Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Орытынды.

 

Табиғатты қорғау бір күндік шаруа емес, ол ұзақ мерзімді қажет етеді. Қалың бұқараның экологиялық сауатын көтеруге тек экологтардың шамасы келмейді. Ол үшін орта мектеп терде, лицей, коледж, жоғары оқу орындарында экология пәні жоғары сапада, терең оқытылуы міндетті керек. Экологиялық білім беру – ұлттық педагогиканың негізгі арқауы. Ұлы Абай табиғаттың ерекше құбылыстарын өз туындыларына арқау етті. Ал ұлттық білімнің негізін салушылар А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев,

Ж. Аймауытов қоршаған ортаны аялау, салауатты өмір сүру салтын құрудың ғылыми алғы шарттарын жасады. Табиғат дегеніміз – құбылыстар туралы білімдер негізі, ғылыми таным пәні. Нақты білім – ұлан-ғайыр әлем тынысының бүкіл логикалық жүйесін мейлінше дәл бейнелеу. Адамзат ұрпағының парызы, берекелі еңбегі осы заңдылықты ашып, тіршілік тынысының тереңіне бойлау, қамқорлық жасау. Табиғат дауыс – дыбысын, үнін ата-аналар да, тәрбиешілер де, заң шығарушылар да көңіл қойып тыңдауы тиіс. «Табиғатпен егесу, зиян келтіру жақсылыққа апармайды, адамға тек оның табиғи күшін пайдалану ғана қалады», - деп ұлы ғалым К.Д.Ушинский айтқан жоқ па? Келешек ұрпақты экологиялық апаттан сақтап, ұрпақтың адамдық ұрығының тозып кетуін болдырмаудың тағы бір жолы - әр адамды табиғат қорғауды түсінбейтін ұйқысынан оятып, олардың есіл-дертін табиғат қорғау жұмысына бұруды жоғары шегіне дейін жеткізу. Бұдан бөлек бізде табиғатты, табиғаттың баласы – адамды аман сақтап қалудың жолы жоқ. Ол жұмыс жүргізіліп те жатыр. Бірақ нәтиже аз. Әлі де тәрбиенің аздығы, экологиялық сауаттылықтың төмендігі басым. Бұрынғы істелінген жұмыстарды қайталай беруден шаршауымыз керек. «Ұра берсе шайтан да өледі» деген сөз бар, күндердің күнінде бір үлкен нәтижеге жетуіміз сөзсіз. Ол үшін экологиялық тәрбие беру жүйелі жүргізілуі тиіс.

Мұндай жүйелі табиғат тәрбиесі тәрбие мекемелеріндегі ұстаздардың бірлігімен, жауапкершілікті сезінуімен, азаматтық арларымен тікелей байланысты. Осындай әсемдік пен шаттықтың жүйелі тәрбиесінен өткен бала, жастардың үлкен азамат болғанда табиғаттың, елі мен жерінің жауы болып қалыптасуға жолы жабылатын болады.

Бұл келтірілгендерден төмендегідей төр тұжырым шығады.

Бәрі бір-бірімен байланысты. Яғни экожүйеде бір жердегі аз ғана жылжудың, өзгерудің өзі алыс жерде немесе алыс болашақта едәуір және ұзақ уақыттық салдарға алып келуі мүмкін. Бәріде қайта болмасын, әйтеуір көзден таса болуы, бір жаққа жасырылуы тығылуы, бір жерден өз орнын табу тиіс. Қоршаған ортаның күйзеліске түсуінің басты себебі сол – жер қойнынан орасан мөлшерде кен қозылып, жаңа, белсенді заттарға айналдырылады да, олардың қошаған ораға тигізер зиянды ықпалдары ескерілмей әрі оның есебін шығарарлық ақылда жетпей, шартарапқа шашылып тасталады.

Табиғат бәрінде жақсы біледі. Табиғаттың миллиондаған жылдар бойы мысқылдап жасағанын адам асыға үсіге аз уақытта-ақ жасап, соның салдарынан өмірге бір-бірімен қиысып, түйісіп тұруы тиіс тетіктердің аса күрделі құрастындыларды алып келіп, мұның бәрі өзара толық үйлесе алмай, шым-шытырық қайшылыққа түсіп отыр. Мысалы: қолдан құрау арқылы жасалған, табиғатта болмаған, болуы мүмкін емес органикалық заттардың пайдасынан зияны көп болып тұр.

Жәндік жойғыштарда, шөп жоғыштарда өмірге осылай келді. Бұдан мынадай қорытындылар шығады: 1. пайдалы қазбалардың сапсынан гөрі олардың табиғи ерекшеліктерін терең зерделеу негізінде тұтыну технологиясын жетілдіруді ойлау және шешу керек. Минералды шикі заттың құрамы, құрылымы және бедері дегендер біз өзгерте алмайтын және өзгертпеуіміз тиіс шынайы болмыс болып табылады. Бұл жайларды танып білу оларды тұтыну технологиясын игеруге мүмкіндік береді.2. Айналамызда тұрғылықты және аса оңтайлы орта жасауды табиғаттан үйрену және үлкен шараларды өмірге енгізерде істі табиғат тәжірибесіне қайта-қайта қарай отырып жүргізукерек.

Ешнәрсе тегін келмейді, ақысыз берілмейді. Экономикадағы сияқты экотануда бұл заң мүлтіксіз орындалып отырады, яғни кез-келген нәрсенің қандай да құны болады. Қазақ судыңда сұрауы бар деген. Сондықтан табиғаттан алған әсіресе оның өз еркімен бергені, сыйлағаны емес, жер қойнынан «күшпен», «зорлығын көрсете» отырып, қазып алынған, одан «тартып» алынған нәрселердің орнын толтыру, өтемін қайтару керек болады. Оның ақысын төлемей кету мүмкін емес.

Табиғатымызды мәңгілік таза, көркем, бай қалпындасақтап қалу үшін экология мен табиғат қорғау мәселесін біріктіре отырып оқып, үйреніп, іске асыру, адам тағдыры мен тұтас байланыста екенін ұғыну керек. Біз дүниеге эколог көзқарасымен қарап, ең бірінші адам денсаулығын ойлауымыз керек. Терезе алдында өсіп тұрған зәулім ағаш терезеге күн түсірмей, үйдегі ауадағы микроб өлмейді, одан адам тұмау тағы басқа жұқпалы аурулармен ауырады. Ал ағаш шаңды, улы заттарды бойына көп жинайды.ол желмен терезеден үйге кіреді десек, табиғат қорғау көзқарасымен оның бірден кесіліп отырғызылуы керек. Сонда тез жеміс береді, оқушы жемісінің балбырап піскенің, оның қандай екенін көруі тиіс. Енді біріміз «жоқ, ол әсемдік үшін аулаға отырғызылады, оны сұлулық, көркемділікті сақтау үшін біркелкі әдемі қылып кесіп, қырқып отыруымыз керек, екпе көшетке агротехникалық шаралар жасалу керек» дейміз. Енді біріміз «терек ағашы түр ретінде міндетті түрде сақталуы, көбейтілуі керек» десек, енді біріміз» терек ағашы үлпесі, түбіті аллергия ауруына ұшыратады, ол шаң мен улы заттарды бойына өте көп, тез жинап, оны үй маңына, көшеге отырғызбауы керек» дейміз.

Еліміздің болашағы – жас ұрпақтың көздерін ашып, көкіректерін оятып, оларды жеріміз, табиғатымыз үшін жаны ашитын қамқоршы етіп өсіруге күш салып, табиғат – анамызға ашкөздікпен қарайтындармен күресуге тәрбиелеуіміз керек.

 

 




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 28 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав