Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып №1: Гигиена – медицинадағы негізгі алдын алу пәні.

Читайте также:
  1. Lt;question> Оқиға болған жерді қарау нәтижелерін бекітетін негізгі құжатты атаңыз
  2. Lt;variant>негізгі кедендік ресімдеу
  3. Алдын алуы.
  4. Алкоголизмнің 3*сатысына қандай негізгі клиникалық белгі тән?
  5. Анестезиологи должны следить за тем, чтобы гигиена рук была незаменяемой частью их клинической культуры.
  6. Балалар сүт өнімдерінің технологиясы негізгі технологиялық операциялар
  7. БИЛЕТ 28. I. Гигиена спортсменов-инвалидов.
  8. БИЛЕТ 31. I. Гигиена людей среднего и пожилого возраста.
  9. Билет № 8 Гигиена
  10. Билет №23 Гигиена детского организма

ГЛОССАРИЙ

Курс: 3

Семестр: 5

Пәні: «Жалпы гигиена»

Мамандығы: «Жалпы медицина»

Алматы, 2014

Курс мәжілісінде талқыланып бекітілді

Хаттама №______ ______________ 2014ж.

 

Жалпы гигиена және экология

курсының меңгерушісі, и.о. проф. Рыскулова А.Р.

Тақырып №1: Гигиена – медицинадағы негізгі алдын алу пәні.

Гигиена – адамның қолайлы өмір сүру жағдайын,денсаулығының нығаюын және ауруларының алдын алуды қамтамасыз ететін гигиеналық нормативтерді, санитарлық ережелер мен шараларды негіздеу мақсатында қоршаған ортаның адам ағзасы мен қоғам денсаулығына әсер ету заңдылықтарын зерттейді.

Гигиенаның мақсаты – адамның денсаулығын сақтау және нығайту, аурудын алу.

Қоршаған орта факторларын зерттеу деп олардың табиғатын, жаратылысын, қасиеттерін, әсер ету деңгейлерін, қоршаған ортадағы құбылыстарын және басқаларын сипаттау түсініледі.

Гигиеналық нормалау деп адамға бүкіл өмірі бойына немесе бүкіл еңбек іс-әрекеті бойынша күнделікті әсер еткен кезде, денсаулығына және оның ұрпағының денсаулығына тікелей немесе басқа орта арқылы әсер етпейтін, табиғаты әр түрлі факторлардың концентрацияларын,дозаларын және деңгейлерін анықтау түсіндіріледі.

Гигиенаның зерттейтін тақырыбы (нысаны) іс жүзінде дені сау адамдар, олардың жеке басының, ұжымының, қоғамы денсаулықтары, сондай-ақ белгілі бір әлеуметтік жағдайларда адам ағзасына әсер ететін қоршаған ортаның физикалық, химиялық, биологиялық және психогенді (ақпараттық) факторлары.

Биологиялық факторларға әр түрлі тірі ағзалар (бактериялар, вирустар, қарапайымдылар, микроскопиялық саңырауқұлақтар, гельминттер, жеуге жарамды және жарамсыз саңырауқұлақтар, өсімдіктер, т.б.), сондай-ақ олардың тіршілік өнімдері (токсиндер, вакциналар, антибиотиктер, т.б.) жатады.

Психогенді факторлар адамға екінші сигналдық жүйе арқылы әсер ететін факторлар:сөз, сөйлеу, дыбыстар, музыка, түрлі түстер, хат, баспа өнімдері, ұжымдағы арақатынастар, т.б. жатады.

Санитарлық тексеру әдісі адамдардың денсаулығына және оларың санитарлық- тұрмыстық жағдайына әсер ететін факторларды зерттеуге мүмкіндік беретін негізгі әдістердің бірі болып табылады.

Эпидемиологиялық әдіс – гигиенаның негізгі әдістерінің бірі болып табылады және әр түрлі факторлардың тек бір адамның денсаулығына ғана емес,сонымен қатар адамдар тобының-ұжымның, тұрғындардың популяцияның да денсаулығына тигізетін әсерін зерттеу үшін қолданылады.

Көлденеңінен (бірсәттік) зерттеу, бұл кезде әр түрлі факторлардың халық денсаулығына тигізген әсері зерттеу кезінде бағаланады, яғни динамикалық бақылау жүргізілмейді.

Ұзынынан зерттеулер деп, жеткілікті дәрежеде ұзақ уақыт бойына жүргізілетін зерттеулер түсіндіріледі.

Ретроспективті зерттеулер аурудың даму себептерін іздеуге бағытталан, яғни зерттеуші берілген сәттегі (уақыт кезеңінде) байқалған аурулардан бұрын болған әсерлерді талдауға өтеді.

Проспективті зерттеулер кезінде белгілі бір уақыт аралығы өткеннен кейін пайда болатын денсаулық жағдайындағы өзгерістер мен факторлардың әсері арасындағы себеп салдарлық байланысты анықтау мақсатында белгілі бір фактордың әсеріне ұшыраған және ұшырамаған халықтың топтарына ұзақ уақыт динамикалық бақылау жүргізіледі.

Табиғи эксперимент деп -сыртқы орта факторларының адамдардың денсаулығына тигізетін әсерін зерттеуді немесе шынайы еңбек жағдайында немесе тұрмыстық іс-әрекет жағдайы мен өмір сүру жағдайындағы сыртқы орта факторларын зерттеуді айтады.

Гигиеналық зертханалық эксперименттің мақсаты – факторлардың қауіпсіз мөлшері мен деңгейлерін, яғни гигиеналық нормативтерді орнату, олардың әсер ету сипаты мен қауіптілігін анықтау болып табылады.

Санитарлық сараптау – бұл санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келуі туралы зерттеулер жүргізу және қорытынды беру.

Санитария - бұл гигиеналық нормативтердің, талаптардың, ережелердің сақталуын бақылайтын жүйе, оны санитарлық-эпидемиологиялық қызмет іске асырады.

Қоршаған орта факторларын гигиеналық нормалаудың ғылыми негіздері.

Гигиеналық норматив - бұл адамның бүкіл өмірі бойына күнделікті әсер еткенде, оның денсаулығына және келешектегі ұрпақтарына тікелей немесе басқа орта арқылы қолайсыз әсер етпейтін заттар мен факторлардың концентрациялары, дозалары,деңгейлері.

ӘШАҚД – әсерінің шамамен алынған қауіпсіз деңгейі атмосфералық ауа мен жұмыс зонасындағы ауа үшін.

ШРЕД –шамамен алынған рұқсат етілген деңгейі.

ШРЕК - шамамен алынған рұқсат етілген концентрациясы.

Органолептикалық – бөгде иіс, дәм пайда болуымен, түсі мен реңінің өзгеруі мен байқалатын орта нысандары сапасының өзгеруі.

Жалпы санитарлық – өздігінен тазару үрдістеріне әсер ететін сапрофит микроағзалардың санының, түр құрамының, белсенділігінің өзгеруі.

Санитарлық-тұрмыстық – жергілікті климаттың,ауаның мөлдірлігінің, өсімдіктердің,тұрмыс жағдайының өзгеруі.

Рефлекторлық – көздің, жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабықтарын тітіркендіретін әсері.

Санитарлық – токсикологиялық – адам ағзасына жалпы улылық әсері.

Транслокациялық - топырақ ластанған кездегі заттың өсімдіктерде жиналуы.

Спецификалық - заттың созылмалы уытты әсер беретін деңгейінен төмен дозаларындағы аллергендік, жыныс бездеріне және эмбрионға уытты әсері.

Біріншілік алдын алу - аурудың себебі немесе қауіп-қатер факторы болып саналатын факторларды жоюға немесе қауіпсіз деңгейге дейін төмендетуге бағытталған.

Екіншілік алдын алу - сырт көрінісі бойынша, дені сау адамдарда патологияның алдындағы жағдайды ерте анықтаудан және бұл жағдайлардың ауруға өтуінің алдын алу жөнінде шаралар жүргізуден тұрады.

Үшіншілік алдын алу ( қалпына келтіру)- ауырған адамдарға жүргізіледі.

Антропогенді физикалық факторлар – діріл, шу, лазерлік сәулелену, иондағыш сәулелену, т.б., бұлар көбінде адам ағзасына зиянды әсер етеді




Дата добавления: 2015-02-22; просмотров: 60 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав