Читайте также:
|
|
Еліміздің сан ғасырлық өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілік мәдениетті жатқызамыз. Ал халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи тұлғаларды зерделеу қазіргі ұрпақтың, гуманитарлық ғылымдардың қасиеті парыздарының қатарына жатқызамыз. Осы тұрғыдан алғанда ғасырлар қатпарларында жасырынған рухани мұралар көптеп саналады.Ортағасырлық педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге әйгілі ортағасыр данышпандары – Қожа Ахмет Яссауи, Ахмет Жүгінеки қазақ жерін әлемге мәшһүр етті.
Қожа Ахмет Яссауи (1094-1167 ж.ж) өмір сүрген Қазақстан мен Орта Азиядағы сопылық поэзиясының көрнекті өкілі, дуалы ауыз данышпан, кемеңгер ақын ағартушы.
Ахмет Яссауи 1093 жылы немесе 1094 жылы көне Исфиджап (Сайрам) қаласында дүниеге келген. Оның ата-анасы Ибраһим Ата мен Қарашаш Ана осында тұрып, осы жерде қайтыс болған.
Араб, парсы авторларының жазбаларына қарағанда Ахметтің әкесі өз заманының сауатты, көзі ашық адамы болған. Тіптен балауса, бүлдіршін Ахметке араб, парсы тілдерін Таяу Шығыстағы Исфахан, Бағдат қалаларынан ұстаздар жалдап үйретеді. Он алты жасында-ақ болашақ ақын, шығыс поэзиясын, әдебиетін, философиясын жетік меңгереді. Он жеті жасынан бастап, өзі де өлең жаза бастайды. Өз жырларын шығыс авторларынан бірінші болып, сол кездегі шойырлар секілді араб, парсы тілдерінде емес, өзінің ана тілі – түркі тілінде жазған. Иссауи шығармаларының құндылығы осында.
Алғаш рет білімді жергілікті ғұлама Арыстанбап бабадан алады, кейін Бұхара қаласында дәріс алуға барып, парсының белгілі ғалымы Жүсіп Хамаданиден білімін тереңдетеді. Соңынан туған жеріне қайта оралып, сопылық білімін жалғастырады. Сопы ретінде Яссы (қазіргі Түркістан) қаласына келіп, «Яссауишілік» атты діни ағымның негізін салады.
Ахмет – ел ішінде әділдігімен аты шыққан адам. Шешендігі мен ақылгөй даналығы оны жерлестері арасында сый-құрметке бөлейді. Ахмет айтып еді деген қанатты, ғибратты, діни өсиет-насихатқа толы сөздер елден-елге тарайды.
Қазақ жерінің ортағасырлық мәдениетінің дамуында Яссауи жазған «Диуани Хикмет» (Даналық кітабы). Қожа Ахмет Яссауи ислам дінінің қазақ арасында кең тарауына үлкен үлес қосқан, шығармасын елге түсінікті етіп, түркі тілінде жазған. Ол жергілікті халықтардың ескі дінін жоққа шығармаған, қайта оны ислам дінімен ұштастырған.
Яссауидің «Даналық кітабы» кезінде Орта Азиядан бастап, Еділ жағалауына дейінгі көшпенді түркі тайпаларының арасында кеңірек тараған.
Қожа Ахмет өзінің атақты «Даналық кітабы» аталатын циклді өлеңдерін жазған. Ақын өз өлеңдерінде:
Құл Қожа Ахмет, әрбір сөзің дертке дәрмен,
Тәліптерге (шәкірттерге) баян етсем қалмас арман.
Төрт мың төрт жүз хикмет айт хақ пәрменімен,
Пәрмен болса, өлгенше жырласам мен, - деп даналық сөздердің 4 мың 400 жол екендігін ескерткен.
Қожа Ахмет жырлары әділдік, шапағаттық, мейірімділік, тақуалық, шыншылдық, ойлылық, тазалық секілді игі істерге арналады:
Сөзімді айтам зейін қояр барша жанға,
Жан жылуын, жүрек отын аңсағанға.
Демеу болсын ғарып, пақыр, шаршағанға,
Кекірейген кердендерден қаштым міне.
«Диуани Хихмет» атты діни-сопылық қағидалармен қатар оқу, білім алу, адалдық, имандылық, ізгі қасиетті болу, ақыл-парасатқа жету, жақсылық, жамандық, төзімді болу, достық пен махабатты қастерлеу, әділетті болу, адал жолмен жүру сияқты адамгершілік құндылықтарды насихаттады.
Қожа Ахметтің даналық сөздерінің көбі ұстазы Арыстанбаб жиі еске алынады, ақын ұлы ойшылдың айтқандарына құлақ қойып, ой жібере қарауды ұсынады. Менменділік, көрсе қызар кеудемсоқ, дүниеқоңыз болмауға, тәубаға келуге ақыл-кеңес береді, яғни бабамыздың кихметтері толған ғибрат, мәнді-мағыналы пікір, адамгершілік мұраттарына толы.
Қожа Ахмет базбір хикметтерінде надандарға сөзіңді қор етпе, мейірімсіздерден қайырым күтпе, кісі ақысын жеме, арамдықпен мал жима, өтірік айтпа, дүние байлыққа қызықпа, оның бәрі өткінші, мәңгілік ештеңе жоқ деген адамгершілік құндылықтарды жоғары ұстай отырып, жағымсыз қасиеттерден адамдарды сақтандырады.
Шам айналып көбелектей түстім күйге,
Жалын атып, от боп жанып күйдім мен де.
Бұрынғыдан күрт өзгеріп бөгде болдым,
Алла түспес ауызымнан, пенде болдым.
Міне, осылай Аллаға деген сүйіспеншілігі арқылы адалдық пен ақиқат жолын таңдаған ақын ақыры сопылық жолға түсіп, өзі айтқандай «әділ сөйлеп, адал жүрер жолда болып, тазалық тұрағына енген. Ақын баба өз хикметтерінде, өзінен бұрын өткен даналар сөзіне зейін қойып, олардан үйренгендігін жасырмағ ан».
Ол дүние жинамаған. «Құдайдың құлымын. Мұхамедтің үмбетімін» деп санаған, басқаларды соған шақырған. 1993 жыл ЮНЕСКО шешімімен Қожа Ахмет жылы болып жарияланды. Ержиес университетінде (Түркия) Қожа Ахметке арналған халықаралық симпозиум өткізілді. Меккеге бара алмаған адамдар Түркістандағы кессінесіне келіп, дұға оқытса да, жеткілікті деген сөз де бар. Қазір Түркістан қаласында Қожа Ахмет Яссауи атындағы қазақ-түрік халықаралық университеті жұмыс істейді.
Ахмет Жүгінеки (ХІІ ғ.). Еліміздің сан ғасырлық тарихында өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілік мәдениетті жатқызамыз. Түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының орта ғасырлық тарихында өзіндік орны бар ірі тарихи тұлғалардың бірі, ХІІ ғасырда өмір сүрген қазақ топырағында қазіргі Түркістан қаласы маңындағы Жүгінек елді мекенінде дүниеге келген. Орта ғасырлық түркілік мәдениеттің ірі тұлғасы. Тоталитарлық жүйенің кезінде атеистік бағыттағы дүниетаным басымдылық еткені белгілі. Соңғы кезде елімізде демократиялық үрдістерге бетбұрыс негізінде Қожа Ахмет Яссауи, Ахмет Жүгінеки сияқты діни философияның өкілдеріне деген көзқарасты өзгертіп, олардың іліміндегі адамгершілік құндылықтарды, тәлімдік-тәрбиелік қағидаларды, даналықтың үлгілері бар екендігін мойындатты.
Кеңестік дәуірде Ахмет Жүгінекидің «Ақиқат сыйы» атты тарихи еңбегі 1985 жылы белгілі филолог ғалымдардың Ә.Құрышжанов пен Б.Сағындықовтардың дайындауларымен қазақ тілінде жарық көрді.
Ахмет Жүгінекидің «Ақиқат сыйы» - діни – философиялық рухани мұра, дидактикалық сипаттағы дастан. Бұл дастанның түркі тілдеріндегі бұдан бұрынғы ғақлия дастандарымен салыстырғанда өзіндік ерекшелігі бар. Ақын шығармаларда өсиет, дидактикалық ой, ғибратнамалық нақыл сөздер басым. Ол тіршілік өмірдегі әсемдікті, адамгершілікті, имандылықты, ізгілікті, адамдардың ұнамды іс-әрекеті мен жарасымды мінез-құлқын дәріптейді. Дастан дидактикалық сипаттағы 504 өлең жолынан тұрады. Бұл шығарма нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерден тұарды. Дастан білім алу жалпы адамзат үшін, әсіресе кедей-кепшіктер үшін пайдалы екендігін баса айтады.
Шығарма тілдің маңызын, сөйлеу мәдениетін, қарапайымдылық, жомарттық, сыпайылық, өршілдік қасиеттерді қастерлеп, менмендік, надандық, сараңдық және дөрекілік сияқты жағымсыз сияқты мінез-құлықты сынға алады. Дастанда Ахмет Жүгінеки адамның бойында кездесетін жағымды, адами сапаларды тәрбиелеу жөнінде құнды дидактикалық кеңестер береді.
Оның бүгінгі таңда да өзіндік мәнін жоймаған ұрпақ тәрбиесінде кеңінен қолдануға болатын өсиеттік, ғибарттық, тәлім-тәрбиелік нақыл сөздерінің мәні ерекше. Мәселен, «Бастық болсаң, жайсаң бол, кәріге де, жасқа да құрмет көрсет».
Ахмет Жүгінекидің «Ақиқат сыйы» дастанында өнер-білімнің пайдасы, адамгершілік, жағымды мінез-құлық қасиеттер туралы нақыл сөздерге ерекше орын берілген. Мәселен, «Білімсіз надан – құны жоқ бақыр», «Білімді мен білімсіз қашан тең болып еді», «Білімді әйел – ер, надан ерекек - әйел», «Сүйекке – май, адамға – білім керек», «Білімді адамның өзі өлгенмен, аты өлмейді», «Надан – тірі дегені болмаса, аты өлік», «Дәрежең үлкейген сайын ұстамырақ бол».
Мәселен, Ахмет Жүгінекидің еңбектерінде өз замандастарына және кейінгі ұрпаққа арналған төмендегідей өлең жолдары кездеседі:
Ей досым, жаздым кітап түркішілеп,
Мейлің сөк, мейліңқала ерекше елеп.
Артымда ат қалсын деп жаздым мұны
Ғажайып таңсық сөзбен ерекшелеп.
Өнерлеп жаздым кітап сөз түйерлік,
Сан толғап, бірін алдым ел сүйерлік,
Асыл сөз аз болады, қалжың көп қой.
Бөз арзан шәйі қымбат бір киерлік.
Жас ұрпақ тыңда мені, ұғасың көп:
Атымды дұғаңда айтып шығарсың деп,
Өзіңе сирек сөзді сыйлық еттім,
Маған да тарту етсін дұғасын,1- деп дұғаны тарту ету арқылы өткен дүниемен рухани сабақтастықтың және байланыстың сақталатындығын Жүгінеки өз шығармасында дәлелдеп отыр.
Түркі тілдес халықтар ортақ тарихына ортақ тұлға болып Ахмет Жүгінекидің ғұлама ойшыл, ағартушы ретіндегі жан-жақты ғылыми мұрасының бүгін де жастарды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуде және рухани құндылықтарымызды насихаттауға мәні ерекше.
Өтебойдақ Тілеуқабылұлы 1397 – 1492 жылдар аралығында өмір сүрген «Шипагерлік баян» - деген медициналық еңбек жазған бұл ғылыми енңбек жеті кітап жинағынан құралған бірнеше мыңдаған қол жазбалардан тұрады.
«Шипагерлік баян» - кітабы қазақ елінің медициналық тарихи даму ерекшеліктерін баяндайды. Бұл тарихи байлық философиялық және тәжірибелік медицинаның жиынтығы екен. Онда адамзаттың өмір сүргендегі барлық алдына қойған мақсаты мен армандарын орындауы үшін жеті жұттан құтылуы керек немесе одан сақ болуы керек, одан кейін адамзаттың он екі несібесінен өтуі керек, содан сон әр адамның әртүрлі он екі мінез - құлықтары болады, солардың ауыз бірліктері қажет болады. Адам өмірінде кездесетін жеті жұт: суық жұт, жер сілкінулік жұт, қуандық жұт, өрттік жұт, боран – шашындық жұт, құлқындық жұт және сырқаттық жұт. Тауқымет адам тежеміне ырық бермей, адамзатқа және оның несібесіне, несіптік ризығына тілді, тілсіз жау болып, тұтқиыл тиісіп мөлшерлеусіз алапаттар әкелмегі сөйлемелік өзектін түбір құндыздың (түп тиянағы, шымырлығы) шарты болмағы. Адам өмірінде кездесіп қалатын жеті жұттан сақтана білсе адамның өсіп өніп, денсаулықтарының жақсаруына себеп болатындығын айтқан.
Ө.Тілеуқабылұлы қазақ даласын жан-тәнімен сүйген, жауға тіпті сөл жердің бір тал түгін де жұлдырмай, ел жұртын қорғамаққа шарт»- деген.
Осыдан көп жыл бұрын жаугершілік боп, жау шолғаншы- шолғанышыларын жіберіп, әр ауылдың жерін бөгенайлап алып, әр ауылды бөліп – бөліп, жеке – жеке тіл айқастырмай шауып тоқтатпағандықтан, Майқы би:
«- Еркек кіндігі атқа қонсын! Жау шалғыншысын торуылдап жоймаға шарт. Жасауыл, жасантар жасақтанып, қарсыласуға түземделіп сақа - сай тұрсын! Нәрілер ауылға, мол бас – көз болсын! Ұрғашылар қарттардың тілін бұрмасын! Ауыл жесірлері ел атын, ру атын, отағасы атын, ауыл атын, жер атын, тіпті жұбайының атын да атамасын! Артынша ұқсас мәнмен ұғындыратын аталым мен атасын! Әр ауыл, әр үй бейсауат кісі келсе, бір – біріне хабарлассын! Жау жалғынылысы екендігінен күдік туыла салысымен жартуылдағыларға жеткізсін Жағаласпай жан қалмақ қайда бар?! Әгәрәкім ұрғашылар алты аталымды тергемделесе, қара манғазға артынша мінгізіп ел аралататын жоқпақал жағып масқараланбағы шарт болсын! Осы жарлыққа қарсы шыққандардың табанда басы алынсын! Алынбаса жаугершілік аяқталғанша байламдаулы болмақтансын! – деп жарлық түсіргі болған.
Осы жарлықты атқармағандардың, каумед болғандардың бәрі шабындыға ұшырап, қырғынға тап болмақ шарты толымдалған. Сол жарлық бойынша іс жақты болғандар шабындыдан, қырғыннан аман қалған.
«Шипагерлік баян» әр отбасының үлкен медициналық энцеклопедиясы десек, артық айтқандық емес. Ұлы ғалым, қараүзген шипагер Өтейбойдаң Тілеуқабылұлы өте қауіпті, оба, сүзек, қызылша, көкжөтел, күл, құлғана, терінің сыртқы жұқпалы ауруы, қылтамақ т.б. ауруларға қарсы өсімдіктер мен металл – металлойдтар қоспасынан дәрі жасай білді әрі ілімін дамытты және жай ғана қалықтың сырқатқа қарсы, емдік әдіс тәсілдерді де ұсынады. Ө. Тілеуқабылұлы «Шипагерлік баян» «Жалын» 1996 ж. Ғұлама дене енбегі туралы жалпы түсінік бере келіп, баланы еңбекке баулуды отбасынан бастау қажет дейді. Өзінің шипагерлік өнерді әкесінен үйренгені жайлы айта келіп, «Әке көрген оқ жанар,кеше көрген тон пішер».
Халқымыз ерте заманнан бастап ер бала мен қыз баланың өзіндік тәрбиесіне көңіл бөлген. Баланы бөтен жерге бермеи отбасында тәрбиелеу керек. Ақ маңдайлы ұл – қыз туса алдында, үйінде өсір, бөтен жерде қалдырма. Қолдан ерте шығарсаңыз Сіз егер, Ұлдан қайыр жоқ, үмітті үзе бер.
ХІХғ-ғасырдың алғашқы жартысындағы педагогика және оның қазақ оқу-ағартуына әсері. Қазақ ағартушыларының ой-пікірлерінің қалыптасуы және дамуы.
Шоқан Уәлиханов (1835-1865 жж.). Шоқан Уәлиханов (шын аты- Мұхамедханафия) Шыңғысұлы (қараша, 1835, Құсмұрын бекінісі, қазіргі Қостанай облысы, сәуір, 1865, Алтынемел, қазіргі Алматы облысы) – қазақтың ұлы ғалымы, ориенталист, тарихшы, этнограф, географ, фольклорист, ағартушы, демократ. Омбының кадет корпусын бітірген (1853), Петербург университетінің тарих-филология факултетінде лекция тыңдаған (1861-1862). Арғы атасы – Абылай. Оның үлкен ұлы Уәли (1741-1821) – Шоқанның туған атасы. Уәли өліп, әкенің бас мұрагері – рның үлкен ұлы Ғұбайдолла (Абайділда) Сібірге айдалып кеткендіктен, хан шаңырағы хандық, билік Уәлидің кіші әйелі Айғанымда қалды. «Уәлидің бәйбішеден туған балалары әкесінің Ресей қол асытына қарағандығын мойындағысы келмей жатқанда, Айғаным мен оның балалары Ресейге адал ниетін сақтап қалды. Уәлиханның осы жесіріне Александр І аса бір ықылас білдірді. Сөйтіп, қазақ даласында оған сәулетті үй салып беруге әмір етті, сол үйде Шоқан Уәлиханов туып деі», деп жазды П.П.Семенов-Тянь-Шанский. Балалық шағы әуелі Құсмұрында (әкесі аға сұлтан болғанда), кейін Көкшетаудағы ата мекені Сырымбетте халықтың қайнаған ортасында өткен. Уәлиханов жас күнінде тарихи өлең, жыр, аңыз, әңгімелерді қызықтап, соларға құлақ түріп өскен. Тіпті Құсмұрындағы шағының өзінде «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырын жазып алғаны бар. Сырымбетте аңыз, жырлар, сюжетіне сурет салатын болған. Сөйтіп, табиғатынан алғыр, зерек баланың рухани бағыт-бағдары ерте қалыптаса бастайды. Ш. Уәлиханов әуелі Құсмұрында қазақ мектебінде оқып, арбша хат таниды. Дәстүр бойынша «жеті жұрттың тілін білуге» тиісті хан баласы Шығыс тілдерінен араб, шағатай тілін жасынан жақсы үйренген, кейінірек Орта Азияның түркі тілдерін меңгерген. 1847 жылы күзде 12 жасар Шоқанды әкесі Омбыға әкеліп, орыс достарының өмегімен Омбы кадет корпусына оқуға орналастырады. Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелетін бұл корпус, декабрист А.Завалишиннің сөзімен айтқанда, «ағартушылық пен патриотизмнің өркен жайған жері» болатын.
«Корпуста ой-өрісі, білімі жағынан Шоқан тез өсті, орыс жолдастарын басып озып отырды. Екі-үш жыыдан кейін-ақ Шоқан өз класындағылардың ғана емес, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да идея жағынан басып охды» - дейді бірге оқыған досы Г.Н.Потанин. Шоқанның рухани өсуіне орыс әдебиетінің мұғалімі орианталист Н.Ф.Костылецкий (1818-1867), мәдени тарихи курсын жүргізген айдаудағы ғалым Гонсевский, әдебиетші В.П.Лободовский (Н.Г.Чернышевскийдің жас кезіндегі досы, кейін идеялас әріптесі) елеулі ықпал етеді. Костылецкий арқылы 1852 жылы Шоқан мен И.Н.Березин арасындағы тікелей досытқ қатынас басталады. Березиннің тапсырмасы бойынша Шоқан Тоқтамыстың «Хан жарлығына» талдау жасайды. Бұл – оның алғашқы ғылыми жұмысы.
Осылайша, Шоқан корпустың мұғалімдер мен Омбының алдыңғы қаталрлы интеллигенциясының көзіне түседі. 14-15 жасар Шоқанға мұғалімдері болашақ ғалым, зерттеуші деп қарайтын еді. Шоқан тарих, география кітаптарын бас алмай оқиды. Сирек кездесетін көне кітаптарды қол жете бермейтін фундаментальдық кітапханадан алып оқуға корпус басшылары оған арнайы рұқсат еткен. Орал, Еділ, Каспий алабын, Оңтүстік Сібір, Байкал, Алтайды зерттеген П.С.Палластың (1741-1811) «Саяхатын», Еділ, Каспий, Оралдың тарихы мен этнографиясын жазған. П.И.Рычковтың күнделікті жазбаларын әсіресе, кітаптардың туған жерге арналған беттерін қызыға оқыған. Жас Шоқанның білімдарлығын, Шығыс әдебиетін жақсы білетіндігін С.Ф.Дуров, Семенов-Тянь-Шанский, Г.Н. Потанин, Н.М.Ядринцев жоғары бағалаған.
1853 жылы Уәлиханов кадет корпусын бітіріп, атты әскер корнеті атағын алып шығады. Сібір казак-орыс әскері 6-атты әскер полкіне офицер болып тағайындалады. Іс жүзінде Батыс Сібір генерал-губернаторының кеңсесінде қалдырылады. Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік-батыс аймағын басқарған генерал Г.Х.Гасфорттың (1790-1874) адьютанты қызметіне белгіленеді. Екінші жағынан Батыс Сібір өлкесінің Бас басқармасы оны айрықша тапсырмаларды орындайтын офицер етіп ұстайды.
1856 жылы Шоқан М.М.Хоментовский басқарған әскери-ғылыми экспедицияға қосылады. Экспедиция қырғыз елін жете зерттеуге, Ыстықкөл аймағының картасын түсіруге тиіс болады. Бұл Шоқанның ғылыми жұмыс жүргізуіне мүмкіндік ашады. Осы жылы ол «Манасқа» назар аударады. Іленің басындағы Манас жорық жасады деген қаланың орнын барып көреді. Маусымның ортасында Ыстықкөлге жетіп, оның шығыс, сотүстік-шығыс жағалауының, тау асуларының картасын түсіреді. Бірнеше маршрутта Шоқан Семенов-Тянь-Шанскиймен бірге жүреді. Онымен 1856 жылы көктемде Омбыда Гутковскийдің үйінде танысып, содан былай дос боп кеткен. 1856-1857 жылдары екеуі Жетісуда жиі кездесіп, бірге ғлыми жұмыстар жүргізген. Жетісу, Тянь-Шань сапарларында Семенов-Тять-Шанский Орта Азия мәселесіне келгенде Шоқанды ғана бедел тұтқанын жазған. Экспедицияда Шоқан ориентологиялық, энтомологиялық коллекция жинап, гербарий құрастырады. Жетісу, Ыстықкөл аймағының фаунасы мен флорасын зерттейді. Ыстықкөлдің картасын жасауға қатынасады. Сол алаптағы қираған көне қаллардың мәдениетіне – көне заманғы суару жүйелерінің, архитектуралық мұралардың қалдықтарына, этнографикалар мен тас мүсіндерге үңіледі. Ресей қол астындағы Жоңғарияда, әсіресе, Іле бойында отырықшылықтың болғанын анықтайды. Алакөлден Тянь-Шаньға дейінгі жерді түгел шарлаған ол қырғыздың Бұғы, Сарыбағыш, Солту руларында болып, қырғыз халқының шежіресін, өлең, жыр, аңыздарын, «Манас» жырын жазып алады. Ш. Уәлихановтың тарих, география саласындағы даңқы Петербург ғалымдарына жетіп, 20-дан жаңа асқан Шоқанды 1857 жылы 27 ақпанда Орыс География қоғамының толық мүшесі етіп сайлайды. Бұл – оның орыс ғылымы алдындағы зор еңбегін мойындағандықтың белгісі еді.
1858-1859 жылғы Қашғария сапары Шоқанның ғылым ағартушылық саласындағы творчествосы жаңа белеске көтеріліп, дәуірлеп өсуіне жол ашты. Петербургте Шоқан орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдарымен, әсіресе, «Орыс География қоғамы» жазбаларының редакторы профессор А.Н.Бекетовпен, Азия департаментіндегі Е.П.Ковалевский, Ф.С.Остен-Сакенмен, Петербург университетінің профессоры, Құлжада консул болған И.И.Захаровпен тығыз байланыс жасайды. Захаровпен бірге Азия департаментінің жоғары мектебінде түркі тілінен сабақ береді. Ш. Уәлихановтың пәтеріне В.Б.Григоррьев, В.П.Васильев, В.В.Вельяминов-Зернов т.б. жиі келіп тұрады. Петербургте Шоқан ғылыми, әдеби, журналдарға қатысады, энциклопедияға мақала жазады. Шоқанның материалдарын Қазақстан, Орта Азия, Ыстықкөл туралы еңбек берген А.Ф.Голубев, Д.И.Романовскийлер пайдаланады. Бас штабтың офицерлері одан алып тұрады.
Науқас (туберкулез) меңдеген Шоқан дәрігердің ақылымен 1861 жылы көктемде туған елге аралады. Ел ішінде тұрып, туған халқының екі бірдей қанаудың астында езілгенін көрген Шоқан 1862 жылы Атбасар округінің аға сұлтаны болуға ризалық білдіреді. «Елдестеріме пайдамды тигізу үшін аға сұлтан болғым келді, оларды чиновниктерден, қазақ байларынан қорғамақ болдым. Сондағы ең алдымен көздегенім - өз басымның мысалы арқылы жерлестеріме оқыған аға сұлтанның пайдалы екенін көрсету еді», - депті ол Достаевскийге жазған хатында
Аз өмірінде Ш. Уәлиханов Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихына, географиясы, этнографиясы, фольклорына және қоғамдық-саяси құрылысына арналған көптеген құнды еңбектер қалдырды. Қазақстан географиясында – балқаш пен Алакөлдің бұрын бір тұтас су айдыны болғандығы және Жоңғар қақпасынан соғатын Ебі желі туралы ғылыми деректерді алғашқы келтіруші де сол. Ол Березиннің «Хан жарлығына» рецензиядан кейін Жалайыридің «Жәми-ат-тауарихын» зерттеп, оның негізі тарауларын алғаш рет орысшаға аударды, ондағы Шығыс терминдерінің сөздігін жасады. «Шайбани-наме», «Шежре-и түрік» Абулғазы тунындылары негізінде теориялық мәні зор «Қазақтың шежіресі» атты еңбек берді. «Жәми-ат-тауарихты» Шоқан сирек кездесетін тарихи шығарма, қазақтың XV-XVI-XVII-ғасырдағы тарихи аңыздарының жиынтығы деп таниды. Кейін «Бабур-наме», «Тарихи-и-Рашидиге» терең үңілген ол өз еңбектерінде солардың деректерін орынды пайдаланды. Өле-өлгенше Бас Штаб пен Азия департаментінің қызметкері болып есептелді. Меңдеген ауруына шипа таба алмай, 1865 жылы сәуірде Шоқан Уәлиханов Алтынемел жотасының етегіндегі Көшентоған жеген жерде Тезек ауылында қайтыс болады.
Заманында дүние жүзі ғылымына елеулі үлес қосқан Ш.Уәлихановтың барлық саладағы еңбектері әр кезеңде де жоғары бағаланады.
Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 320 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |