Читайте также:
|
|
Классикалық үлгіні француз экономисті Жан Батист Сэю / 1772-1823ж.ж. / жасаған бұнда барлық қоғам өндірушілерден тұрады.(олар бір мезгілде тұтынушы да болады), яғни олар өз тауарларын сату арқылы өзінде өндірілмейтін басқа тауар сатып алады. Бұл жағдайда табыс = шығысқа. Сондықтан сұраныс қашан да ұсынысқа тең болады.
Сонда да айқын нарықтық экономика тым күрделі: тұтынушылар саны қашанда өндірушілер санынан жоғары болады. Табыс кейде толық шығысталмайды (оның бір бөлігі жинақталады, кейбір шығысты өндіруші несие есебінен жүргізеді).
Өмірде де «сұраныс барда ұсыныс бар» бұл Сэя модельінде көрсетілгендей балансталмайды, себебі сұраныс жинақтау шамасына төмендейді де, ал ұсыныс несие шамасына дейін жоғарылайды.
Осы арадан өте маңызды қорытынды шығаруға болады: жиынтық сұраным мен жиынтық ұсыныс тепе-теңдігі жинақтауды инвестирлеу мен несиелеуді инвестирлеу теңдігін талап етеді.
Жинақтау тұтынушының жиынтық табысының бір бөлігі ретінде экономикалық айналымынан шығып қалады, сондықтан сұранысқа айналмайды, және өндірушінің кеткен шығынын қайтармайды.
Ізінше, жинақтау макроэконмикалық тепе-теңдікті бұзады.
Кейнсиандық үлгі- табыс қозғалысының өзгеше конструкциясын қарастырады: "жинақтан- инвестицияға". Джон Мейнрад Кейнс, ағылшын ғалым- экономисі (1983-1946 жж), оның ойы экономикалық теңдіктің идеалды үлгісінде барлық жинақтар инвестицияға айналуы тиіс дегенге саяды.
Дж.Кейнс жинақтар инвестицияның негізі екендігін дәлелдеді, сонымен бірге жинақтар мен инвестиция нақты жағдайда, табыс пен тұтыну арасындағы айырмаға тең болғандықтан әр кез жинақтар мен инвестициялар бір-біріне тең болатындығын дәлелдеді.
Егер табысты ақшалай емес, натуралды заттай қарастырсақ, онда бұл жағдайда табыс тұтыну және өндірістік тауарлар болып бөлінеді.
Өндірістік және капиталдық тауарлардың жалпы көлемі нақты сұраныс немесе инвестициялық сұраныс деп аталады.
Инвестициялық сұраныс экономикалық жүйеде маңызды динамикалық элементтің бірі болып есептеледі.Аталған үлгінің негізгі міндеттерінің бірі- экономиканы тұрақты даму жолына алып шығу. Кейнс, тепе-теңдік жағдайға жету (жиынтық сұраныс = жиынтық ұсыныс) инфляция, жұмыссыздық және өндірістің құлдырауы жағдайымен бірелесетіндігін көрсетті.
Баға деңгейі
![]() |
Жиынтық сұраныс деп мемлекет, кәсіпорындар мен тұтынушылар кез келген баға деңгейінде сатып алуға дайын тауарлар мен қызметтердің түрлі көлемдерін көрсететеін үлгіні айтамыз.
Жиынтық ұсыныс - бұл кез келген баға деңгейіндегі нақты өндіріс көлемін көрсететін үлгі (13-1 суретті қараңыз)
Басқаша айтқанда, тепе теңдік жағдай ресурстардың толық жұмсалуын білдірмеді. Тәдірибеде ЖҰӨ тепе-теңдігін сақтау үшін барлық ресурстардың пайдаланылуын қамтамасыз ететін өндіріс деңгейі жоғары (немесе төмен) болатын жағдай да кездеседі. Егер ол жоғары болса, ЖҰӨ тепе-теңділігіне қол жеткізу үшін өндіріс көлемін қысқарту қажет, яғни өндірістік ресурстардың, оның ішінде, еңбек ресурстарының да толық пайдаланылуына әкелу керек, бұл өз кезегінде жұмыссыздыққа соқтырады.
Егер ресурстарды толық пайдаланғандағы өндіріс деңгейі төмен болса, онда сұраныс ұсыныстан жоғарылай береді, өндірісті ұлғайта алмайды, себебі барлық ресурстар пайдаланылып кетеді де, бұл сұраныс артықтығы инфляцияға соқтырады.
Жиынтық сұраныстың өсуіне әсер ететін бағалық емес факторлар::
- тұтынушылардың жағдайы мен табысының өсуі;
- тұтынушыларды күту (экономикада кризисті, баға өсуін, инфляцияны күту)
- салықтың төмендеуі;
Дата добавления: 2015-01-30; просмотров: 128 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |