Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

V – дәріс. Әлеуметтік институттар мен процестер

Читайте также:
  1. IIІ – дәріс. ХХ ғасырдағы және қазіргі заманғы әлеуметтанулық теориялар
  2. IV – дәріс. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
  3. VI – дәріс. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және әлеуметтік стратификация.
  4. VІI – дәріс. Тұлға әлеуметтануы
  5. VІІI– дәріс. Девиация және әлеуметтік бақылау
  6. X – дәріс. Саяси әлеуметтану
  7. XII – дәріс. Мәдениет әлеуметтануы
  8. XIIІ – дәріс. Отбасы әлеуметтануы
  9. XIV – дәріс. Қолданбалы әлеуметтану

Әдебиеттер:

1. Гидденс Э.Социология, М: Эдиториал, УРСС, 2010

2. Радугин А.А., Радугин К.А. Социология.- М., 1998

3. Икенов А.И., Жүсіпова А.Д. Әлеуметтану негіздері. Оқулық. А., 2004

4. Кравченко А.И. Социология. Хрестоматия. М., 2002

Жоспар:

1. Әлеуметтік институттар әлеуметтік өмірдің маңызды элементі.

2. Әлеуметтік институттың белгілері мен функциялары.

3. Әлеуметтік институт адамдардың біріккен әрекетінің тұрақты формасы ретінде.

4. Әлеуметтік процесс ұғымы.

 

1. Әлеуметтік институттар алғашқы қауымдық қоғамнан қазіргі заманға дейінгі кез келген қоғамда болған. Оларсыз қоғам өзін құрайтын адамдарға қатысты өзінің негізгі функцияларын - біріктіру, қорғау, қамтамасыз ету, тұлғаны әлеуметтендіру, рухани және мәдени даму, т.б. орындай алмас еді.

Адамдардың әлеуметтік өзара байланыстары мен қарым-қатынастары мінез-құлықтың жалпы ережелері мен қоғамдық мүддеге және жеке адамдардың мүддесіне қол жеткізудің қалыптасқан, рұқсат етілген тәсілдерінің негізінде құрылады. Ең алғашқы институттардың бірі жыныстық қатынастарды, қандас туыстар мен тайпаластар арасындағы қолдау көрсету мен өзара көмектесуді реттеген, мәдени сабақтастықты, әлеуметтік тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа беру нормаларын баянды еткен отбасы және неке институты болып табылады.

Социологтар “институт” ұғымын құқықтанушылардан бай әлеуметтік мазмұнмен толықтырып алған. Ол базалық социологиялық категориялардың бірі болып табылады, теориялық тұжырымдамаларды құру мен шынайы қоғамдағы әлеуметтік қатынастарды талдауда оны айналып өту мүмкін емес.

Ағылшын социологі Г.Спенсер “әлеуметтік институт” терминін алғаш ұсынған адам. Кез келген мекеме (әлеуметтік институт) әлеуметтік әрекеттердің орнықты құрылымы ретінде қалыптасады. Ол институттар қоғам өмірін реттеу мен жайластыру және адамдардың мінез-құлқына ықпал ету ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өткен. Ол әлеуметтік институттардың алты түрін сипаттап, талдаған: өнеркәсіптік, кәсіподақтық, саяси, әдет-ғұрыптық, шіркеулік, үй.

Латын тілінен іnstіtutum - орнату, жайластыру деп тәржімаланады. “Институция” термині орнату, қоғамда қалыптасқан әдет-ғұрып, тәртіп дегенді білдіреді. “Институт” ұғымы әдет-ғұрыптар мен тәртіптердің заң немесе мекеме түрінде бекітілуін білдіреді. Әлеуметтік институт әлеуметтік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін қоғамдық байланыстар мен қатынастардың кез келген тәртіптелуі, ресмиленуі дегенді білдіреді.

2. Қоғамдық байланыстар мен қарым-қатынастарды тәртіпке келтіру, ресмилендіру және стандарттау процесі институттану деп аталады. Қоғамның белгілі бір байланыстардың әлеуметтік ұйымдастыруға қажеттілігін ұғынуы барысында сол қажеттілікті қанағаттандыра алатын әлеуметтік нормалар, ережелер, мәртебелер мен рөлдер бекиді. Әлеуметтік институттың қызмет атқаруына жәрдемдесетін жалпы мақсаттар, топтар және ұйымдар қалыптасады, институттың барлық мүшелерін қамтитын нормалар мен санкцияларды қолдану ресімдері, мәртебелер мен рөлдер жүйелері құрылады.

Неғұрлым маңызды қажеттіліктерді қамтамасыз ететін әлеуметтік институттардың бес негізгі түрі бар:

бала туу, өсуі (отбасы және неке институты);

қауіпсіздік және әлеуметтік тәртіп (саяси институттар, мемлекет);

тұрмыстық құрал-жабдықтар өндіру (экономикалық институттар, өндіріс);

білімді беру, өскелең ұрпақты әлеуметтендіру, кадрлар даярлау (білім беру, ғылыми және мәдени институттар);

рухани мәселелер, тіршілік мағынасын шешетін қажеттіліктер (дін институты).

Әрбір институттың қанағаттандыратын қажеттіліктеріне тәуелді ерекше қасиеттері бар. Бұл ұстанымдар мен мінез-құлық үлгілері; символикалық мәдени белгілер; утилитарлық мәдени белгілер; ауызша және жазбаша кодекс; идеология. Бұл институционалдық белгілер әлеуметтік қатынастарды реттеудің негізгі механизмдерін шоғырландырған: нормативтік элементтер, түсініктер, үлгілер, санкциялар, мәдени бейнелер, қоғамдық идеялар арқылы (1-кестені қараңыз). Барлық институттар бірдей белгілердің толық жинақталымына ие бола бермейді, бұл олардың жеткілікті дами қоймағанын немесе төмендегенін көрсетеді.

 

1-кесте Қоғамның басты институттарының белгілері

Отбасы Мемлекет Бизнес Білім беру Дін
1. Ұстанымдар мен мінез-құқық үлгілері
Үйреністік Түзу ниет Жауапкершілік Құрмет Құлақ асу Түзу ниет Субординация Өнімділік Үнемділік Табыс алу Білімге деген құштарлық Сабаққа қатысу Қоше­мет­теу­ші­лік Түзу ниет Табыну
2. Символикалық мәдени белгілер
Неке жүзігі Некелік ритуал Ту Мөр Герб Ұлттық гимн   Фабрика маркасы Патент белгісі Мектеп Эмблемасы Мектеп әндері Крест Иконалар Әулиелер Гимн
3. Утилитарлық мәдени белгілер
Үй Пәтер Жиһаз Қоғамдық ғимараттар Қоғамдық жұмыстар Банктер мен нысандар Дүкен, фабрика Жабдық Банктер мен нысандар Сыныптар Кітапханалар Стадиондар Шіркеу ғимараттары Шіркеу реквизиті Әдебиет
4. Ауызша және жазбаша кодекс
Отбасылық тыйымдар мен рұқсаттар Конституция Заңдар Келісім-шарттар Лицензиялар Оқушылар ережелері Сенім Шіркеу тыйымдары
5. Идеология
Романтикалық махаббат Сыйысушылық Дарашылдық Мемлекеттік құқық Демократия Ұлтшылдық Монополиялар Еркін сауда Еңбек ету құқығы Академиялық бостандық Прогрессивтік білім беру Оқытудағы теңдік Православие Баптизм Протестантизм

 

 

Осылайша әлеуметтік институттар маңызды қоғамдық құндылықтар мен әлеуметтік байланыстардың орнықты нысандары арқылы әлеуметтік құрылымдар мен қоғамдағы тәртіпті ұстап тұрады. Оларды қоғам мүшелері орындайтын әлеуметтік құндылықтар, нормалар және мінез-құлық үлгілері беретін өздерінің әлеуметтік рөлдері негізінде мақсатқа бірлесе қол жеткізуді қамтамасыз ететін белгілі бір әлеуметтік маңызды функцияларды орындайтын адамдардың ұйымдасқан бірлестіктері ретінде алып қарауға болады.

Әр түрлі бағыттағы социологтар қоғамдағы әлеуметтік институттардың реттелген жүйесін беруге тырысқан.

Социологиядағы институционалдық мектеп өкілдері (С.Липсет, Д.Ландберг және т.б.) берген институттардың жіктелуі назар аударарлық. Олардың пікірінше, әлеуметтік институттар төрт негізгі функцияны орындайды: қоғам мүшелерінің өсіп-өркендеуі; әлеуметтендіру; өндіріс пен бөлініс; басқару мен бақылау.

Экономикалық институттар (меншік, алмасу, ақша, банктер, шаруашылық ұйымдар) қоғамдық байлық өндірісін және бөлінісін қамтамасыз етеді, экономикалық өмірді басқа әлеуметтік салалармен біріктіреді. Саяси институттар (мемлекет, партия, қоғамдық ұйымдар, кәсіподақтар) саяси биліктің белгілі бір нысандарын орнатуға және ұстап тұруға бағытталған. Әлеуметтік мәдени және тәрбие институттары мәдени және әлеуметтік құндылықтарды ұдайы өндіруді, жеке адамдардың әлеуметтік мәдени стандарттарды меңгеруін қамтамасыз етеді. Нормативтік-бағдарлаушы институттар жеке адамдардың мінез-құлқын моральдік нормативтер негізінде реттейді. Нормативтік-санкциялаушы институттар жеке адамдар мен топтардың белгілі бір мінез-құлқын заң актілерінде бекітілген нормалар, ережелер мен санкциялар негізінде алдын ала ұйғарып отырады. Рәсімдік-символикалық және жағдайлық-конвенционалдық инсти­туттар топтық және топаралық мінез-құлықтың әр алуан актілерін реттейтін ұзақ күнделікті байланысулар барысында жасалған нормалар мен ұйғарымдарды қамтиды.

Институттардың мойындалған мақсаттары ретінде оңай танылатын айқын функциялары және әдейі емес немесе жасырын жүзеге асырылатын латентті функциялары болады.

Өзінің базалық қоғамдық функциясын жүзеге асыру үшін әрбір әлеуметтік институт қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатымен адамдардың бірлескен қызметін қамтамасыз ететін функцияларды атқарады. Ең алдымен, институт қоғамдық қатынастарды бекітеді және ұдайы өндіреді. Бұл институттың әрбір мүшесінің қызмет ететін шеңберлерді белгілейтін мінез-құлықтың ережелері мен стандарттық нормалары жүйесінің арқасында мүмкін болады. Әлеуметтік институттардың қызмет атқаруы қоғам мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынасты рөлдік талап-күтулер арқылы реттеуді қамтамасыз етеді. Әлеуметтік бақылау қоғамда белгіленген және қалыптасқан мінез-құлық үлгісін сақтауды қамтамасыз етеді.

Институттардың интегративтік қызметі де маңызды болып табылады. Институттандырылған нормалардың әсерімен әлеуметтік топтар мүшелері бірігуінің, өзара тәуелділік пен жауапкершіліктерінің, өздерінің мақсаттарын салыстыруының әлеуметтік процестері табысты жүреді.

Әлеуметтік институттың трансляциялаушы қызметі қоғамда жинақталған әлеуметтік тәжірибе беруді қамтамасыз етеді. Жеке адамды әлеуметтендіру, тәрбилеу және дамыту процестері арқылы алдыңғы ұрпақтың нормативтік-құндылық элементтері, тыныс-тіршілігінің тәжірибесі игеріледі.

Институттардың коммуникативтік мүмкіндіктері арқылы олардың ішінде туған ақпарат оның құрамына енген жеке адамдар мен топтар арасында да, институттар арасында да таралады.

Әлеуметтік институттардың айқын функциялары күтілетін және қажетті болып табылады. Егер де институт оларды игере алмаса, онда ол сөзсіз таратылады және өзгерістерге ұшырайды. Алайда әлеуметтік институттардың іс-әрекеттерінің жоспарланған нәтижелерімен қатар жасырын, түсініксіз не болмаса алдын ала жоспарланған нәтижелер де болады.

“Дисфункция” ұғымын алғаш енгізген американдық социолог Р.Мертон болатын, ол жүйенің бір бөлігінің екінші бөлігіне ықпалының теріс салдарларын бейнелеуге және қандай да бір жүйенің біртұтастыққа тұтасуы дәрежесін көрсетуге тиіс. Ол іс-әрекет пен мінез-құлықтың барлық институцияландырылған үлгілері қоғамның бірлігі мен тұтасуына қызмет ететіндігіне күмән туғызған және де дисфункцияларды зерделеуді маңызды деп ұйғарған.

Мысалы, бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамның әлемдегі оқиғалар туралы неғұрлым жылдам және толық хабардар болуын қамтамасыз етуге және тиісінше коммуникация дәрежесін көтеруге тырысуы сенсация қууға және ақпараттарды бұрмалауға әкеп соғуы мүмкін. Ал бұл басқаның қайғысына, күш қолдануды қабылдауға, мораль талаптарына қоғамның сезімталдық қасиетін төмендетеді.

3. Әлеуметтік құрылғы ретінде институт адам қызметінің әр түрлі салаларын реттейтін ресми және бейресми ережелердің, принциптердің, нормалардың, ұстанымдардың орнықты кешенін білдіреді. Олардың негізінде топтар мен адамдардың қарым-қатынас жасау жүйесіндегі орнын, функцияларын, мінез-құлқын анықтайтын әлеуметтік рөлдер мен мәртебелер жүйесі ұйымдастырылады.

Әлеуметтік институттың жеке адамнан гөрі жоғары сипаты, өзіндік аса қатаң құрылымы бар, жүйелілік сапасы болады. Құндылықтар, үлгілер және нормалар жүйе ретінде жеке адамдардың қандай да бір әлеуметтік қауымдастық шеңберіндегі міндетті мінез-құлықтарын реттеп отырады.

Әлеуметтік институт деп көбінесе адамдардың бірлескен қызметінің тарихи қалыптасқан орнықты нысандарын айтады. Институттардың негізігі мақсаты - жеке адамдардың, топтардың және жалпы қоғамның іргелі қажеттіліктерін қанағаттандыру. Олардың сәтті қызмет атқаруы адамдар қауымдастығының өмірін сақтауға мүмкіндік береді, оларды топтар мен қоғамға біріктіреді, олардың өмірін тұрақты етеді. Дәл осы әлеуметтік институттар ұйымдардағы бірлескен корпоративтік қызметті үйлестіреді, әлеуметтік қатынастар сипатын анықтайды және оларды сақтап отырады.

Әрбір институт:

- белгілі бір қызмет аясын;

- белгіленген құқықтар мен міндеттер негізінде қоғамдық, ұйымдық немесе басқару функцияларын орындауға өкілетті адамдар тобын;

- ресми тұлғалар арасындағы қарым-қатынастың ұйымдық нормалары мен принциптерін;

- қойылған міндеттерді шешуге қажетті материалдық құралдарды (қоғамдық ғимараттар, құрал-жабдықтар және т.б.) қамтиды.

Мысалы, әділет органдары (юстиция) әлеуметтік институт ретінде құқықтық қатынастар мен оларды реттеу саласын білдіреді. Оған жататындар белгілі бір адамдар тобы (прокурорлар, соттар, адвокаттар); қабылданған ресми заңдар мен басқа да заңнамалық актілер, сондай-ақ құқықтық өкілетті тұлғалардың мінез-құлықтарының бейресми стандартталған үлгілері (соттың, прокурордың, адвокаттың және т.б. рөлдері); мекемелер (прокуратуралар, соттар, тұтқындау орындары және т.б.) және әділетті қаржыландыруға арналған ел бюджетінен бөлінетін қаражат.

4. Әлеуметтік процесс - қоғамдық өмірдің нақты тенденциялары көрініс табатын әлеуметтік әрекеттердің өзара байланысы. Әлеуметтік процестердің субъекті болып адамзат қоғамымен қоса жеке бір мемлекет, нақты әлеуметтік қауымдастықтар, ұйымдар мен институттар табыла алады. Әлеуметтік процесті жүйелердегі, әлеуметтік институтар мен ұйымдар жағдайларының кезеңді ауысуы деп сипаттай аламыз. Әлеуметтік процесс ұғымы әлеуметтік өзгеріс ұғымымен тығыз байланысты. Әлеуметтік процестерді түрлеріне қарай бөліп қарасақ:

Бағытына қарай: прогрессивті және регрессивті;

Сипатына қарай: эволюциялық және революциялық;

Тиімділік тұрғысынан: тиімді және тиімсіз;

Мазмұнына қарай: экономикалық, саяси, рухани, ақпараттық.

Кез - келген процестің қайшылықты сипаты болады. Қайшылықтарсыз қоғам дамымайтынын ескерсек онда келесі кезекте қайшылық дегеніміз не, оның табиғаты туралы сөз қозғауға тура келеді. Адамзат қоғамының тарихына көз жүгіртсек, көне заманнан бастап бүгінгі күнге дейін қоғам дамуының барлық сатыларында әлеуметтік шиеліністердің орын ағандығын байқауға болады. Біздің тілімізде “шиелініс” деп аталып жүрген бұл құбылыс латын тіліндегі confliktus-қақтығыс деген ұғымды білдіреді.

“Әлеуметтік шиелініс” (конфликт) деген терминді алғаш рет ғылыми айналымға енгізген неміс ғалымы Г.Зиммель болды. Г.Зиммель шиеліністі қоғам өмірінің қалыпты және маңызды формасы ретінде қарастырған.

Г.Зиммельдің бұл бағыттағы ғалыми көзқарастарын 20 ғ. 20-жыллдары Чикаго мектебінің көрнекті өкілдері Роберт Парк, Эрнст Бэрджесс және Альбион Смолл қолдады. Олар “әлеуметтік өзара ықпалдасу теориясын” негіздеді. Бұл теория бойынша шиелініс еркін бәсеке, бейімделу, ассимиляция, әлеуметтік өзара ықпалдасудың түрлері ретінде қарастырылған.

 

Тест сұрақтары:

1. Әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру бағытындағы әлеуметтік нормалардың, статустар мен рөлдердің анықталып бекітілу процесі

А)Институттану

В)Бейімделу

С)Мәдениет

Д)Әлеуметтендіру

Е)Мамандану

2. Екінші реттік әлеуметтендіруге қатысты әлеуметтік институтты ата?

А)Еңбек ұжымы

В)Достар

С)Мектеп

Д)Отбасы

Е)Бала - бақша

3 Қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін нормалар мен мекемелердің жиынтығы

А)Әлеуметтік институт

В)Әлеуметтік құрылым

С)Әлеуметтік топ

Д)Тұрғындардың әлеуметтік құрамы

Е)Әлеуметтік стратификация

4. Әйел мен ер адам арасындағы қатынастарды заңды түрде реттеп, санкциялап

отыратын әлеуметтік институт

А)Отбасы

В)Заң

С)Әлеуметтендіру

Д)Саясат

Е)Экономика

5. Әлеуметтік институттың ресми белгілерін таңдаңыз:

А) ту, әнұран, заң

В) адамның еңбекке, оқуға, демалуға құқы

С) жұмыскерлердің тәртібі, мәдениеті

Д) құндылықтар, табыс, еркіндік

Е) үлгілер, мәртебелер

6. Қоғамның негізгі институты бұл

А)Отбасы институты

В)Жекеменшік институты

С)Билік институты

Д)Адвокатура институты

Е)Спорт институты

7. Әлеуметгік институттардың кұрылу процесін қалай атайды?

A) институттану

B) интегративті үдеріс

C) институция

D) интернализация

E) интериоризация

8. Әлеуметтік институттардың негізгі тұрлерін анықтаңыз:

A) отбасы, экономика, саяси, рухани, білім

B) экономика, саясат, отбасы, құқық

C) қылмыстық, құқықтық, қауіпсіздік, таптық

D)отбасы, экономика, білім, әлеуметтік

E) саяси, экономикалық, дін, мәдениет

9. Рухани мәселелерді шешу қай әлеуметтік институтқа тән

А)Дін

В)Заң

С) Отбасы

Д)Саясат

Е)Экономика

10.Институттану үдерісінің мәнін көрсетіңіз

А) қоғамдық байланыстар мен қатынастардың бір тәртіпке, үлгіге, қалыпқа келтіру

В) әлеуметтік мұқтаждықтарды бағыты бойынша анықтау

С) қоғамдағы ресмиленген байланыстар мен қатынастарды жөнге келтіру үдерісі

D) әлеуметтік өмірді бақылау мен басқару

Е) әлеуметтік басқарудың тиімділігін арттыру

11. Қай институттың атқаратын міндеттік қызметінің мақсаты адамды қалыптастыру мақсатымен бірдей

А) Отбасы

В)Ғылым

С) Мемлекет

Д)Мәдениет

Е)Білім

12. Ең алғаш пайда болған әлеуметтік институт?

А)Отбасы және неке институты

В)Мемлекет

С)Саясат

Д)Мәдениет

Е)Білім

13.Әлеуметтік институт дегеніміз не?

А)Белгілі бір әлеуметтік кажеттілікті канағаттандыруға арналған ролдер мен статустардың жиынтығы

В)Әлеуметтік салада кызмет ететін мамандар даярлайтын оку орындары.

С)Әлеуметтік мәдени тұрмыс орындарының ғимараттары мен кұрылыс жобаларын әзірлейтін жобалау институттары

Д)Бір -бірімен тікелей қарым-қатынаста болатын біршама көп адамдар саны

Е) педагог мамандарды даярлайтын оку орындары.

14.Әлеуметтік институттардың шығу себептері қандай?

А) қоғамның, адамдардың қажеттіліктерінен пайда болды

В) адамдардың әлеуметтік қатынастарын реттеу

С) қоғамның рухани-мәдени талаптарын қанағаттандыру қажеттілігінен

Д) адамдарды әлеуметтік топқа ұйымдастыру себебінен

Е) адамдардың шаруашылық өмірін ұйымдастыру мақсатында

15. Әлеуметтік институттардың ең қажетті және күтілетін қызметтері

А) Көрінетін

В) Латентті

С)Дисфункциялар

D)Басты

Е)Басты емес

 




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 372 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
ПРИНЦИП ГУМАНИСТИЧЕСКОЙ НАПРАВЛЕННОСТИ ВОСПИТАНИЯ| VI – дәріс. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және әлеуметтік стратификация.

lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.025 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав