Читайте также:
|
|
І. КІРІСПЕ БӨЛІМ
Тақырыптың өзектілігі: Қазақ елінің егемендігімен қатар тәуелсіздігі ұлғайған сайын еліміздің ұлттық тарихын зерттеуге үлкен мән берілуде. Халықтың ұзақ жылдардан кейінгі өзін-өзі тануының жаңа кезеңі ұлттық ғылыми ортаға қоғамның педагогикалық ілімдер тарихы маңызды орынға көтерілді. Тәуелсіздік тұсындағы қазақ халқының қоғамдық санасындағы түбегейлі өзгерістер тарихи тағдырдың тәлкегімен ұмыт болған ұлттық дәстүр мен этномәдениетті қайта жаңғыртумен сиапатталады. Педагогикалық мәселелер халықтың экономикалық, саяси-әлеуметтік және мәдени өмірімен байланысты. Осы орайдан келгенде қазақ халқының тарихы мен мәдениетінің дамуында, оқу орындарының өрістеуінде XІX ғасырдың екінші жартсынан қазан төңкерісіне дейінгі мерзім ерекше кезең ретінде қаралады
Отарлық бұғауда отырған қазақ елінің мәдени ішкі өміріне орталық Ресейде болып жатқан саяси, экономикалық оқиғалар, түрлі толқулар мен педагогикалық қозғалыстар әсерін тигізіп жатты. Осы орайда қазақ зиялыларының педагогикалық ой-пікірлерінің дамуына, өзіндік идеяларын жариялауға мүмкіндік болмады. Соған қарамастан белгілі ағартушылар, педагог-ұстаздар өз еңбектерін оқу-тәрбие жұмыстарына енгізіп, педагогикалық мәселелерді көтеріп отырды.
Жұмыстың мақсаты: Педагогиканың ғылым ретінде дамып, қалыптасу жолымен таныса отырып өткендегі озық тәжірибелерді меңгеру, оны бүгінгі күн жағдайларында пайдалана білуге үйрену, теориялық білімін тарихи-педагогикалық ақпарлармен толықтыру.
Жұмыстың міндеттері:
- тарихилық және қазіргі кезеңнің арақатынасы туралы базалық әдіснамалық ережелерді меңгеру;
- педагогика тарихының қалыптасу даму үрдістерін, заңдылықтарын, кезеңдерін саралау.
Зерттеу нысаны: Педагогика тарихы мен ондағы орын алатын тұлғалар, олардың педагогика тарихындағы рөлі.
Практикалық маңызы: Аталған жұмысты студенттер болашақта өздерінің кәсіби мамандық иесі ретінде және өз біліктерін жетілдіру үшін қолдана алады.
Жұмыстың әдістері:
- әдебиеттерге шолу;
- кезеңдерге бөлу;
- саралу және қорытындылау.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Сақтардың сан ғасырлық тарихи ерекшеліктері, cақ қоғамының тәлім-тәрбиелік құндылықтар. Анахарсис сақ әлемінің әйгілі ойшылы.
Сақтар – б. з. б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан жерін мекен еткен ежелгі тайпалар. Бұларды грек тарихшысы Страбон «азиялық скифтер» деп жазды. Рим жазушысы үлкен Плиний де осылай деген. Оның жазуынша скифтерді парсылар «саға» («сақа», «сақ» аты осыдан шыққан) дейді. Қоныстанған жерлері Б. з. б. I мыңжылдықта Солтүстік Үндістанды, Ауғанстанды, Орта Азияны және Қазақстанның оңтүстігін қамтитын кең-байтақ аумақта жинақтап алғанда «сақ» деп аталатын көптеген тайпалар мекендеген. Геродот (б. з. б. V ғ.) және баска антик тарихшылары оларды Азия скифтері деп атаған.
Fылымда сақтардың бұл топтарының Орта Азия мен Қазақстан аумағында шоғырланғаны туралы көптеген болжамдар бар. Олардың біреуіне сәйкес Шаш (Ташкент ауданы), Солтүстік Қырғызстан аумағында және Қазақстанның оңтүстігінде тиграхауда-сақтар мекендегені, бұл сақ тайпаларының этникалық аумағы кеңірек болған, оған Оңтүстік Орал еңірі мен Таулы Алтайда енген.Ахемендік Иранның сына жазу ескерткіштерінде Сақтар үш топқа бөлінеді. Олар: хаумаварға Сақтар (хаому шарабын ішетіндер немесе амюрийліктер); тиграхауда Сақтар (шошақ бөріктілер); тьяй-парадарая Сақтар (теңіздің арғы жағындағылар). Бұлар Орта Азияның оңтүстігін, Арал теңізінің төңірегін, Сырдария бойын, Жетісу алқабын мекендеген. Сақтар одақтарына яксарт, массагеттер, исседон, дайлар, астақ, қамақ, аримаспы сияқты көптеген көне тайпалар біріккен. Бұлар Кавказ тауын «Қаз» тауы деп атаған. Сақ жерінде Яксарт (Сырдария), Оксус (Өкіссу – Әмудария) үлкен өзендер болған. Сырдарияны Бақтиярлар (бактрлар) Яксарт, ал Сақтар Сілес (Сіле, Сілеті) деп атаған. Сақтардың б.з.б. мәдениетті ел болғаны туралы дерек мол. Археологтар Қазақстанның оңтүстік ауданы мен Қырғызия, Тәжікстан және Алтай жерлерінен Сақтар тайпаларының қорғандары мен обаларын тапты. Парсы патшасы Дараявауштың Парсаға (гр. Persepolis) жақын Накширустамдағы тас жазуларында сақаларды үш топқа бөліп көрсеткен:
• парадрая (теңіздің арғы бетіндегі сақалар) — еуропалық сақалар-скифтер немесе Арал теңізі, Сырдарияның арғы жағындағылар;
• хаомаварга (хаома сусынын жасайтын сақалар) — Ферғана алқабын мекендеушілер;
• тиграхауда (шошақ бөрікті сақалар) — Сырдарияның орта ағынын және Жетісуды мекендеушілер.
Парсы және антик деректемелеріндегі тайпаларды Қазақстан мен Орта Азияның осы замангы картасына орналастыру туралы мәселе әлі түпкілікті шешілген жоқ. Теңіздің арғы жағындағы сақтарды оқшаулап бөлуде таяу уақытқа дейін екі көзқарас болып келді. Бірінші көзқарас (В.В. Струве) тұрғысынан, парадрайа-сақтарды Арал теңізінен шығысқа таман және Әмудария мен Сырдария өзендерінің төменгі бойларына орналастыру керек еді. Мәселені бұлайша коюға I Дарийдің сақтарға қарсы жорығының жүрген жолы туралы әңгімелейтін Бехистун жазбасынын бесінші бағанының екінші жартысын қайта құруды ұсыну негіз болды. Бехистуннан алынған мәтінінін қалпына келтірілген болігін, ал одан кейін Накши-Рустем және Персеполь жазуларын антик деректемелерінің мәліметтерімен салыстыру негізінде — парадрайа-сактардың және «Соғдының ар жағындағы» сақтардың массагетгерге, дайларға, каспилерге сәйкестігі туралы болжам жасалды.
В.В. Григорьев басқаша көзқарасын айтады, оған карағанда парадрайа- сақтар деп Оңтүстік Ресей және онымен шектес аймақтар аумағын мекендеген еуропалық скифтерді түсіну кажет болады. Бехистун жазбасын жаңадан зерттеу және аудару Бехистун жазбасының V бағанасын баскаша карап, басқаша түсіндіруге әкеп соқты. Қазіргі уақытта парадрайа-сақтарды Қара теңіздің солтүстік төңірегіне орналасты деу дұрысырақ деп саналады10. Орта Азия мен Қазақстан сақтарының басқа екі тобы (хаумаварга мен тиграхауда) Таяу Шығыстың халықгарына көбірек мәлім болған. Кир мен Дарий жорықтар жасаған тиграхауда-сақтар Ахеменид бедерлері мен мөрлерінде бірнеше рет бейнеленген. Олардың Скунха деп аталатын көсемінің тұлғасы баска да бағындырылған халықтардын патшаларымен бірге Дарийдің бұйрығы бойынша Ирандағы Бехистун деген жердегі жартасқа қашап салынған. Ежелгі Шығыстың ең көне және аса маңызды саяси кұжаттарының бірі деп әбден орынды саналатын Бехистун жазбасының сақ көсемін тұтқынға алумен байланысты оқиғаларға арналған V бағанасының 20—30-жолында былай делінген:
«Дарий патша былай дейді: содан кейін мен әскеріммен Сақтарға аттандым. Шошақ бөрік киетін сақтар шайқасқа шықты. Мен теңізге жеттім де, бүкіл әскеріммен арғы бетке өттім. Сөйтіп мен сақтардың бір бөлігін ойсырата талқандадым да, екінші бөлігін тұтқынға алдым... Скунха деген көсемін қолға түсіріп, маған әкелді. Сол жерде мен өз дегеніммен екінші біреуін (олардың) көсемі қылып тағайындадым. Бұдан кейін ел маған қарады».
Бұл мәтін шошақ бөрік киетін тиграхауда-сақтар туралы ақпарат беретін, сақталып қалған бірден-бір жазбаша құжат болып табылады. Онда тиграхауда-сақтар жері басталатын бір судың бар екендігі де айтылады. Сақтар мен массагеттер еліне Ахеменид патшалары Дарий мен одан бүрынғы II Кирдің жорықтары тарихи анықталған фактілер қатарына жатады.
Сондай-ақ тиграхауда-сақтар Шашты, Тянь-Шаньді және Жетісуды мекендеген деген пікір де бар. Страбонның айтуы бойынша, массагеттерден солтүстікке таман, «Меотидадан жоғары» (Страбон, XI, 9,2) жерлерде дай тайпалары қоныстанған. Сырдарияның арғы жағындағы олар Александр Македонскийдің замандастарына да мәлім болды. Антик авторлар оларды, бұрынырақта Геродоттың жазғанындай, массагеттердің иелігіндегі жерлерде орналастырады. «Дах» атауы неғұрлым ертеректегі деректемелер- «Авеста» мен Ксеркстің «дэвтер» туралы жазбасында да мәлім. Мұның бәрі дахтардың (дайлардын) әуелде массагеттердің солтүстігіне таман аймақты мекендегенін, не массагеттердің бірлестігіне кіргенін көрсетеді. Б. з. б. III ғасырдың орта шенінде дайлар тарих ересінде массагетгердің орнын алып, Каспий маңының оңтүстік-шығысынан, Парфия шекарасынан келіп шығады. Осы уақыттан бері «көптеген скифтер, Каспий теңізінен бастап, дайлар деп аталады».
Көне парсы сына жазулары мәтіндерінде сақтардан солтүстікке таман өмір сүрген тайпалар мен халықтар туралы ештеңе айтылмайды. Тек Авестада ғана сайрим деген атау айтылады, бірақ бұл халыктың кай жерді мекендейтіні туралы ешқандай мәлімет жоқ. Ежелгі грек деректемелеріндегі мәліметтер көбірек, оларда Авестаның сайримдерімен салыстыруға болатын савроматтар тайпасы туралы айтылады. Савроматтар туралы алғашкы деректер Геродотга бар: «Танаис өзенінің (казіргі Дон өзенінің) арғы жағы енді скиф өлкесі емес, бірақ ондағы алғашқы жер иеліктері савроматтардың қолында. Савроматтар Меотия көлі ойпатынан бастап солтүстікке карай он бес күнде жүріп отуге болатын жерді мекендейді...» Мұның өзі Донның құйылысынан Еділдің сагасына дейінгі аумаққа сәйкес келеді.
Алайда «сақтар», «скифтер», кейініректегі «түріктер» терминдері сияқты, «савроматтар» терминін де авторлар көбіне екі мағынада: тайпалардың өз атаулары ретінде және тілі мен мәдениеті жағынан туыстас тайпалардың үлкен тобын біріктіретін термин ретінде қолданған. Грек-латын деректемелері көбіне бұл этнонимді жиынтық мағынада, савромат бірлестігінің әр түрлі тайпалар құрамын тікелей көрсете отырып (Үлкен Плиний, Эфор, Псевдо-Скилак, Эвдокс) колданады.
Археологиялық ескерткіштері бұлар қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан өлкелерінен табылған.
Сақалар көсемінің катафракт сауыт-сайманына бейнелі алтын қабырышақпен оқаланған тері сауыты, Есік обасы.
Бұл сақ тайпалары мекендеген аса көлемді аймақ: тиграхаудтар — Жетісуда, ал массагеттер Арал өңірі мен Сыр бойында. іле алқабында Бесшатыр, Есік, Түрген, Кеген, Алексеев обалары осы алқаптан табылды.
Жетісудағы сақ мәдениеті екі кезеңді: ерте кезеңі (б.з.д. 8-6 ғғ) және кейінгі кезең (б.з.д. 5-1 ғғ.).
Соңғы кезеңдегі патша обасына Бесшатыр қорымы мен Есік обасы жатады. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағалауындағы Шылбыр деген жерде, ол 31 обадан тұрады. Қорымның барша обалары екі топқа бөлінеді, үлкен обалар — диаметрі 45 м-105 м-ге дейін. Биіктігі 6-18 м. Салынған уақыты б.з.д. 5 ғ.
Шығыс Қазақстан. Алтай аясынан, Шыңғыстау мен Тарбағатай бөктерлерінен кездеседі. Үлкен патша обалары бар. Ол Шілікті алқабында шоғырланған. Бұл өңірдің мәдениеті үш кезеңнен тұрады. Мәйемір кезеңі (б.з.д. 7-6 ғғ), берел кезеңі (б.з.д. 5-4 ғғ.), құлажүргін кезеңі (б.з.д. 3-1 ғғ.). Мәйемір кезеңінің соңында салт кісіні атымен бірге қоятын қабырлар пайда болады.
Орталық Қазақстан. Бұл жерден Тасмола мәдениеті (б.з.д. 7-3 ғғ.) ашылды. Бұл обалардың ерекшелігі — оларда тас жалы, «мұрты» болады. Бірнеше варианттардан тұрады. Негізгі обаға жанаса немесе оның шығыс бетінде, иек астында кіші оба тұрады, одан шығысқа қарай доғаша иіліп, ені 1,5-2 м, ал ұзындығы 2-200 м дейін кейде одан ұзыныда болады, екі жал кетеді. Үлкен обаға үйілген төбе астында жерден қазылған қабырда өлген кісінің мәйіті жатады, ал кіші қорғанда үйінді астындағы қабырға ат пен ағаш ыдыс-аяқтар қойылады.
Арал өңірі. Арал өңірі сақалар мәдениеті Тегіскен, Ұйғарақ, Оңтүстік Тегіскен қорымдары.
Батыс Қазақстан. Еділ мен Жайық арасындағы аймақтан қорымдардың көп шоғырланған жері — Үлкен және Кіші өзеннің бойлары, Қамыс-Самар көлдерінің өңірлері, Елек, Шаған, Ембі жағалаулары. Обалардың көбінде үйінділері бар, ал олардың аса үлкендері орлармен қоршалған. Тас үйінділері немесе топырақ пен уақ тастар араластырылған үйінділері бар обалар сирек кездеседі. Қабырлар шығыстан батысқа қарай ыңғайлай қазылады, ал өлгендер молаларда емес, обалар үйінділері астындағы арнайы дайындалған алаңдарға қойылады.
Сақтар мал шаруашылығымен де егін өсірумен де айналысқан. Жылқы өсірген. Оны қарулы жауынгерлер мінетін болған.
Қой бағумен де айналысқан. Сақтарда маңдай алды дөңесте ірі қойлар көп тараған. Олар қазақтың кәзіргі құйрықты қойлары тұқымына жақын болған.
Түйе шаруашылығы да кең дамыған. Ал сиырдың көшпелі тіршілікке бейімделген мұндай тұқымының өзгеден айырмасы — өнімділігі төмен, тірілей салмағы аз, жемшөпті көп талғамайтын. Суықта сыр бермейтін, жүні қалың, тебін малы болды.
Егіншілік пен суару. Қыстау маңындағы егін сақтарды астықпен қамтамасыз еткен. Олар тары, арпа, бидай еккен. Оңтүстік Сырдарья алқабында сақтардың Шірік Рабат, Бәбіш-молла, Баланды секілді қоңыстарында табылған.
Кәсіпшілігі.
Сақ тайпалары арасында металл өндіру және оны өңдеу, әсіресе қола құюға байланысты кәсіпшіліктері дамыған. Б.э.д. 1 мыңжылдықта Қазақстан және Орта Азияны мекендеген сақ тайпалары темірден заттар жасауды меңгерді.
Темір мен мыс, қалайы мен қорғасын, алтын мен күміс өндіру жоғары дәрежеде дамыған. Мәселен, Имантау кен орнында 3 млн. пұт мыс рудасы, ал Жезқазған мен Успенскіден 10 мың және 26 мың пұт руда өндірілген, сонда сол руданың көбісі сақтар заманында өндірілгені анықталды.
Сақ зергерлері қоладан қанжарлар, оқ жебелері мен сүңгі ұштарын, аттың қайыс әбзелдерін, әшекейлер мен айна, қазандар мен құрбандық ыдыстарын жасаған.
Саудасы.
Еуразия далаларын сақтар билеген кезде Батыс пен шығысты, Жерорта теңізі мен Қытайды байланыстырған халықаралық өтпелі сауда басталады. Б.з.д. 1 мыңжылдықтың орта кезінде дала жолы пайда болады. Геродот жазуына қарағанда, дала жолы Қаратеңіз өңірімен жүріп, Дон жағалауына сосын Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтар жерінен Ертіс бойына, одан әрі Алтайдағы аргиппейлер еліне жеткен, содан әрі Моңғолия мен Қытайға қарай кететін болған. Осы жолдың бір бөлігі Қазақстан жерімен өтті.
Қоғамы.
Сақ қоғамында халықтың үш тобы болды деген болжам бар. Ол рим тарихшысы Квинт Курций Руф айтқан аңызға сүйеніп айтылады. Бұлар:
• жауынгерлер — сүңгі мен оқ («ратайштар-арбада тұрғандар»),
• абыздар — құрбандық табағы және айрықша бас киімі бар,
• қауымшыл сақтар, яғни «сегізаяқтар» (соқаға жегетін екі өгізі барлар).
Осы үш жіктің өзіне тән дәстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге — қызыл, сары-қызыл; абыздарға-ақ; қауымшылдарға-сары мен көк түстер. Сондай-ақ көсемдер мен патшалар да болды. Олар әскери жіктердің өкілдері болды. Гректер оларды басилевс — патша деп атаған. Патшаның белгісі жебелі садақ.
Мәдениеті
Сақтар аң стилін Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезінде қабылдаған. Бұл өнер б.д, д. 7-6 ғасырда қалыптасқан. Аң стилі дегеніміз түрлі жануарлардың бейнелерін дыс-аяққа, киімге, тұрмыс заттарына, түрлі әшекейлерге, қару-жараққа салған. Сақтар күнге, найзағайға, жел-дауылға табынған. Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат күнмен, отпен байланысты болған. Дүниені жаратқан көк тәңірісі Митра, жердікі Варуна, жер астыныкі Индира секілді құдайлар болған.
Анахарсис сақ әлемінің әйгілі ойшылы. Әлемдік тарихта есімі «Анахарсис Скифский» деген атпен қалған, сақтар мемлекетінің әйгілі ойшылы. Герадоттың айтуынша, ол қазіргі (христиандық) жыл санауымызға дейінгі VI-VII жылдарда өмір сүрген.
Анахарсистен ХХ ғасырға дейін шамамен екі мың бес жүз жыл немесе жиырма бес ғасыр. Осы уақыт аралығында, халқымыздың мәдениетінің тарихи кеңістігі. Бұл тарихи-мәдени кеңістікті меңгеру осал іс емес. Жиырма бес ғасыр ішінде бірнеше ренессанстық жағдай міндетті түрде екі компоненттен тұрады. Бірі жаңа өркениеттік сапалық өзгерске ұмтылу, екіншісі алдағы өткен мәдени дәстүрді жаңғырту, жаңалау. Демек, ренессанстық жағдайларда алдыңғы мәдени дәстүр мүлдем жойылмай эволюциялық жолмен жүреді. Ренессанс дегеніміз мәдениеттің өзінен өзі, өз ішкі даму заңдылықтарына сәйкес жаңарып, жаңғырып отыруы. Ренессанс заманда өтпелі дәуірлерде көрінеді. Ондай дәуірлер Ренессанстық тұлғаларды туғызады. Біз анахарсистен ХІХ ғасырға дейін деген тарихи мәдени концепцияны ұсынғанда, аттарын атап, еңбектеріне зер салып отырған ойшылдардың бәрі ренессанстық тұлғалар, Олар: Анахарсис, Майқы би, Иоллығ тегін, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Яссауи, Абай.
Тіл мәдениетінің аса құнарлы айнасы. Ол таным тарихының формасы, тарихтың нақтылы дерегі. Атадан қалған сөз бізге тіл арқылы жеткен. Жоғарыда айтқан ойшылдарың бәріне ортақ түркі тілі. Әрине мен түркі тілі дегенде шартты мәнді айтып отырмын. Яғни, «түгел сөздің түбі бір» деген мағынада.
Біз қазақ мәдениетінің генезисін Анахарсистен бастауға тиістіміз. Себебі, сақтар ғұндар, түркілер, қыпшақтар бір «атаның» балалары екенін тарихшылар атап бергені ақиқат. Сондықтан сақтар елінің ойшылы Анахарсис тарих басы. Анахарсистің өмір сүрген заманы, өзі туралы мағлұматтардың да көбі ауызша жеткен. Кезінде қағазға түскен деректер сирек. Шынында да осыдан екі мың жыл бұрынғы оқиғалар, адамдар туралы шындықты кім дәлме дәл айта алады. Көптеген мәселелер болжам, пәлен айтты, түген айтты деген пікірлерден құралған. Бұл тек Анахарсиске ғана қатысты емес, ол Фалес, Солон Афинскийге де қатысты.
Анахарсис уақыт сарабынан өтіп, мәңгілікке айналған жан. Егер де ол Скифияда тумай Палестина немесе Таяу Шығыстың бір елінде дүниеге келсе, сөзсіз Библияда және Құранда да пайғамбарлар санатында жүрер еді. Бұлай деп отырғаным, Анахарсисті тарихтағы ұлы тұлғалалармен салыстырсам, оған теңдес келетіні – Ғайса. Екеуінің ұқсастық жағы мол, екеуі де адамзатқа жаңа өмір ұсынған, қазіргі тілмен айтсақ, бұлардың екеуі де демократтар. Сонымен қатар бұлардың бір бірінен айырмашылықтары да бар. Біріншіден Анахарсис Ғайсадан бес ғасыр бұрын өмір сүрген. Демек, замандары бөлек. Екіншіден Ғайса мәдени ортада өмір сүрсе, Анахарсис заманы өзгешелеу болатын. Сақтар кезіндегі негізгі мәселе өнер, білім емес, соғыс өнеріне үйрену болатын. Айнала жау. Қала салып отырықшылыққа көшпеген жұрттың басты қамы күнкөріс еді. Үшіншіден, ерекшелік олардың дүниетанымында.
Екіншіден, Платон өзінің объективтік идеясын парсылардың діні зораситризм ықпалымен құрастырған деген болжам бар, ал біз Платонның бұл идеясын сақтар дүниетанымы негізінде қалыптастырған десек, оны кім қалай жоққа шығарады. Себебі, сақтардың ойшылы Анахарсисті Платон өте жақсы білгені анық тарихи дерек. Үшіншіден Анахарсис есімі гректің данышпан философы Платонның (б.э.б. 427-347) еңбектерінде де кездеседі. Ол «Мемлекет» деген еңбегінің оныншы кітабында тарихшы Гомер, философ Фалес және Скиф Анахарсис туралы айтқан (Платон. Шығармалар, 3-том, 1 тарау, М.,1971 427-бет). Осы кітаптың 642-бетінде Анахарсис туралы мынандай түсініктеме берілген: «Анахарсис аты аңызға айналған скиф, Грецияға саяхат жасағанда Солонмен кездесіп, соның ықпалында данышпандылығымен атағы шыққан. Ол туралы Геродот хабарлайды», делінген. Гректер қазіргі біздің территорияны мекендеген халықтарды ортақ атпен скифтер десе, парсылықтар сақтар деген.
Анахарсис есімі Аристотельдің еңбектерінде де кездеседі. «Аналитиканың екінші кітабының үшінші тарауына Аристотель нақтылы заттың барлығын дәлелдеуден осы заттың неге бар болуы туралы дәлелдің айырмашылығы жайлы айта келіп былай дейді: «Анахарсистің айтуы бойынша, скифтерде флейтаның болмауы оларда жүзімнің жоқтығынан» (Аристотель, Шығармалар, 4-том, 281-бет), -деп мысалға алды. Анахарсис скифтерде флейтаның жоқтығын, скифтердің жүзім өсірмейтіндігіне байланысты екенін айтып отыр. Жүзім жоқ, яғни шарап жоқ. Демек, флейтаның да қажеттігі жоқ. Бар нәрсені білу мен оның неге барлығын білу, біркелкі түсініктер емес. Аристотель өзінің осындай логикалық топшылауларында Анахарсистің кезінде кең тараған қанатты сөзін дәлел ретінде пайдаланған. Аристотель «Никомахова этикасы» деген еңбегінің оныншы кітабында тағы да Анахарсис айтты деген пікірге сүйенген. «Игі істер атқару мақсатында көңіл көтеру дұрыс, себебі, көңіл көтеру –демалыс, үнемі үздіксіз жұмыс атқаратын адамдарға өте қажет» (Аристотель, Шығармалар, 4-том, 280-бет). Өзінен әдеби мұра қалмағаннан кейін Анахарсистің дүниетанымын анықтау қиын. Ал, Фалесті сөзсіз материалист деп жүрміз. Алайда Анахарсисті скептиктер қатарынан іздеген өте орынды, оған бір дәлел- біздің санауымыздан бұрын ІІІ ғасырдың екінші жартысында, ІІ ғасырдың басында өмір сүрген, мамандығы дәрігер, көне грек философы, скептик Секст Эмприктің еңбегі. Секст Эмприк Анахарсистің еңбектерін арнайы сөз еткен, талдаған. Философия тарихында Секст Эмприк скептицизм идеяларын өзіне дейінгі бір жүйеге келтірумен айналысқан ойшыл.
Секст Эмприк Анахарсиске біршама философиялық талдау жасаған. Оның пікірінше, Анахарсис-скептик. Себебі, ол ақиқат өлшемін жоққа шығарады. Бір нәрсе туралы бір саладағы мамандар әңгімелессе де, әр түрлі мамандар пікір таластырса да ортақ бір қорытындыға келе алмайды. Оның себебі, бұларға төреші болатын адам керек. Айтысқа түскен адам бір мезгілде және айыпталушы. Оның әрқайсысының сөзі шындық әрі шындық емес. Демек, ақиқат өлшемі жоқ. Жыл санауымызға дейінгі V-VI ғасырларда осы бағыттағы айтыстардың болуы, әрине, таным талпынысынан туған. Әңгіме сенім туралы болып отыр. Егер Анахарсис ақиқаттың өлшемі жоқ деген ұғымға әбден келген болса, ол мистикалық көзқараста болмағаны. Құбылыстардың себептерін іздеп, оған сенімсіздікпен қарау көне заман үшін алдыңғы қатарлы ой пікірлердің ұшқыны. Анахарсис пен Сократқа дейінгі өзге де грек ойшылдары туралы бірден бір құнды еңбек неміс ғалымы Г.Дильскидікі. Бұл еңбек әлі орыс тіліне аударылмаған. Анахарсис туралы арнайы сөз қозғаған философтың бірі Лукиан. Лукиан Македонияда болғанда Филиппоподе қаласының зиялыларының алдында лекция оқыған. Сондағы сөздері: «Скиф», «Геродот», «Зевксис». Бұл сөздерде (Скифте) көптеген тың дерек бар. Оның айтуынша, Афинаға ең бірінші келген скиф Анахарсис емес, одан бұрын Токсарид деген емші-скиф болған.Ол туралы грек жұртында аңыз бар. Лукианның айтуынша, Анахарсистің Афины қаласына келгендігі тұңғыш кездескен адамы осы Токсарид. Ол жас скифті Солонға жолықтырып жақындыстырады. Бұл кезде Солонның егде тартқан шағы болатын. Солонның қамқорлығының арқасында Анахарсис грек жұртына аты мәшһүр ғұламаға айналды.(Лукиан, Шығармалар жинағы.-М., 1935, 95-101- беттер.)
Анахарсистің көркем бейнесі Плутархтың (б.э.д. 40-жылдары туып, шамамен 120-125 жылдары өлген.) «Жеті ғұлама сауығы» деген еңбегінде жасалған.
Плутархтың дәлелдерінде, көне заманның атақты материалисі Фалестің Анахарсис туралы пікірі өте жоғары болған. Анахарсис туралы іздеген адамға тың деректер табылуы әбден мүмкін. Әсіресе орыс тіліне аударылмаған көне грек авторларының еңбектері бұған дәлел. Себебі, «Жеті ғұламаға» қатысты айтылған жайларда Анахарсис есімі қоса жүруі өте орынды.
Анахарсис Скифияға оралып өз еліне Эллиндер тұрмысын үйрете бастағанда,оны атып өлтіреді. Геродоттың айтуынша, Анахарсисті грек әдет-дәстүрін сақтағаны үшін өз туысы Савлий патша атып өлтіреді. Анахарсис гректің атақты заң жүйесінің реформаттары. Солонмен дос болған, олай болса, оның идеяларын скифтердің мемлекеттік тұрмысына енгізуге талпыныс жасауы әбден орынды. Сірә, шындығы, Анахарсис өзі көріп, оқып, үйреніп келгенін жүзеге асырғысы келген болуы керек. Ондай өзгерістер скиф мемлекетінің қалыптасқан басқару жүйесін сөзсіз өзгертуге, тіптен бұзуға әкелуі мүмкін. Оған скиф патшасы көне қоя ма?! Біздің болжауымызша, Анахарсистің қазасының басты себебі, өмір тәжірибесі, оның ақылы, данышпандығы болды. Оның өлімі Ұлықбектің өліміне ұқсас. Скиф мемлекетінде туған жерінде қаза болуы заңды. Қайта елге оралып, ұзақ жасап, табиғи түрде дүниеден қайтса, таңқалуға болар еді. Анахарсис Грекиядан алған білімін жүзеге асыруға жалғыз кірісті. Ол скиф тайпалары ортасында мүмкін емес болатын. Сондықтан да Анахарсистің өлімінің себебі түсінікті. Анахарсистің туыстары (патша әулеттері) оны тек өлтіріп қана қойған жоқ, оның есімін атауға тыйым салған. Оның тарихта аты қалуы Грекиядағы пікірлестері арқасында ғана. Герадот «скифтерден Анахарсис туралы сұрасақ, ондай адамды білмейміз», деп жауап қайтарады дейді. Соған қарағанда Анахарсис Скиф патшалығына аз әуре салмағанға ұқсайды. Алдыңғы озық -ойлы адам тарихта үнемі «үстем таптарға» үрей беріп отырғаны мәлім. Сондай адамның бірі философия тарихында, тарих және тәрбие тағылымында оның, оқулықтарында әлі өз орнын алмаған көне заман ғұламасы Анахарсис Скифский.
Сонымен, негізінде Платон, Аристотель сияқты философтар мойындап оның беделіне бас иген Анахарсис Скифскийдің өз бабамыз екендігі анық. Оны Майқы Мән баласы «Анарыс» деп атаған. Мүмкін оның есімі Анарыс шығар. Анахарсис деген латынша аталған есімі болуы мүмкін.
Анарыс деген сөз түркі тілінде екі компоненттен құралған. Аң-Арыс Скиф, сақ өнерін зерттеушілерінің қолтума шығармаларында аңдардың бейнесі ерекше орын алған. Сондықтан Анарыс деген сөз құлаққа тосын естілмейді. Әрине, бұл болжам Анахарсистің Майқы би айтқан Анарыс екені рас болса, сөздің түп төркінін (этимологиясының) тілшілер шешуі тиіс.
Біздің айтарымыз, Анахарсис қазақша айтқанда Анарыс болса керек. Майқы бабамыздың айтқанын әзірше жоққа шығаратын дәлел жоқ. Олай болса Анахарсис – Анарыс біздің бабамыз, ол бізге өз ұрпағына екі мың жарым жылдан соң танылып отыр. Оның әруағына бас иіп аты өшпейтін істер атқару керек. Орта ғасырда Еуропаның елінде «Жас Анахархистің басынан кешкендері» деген роман жарыққа шықты. Сол шығарманы қазақ тіліне аудару кезек күттірмейтін істердің бірі.
Демек, Анахарсисті тану ілімін жолға қойған жөн.
Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 138 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |