (аймақтың, облыстың, аудан, селоның тұрғындары) деп жіктеледі.
Әлеуметтік қоғамдастықтарды осылайша жіктеу түсінікті де дәлірек болады. Ол сызбанұсқа түрінде былай көрінеді:
|
|
|
|
|
| ||||
| |||||
Р.Мертон әлеуметтік топты белгілі бір жолмен бір-бірімен қарым-қатынаста болатын, өзінің сол топқа жататынын ұғынатын және басқа адамдардың көзқарасы бойынша оның мүшесі болып саналатын адамдардың жиынтығы ретінде анықтай отырып, оның үш айырмашылық белгісін бөліп көрсетеді - өзара іс-әрекет, мүшелік және сәйкестілік. Ұқсас анықтама бере отырып, Н.Смелзер адамның мінезін көбіне оның қандай да бір топтың адамы екендігімен түсіндіретінімізді айтады. С.С. Фролов әлеуметтік топты оның әрбір мүшесінің басқаларға қатысты белгілі бір жолмен қарым-қатынаста болатын жеке адамдардың жиынтығы деп түсінеді. Бұл анықтамада жиынтықты топ деп санау үшін қажетті екі маңызды шартты көруге болады: 1) оның мүшелері арасындағы өзара іс-әрекеттің болуы; 2) топтың әрбір мүшесінің басқа мүшелерге қатысты әрекетерінің болуы.
Әлеуметтік топтар өзінің шамасы, саны бойынша шағын (екіден он бес адамға дейін) және үлкен болып бөлінеді. Шағын әлеуметтік топты ажырату белгілері: 1) құрам санының аздығы; 2) мүшелерінің кеңістіктегі жақындығы; 3) өмір сүру ұзақтығы; 4) топтық құндылықтардың, нормалардың және мінез-құлық үлгілерінің ортақтығы; 5) топқа кірудің еріктілігі; 6) адамның мінез-құлқын бақылаудың бейресмилігі болып табылады.
2. Қоғамның түрліше әлеуметтік топтарға, қауымдастықтарға жіктелуі батыстық социологияда әлеуметтік стратификация деген терминмен (география мен геологияда страттар деп жер қыртысының қабаттарын айтады) белгіленеді. Ол термин қоғам мүшелерінің әлеуметтік күйінің бірдей еместігін, олардың әлеуметтік теңсіздігін білдіреді.
Б.Барбердің коңепцияларында елдердің әлеуметтік құрылымдарын геометриялық фигуралар арқылы түсіндіру орын алады. Осындай әдісті белгілі социолог С.Липсет те қолданылады. Бұл социологтардың түсіндіруінде қазіргі дамыған елдердің әлеуметтік құрылымы ромб сияқты көріністе.
![]() |
Бай тап
![]() |
Орта тап
![]() |
Төменгі тап
Бұл геометриялық фигурада 2 шеті тар, ал ортасы кең. Осы фигураны әлеуметтік құрылымды түсіндіруге пайдалансақ, онда дамыған елдерде орта тап халықтардың көпшілігі, ал жоғары бұрыш –ол бай тап, сан жағынан аз. Сондай ақ бұл елдер де төменгі бұрыштар тарлау, сондықтан оның саны да аз. Мысалы: 1992ж ресми көрсеткіштерге қарағанда АҚШ – та бай таптың саны 6%, кедей тап 14%. Қалған халықтың саны 80% орта тап. Ал салыстырмалы түрде алсақ Рессейде 1990ж. Байлар 3%, кедейлер 80%, ал орта тап 17%. Батыс елдердің көпшілігі технологиялық жағынан мықты дамыған елдер. Олардың экономикалық, материалдық тұрмысының деңгейі жоғары. Бұл елдегі топтардың кейбіреулері материалдық жағынан алғанда өте бай тұратын таптар. Бай табына жататын топтардың қоғамдағы орны, статусы, байлық мөлшері т.б. әртүрлі. Бұлардың ішінде ірі жекеменшік иелері, компанияларда, фирмаларда, өндіріс орында басшы қызмет істейтін адамдар, атақты инженерлер, архитектор, артистер, суретшілер, ғылымдар т.б.
Даму үстіндегі елдердің қатарына Кеңестік Республикалардың көпшілігі, қазіргі тәуелсіз елдер, олардың ішінде Қазақстан да жатады. Осындай елдердің әлеуметтік құрылымын Батыс социологтары үш бұрышты пирамида арқылы бейнелейді.
Бай тап
Орта тап
![]() | |||
![]() |
Кедей тап
![]() | |||
![]() |
Осы пирамидаға қарасақ, бай тап, өте жінішке бұрыш. Орта тап одан көбірек, бірақ та оның салмағы онша емес. Кедей тап қоғамның басым көпшілігі, пирамида негізі. Орта таптың бұл елдердегі материалдық деңгейі, өмір тұрмысы, жалақысы т.б. материалдық, әлеуметтік жағдайлары дамыған елдермен салыстырғанда әлде қайда төмен. Орта таптың біріншіден, саны аз, 2 – шіден оны қалыптастыратын экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жеткіліксіз. Сондықтан бұл елдерде орта тап қоғамның елеулі әсер ете алмайды. Көпшілік елдерде орта таптың топтарының жекеменшігі бар. Бірақ та орта тапты бұл елдерде, әлі де болса тұрақты деп айтуға болмайды.
Даму үстіндегі елдер деген түсініктің өзі көбінесе экономикалық мағынаны береді деуге болады. Осы айтылған категорияларға жататын елдердің экономикасы әлі де болса әлсіз, технологиялық дамуы өте бәсең, сондықтан да олардың экономикасы дағдарыстарға ұшырап отырады, нарықтық процесс бұл елдерде төменгі деңгейде. Дегенмен де бұл елдердің көпшілігі ХХғ.аяқ кезінде дамыған елдердің көмегімен нарықтық экономикаға көшуде, технологиясы даму үстінде, жалпы экономикасы көтерілуде.
3. Қоғам адамдарын стратталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі. Олар: а) касталар; ә) сословиелер; б) таптар. Осы аталған жіктеудің үш типіне байланысты стратификациялық жүйе ашық және жабық жүйелерге бөлінеді. Қоғам мүшелерінің статустары мен әлеуметтік жағдайларын өзгертулеріне мүмкіндік бар әлеуметтік құрылым ашық стратификациялық жүйе деп алады да, ал, мұндай мүмкіндік балмайтын қоғам жабық стратификациялық жүйе деп аталады. Жабық жүйеге Үндістан қоғамында орын алған касталық жүйені жатқызуға болады. «Каста» - латын тілінде castus (таза) деген мағынаны береді. Бұл жүйе 1900-шы жылға дейін сақталып келген. Үнді қоғамында қалытасқан дәстур бойынша қоғам мүшелері касталарға жіктелген және соған байланысты әлеуметтік статус ата-аналарынан балаларына беріліп, ол өмірлік статусқа айналып отырған. Бұл қоғамда касталардың 4 тобы болған:
а) брахмандар (діни иелері, абыздар), олар халықтың 3%-ын құрайтын;
ә) кшатрийлер (әскери адамдар);
б) вайшьтер (саудагерлер), бұл екі топ халықтың 7%-ын құрайтын;
в) шудралар (шаруалар мен қолөнершілер) – 70%-ға жуық;
г) хариджандар – қоғамдағы ең төменгі, ауыр жұмыстарды (ауланы сыпыру, қоқыстарды жинау, тері илеу, шошқа бағу) атқаратын адамдар.
Қоғамдағы қалыптасқан діни наным мен дәстүр бойынша, жоғары каста мен төменгі каста адамдарының араласуларына, қарым-қатынастар жасауларына қатаң тыйым салынған. Драхмалық діни наным бойынша, әр адам құдайдың берген тағдырына көніп, өмір бойы сонымен келісімде болуы керек.
Қазіргі кезде де Үндістанның кейбір аймақтары мен селолық жерлердегі адамдардың мінез-құлықтары және өмір салттарында касталық жүйенің қалдықтары сақталған.
Сословиелік жүйелер – феодалдық қоғамда орын алған стратификациялық жіктеу типі. Бұл қоғамдағы адамдар жоғары және төменгі сословиелерге бөлінген. Сословиелік статустар атадан балаға мұра ретінде беріліп отырған. Жоғары сословиеге дворяндар, дін иелері, ал, төменгі сословиеге – қолөнершілер, шаруалар, көпестер жатқан. Бұл аталған жүйеде бір сословиеден екіншісіне өту шектелгенімен, олардың арасында кейбір жағдайда некенің орын алуы және төменгі сословие адамдарының сіңірген еңбектеріне байланысты билік тарапынан оларға жоғары сословиелік статусты сый ретінде беру сияқты жағдайлар орын алған.
«Тап» деген ұғым ғылыми айналымға жаңа заманда енді. Әсіресе, XVIII-XIX ғасырларда Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерінде бұл ұғымның мәні негізделіп, қоғамда таптардың бар екендігін мойындау болды. Бастапқы кезде таптар деген ұғымның саяси мазмұны баса айтылды.
Тек кейін К. Маркс және М. Вебер еңбектерінде қоғамдағы таптық жіктелудің экономикалық себептері мен астарларына терең назар аударыла басталды.
К. Маркс өз заманында таптар туралы ілімді одан әрі дамытып, өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді. Соыең нәтижесінде ол әлеуметтік стратияикация теориясына өз үлесін қосты. Ол таптардың пайда болуының экономикалық себептерін ашып көрсетті.бұл себептерге К. Маркс қоғамдық еңбек бөлінісі мен жеке меншіктің шығуын жатқызады. Әлеуметтік құрылым туралы көптеген концепциялар бар. К.Маркс әлеуметтік құрылым туралы көптеген зерттеулер жүргізген ірі ғалым. XIX ғ. әлеуметтік стратификациялау теориясының ірге тасын қалаушылардың бірі десек те болады. К.Маркстің түсіндіруінде адамзат тарихында 5 типті қоғам орын алады. Олар: алғашқы адамдар қоғамы, құлиеленушілік қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, және ең соңғы қоғам коммунизм. Әрбір қоғамның немесе формацияның өзіне тән, сәйкес құрылымы болады. Қоғамның әлеуметтік құрылымы К.Маркстің түсіндіруінше әлеуметтік топтардың жиынтығы және олардың қарым – қатынастары, байланыстары. Әлеуметтік құрылымның ішіндегі ең маныздысы - таптар. Таптық қоғам қанаушылық орын алған қоғамнан басталады. Таптық қоғамдар деп Марксизмде құлиеленушілік, феодалдық, капиталистік қоғамдарды айтады. Ал алғашқы қауымдық қоғамда тап болмаған, яғни қанаушылық та орын алмаған. Тап деген әлеуметтік топ коммунистік қоғамда жойылады. Маркстік теория бойынша әрбір қанаушылық қоғамда екі тап орын алады. К.Маркс осы таптарды негізгі таптар деп қараған. Мысалы, құлиеленушілік қоғамда құлдар мен құл иелері, феодалдық қоғамда феодалдар мен шаруалар, капитализмде капитал иелері мен пролетариат. Осы таптардың арасында күрес үздік жүріп отыр. Соның салдарынан бір тап жеңіліп, екіншісі жеңіске жетеді, ал кейде күреске қатысқан таптардың барлығы жеңіледі, жеңіске басқа бір жаңа тап ие болады.
М.Вебердің де бұл мәселе туралы көзқарасы К.Маркстің көзқарасына өте жақын деуге болады. М.Вебер де К.Маркс сияқты таптың экономикалық негізіне көбірек көңіл бөліп, тапты экономикалық категория деп түсінген. Бірақ та М.Вебердің К.Маркстен бұл мәселе бойынша айырмашылықтары бар. Біріншіден, М.Вебердің пікірі бойынша таптың белгілерін тек қана К.Маркс сияқты меншікпен доғаруға болмайды. Таптың көптеген әлеуметтік белгілері бар. Оның ішінде мамандық, білім деңгейі, қызметкерлік қабілеті, дипломы т.б. Екіншіден әлеуметтік құрылымдағы маңызды мәселенің бірі статус деп аталады. Статус, престиж деген категориялар қоғамды тапқа бөлуде аса маңызды роль атқарады. Ал ондай категориялар К.Маркстың таптық құрылым теориясында орын алмайды. Жалпы осы статус деген ұғым М.Вебердің социологиясында орын алады. Оның ойынша стратификациялаудың 3 өлшемі бар.
Олар:
1. Байлық – экономикалық статус
2. Билік – саяси статус
3. Мәртебе - әлеуметтік статус
Осы үш өлшем арқылы қоғамды стратификациялауға болатының айтады.
Әлеуметтік құрылымды зерттеушілерден П. Сорокин өкімет бойынша қоғамды «басқарушылар» мен «бағынушыларға» бөлді.
4. П.Сорокин қоғамда стратификацияның үш түрі бар екендігін баяндайды. Олар: экономикалық, саяси, кәсіби стратификациялар. Экономикалық стратификацияны негізгі материалдық байлық, не кедейшілік. Саяси стратификацияның негізі билік, басқарушылық, не болмаса олардың жоқтығы. Кәсіби стратификацияның негізгі мәртебелі / лауазымды / не мәртебесіз /лауазымсыз/ еңбек, мәртелі, /лауазымды/ болашағы бар, не болмаса болашағы аз, не болмаса жоқ мамандықтар. Экономикалық стратификацияны қарастырғанда П.Сорокин қоғамның экономикалық статусындағы екі өзгеріске тоқталады. Олардың бірі – экономикалық тұрмыс, екіншісі-қоғамдағы экономиканың көтерілу не төмендеу мәселесі. Осы өзгерістерді яғни экономикалық стратификациялау П.Сорокин флуктация деген терминмен белгілеген. Флуктация дегеніміз топтың экономикалықды статусының өзгерістері.
Прогрестік бағыттағы дамып жатқан елдерде ашық қоғам орныққан. Ал осы процесс бәсен болса, ондай қоғамдарды жабық қоғам дейді. П.Сорокиннің осындай концепцияларынан шыға отырып, қазіргі батыс социологтары ашық және жабық қоғам деген идеологияны әрі қарай дамытуда. Жалпы П.Сорокиннің көзқарасы бойынша қоғамдағы өте қатал әлеуметтік стратификация түбінде жақсылыққа әкелмейді, төменгі топтардың арасында наразылықты күшейте түседі. Төменгі страталардың жоғарыға қарай көтерілуіне жол ашылуы қажет. Ал жоғары страталарда беделін түсірген адамдардың, топтардың төмен құлай түсуін әбден қажетті деп түсіну қажет. Страталардың белгілері, критерилері мәселесінде социологтардың арасында біраз дискуссиялар, пікір-таластар туып отыр. Кейбір социологтар стратаны бір-ақ қана белгі арқылы айыруға болады деп есептейді. Мысалы, қазіргі неміс социологы Р.Дарендорфтың пікірі бойынша страталардың негізгі көрсеткіші бедел, билік. Ал көпшілік социологтардың пікірінше страталар көптеген белгілер арқылы ерекшелене алады. Мысалы, билік, кіріс, табыс, мамандық, білім, мәдениет, мекен-жайы, корпоративтік мақсаты т.б. Батыс елдеріндегі әлеуметтік стратификация теориясымен айналысатын социологтардың тізімі өте үлкен. Біз олардың кейбіреулерін атап кете аламыз. Олар: Т. Парсонс, Б. Барбер, Э. Райт, У.Уорнер, М.Липсет, К. Дэвис, У.Мур, Д.Трейман, Э.Гидденс, А.Бурьде, Р.Дарендорф, Р.Ротмэн, А.Инкельс. т.б.
«Әлеуметтік мобильділік» теориясының авторы П. Сорокин болып табылады. «Әлеуметтік мобильділік» деп, қоғамдағы жекелеген индивидтер мен адамдар тобының бір әлеуметтік жағдайдан екінші бір әлеуметтік жағдайға орын ауыстыруын айтамыз.
Әлеуметтік мобильділіктің екі типі бар, олар:
вертикалды, яғни тік сызықтың бойымен болатын және;
горизонталды, немесе көлденең сызық бойындағы мобильділік.
Веритикальды мобильділік – индивидтің бір стратадан екінші бір стратаға ауысуының нәтижесінде оның әлеуметтік жағдайының өзгеруі. Вертикалды мобильділік жоғары өрлеу және төмен құлдырау, яғни кері кеу бағытында болады.
Жоғары өрлеу бағытындағы мобильділікке адамның қызметінің жоғарлауы (кәсіби вертикалдық мобильділік), әл-ауқатының, тұрмыс-жағдайының жақсаруы (экономикалық вертикалды мобильділік) жатады.
Адамның вертикальды төмен бағыттағы құлдырауы да өмірде жиі кездесетін мобильділіктің түрі. Әсіресе, қазіргі біздің елдің жағдайында мобильдіктің бұл түрі қоғамда жиі орын алып отырған құбылыс.
Э. Гидденс мобильділіктің бұл типіне жан-жақты талдау жасаған. Британ қоғамындағы төмен құлдырау мобильділігінің себептерін адамның психологиялық күйзеліске ұшырауынан (мысалы, жақын адамынан айырылу, сәтсіздіктерге ұшырау, т.б.) және соған байланысты индивидтің өзінің бұрыңғы статустық дәрежесінен айырылуынан деп түсіндіреді. Мобильділіктің бұл түріне индивидтің жұмысынан айырылуы да жатады.
Жоғары бағытта өрлеу мен төмен түсудің арасында белгілі бір ассиметрикалық (яғни, бөліктердің бір-біріне сай келмеуі) байланыстар болады: әрбір адам қызметте (лауазымда) көтеріліп, жоғарылауға тырысады, керісінше ешқандай адм қызметінің төмендеуін қаламайды. Басқаша айтқанда, жоғарлау – ерікті құбылыс, ал, төмен түсу – еріксіз құбылыс болып саналады.
Горизантальды мобильділікте – индивид бір әлеуметтік позициядан екіншісіне ауысады. Бұл ауысу тек көлденең сызық бойында болады да оның әлеуметтік жағдайына ешбір өзгеріс әкелмейді. Мысалы, кәсіпорындағы жоспарлау бөлімінің экономисі бухгалтерлік есеп бөліміне экономистік қызметке тағайындалса, онда оның статусында айтарлықтай өзгеріс болмайды.
Тест сұрақтары:
1. Қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттейтін, екі ірі теорияны атаңыз
А)Әлеуметтік стратификация және мобильділік
В)Құрылымдық функионализм және мобильділік
С)Натурализм және әлеуметтік стратификация
Д)Әлеуметтік дарвинизм және күштілердің жеңуі
Е)Тарихи материализм және диалектика
2. Әлеуметтiк норма дегенiмiз:
А)Қоғамда рұқсат етiлетiн өлшем
В)Кәсiби-лауазымдық нұсқау
С)Әлеуметтiк көрсеткiштердiң шектелген маңызы
Д)Адам iс әрекетi салдарының ойша қанағаттануы
Е)Адамдар арасындағы қатынастарды реттейтiн ережелер
3.Көрсетілген жүйелердің қайсысы өз құрамына мәңгі және ресми-құқықтық мұрагерлікті қосады
А)Құлиеленушілік, сословиелік және касталық жүйе
В)Сословиелік, касталық және этакратиялық жүйе
С)Әлеуметтік-кәсіби, сословиелік және касталық жүйе
Д)Физико-генетикалық, құлиеленушілік пен касталық жүйе
Е)Тоталитарлық
4. “Страта” түсiнiгi ненi бiлдiредi?:
А)Жiктердi, қабаттарды
В)Диспозицияны
С)Таптарды
Д)Топтарды
Е)Бағдарды
5. Ашық қоғамды сипаттайтын тәртіп
А)Мобильділіктің жүзеге асуы
В)Оқшаулы тәртіп
С)Орталықтан басқару
Д)Автократиялық тәртіп
Е)Тоталитарлық тәртіп
6.Көлденең мобильділікке мысал бола алады
А)Қызметкердің жұмыс орнын (мекемесін) ауыстыруы
В)Индивидтің статусын өзгертуі
С)Қызметкердің қызметте өсуі
Д)Шет мемлекетке көшіп кету
Е)Мүлдем басқа мамандықты игеру
7. Батыс әлеуметтанушыларының айтуы бойынша, қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ететiн тап:
А)Орта
В)Жоғары
С)Барлық қабаттар
Д)Төменгi
Е)Элита
8. Қандай мәртебеге адам туғаннан ешқандай күш жұмсамай ие болады?:
А) Туа біткен
В) Қол жеткен
С)Қосымша алынған
Д)Тағайындалған
Е)Табиғи
9.Әлеуметтiк стратификация дегенiмiз-бұл:
А)Әлеуметтiк теңсiздiктiң формаларын анықтайтын ұғым
В)Индивидтiң бiр қауымдастықтан екiншiсiне өту процесi
С)Әйелдердiң жағдайын сипаттайтын ұғым
Д)Жiктелу мен кедейлену процесi
Е)Қоныс аудару процесi
10.Индивидтің немесе топтың бір әлеуметтік позициядан екіншісіне өтуі П.Сорокин бойынша ол
А)Әлеуметтік мобильділік
В)Әлеуметтік кеңістік
С)Әлеуметтік стратификация
Д)Әлеуметтік дифференция
Е)Әлеуметтік жіктелу
11. Бір әлеуметтік қабаттан екінші әлеуметтік қабатқа өтуді білдіретін мобильділік түрі
А)Тік
В)Көлденең
С)Геогрфиялық
Д)Ұрпақішілік
Е)Ұрпақаралық
12.Әлеуметтiк мобильдiлiк дегенiмiз-
А)Жеке адамның немесе топтың әлеуметтiк мәртебесiнiң өзгеруi
В)Теңсiздiк формасы
С)Адамның тұлғаға айналу процесi
Д)Қала халқының өсуi
Е)Туудың төмендеуi
13. Көлденең мобильділікке мысал бола алады
А)Қызметкердің жұмыс орнын (мекемесін) ауыстыруы
В)Индивидтің статусын өзгертуі
С)Қызметкердің қызметте өсуі
Д)Шет мемлекетке көшіп кету
Е)Мүлдем басқа мамандықты игеру
14.Қандай стратификациялық жүйе ашық жүйе болып табылады?:
А)Таптық
В)Сословиелiк
С)Касталық
Д)Құлдық
Е)Топтық
15. Қоғамдық қатынастар жүйесiнде бiр немесе бiрқатар позицияларды қамтитын, адамдар тәртiбiнiң үлгiсi
A) әлеуметтiк роль
B) әлеуметтiк орта
C) әлеуметтiк байланыстар
D) әлеуметтiк қатынастар
E) әлеуметтiк позиция мәртебе
Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 632 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |
<== предыдущая лекция | | | следующая лекция ==> |
V – дәріс. Әлеуметтік институттар мен процестер | | | Страна. |