Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Экономикалық өсудің теориясы. Мультипликатор мен акселератор эффектісі.

Читайте также:
  1. А) экономикалық-математикалық модельдеу және болжау
  2. Азақстан халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде.
  3. Бөлім. Макроэкономикалық реттеу
  4. Б) увеличения банковского мультипликатора;
  5. БЕНИЛЮКС-қа қатысты: A) экономикалық одақ.
  6. Дәріс. Музей мекемелердің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалау.
  7. Дәріс. Музей мекемелердің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалау.
  8. Дидактика негіздері элементарлық білім беру теориясы.
  9. Еуразиялық мемлекет аралық экономикалық қатынастар.
  10. Концепция мультипликатора в кейнсианской теории

 

Өндіріс қарқынын жеделдетуге қол жеткізу үшін, Батыс елдерінің әртүрлі мектеп өкілдері экономикалық өсудің моделі мен формулаларын жасап, алдағы уақытқа болжау құрды.

Өсу формуласының негізінде Кейнстің «мультипликатор» теориясы жатыр. Ол кейінірек «акселерация» теориясымен толықтырылды.

Мультипликатор- көбейткіш, ал акселератор- бұл дайын өнімге сұраным өсіміне қарқынды сұраныс өсімінің коэффиценті.

«Мультипликатор» түсінігін ағылшын экономисті Кан 1931 жылы енгізген болатын, содан кейін Дж. М.Кейнс «Жұмыспен қамтудың жалпы теориясы, ақша мен процент» кітабында 1936 ж дамытты. Одан әрі А.Хансен, Р.Харрод, Дж.Хикс, П.Самуэльсон, Н.Калдор және басқалардың еңбегінде айтылды. Мультипликатор капитал салу (инвестиция) кезінде ұлттық табыстың қанша рет өсуін көрсетеді.

Мысалы, жаңа жол құрылысына салынған капитал 5 млн долларға тең және 1000 адамға орташа жылдық мың доллар табысымен алғашқы жұмыспен қамтуға мүмкіндік ашады.

Бірақ, жол құрылысына белгілі бір қондырғылар мен материалдар қажет, оның өндірісі тағы да 1200 адамды жұмыспен қамтуы мүмкін. (жылдық мың доллар табыспен)

Жұмыспен қамтудың өсуі өз кезегінде тұтыну тауарларына сұраныстың артуына алып келеді, немесе оның өндірісін ұлғайту қажеттілігі туады және кезекті қосымша 800 адамды жұмыспен қамтиды.

Осылай болғанда, инвестиция арқасында 1000 жұмысшыны жалдау қортындысында соңғы жиынтығы жалпы 15,0 млн доллар жылдық табысы бар алғашқыдан 3 есеге көп 3000 адамды жұмыспен қамтиды. Бұл жағдайда мультипликатор 3-ке тең.

Акселератордың әрекеті мультипликатормен байланысты: мультипликатор инвестицияның ұлғаюуымен ұлттық табыс өсетіндігін ұсынады; акселератор (дайын өнімге сұраныс өсуіне инвестициялық сұраныс өсу коэффиценті) – ұлттық табыс өсімі инвестиция өсіміне, яғни барлық жүйені қозғалысқа келтіреді. Бірыңғай, бір бағытта әрекет етеін экономикадық өсімнің мультипликционалды процесі пайда болады. Акселерация принципін алғаш 1913 жылы француздық экономист А.Афтальон (1874-1956 ж.ж), американ экономисті Дж.М.Кларк (1884-1963 ж.ж) қозғаған болса, 1919 жылы Р.Харрод, Дж.Хикс, П.Самуэльсон еңбектерінде ол одан әрі дамыды.

Мультипликациялық эффект масштабын болжауда Дж.Кейнс еңгізген: Тұтыну шығысының шамасы мен берілген табыс деңгейі арасындда – «тұтынуға орташа бейімділік» деген бағыныштылықтың айрықша мәні бар. Тұтынуға орташа бейімділік деп («АРС» символы) экономика ғылымында «психологгиялық факторды» түсінеміз, яғни адамдардың тұтыну тауарларын сатып алуға ынтасын білдіреді. Тұтынуға бейімділік бұл ұлттық табыстың тұтыну бөлігінің (С) барлық ұлттық табысқа (Y) қатынасы, яғни;

Тұтыну С

АРС = ---------------- немесе -------.

Табыс Y

 

және «Тұтынуға шекті бейімділік» (МРС), тұтынудағы кез келген өзгерістің табыстағы сондлай өзгеріске қатынасын біоліреді, яғни

Тұтынудағы өзгеріс DС

МРС = ---------------- немесе -------

Табыстағы өзгеріс DY.

Бұдан басқа, Дж.Кейнс ауқымды жинақтау мен сол дәрежедегі табыс арасындағы – жинақтауға орташа бейімділік пен жинақтауға шекті биімділіктің тәуелділігін енгізді.

Жинақтауға бейімділік деп адамның жинауға ынтасын білдіретін психологиялық фактордың бірін айтамыз..Жинақтауға орташа бейімділік (АРS) бұл ұлттық табыстың жинақтау бөлігінің (S) барлық ұлттық табысқа (Y) қатынасын білдіреді, яғни

Жинақ қоры S

АРS = ---------------- немесе -------.

Табыс Y

Жинақтауға шекті бейімділік» (МРS), жинақтаудағы кез келген өзгерістің табыстағы өзгеріске қатынасын білдіреді, яғни

Жинақтауға өзгеріс ΔS

МРS = ---------------- немесе -------

Табыстағы өзгеріс ΔY.

Берілген тәуелділіктер шекті мультипликациялық эффектін бағалауға мүмкіндік береді.

Батыстың қазіргі неоклассикалық экономикалық мектептерінің өкілдері экономикалық өсімнің көпфакторлы күрделі үлгілерін ұсынады, соның ішінде Кобба-Дугластың көпфакторлы функциясы. Оның формуласы мынадай:

dQ dQ dQ

Q = ---- х L + ----- х K + --- х S,

dL dK dS

мұнда, Q - өнім;

L – еңбек;

K –капитал;

S – жер.

 

Экономикалық өсімнің интенситвті типтері және гылыми техникалық төңкеріс оның қалыптасуы мен дамуының қозғаушы күші ретінде

 




Дата добавления: 2015-01-30; просмотров: 37 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | <== 2 ==> | 3 | 4 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав