Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кіріспе.

Читайте также:
  1. Семинар 1. Саясаттану ғылымына кіріспе.

Жоспар

 

Кіріспе

Негізгі бөлім

Оршаған ортаның тазалығын бақылау жүйесіне жалпы сипаттама.

Оршаған ортаның тазалығының қазіргі жағдайы.

Оршаған ортаның тазалығын бақылау жүйесін жақсарту жолдары мен болашағы.

Табиғаттың нарық жағдайындағы экономикалық нысандары.

Орытынды.

Олданылған әдебиеттер тізімі.

 

 

Кіріспе.

 

Табиғат – бұл бізді қоршаған орта. Ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғат өлі және тірі табиғат болып екіге бөлінеді.

Өлі табиғатқа – ауа, су, пайдалы қазбалар, топырақ құрайтын аналық жыныстар жатады.

Тірі табиғатқа - өсімдік дүниесі, майда ағзалар, насеком, құс, балық, аң мен біздер, адамдар жатамыз. Өлі табиғат тірі табиғаттың тірегі, ал тірі табиғат өзінің қалдықтарымен өлі табиғатты баытып отырады. Ал топырақ осының екеуіне де жатпайды. Табиғатта өте тамаша бір қасиет бар. Оның өзі бөліп шығарған қалдықтардан адамдардың көиегісіз-ақ өзін-өзі тазартып аала алады. Ал адам баласының бөліп шығарған көң-қоқсығынан ақыл-оймен өмірге келген халық шаруашылығының (ауыл, өнеркәсіп, транспорт, құрылыс) улы, зиянды қалдықтарынан өздігінен тазалануға табиғатта шама жоқ. Табиғаттың адам баласының қажетін тек уланбаған, былғанбаған тек таза қалпында ғана өтуге мүмкіндігі бар. Уланған, былғанған табиғат байлығын қажетіне пайдаланса, жазылмас ауруға ұшырайды, ондай табиғат адамзаттың сорына айналады. Қысқасы, таза табиғат – біздің ырыс – құтымыз, ал былғанаған табиғат – біздің ауруымыз, өліміміз. Ал табиғатты былғайтын тек адам ғана. Таза табиғат үшін күрес – адам үшін күрес, келешек үшін күрес. Табиғаттың тозуы – экологиялық кризис. Бұл үлкен ғаламат апат. Ал одан құтылудың бірден бір жолы – халықтың, түгелдей табиғаттың, адамның санасыз әрекетінен тозуына қарсы күрес жүргізу. Ел біріксе, алынбайтын қамал, жеңілмейтін қиындық жоқ. Ендігі мәселе-әр адамның саналы түрде табиғаттың тозуына қарсы күресуі. әрбір кісіге табиғатты қорғау өзінің өмір қажетіне керек. Пайдаланғанда оны быгғану мен уланудан, тозып кетуден қорғауды үйрету, бұл әрине, педагогикалық оқу мен тәрбиелеу проблемасы. Табиғат қоғауға әрбір кісіні тәрбиелеу педагогика ғылымының негізгі принципі болуы керек. Адам бойында табиғатқа дос қасиеттің қалыптасуы әркімнің отбасы, ошақ қасынан, үлкендердің өнегелі іс-әрекетінен басталады. Бұл бүкіл халықтың дәстүрлік мәселесі. Мысалы, халқымыз ғасырлар бойы көктемнің алшақты наурыз мейрамының басын өз ауласын тазалап, үйінің айналасына гүл, жасыл желектер егіп, су ағатын арыған жөнге келтіріп, ел болып бірігіп көшелермен алаңдарды тазалап, көң – қоқыстарды жинап, ағаш, егін егіп, тұрмыс, шаруашылық мейрамы деп өткізген. «бір тал кесең, он тал ек», «Бұлақ көрсең – көзін аш» тағы басқа өзін қоршаған ортадан игілік атаулының көзін ашуға шақырған. Табиғатты қорғауға байланысты халқымыздың салт-дәстүрге айналдырған іс – шараларына көптеп мысал келтіруге болады. «Жері байдың – елі бай» деп халқымыз тегін айтпаған.

Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс қауіпі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі көбіне бүлдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай-ақ, топырақты, су көздерін ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәнінде қуіп төндіріп отыр іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстың жағдайларды тез кез-келген аймақтардан көруге болады.

Экологияның танымал сөзге айналғаны соншалық, оны не болса соған – тазарту ғимараттарын салуға, жерді пайдалануды аймақтық деңгейде жоспарлуға, қағазды қайта өңдеуге және көкеністерді тек органикалық тыңайтқыштарды пайдалана отырып өсіруге айдар етіп таға салатын болды. Осы іс - әрекеттердің бәрі аса қажет екендігіне қарамастан, мұның ар жағында көбіне ойыңды әдеттегі талай сыннан өткен ережелер бойынша жүргізбей, табиғат заңдарын сорақылықпен бұзғанымыз үшін табиғаттың өз үмітімен бізге берер соққысын жеңілдетумен лайықты жазаны аз да болса кемеуілдетуге тырысуымыз керек.

Қазіргідей жаппай жаңару мен жаңғыру кезінде болып жатқан революцияның өзгерістерді әркімнің әрқалай қабылдауы заңды. Жан тыныштығын күтпеген, кешегісімен күн кешкен бей күнә жандардың «жаппай қозғалыс», «экологиялық дүмку» секілді бойында қаны мен жаны бар сөздерді ә дегеннен тасырқап, тосау қабылдауы да мүмкін. Оның үстіне адам психологиясы мұндайда тәттіні көп жеген баладай тез тойып, өз әрекетінен өзі жеріп шыға келетіні тағы бар. Ендеше экологиялық қозғалыс төңірегінде болып жатқан әр алуан талас – тартыс пен экология насихатының бүгіні мен болашағы кімді болса да салғырт қалдырмаса керек.

Білімнің барлық салалары сияқты, экология үздіксіз дамып келеді, басқа ол бірде тез, бірде баяу болып отырады. Гипократтың, Аристотельдің, басқа да көне грек философтарының еңбектерінде айқын экологиялық сипаттағы деректер бар. Сонымен бірге гректер «экология» деген сөзді білмеген. Бұл салаға «биологиялық қайта өрлеудің» XVIII – XIX ғасырлардың көптеген көптеген қайраткерлері де өз үлесін қосты. Мысалы, XVIII ғасырдың басындағы алғашқы микроскоппен зертеушілердің бірі ретінде көбірек танымал болған Ангол вон Левенгук, сонымен қатар осы күнгі экологияның маңызды екі саласы – «қоректі тізбектерді» және

«популяция санының» динамикасын зерттеудің пионері болып табылады.

Дербес ғылым ретінде экология шамамен 1900 – шы жылы қалыптасты. Экология термині 1869 жылы неміс биологы

 

Эрнест Гегель Ұсынған болатын. Демек, бір шама жас ғылым, сонымен қатар экология қазір қауырт өсу кезеңін басынан кешіріп тіпті одан ары өсі барады. Экология сөзбе –сөз аударғанда – тіршілік мекені туралы ғылым.

Авторлар неғұрлым дәл және қысқа тұжырымдама беруде бір – бірімен жарыса отырып, бұл ғылымға ең толық анықтама Эрнест Гегельдің өзі бергенін естен шығарып алады. Гегель айтқан: «Экология деп, біз табиғат экономикасына қатысты барлық білімдерді - жануарлардың оны қоршаған ортамен, әсіресе оның өзімен тікелей немесе жанама қатысатын жануарлармен және өсімдіктермен өзара ынтымақтастық немесе қатынастық әрекеттерінің бар жиынтығын зертеуді түсінеміз. Бір сөзбен айтқанда, экология - Дарвин тіршілік үшін күресті туындатушы жағдайлар деп атаған, барлық күрделі қарым – қатынастарды зерттеу болып табылады».

Кез – келген ғылым санасы сияқты, экологияның екі аспектісі бар. Оның бірі таным шеңберін кеңейту. Бұл бағытта бірінші орынға табиғат дамуының заңдылықтарын және оларды түсіндіру қойылады. Екіншісі – жинақталған білімдерді қоршаған ортаға қатысты проблемаларды шешу үші қолдану. Экология маңызының барған сайын артуын – практикалық маңызы бар бірде-бір ірі мәселе табиғаттың жанды және жнсыз компоненттері арсындағы байланыстарды ескермей шешілмейтіндігімен түсіндіруге болады.

 




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 45 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав