Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Шінші сұрақтын мәтіні

Читайте также:
  1. Бірінші сұрақтын мәтіні
  2. Бірінші сұрақтын мәтіні
  3. Делдалдық немесе үшінші жақтық тұлғааралық жанжалды шешудігі рөлінек мысал келтіріңіз
  4. Екінші сұрақтын мәтіні
  5. Екінші сұрақтын мәтіні
  6. Төртінші сұрақтын мәтіні
  7. шінші аралық бақылау өткізуге арналған сұрақтар.

Жеке адамның бағыттылығы дегеніміз- сол адамның талғамы мен белсендігін көрсететін ниеттер жүйесі. Жеке адамның өмір бағытын көрсететін компоненттер көп. Олардың бастылары мотивтер мен қажеттер, бейімділік пен қызығулар, дүниетаным мен сенім, талғам.

Түрткілер мен қажеттер.

Адамды әрекетке бағыттайтын, қажетін өтеуге талаптандыратын бір түрткі болады. Бұл психологияда мотивтер деп аталады. Жеке адамды қандай болмасын әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы күш мотив болып табылады. Қажеттілік дегеніміз- өмір мен дамудың белгілі бір жағдайда адамның міндетті түрде керек ететін қажетсінулері. Қажеттер организмның ішкі ортасының немесе өмірдің сыртқы жағдайлардың талаптарын бейнелейді. Олар танылып, айқын болғаннан кейін мінез-құлық мотивтері формасында көрініс табады. Қажеттер адам бойындағы белсенділік сезімін оятады. Адам өзінің қажеттерін өтеу үшін бар мүмкіндігін пайдаланады. Қажеттер белгілі дәрежеде адамның күйініш-сүйінішіне, ойлауына және ерік-жігеріне әсер етеді. Қажеттер орындалу немесе орындалмауына байланысты адамда мазасыздану немесе тыныштану, рахаттану, азап шегу сезімдерін туғызады. Ойлау деген- қажеттерді қанағаттандыратын тәсілдерді табуды қамтамасыз ететін психикалық іс-әрекеттердің бірі. Сондай-ақ ерік-жігер де қажеттер ықпалынан туындап тырады. Ерік күші арқасында адам өз мақсатына жету жолдағы қиындықтарды жеңеді және белгілі бір қажеттерді қанағаттандырумен байланысты алға қойған міндеттерді іске асырады.

Қызығу дегеніміз- жеке адамның объектіге, оның өмірлік мәні мен эмоциялық тартымдылық күшіне қарай таңдамалы қатынасы. Қызығулар қажеттер негізінде пайда болады. Қажеттер міндетті түрде керек нәрсені белгілейді, ал қызығу белгілі бір іс-әрекетке адамның жеке қатынасын көрсетеді. Қызығу- заттар мен құбылыстарды белсендікпен танып, білуге бағытталған адамның жеке ерекшелігінің бірі. Қызығуда адам бір нәрсені ерекше таңдап соған зейін қояды. Адамды еліктіріп, өзіне тартқан нәрсенің бәрі қызығудың объектісі болып табылады. Қызығудың физиологиялық негізі «Бұл не» дейтін рефлекс.

Адамда сан алуан қызығулар болуы мүмкін. Бірақ осының ішінде басты біреуі ең басымды қызығуы болады. Мұндай қызығулар әсіресе оқу әрекетіне аса қажет. Оқуға деген қызығудың тұрақты болуы сабақ үлгіріміне, білімді терең алуға көп көмек тигізеді.

Адамда қызығудың жөңді көрінбеуі оның өмірін мазмұнсыз етеді. Ондай адам енжар болып іші пысады, зерігіп кетеді. Кейбір адамдар кез келген нәрсеге қызығады да сайын келгенде соның біреуіне де тұрақтамайды. Мұндай қасиет адамды тұрақсыз етеді. Қызығуы тұрақтанбаған адам қызметтің қай саласында нәтижелі еңбек ете алмайды.

Дүниетаным дегеніміз табиғат, қоғам туралы білімдер мен адамзат ақыл-ойының даму жөніндегі көзқарастар жүйесі. Дүниетаным- жеке адамның мінезін орнықты да табанды ете отырып оның жалпы бағыттылығын, мақсаттылығын анықтап қана қоймайды, ол адамның бүкіл бет-бейнесінен, мінез-құлқы мен іс-әрекетінен, бейімділігінен, барша бітім болмысынан анық аңғарылып тұрады.

Сенім дегеніміз адамның өмірде өзі ұстанатын принциптері мен мұратына терең негізделген нанымы. Сенім дүниетанымға негізделеді. Сенім мен дүниетаным бір-бірімен тығыз байланыста болады, өйткені тұрақты сенім жоқ жерде дүниетаным да болмайды. Сенімі жоқ адамның шындықтың жәй-жапсарын дұрыс ажыратуға, өмірден өз орнын дұрыс таңдауға шамасы бола бермейді. Осы орайда Н.В.Гоголь орыс жазушысы әрі-сәрі адамдар, бұлар ол да емес, бұл да емес, қандай адамдар екенін түсіне алмайсын деген.

Сенім өмір көріністерін топшылау, тәжірибе жинақтап соны қорыту арқылы тиянақты білім негізінде қалыптасады. Сенім- адамның еркін, сезімін қозғайтын, мақсатына, бағыт-бағдарына айналған білім жүйесі.

Мұрат- бұл адамның өмірден өзіне өнеге іздеуі, біреуді ардақ тұтып қастерлеуі. Идеал- адамның алдына қойған мақсатқа жету жолдағы асыл мақсаты. Адам осыған жету үшін қолдан келгеннің бәрін пайдаланады.

Жеке адам психологиясынан елеулі орын алатын қасиетінің бірі- талғам. Бұның қалыптасуына дүниетаным мен сенім, адамның ұстаған өмірлік позициясы, білім мен тәрбиесі, отбасы, ұжым, жолдастар, құрбы-құрдастары елеулі әсер етеді. Модаға байланысты да жастарда түрлі талғам қалыптасады.

Құрылымның бірінші компоненті жеке адамның бағыттығын сипаттайды. Бағыттылық әр алуан қасиеттерден, өзара байланысты қажеттер мен қызығулар, түрткілер, дүниетаным, сенімдерден тұрады.

Екінші компонентті адамның мүмкіншілігі анықтайды және іс-әрекеттің табысты болуын қамтамасыз ететін қабілеттік жүйесін қамтиды.

Жеке адамның құрылымның үшінші компоненті мінез немесе адамның әлеуметтік ортадағы мінез-құлқына сипаты болып табылады. Мінез дегеніміз күрделі синтетикалық құралым, онда адамның рухани өмірінің мазмұны көрінеді.мінез жеке адамды толық сипаттамай алмайды бірақ оның қасиеттерінің бағыттылығы мен еркінің, интеллектуалдық және эмоциялық сапарларының, темпераменнтен байқалатын типологиялық ерекшеліктерің күрделі жүйесін құрайды.

Аталған барлық компонеттерден басым тұратын төртінші компонент басқару жүйесі болып табылады. «Мен» бейнесі өзін-өзі реттеу қызметін атқарады: яғни оған іс-әрекеттің күшейе түсуі немесе әлсіреуі өзін-өзі бақылау, әрекеттер мен мінез-құлықтың түзетілуі, өмір мен іс-әрекетті жоспарлау жатады.

«Мен адаммын, ендеше адамға тән нәрсенің бәрі маған да жат емес»- Латын афоризмі.




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 62 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав