Читайте также:
|
|
Электронды сипаттау үшін квантты механикалық (деңгейде орналасқан электрон) теория бойынша 4 квант саны қолданылады.
2. Бас квант саны n-- кез-келген энергетикалық деңгейде орналасқан элетронның энергиясын сипаттайды немесе атомның радиусын көрсетеді.
N=1,2,3….7
3. Орбиталь квант саны немесе қосымша квант саны l белгілі бір энергетикалық деңгейде орналасқан электронның энергиясын сипаттайды немесе электрон бұлтының формасын көрсетеді.
4. Магнит және спин квант сандары.
Магнит квант саны Me белгілі бір деңгейшеде орналасқан электрон бұлтының кеңістікте орналасу бағытын сипаттайды.
M=-l….0+l
L=0(s) ml=0
L=1(p) ml=-1,0,+1
L=2(d) ml=-2,-1,0,+1,+2
L=3(f) ml=-3,-2,-1,0,+1,+2,+3
Спин квант саны Ms электрон бұлтының өз осінің айналу бағытын көрсетеді.
Ms=
5. Паули қағидасы атомды квант сандарының мәндері бірдей болып келген екі электрон болмайды, ең келгенде бір квант саны басқаша болу керек, яғни бір орбитальда болатын екі электронның спиндері қарама-қарсы болу тиіс. М: n=1. L=0 болса осындағы электрондарды тек спиндері ғана әр түрлі болады.
1-электрон: n=1, L=0, m=0, s=+1/2
2-электрон: n=1,, L=0, m=0,, s=-1/2 мұндағы 3-ші электрон болмайды.
6. Хунд ережесі - электрондардың спин сандары мәндерінің қосындысы белгілі бір деңгейдің бойында максимум мәнге ие болу керек.
p
Мысал:
В +5
7. Клечковкийдің бірінші ережесі.
Энергетикалық деңгейлер энергияның жоғарылау бағытында толтырылады.
Е=n+1 E1s=1+0=1 E2s=2+0=2 1<2
8. Клечковскийдің екінші ережесі.
Егер деңгейшелердің энергиялары бірдей болса толтырылу реті бас квант саны бойынша анықталады.
1s
2s ->2p
3s ->3p 3d
4s 4p 4d4f
1) E3p=3+1=4
E3d=3+2=5
2)E4s=4+0=4
9. Элементтердің S - және p- топтамалары.
Атом құрылысының s-элементтерде сыртқы деңгейдің s-орбиталіне электрон тола бастайды. S-Орбиталіне тек электрон сиятындықтан, s-элементтердің де сыртқы деңгеінде не 1, не 2-электрон болады. Сонымен s-элементтер период жүйесінің 1А және 2А
Топшасынан орын алады. Оларға сутегі мен гелий де кіреді жалпы период жүйесінде қазір 14- s элемент бар. 1-ші А топшадаға элементтердің сыртқы деңгейінде 1- s электрон бар, ал 2А топшадағы элементтердің сыртқы деңгейінде 2- s электрон болады. Олар сыртқы электрондарын әр-қашан беріп, күшті тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді. Химиялық байланыс түзген кезде олардың тотығу дәрежесі әрқашан ОҢ болады. (+1, -1)
Атом құрылысынан р-элементтердің р-орбиталі тола басталып, р-орбитальдің сиымдылығы 6-электрон демек, әр периодта 6- элемент бар. Периодты жүйеде 30-р элемент бар ол элементтердің сыртқы деңгейінде электрон саны 3-тен 8-ге дейін өседі. Период бойынша р-элементтің метал еместік қасиеті артады. Себебі сыртқы электрон саны өскен сайын олардың ядроға тартылуы күшееді. Сөйтіп р-элементтердің электрон беруден гөрі қосып алу қасиеті күшееді. Яғни тотықтырғыш қасиеті басым. Р-элемент қосылыс түзген кезде сыртқы р-электрондар мен қатар s-электрондар байланыс түзуге қатысады. Олардың валенттілігі топың нөміріне сәйкес келеді.
Дата добавления: 2015-04-26; просмотров: 186 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |