Читайте также:
|
|
Песталоцци бастауыш мектептің оқу жоспарын белгілі дәрежеде кеңейтті, оқу жоспарына оқу және жазу, санау және өлшеу, сурет, гимнастика, ән-күй дағдылары, сонымен қатар жағырафия, тарих, табиғаттану салаларынан кейбір білімдер берілді.
Таным үрдісінің бастапқы сатысы бақылау болып табылады. Бақылаудан жаңа ұғымдарға көшу үшін кез-келген танымның үш элементін түсіну қажет, сан, түр және саз. Песталоцци өзінің алдына міндет қойды – оқытудың түрлері мен әдістерін табу, оны пайдалана отырып, шаруа-ана өз балаларын оқыта білуі мүмкін.
Кез-келген білімнің негізіне, Песталоццидің пікірінше, оның элементтері жатады. Әрбір адам, оның түсінуінше, белгілі бір түсініксізді анықтап алу үшін, әруақытта да алдына үш мәселе қояды: 1) Қанша оынң көз алдында заттар? 2) Олар қандай түрге ие? 3) Олар қалай деп аталады? “Сан, түр және сөз: Песталоццидің айтуынша, кез-келген оқытудың элементарлық тәсілдері”.
Бастапқы оқытуда түрге сәйкес келетін өлшеу, санға-есептеу, ал сөзге - тіл. Сонымен, элементарлық оқыту өлшеу, санау және тілді меңгеру ептілігіне сүйенеді.
Песталоцци ойлауды дамыту мен білімді жинақтаудың арасын ажыратады. Песталоцци мектептің негізгі міндеті рухани күштер мен қабілеттіктердің оянуы, ойлау қабілеттілігін дамыту, демек, формалардың білім беру деп түсінді.
Тәрбиенің алдына Песталоцци програссивтік міндет адамның бүкіл табиғи күші мен қабілеттілігін үйлесімді дамытуды ұсынды.
Песталоцци элементарлық білім беру теориясын жасады. Ол теория ХІХ-ғ. Еуропада халық мектептерінің дамуына көмектесті, ол жеке пәндердің әдістемесін талдауды бастады, олар бастауыш мектептерде кеңінен қолданылды. Бұл теория догматикалық оқыту мен механикалық есте сақтауға қарсы күресте халық мектептерінің дамуына мүмкіншілік жасады. Ол дене, еңбек, адамгершілік, ақыл-ой тәрбиесі туралы өте құнды пікірлер ұсынды, бастауыш мектепте білім берудің мазмұнын кеңейтуге күш жұмсады, оны халыққа жақын, бұқара халықтың өмірі және қажеттіліктерімен тығыз байланысты етуге ұмтылды, балаларға еңек тәрбиесін беруге және өмірге даярлауға ерекше көңіл бөлді.
Песталоцци алғашқы оқытудың жалпы негіздерін және бастауыш білім берудің жекеленген пәндердің әдістемелерін талдады. Көзқарасының тарихи шектеушілігіне байланысты ол оқушыларды біліммен қаруландыру және ақыл-ой күштерін дамытудың бірлігі үрдісі мәселесін дұрыс шеше алмады. Ол кей жағдайда ойлауды дамытуда механикалық жаттығулардың ролін асыра бағалады.
Коменскийдің және Руссоның табиғатқа сәйкестік ойларына сүйене отырып, Песталоцци бұл үрдісті тереңдете отырып, оны оқыту үрдісін психологиялық негіздеу идеясына жақындатады. Оның әдістемесі, Песталоццидің пікірі бойынша, таным үрдісін белгілі түсінуден пайда болады, елестетулерден ұғымдарға қарай жүріп отырады.
Песталоцциден бұрынғы ойшылдардың айтқан негізгі дидактикалық қағидалары мен ережелеріне сүйене отырып, бастауыш мектепте оқытудың жекеленген түрлеріне қолдану негізінде оларды нақтылай түседі, оның деңгейін жоғары көтереді.
Песталоцци мектепті өмірге және еңбекке жақындату мәселесінде Руссодан әрі кетті. Оның мектебі бұқара халықтың өмірімен, демек, қызығуымен және қажеттіліктерімен тығыз байланысты өзіндік әлеуметтік орталық болып табылады. Оқыту мен еңбектің органикалық бірлігіне қол жетпеуіне қарамастан, ол мектепте еңбек тәрбиесіне, қоғамдық пайдалы еңбекке, практикалық өмір мен іс-әрекетке даярлауға ерекше мән берді. Песталоцци формалдық білім беру теориясын жақтау жолында болды. Песталоццидің оқытудың осы жағын дамытуды әсіресе оның шәкірттері ілгері дамытты.
Бірақ Песталоцци ұсынған оқытудың дамыта оқыту идеясы, сөз жоқ, алдыңғы қатарлы педагогикалық теория мен практиканы одан әрі дамытуда жағымды роль атқарды. Бүгінгі күнде де педагогика ғылымында дамыта оқыту идеясы күн тәртібінен түспеген, өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 133 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |