Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Алдын алуы.

Читайте также:
  1. Бала қызамықпен ауырған. Ауруының 7 күні дене қызуы – 40оС, тырысулар, есінің жоғалуы. Диагноз қойыңыз.
  2. Демагогия, лозунгтар, негізделмеген ујде т.б. арќылы кґпшілік алдында јйгілі болу маќсатындаєы ќызмет.
  3. Тақырып № 10.Сүт, ет және банкідегі консервілердің залалсыздығын бағалау. Тамақтан уланулар және олардың алдын алу.
  4. Тақырып №1: Гигиена – медицинадағы негізгі алдын алу пәні.

Иммунизация – ең тиімді профилактикалық әдіс.

1. жаңа туған нәрестелерге;

2. қанмен жұмыс істейтін медициналық жұмыскерлерге;

3. қан реципиенттерге (гемодиализ, гематология, бүйрек ауыстыру орталығында);

4. медициналық жоғарғы орталықтарында, студенттерге.

ВГВ-ң вакцина профилактикасы құрамында НВ антигені бар антиген вакцинамен жүргізіледі. Бұл вакцинанын бірнеше жерде плазмалы түрде шағырады. Солтүстік жәнк Оңтүстік Корея, Қытай, ал ДНК рекомбинатты вакцинаны Бельгия, Қытай, Куба, Франция, Япония, Швейцария, АҚШ шығарады. Вакцинация курсы 3 рет бұлшық етке егуден тұрады. Жаңа туған балаларда 1-сі перзентханада туғаннан кейінгі 24 сағат ішінде. 2-сі 8 аптадан кейін (2 айда) АКДС-пен бірге. 3-сі 16 аптадаан кейін (4 ай) АКДС-пен бірге. Жоғарғы жастағы балалар мен ересектерге егу жоспар:

1. алғашқы егу;

2. алғашқы егуден кейін 2 айдан соң;

3. алғашқы егуден кейін 6 айдан соң.

ВГВ-ға қарсы вакцинаны БЦЖ, АКДС, тірі және әсер еткен поливакциянациямен қызылша және эпидемиялық паротитке қарсы вакцинамен қатар жасауға болады. Тек қана 1 шприцке басқа вакциналарды араластыруға болмайды.

 

Вирусный гепатит С. Характеристика возбудителя. Варианты течения. Принципы диагностики, лечения, профилактики.

Гепатит С – парентеральды жұғатын антропонозды вирусты инфекциялық ауру. Көбінесе сарғаюсыз және жеңіл формада, созылмалы түрге айналуға бейім пострансфузиялық гепатит түрінде өтеді. Қоздырғышы- Flaviviridae тұқымдасына жататын суперкапсиді бар біржіпшелі РНК-лы вирус. Вирион өлшемдері 80 нм жуық. ГС вирус геномы үш құрылымдық ақуыздардың пайда болуын кодтайды- екі беткейлік (Е және М) және бір нуклеокапсидті (С немесе core) ақуызды, бұдан басқа төрт структуралық емес протеиндерді (NS1, NS2А и NS2B, NS3, HS4А и NS4B, NS5). Вирус спонтанды мутацияға бейім. 76 штамм, 6 негізгі генотип және 100-ге жуық субтип анықталған. Гепатит С клиникалық көрінісінде бауыр қабынуы және бауырдан тыс көріністер қатар жүруі мүмкін.

Өту барысы:

- Инкубация кезеңі 2-26 апта (жарты жыл).

- Продрома кезеңі 2-3 апта (сарғаю алды кезеңі- грипп тәрізді, диспепсиялық, астеновегетативтік, артралгиялық, аралас синдромдар көрінуі)

- Аурудың қызған шағы сарғаюмен немесе сарғаюсыз бірнеше күннен- 3-4 апта (период разгара)

- Ауруға толқынды ағым тән- ремиссия мен өршудің алмасуымен бірнеше ай бойы жүреді, кейін сауығу кезеңі (реконвалесценция) немесе процесстің созылмалыға ауысуы болады. 80% созылмалыға айналады.

Жедел фаза:

Тип: Типті және Атипті

Ауырлық

дәрежесі: - Жеңіл - Сарғаюсыз

- Орташа - Субклиникалық
- Ауыр

- Фульминантты

Көбінесе бұл ауру атипті түрде өтеді.

Созылмалы фаза:

- латентті (персистирленген) және реактивация (активті)

- диагнозды қойғанда репликация сатысының болу болмауына қарайды (РНК-оң немес РНК-теріс)

- фиброздың болуы немесе болмауы дәрежесі анықталады

Болжамы: Сауығу немесе созылмалы процесс, емделмеген жағдайда цирроз немес карцинома.

Асқыну: Бауырлық энцефалопатия, бауыр жеткіліксіздігі, өлім.

Диагностика: - Серологиялық (ИФА арқылы антиденелерді анықтау: анти-HCV IgM+IgG)

- Молекулярлы-генетикалық (ПЦР арқылы РНК табу және оның мөлшері мен генотипін табу)

- Қанның биохимиялық зерттеуі (печеночные пробы): АлаТ, АсаТ, билирубин, ПТИ, сілтілі фосфотаза, фибриноген, липопротеид, ақуыздардың мөлшерін т.б. анықтау.

- ОАМ, ОАК

Емі: Базистік терапия: Режим- 1(төсектік-интоксикация айқын кезде), 2(жартылайтөсектік). Емдәм- №5, суды көп мөлшерде және поливитаминдер комплексін қабылдау. Уақытылы дефекация болуын қадағалау.

Патогенетикалық терапия: Дезинтоксикациялық терапия (инфузия раствор Рингера, изотонические растворы глюкозы, альбумин и др.), метаболизмдік, микроциркуляциялық бұзылысты (реополиглюкин, витамины группы В, аскорбиновую кислоту, кокарбоксилазу, эссенциальные фосфолипиды, калия оротат, метилурацил, токоферол) қалпына келтіру. Ауыр жағдай кезінде глюкокортикостероидтарды қолданады, кейін оларды алып тастайды, бұдан басқа ингибиторы протеиназ (контрикал и т.п.), антиоксидант, диуретики, антибиотики

широкого спектра действия бактериялық инфекцияны алдын алу үшін қолданады, холестазды емдеу. Энцефалопатия немесе жеткіліксіздік белгілері байқалса реанимацияда интенсивті терапия жүргізіледі.

Этиотропты терапия: Интерферон (қысқа уақытылы және пролонгирленген интерферондар) + вирусқа қарсы химиопрепараттар (рибавирин, ацикловир, фоскарнет), бұдан басқа интерферон индукторлары, иммуномодуляторлар қолданылады. Ұзақтығы 3-12 ай. Ұзақтығы және эффективтілігі генотип (2,3 генотип- тез емделеді, 1,4 генотип- ұзақ уақыт емделеді) пен науқас жасына байланысты.

Профилактика: Спецификалық профилактика жоқ.

 

 

Вирусный гепатит Е. Характеристика возбудителя. Варианты течения. Принципы диагностики, лечения, профилактики.

Гепатит Е (ГЕ, hepatitis Е) – фекальді- оральді механизммен жұғатын антропонозды вирусты ауру. Эпидемия туғызады, қатерлі емес циклді формада жүреді, бірақ жүкті әйелдер үшін аса қауіпті өтеді. Қоздырғышы- 27-30 нм болатын РНК-бар калицивирус вирустарына жатады. ВГА қарағанда вируленттілігі төмен, көбінесе тропикалық, субтропикалық аймақтарда қанағаттанарлықсыз су жағдайы бар жерлерде пайда болады. Көбінесе 15-30 жастағы адамдар ауырады.

Өту барысы:

- Инкубация 14-50 күн

- Продромалық 1-10 күн (астеновегетативтік және диспепсиялық синдроммен)

- Аурудың қызған шағы 2-4 апта (сарғаю басталғанда науқас халі жақсармайды, алғашында сарғаю үдейді) (период разгара)

- Сауығу (созылмалыға айналмайды, вирус сақталмайды)

Жүктіліктің 2-кезеңінен бастап өте қауіпті: - аса қауіпті бүйрек- бауыр синдромы, - түсік тастау және антенатальді өлім, - геморрагиялық синдром, - бауыр энцефалопатиясы (кома).

Диагностика: - Серологиялық (ИФА арқылы анти-HEV IgM мен IgG анықтау)

- Нәжісті электронды иммунды микроскопиялау

- Қанның биохимиялық зерттеуі- АлаТ, АсаТ, билирубин, ПТИ, сілтілі фосфотаза, фибриноген, липопротеид, ақуыздардың мөлшерін т.б. анықтау.

- ОАМ, ОАК

Емі: Базистік терапия: Режим- 1(төсектік-интоксикация айқын кезде), 2(жартылайтөсектік). Емдәм- №5, суды көп мөлшерде және поливитаминдер комплексін қабылдау. Емдәмді 6 ай бойы жазылу сатысында сақтайды.

Патогенетикалық терапия: Дезинтоксикациялық терапия энтеральные (полифепан, энтеродез и др.) и парентеральные (растворы Рингера, глюкозы, коллоидов и др.) метаболизмдік бұзылысты (витамины группы В, аскорбиновую кислоту, майда еритін витаминдерді, метилурацил, гепатопротекторларды) қалпына келтіру. Көрсеткіш бойынша спазмолитикалық және өт айдағыш препараттарды қолданады. Аденин-арабинозид и рибавирин қолданады.

Профилактика:

Сан-гигиеналық шаралар: инфицирленген адамдарды 50 күнге изоляциялайды. Контактта болғандарды 60 күн бойы бақылайды. Ошақтарда хлормен дезинфекциялайды, науқас заттары камералық дезинфекциядан өтеді.

Спецификалық профилактика: Донорлық иммуноглобулинді қолдану арқылы вакцинация өткізеді.

 

11. Тұмау вирусы – Orthomyxoviridae тұқымдастығына жататын, пневмотропты РНҚ- құрамды вирус болып табылады. Нуклеокапсид (вирионның жүрекшесі) сыртынан липогликопротеидты қабықшамен қапталған рибонуклеопротеидтен тұрады. Вирионның сыртқы қабықшасында гемогглютининді және нейраминидазалық активтілікке ие гликопротеидтер болады. Ішкі нуклеопротеидтың мнтигенді сипатына байланысты тұмау вирусы 3 типке бөлінеді: А, В және С. Гемагглютинин (Н) мен нейроминидазаның (N) антигенді қасиеттеріне байланысты А типті тұмау вирусы бірнеше подтипке бөлінеді. Мысалы, H1N1. А типті вирусы В және С вирусына қарағанда беткей антигендердің өзгергіштігімен ерешеленеді. Бұл өзгергіштік антигенді дрейф пен антигенді шифт арқылы көрінеді. Антигенді дрейф – антиген құрамының қатты білінбейтін өзгерістері, көбінесе гемогглютинин. Антигенді шифт кезінде гемогглютинин немесе нейраминидаза подтипінің толықтай орын басуы жүреді.

Клиника. Ағымы бойынша: типті және атипті. Клиникалық белгілердің біліну ауырлығына байланысты: жеңіл, орташа және ауыр. Инкубациялық кезеңі 1-2 күн(бірнеше сағатқа дейін қысқарып, 3 күнге дейін созылуы мүмкін). Аурудың клиникасында 2 басты синдромды ажыратады: интоксикациялық және катаральді, көбінісе интоксикациялық синдром екіншісіне қарағанда айқын білінеді. Типті ағымында ауру жедел басталып, қалтырау, бас ауырсынуы және бірнеше сағаттан кейін температураның жоғарлауы болады. Жалпы әлсіздік, бөлінгендік, бұлшықеттер, сүйек пен буындарда ауырсыну сезімі пайда болады. Бас ауырсынуы көбінесе маңдай, қабақүстілік, самай және көз аймағында болады. Бірінші тәулікте мұрын бітелуі, 2-3 тәул көбісінде құрғақ жөтел, жөтелмен қоса төс аймағында ауырсыну болады. 3-4 күннен кейін жөтел ылғалды болады. Асқынбаған ағымында қызба 1-6 күнге дейн созылады. Температураның түсуі тершеңділікпен жүреді. Жалпы қарауда: беттің гиперемиясы мен ісіңкірегені, склреа тамырларының инъекциясы, кейде 3-4 тәул herpes labialis байқалуы мүмкін. Ауыр жағдайда: терінің бозаруы, цианоз болады. Аңқа қызарған, цианозды. Гиперемия доғалар аймағында ашықтау келеді және жұмсақ таңдай мен жұтқыншақтың артқы қабырғасына дейін барады. Кей науқастарда жұмсақ таңдай, тіл және доғаларды ұсақ түіршіктілік байқалады. Жұтқыншақтың артқы қабырғасы құрғақтау және үлкейген лимфалық фоллликулдар көрінеді. 3-4 күнге қарай гиперемия азайып тек тамырлардың инъекциясы қалады, жұмсақ таңдайдағы түйіршіктілік қатты білінеді. Мұрын шырышты қабаты қызарған, ісінген және цианоз байқалады. 2-3 күнде серозды, кейін шырышты бөліністер болады. Реконвалесценция периоды 1-2 апта созылып, астеновегетативті синдромының болуымен сипатталады. Тұмаудың атипті формасы сирек кездеседі және басты синдромдардың біреуінің болмауымен сипатталады. Бұл кезде ауру интоксикация синдромы, температруның жоғарлауынсыз немесе катарльді синдромынынң болмауымен өтуі мүмкін. Ауырлықтың критерийлері: жалпытоксикалық синдромының айқындылығы; ОЖЖ зақымдалуының дәрежесі; геморрагиялық синдромының болуы және оның айқындылығы; круп кезінде тыныс алу жеткіліксіздігінің болуы және дәрежесі. Тұмаудың формасына байланысты: жеңіл – темп 38,5ºС дейін, интоксикация синдромы болмайды немесе нашар білінеді, токсикоз және басқа синдромдар болмайды; орташа – темп 38,5-39,5ºС, интоксикация синдромы айқын, токсикоз болуы мүмкін, басқа синдромдар: круп, өкпенің сегментарлы ісінуі, абдоминальді синдром; ауыр – темп 40-40,5ºС, интоксикация синдромы айқын, токсикоз болады, басқа синдромдар құсу, тырысу, ес жоғалуы т.б.

12. Тұмаудың диагностикасы. Тұмаудың негізгі клиникалық белгілері: жедел басталуы және интоксикация синдромының 1 тәул білінуі, температураның жоғарлауы; бас ауырсынуы сәйкес локализациясымен; бұлшықет, сүйек пен буындардағы сыздаған ауырсыну; 2-3 тәул орташа білінетін катаральді синдромының көріністеріның болуы. ЖҚА: лейкопения, тромбоцитопения. Вирусологиялық зерттеулерге: мұрын, жұтқыншық бөліністері мен қан алынады. Серологиялық зерттеулерде: РТГА, РСК және нейтрализация реакциясы сирек қолданылады. Антиденелердің 4 және одан көп болуы диагностикалық маңыздылыққа ие. Экспресс-әдістер: ИФА, молекулярлы гибридизация әдістері.

Емі.Режим – төсектік, диета – обильное, теплое питье.Этиотропты:ремантадин, амантадин (алғашқы 3 күн), 1 күні – 300 мг (100 мг 3 рет); 2,3 күн-і – 200 мг (100 мг 2 рет). Антивирусты: занамивир, озельтамивир. Занамивир 5 мг 2 рет ингаляция № 5, озельтамивир 75 мг капсула 2 рет № 5. Патогенетикалық:антигистаминді препараттар, рутин, аскорбиновую кислоту, препараты кальция. Антибактериальные препараты не назначают. Исключение составляют лица с сопутствующими хроническими заболеваниями органов дыхания, сахарным диабетом, которым рекомендуются антибиотики широкого спектра действия в средних терапевтических дозах в течение 5-7 дней.Симптоматилық ем: Мұрынмен тыныс алуды жеңілдету үшін нафтизин, санорин, галазолин. Қызбаны түсіретін парацетамол тәуліктік дозасы 500 мг, муколитиктер терпингидрат, амброксол, бромгексин, айфенезин, ацетилцистеин 200 мг 2-3 раза/сут тағайындалады. Витаминотерапия.

Профилактика. Спецификалық профилактика. Тұмауға қарсы иммунизацияда инактиверленген және тірі вакциналарды қолданады. Қазір «Гриппол» вакцинасы қолданылады.Иммунитет вакцинациядан кейін 14 күнге пайда болады, 6- 12 айға дейін. Спецификалық емес вакцинация. Иммунобиологиялық, вирустарға қарсы химиопрепарттарды қолдану жатады. Осыдан басқа үй аптечкаларында маскалар мен қол гигиенасына қатысты заттарды ұстаған дұрыс.




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 106 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав