Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Оршаған ортаның тазалығын бақылау жүйесін жақсарту жолдары мен болашағы.

Читайте также:
  1. IV. Бақылау-бағалау кезеңі
  2. VІІI– дәріс. Девиация және әлеуметтік бақылау
  3. Ауруханалардың салыну жүйесіне байланысты көлемі
  4. Бала бақшада бірнеше бала шигеллезбен ауырды. Қарым-қатынаста болғандар қанша күн бойы бақылауда болуы керек?
  5. Білім беру нарығында маркетингтік қызметті жоспарлау және бақылау.
  6. Дәлелді медицина» пәні бойынша қорытынды білімді және дағдыны бағалауға арналған бақылау сұрақтары
  7. Нефрология» блогы бойынша рубежді бақылау өткізуге арналған тесттік тапсырмалар
  8. ОЖЖ және ВЖЖ жүйесінің клиникалық физиологиясы мен биохимиясы
  9. Оршаған ортаны жағдайын бақылау.
  10. Оршаған ортаның адам ағзасына әсер ететін факторларының жаратылысы және әсер ету спецификасы әр түрлі.

 

Біз тіршілік аяларын ластаушы зиянды,улы деп бағалып жүрген заттардың бәрі де адам өмірі үшін аса қажет табиғат қорларына жатады. Бар кінәрат олардың жатқан жерінен жылжып кетуінде, тиісті орнында тұрмауында және әуелгі енжар, бей әрекетті қалпынан белсенді күйге ауысуында ғана. Күкір, сынап, қорғасын тіпті радиобелсенді элементтер де өз кеніштерінде жатқанда ешқандай зиян келтірмейді. Ал оларды жылы орнынан қозған, қазып алып, толық пайдаланбаса, онда қалған бөлігінің бәрі өндіріс және тұтыныс қалдығы аталып, қоршаған ортаны былғаушы, уландырушы затқа айналады. Дегенмен адам табиғат қорларын пайдаланбай және олардың саны мен сапасына әсер етпей, яғни өзін қоршаған ортаға өзгеріс енгізбей тұра алмайды. Бұл адам әрекетімен, оның өмірімен байланысты. өзгерістерді адам арқылы болатын өзгерістерді адам әрекеті дейді.

Тіршілік мәдениеттің тұтыныстарын қанағаттандыру мақсатында қоғамның табиғат қорларын пайдалану әрекеті табиғатты пайдалану деп аталады. Ол ұтымды және асырапты болуы мүмкін. Табиғатты ұтымды пайдалануға оны әуелі зерттеп-зерделеу, құнттап, ұқыпты пайдалану, оны қорғап сақтау және көбейту, пайдаланған кезде бүгінгі күннің қажетімен ғана шектеліп қоймай, алыс болашақ қажеттерін де ескеру жайлары жатады. Ысырапшылдықпен пайдалану табиғат қорларының азып тозуына, таусылып-тітуіне, табиғат тепе-теңдігінің бұзылуына, қошаған оратның былғануына, ластануына алып келеді.

Табиғат қорлары дегеніміз – адамның өмір сүріп, тіршілігін сақтауы үшін қоланатын табиғат тәні мен күштері. Оларға күн сәлесі, су, ауа, топырақ, өсімдік пен жан-жануарлар, кендер және барлық адам қолымен жасалмаған жаратынды дүние заттары жатады. Адам бұларсыз өмір сүріп, қандац да әрекет қыла алмайды және оларды:

- тікелей тұтыну нәрселері (ауызсу, ауадағы оттек, жеуге жарайтын және дәрілік жабайы өсімдіктер, балық т.б.).

- Қауымдық шаруашылыққа қажет еңбек құралдары (жер, су жолдары т.б.).

- Барлық бұйымдар мен өнімдер жасалатын қаражаттар (тұздар, ағаштар, метал өнімдері т.б.)

- Қуат көздері су қуаты, жел қуаты, отын қорлары ретінде пайдаланады.

Табиғат қорлары қолданысына қарай - өндіргіштік, денсаулықтық, әсемдік, ғылыми т.б. топтарға, табиғаттың қандай да құрауыштарының біріне жататындығына қарай – жерлік, сулық, тұздық, жан-жануарлар мен өсімдік топтарға, алмасу мүмкіндігіне қарай – алмастыруға болатын және алмастыруға болмайтын, таусылу мүмкіндігіне қарай – таусылатынға және таусылмайтынға жіктеуге болады. Ал таусылатыны – қайтіп қалпына келетін және келмейтінге бөледі.

Қайтіп қалпына келетін қорлар: Жануарлар дүниесі, өсімдіктер дүниесі, топырақ құнарлығы.

Қайтіп қалпына келмейтін қорлар: жайылу кеңістігі, өзендер қуаты, пайдалы қазбалар.

Мұндағы қалпына келмейді деп отырғанымыз тіпті қалпына келмейтін немесе қалпына келу құбылысы оның адамның пайдаланып-тіресуіне қарағанда әлдеқайда баяу жүретін қорлар.

Топырақ пен орман салыстырмалы түрде өз бетінше қалпына келетін қорға жатады және бұл жайда жүздеген жылдарға созылуы мүмкін. Бүгінде әрбір кішігірім деген кәсіпорынның өз табиғаттан алып, тұтынатын кен байлықтарының мөлшерін барған сайын арттыра береді және оның бәрін ұшынды, төгінді қалдықтар мен күйресіндер түрінде кері қайтарып, қоршаған ортаның демалыс ырғағын бұза түседі.

Халық санының артуы мен адамдардың бір жерге, яғни қалаларға шоғырланып, өндірістік әрекеттер мен қаржы көздерінің айрықша ынсапқорлық пен жұмылдыру жайлары да экологиялық күйзелісті күшейте түсуде. өндіріс орындары ғана емес, кәдімгі қаланың өз күніне тоналған табиғат байлықтарын ішіп-жеп, соншалық мөлшерде былғанған қатты, сұйық және ұшынды қалдықтар мен зиянды заттар шығарып отырады.

Табиғатты пайдалану, негізінен, жер қойнауындағы қатты, сұйықжәне газдық кенжер мен жердің асты үстіндегі суларды пайдалану түрінде көрінеді. Бірінші жағдайда қоршаған орта бұған дейін өз орнында марғау жатқан түрлі заттардың жер үстіне шығарылып, орнымен қолданыла алмай, артылып қалып және түрлі түрленуге ұшырап, айналасындағы дүниеге әрқалай әсер етуінен зардап шегер болса, өндірістің суды пайдалану жағдайында тіршілік үшін аса қажет, кәт болып табылатын табиғаттың өзінде де жетпей жатқан суы бұрылады. Бұрылып қана қоймай түрлі заттармен былғанып, табиғатқа кері қайырылады. Осы себепті әлемде қабылданған, әр елден әр қалай қолданылып отырған ереже бойынша табиғат қорларын ысырапсыз, үнемді пайдалану қажет. Оны шексіз пайдалануға шек қойылады.

Облыста қазіргі кезде 2340 табиғат пайдаланушы тіркелген, оның ішінде 100-ы ауыл шаруашылығы мақсатында су пайдаланушыларға жатады. 2002 жылдың өзінде жаңадан 714 табиғатпайдаланушы қосылған екен. Бұл «тау соғарлар» мен «көл тауысарлар» ішінде Текелі кен байыту комбинаты ең үлкені болып саналады. Шағын саналатын Көксу кен байыту фабрикасының өзі сынақтан өту барысында 4367 тонна кенді пайдаланып, 4797 тонна қалдық шығарған және 24000 текше метр су тұтынған.

Ал Алматы қаласының «су арнасы» су пайдаланушы басты мекеме болып табылады және одан шыққан төгін су жыл бойында Сарбұлақ тоғанының көлемінен асып төгіліп тұрады. Осы сияқты «техноимпорт», «Талғар спирт», Түрген және Бесағаш өзендері суын пайдаланып, өзендерге жылына 4243 және 965,7 тонна (1062500 текше метр) былғаныш заттар төгуге рұқсат алған. Сондай-ақ бүгінде су қорыанықталған 40 жер асты су көздері пайдаланылады.

 




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 36 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав