Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

М. Вебердің социологиясы.

Читайте также:
  1. М.Вебердің әлеуметтік құрылым теориясы

 

Оның әлеуметтану мен саясаттанудың әртүрлі салаларын қамтыған еңбектері XX ғасырдағы әлемдік саясаттану мен әлеуметтануға қосылған зор үлес деп бағаланды.

Макс Вебердің негізгі саяси көзқарасы оның 1918-1919 жылдары жарық көрген «Саяси бейімділік және кәсіп ретінде» еңбегінде баяндалған. Ал «Протестанттық этика және капитализм рухы», «Әлеуметтік-ғылыми және әлеуметтік-саяси танымның «объективтілігі», «Әлеуметтанушылық және экономикалық ғылымдағы «бағалаудан бостандықтық мағынасы» және тағы басқа еңбектерінде әлеуметтануға қатысты мәселелер қамтылды.

М. Вебердің саяси әлеуметтануының басты дінгегі – билік мәселесі. Саяси өкімет пен мемлекетті әлеуметтану ғылымы арқылы қарастырған Вебер оны билік әлеуметтануы деп атады. «Мемлекет дегеніміз не» деп сұрақ қоя отырып Вебер оның осы заманғы әлеуметтанушылық анықтамасын кез-келген саяси одақ секілді, ол қолданатын өзіндік құрал - физикалық зорлық-зомбылыққа сүйеніп қана беруге болатының айтады. Вебер айтқандай «зорлық-зомбылық жасау «құқығының» бірден-бір көзі мемлекет деп саналады. Осы анықтама арқылы Вебер «саясат» дегеніміз қай жағынан таразыласақ та, мемлекет арасында болсын, мемлекет ішінде ол қамтитын адамдар топтарының арасында болсын, билікке қатысуға немесе билік бөлінісіне ықпал жасауға ұмтылыс деген сөз» деп атады.

Оғам ұғымы. Қоғамды зерттеу барысындағы жүйелік әдіс.

Оғам - жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік. Бұл ұғым әлеуметтанудағы ең маңызды ұғымдардын бірі болып табылатындығына қарамстан, оны қолдану әсіресе оның екінші өзіндік отбасылық, экономикалық және саяси институттары мен анық шеқаралары бар әйгілі ұлттық мемлекеттерге қолданыла алатын мағынасында пайдалану біркатар қиындықтар мен кикілжіндер туғызып отыр. Қоғам - барлық қоғамдық ғылымдардың зерттеу объектісі. Алайда әр ғылым қоғамды өзінің пәнінің мақсатына сәйкес зерттейді. Мысалы, қоғамдық ғылымдардың атасы болып саналатын философияны алсақ, ол қоғам, табиғат және ойлаудың жалпы заңдылықтарын зерттейді. Қоғам философия, тарих, саясаттану, экономика сияқты барлық қоғамдық ғылымдардың зерттеу объектісі болып саналады. Бірақ әр ғылым ортақ объектінің – қоғамның өзіне тиісті әрі маңызды сипаттары мен ерекшеліктерін таңдап алады. Мысалы, әлеуметтанудың ғылыми объектісі бізді қоршаған әлеуметтік орта, адам, оның алуан түрлі бірлестіктері (отбасы, әлеуметтік топ, ұйымдар мен институттар және т.б.) және олардың іс-әрекеттері мен қызметтері, санасы мен тәртіптері, көңіл күйлері мен мінез‑құлықтары және т.б. 13. Әлеуметтік жүйе, әлеуметтік байланыс, әлеуметтік қатынас.

Әлеуметтік байланыс — қоғамдағы жеке адамдардың не әлеуметтік топтардың бір-бірімен қарым-қатынастарын білдіретін түсінік. Бұл түсінікті социологияға француз әлеуметтанушысы Э. Дюркгейм енгізген. Ол әлеуметтік байланыс ұғымын топқа, ұйымға және тұтас қоғамға қатысты қарастыруға болады деп білді. Әлеуметтік топтардың не қоғамның ішіндегі әлеуметтік байланыстардың үш белгісі болады: а) топқа не қоғамға мүше әрбір адам сол қауымдастыққа тән ортақ ережелерді орындайды және құрметтейді; ә) аталған қауымдастық мүшелері өздерінің ортақ мүдделеріне байланысты бір-біріне тәуелді; б) жеке адам өзін қауымдастықпен біргемін деп санайды.

Әлеуметтік қарым-қатынастар – адамдар және топтар арасында болатын салыстырмалы түрдегі біршама тұрақты байланыстар. Кез келген адам өз өмірінде сан қилы қатынастраға түседі. Мәселен, өзінің отбасымен, туған-туысқандарымен – туыстық қарым-қатынаста болса, құрбылармен – достық, жолдастық қатынаста; өндірісте – еңбек қатынасында; билік орындарымен – саяси қатынас орнатады.

Әлеуметтік жүйедегі элементтердің (адамдардың) орналасуында белгілі бір тәртіп болады. Басқаша айтқанда, әлеуметтік жүйе элементтердің координациясы мен субординациясынан тұрады.

Кооридинация – жүйенің тұтастығын қамтамасыз ететін элементтер арасындағы белгілі бір келісім. Яғни, қоғам мүшелері бір-бірімен өзара келісімде өмір сүрулері қажет.

Субординация – тұтас жүйедегі элементтердің тең емес, әркелкі маңызынан туындайтын билеу және тәуелді болу қатынастары. Бұл – қоғамда иерархия бар деген сөз. Ал, қоғамның қалыптасып, дамуында биліктің маңызы орын алатындығы баршамызға мәлім.




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 200 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав