Читайте также:
|
Қазақ гуманитарлық заң университеті
«Экономика, менеджмент және туризм» кафедрасы
Т: 70 – 30 -45; 417-каб.
Базалық білімі: Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ «Экономика» факультетінде оқып, «Бухгалтерік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітіргенмін.
Ғылыми қызығушылығы: ҚЕХС сәйкес қомпаниялардағы қаржылық және басқару есебін ұйымдастыру мәселелерін зерттеу. Келесі негізгі пәндер бойынша дәріс оқимын: Статистика, Әлеуметтік экономикалық статистика, Кәсіпорын қызметін экономикалық талдау
2. Курстың пререквизиттері:
«Экономикадағы математика»
«Статистика»
3. Курстың постреквизиттері:
«Кәсіпорын қызметін экономикалық талдау»
2. «Әлеуметтік экономикалық статистика» пәнін оқуда студенттерге мынадай талаптар қойылады: статистика категориясының мәнін, атқаратын қызметін түсініп, қоғамдық қатынастарды статистикалық басқару мен бақылау әдістері мен қағидаларын тәжірибеде орынды қолдана білу. «Әлеуметтік экономикалық статистика» пәнін оқуға дейін студенттер оқитын пәндерге керек қосымша пәндердің саны мен тарауларын білулері қажет. Оларға мыналар жатады: элементарлық және жоғарғы математика, ықтимал теориясы, математикалық статистика, орта сандарды есептеу, экономикалық теория, микроэкономика және макроэкономика, ақша, несие, банк, кәсіпорын және шаруашылық субъектілер нарығының жағдайы мен нәтижелерін талдау және т.б.
2. Пәндi оқыту мақсаты: Нарықтық экономикаға өту кезеңінде статистиканың алдына қойған үлкен мақсаттары бар. «Әлеуметтік экономикалық статистика» пәнінің негізгі мақсаттары:
• Бұқаралық статистикалық құбылыстар мен процестердің сапалық қасиеттерін ескере отырып, сан жағынан сипаттауға қажетті теориялық білімді студенттерге қалыптастыру және оны тәжірибе жүзінде қолдануға дағдыландыру.
• Студенттерді ғылыми ұйымдастырылған жүйеде статистикалық әдістерді қолдану арқылы орталықтандырылған – жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өте кезеңіндегі статистиканың құбылыстары мен процестердің сандық өзгерістерін, салалық жағымен байланыстыра отырып, зерттеу жұмыстарын қалай жүргізу керек екендігін үйрету. Статистиканы оқып-үйрену кезінде студенттерге қоғамдық құбылыстар жайындағы жаппай мәліметтерді жинау, топтау, талдау және есептеу сияқты әр-түрлі тәсілдерді үйрету, яғни статистикалық әдістемелерді және басқа да көптеген сұрақтарды толығымен қамту қамтуды үйрету.
3. Пәндi оқыту мiндеттерi:
Статистикалық қатынастар мен процестерді жетілдіру, жақсарту мақсатында статистикалық кәрсеткіштер жүйесін зерттей, талдай білу үшін экономика мамандығында оқитын әрбір студентке қазіргі кезеңде келесі басты міндеттер жүктеледі:
• Халық шаруашылық салаларының статистикалық процестерінің даму дәрежесін, құрылымын, өсіңкілігін немесе кемуін зерттеу кезінде түрлі статистикалық есептеу әдістерін қолдана білу;
• Жиналған мәліметтерге талдау және болашаққа болжау жасай білу;
• Статистика туралы классиктердің, ғалымдардың еңбектерін оқып үйрену және оны іс жүзінде тәжірибеде қолдана білу;
• Аудиториялық және өз бетімен сабаққа даярланғанда, яғни әртүрлі
• мәліметтерді есептеу кезінде электронды есептеу машиналарын, компыотерлерді пайдалана білуді үйренулері тиіс және есептелген статистикалық көрсеткіштерге қысқаша қорытынды жасай білуді үйрету;
• Статистикалық көрсеткіштер жүйесін құрудың теориялық негізін оқып үйрету;
• Статистикада қолданылатын ұғымдарды, категорияларды, жүктеулерді, топтастыруларды оқып-үйрету;
• Статистикалық дамудың қорытынды (жалпылама) көрсеткіштерінің жүйесін оқып-үйрету;
• Ұлттық шоттардың маңызын, құру әдістерін, саларалық байланысты оқып-үйрету;
• Статистикалық процестердің динамикасын зерттеуде өндіріс тиімділігі деңгейінің өзгерісіне әсер ететін факторларды бағалағанда статистика талдау әдістерін қолдана білуді үйрету;
• Дер кезінде шешім қабылдау үшін макродеңгейдегі статистикалық ақпаратты қорытындылап талдау әдісін меңгеруді үйрету.
Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 133 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |
|