Читайте также: |
|
Әлеуметтану пәнінің қалыптасуы әруақытта оның категориялары арқылы жүзеге асырылады. Категориялар (яғни, жалпы ұғымдар) өмірдің нақтылы шындығын, әлеуметтік құрылымның дамуындағы маңызды жақтарды, ондағы қатынастар мен байланыстарды бейнелейді. Олар осы қатынас байланыстардың тұрақты, қайталанын, маңызды түрлерін және құбылыстар мен процестердің өзара іс-қимылын көрсетеді. Бұл категориялар (яғни, жалпы ұғымдар) бір-бірімен тығыз байланыста, қатынаста болады, олар ешуақытта бір-бірінен бөлек, оқшау тұрмайды.
Категориялардың негізінде әлеуметтанудың заңдары қалыптасады. Әлеуметтанудың категориялары алуан түрлі болады. Бұған адам қоғамына тән қасиеттердің бәрі кіреді: «әлеуметтік жүйе»; «әлеуметтік байланыс»; «әлеуметтік қатынас»; «әлеуметтік процесс»; «әлеуметтік тұлға»; «әлеуме әлеуметтікттік бірлік»; «әлеуметтік құрылым»; «әлеуметтік ұйым»; «әлеуметтік институт»; «әлеуметтік бақылау»; «әлеуметтік басқару»; «әлеуметтік ережелер»(бұған құқықтық ережелер, оның жартылай бөлігі); «стратификация», «әлеуметтік рөл», «әлеуметтік статус»,«әлеуметтік тәртіп», «әлеуметтік сана», «әлеуметтік талап-тілек», «әлеуметтік топ», «әлеуметтік мүдде», «әлеуметтік тұтыну», «әлеуметтік қауіпсіздік», «әлеуметтік қорғау», «әлеуметтік белсенділік», т.б.
Негізінде әлеуметтану екі үлкен категорияға басты назар аударды. Ол – қоғам және тұлға. Ал, қоғам туралы әлеуметтану мәселесі қозғалғанда төмендегі категориялар арқылы (жалпы ұғымдармен) зерттеу жүргізеді. Ол - «әлеуметтік бірлік». Бұл адамдардың арасындағы әр түрлі қарым-қатынастар. Осы қарым-қатынас, байланыстардың негізінде олардың күнделікті өмірі мен іс-әрекетінің мұң-мұқтажын, талап-тілектерінің бірлігі жатыр.
Әлеуметтік бірлестіктер қоғамды қайта құру, өзгерту субъектісі болып саналады және бұл - әлеуметтік субъектінің өзін-өзі ұйымдастыруның тұрақты түрі. Әлеуметтік бірлестіктің түрлеріне: отбасы, адамдардың әлеуметтік – таптық, топтық, әлеуметтік – демографикалық, ұлттық, территориялық, мемлекеттік және бүкіл адамзаттық қоғам бірліктері, қозғалыстары, т.б. жатады.
Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 155 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |